Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SiPSP_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80 Кб
Скачать
☆

Жетілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған ? Мұнайды деэмульгациялаудың қандай тәсілдері бар?

барлық жүйелер жетілдірілген технологиялық сұлба түрінде берілуі мүмкін. Бұны, берілген кенорнының арнайы ерекшеліктерін ескере отырып мұнай кенорнын тұрғызуды жобалау кезінде қолданады және келесі шарттар қарастырылады:

  • мұнай, газ және суды жинау мен тасымалдау үрдістерінің толық саңылаусыздығы;

  • ұңғылар өнімінің АТӨҚ-да газ бен сұйыққа бөлінуі және әрбір ұңғы бойынша олардың мөлшерін өлшеу;

  • суланған және суланбаған мұнайды бірге немесе бөлек тасымалдау;

  • ұңғы өнімдерін дайындау және оны одан әрі өңдеу үшін мұнай жинау коллекторларын пайдалану;

  • мұнайдан газды сапалы түрде айыру;

  • ақаба (сточный) суды дайындау және оларды ҚҚҰ жүйесіне беру;

  • мұнайды тауарлы сапаға дейін дайындау (сусыздандыру және тұзсыздандыру);

  • тауарлы мұнайдың мөлшері мен сапасын дәл автоматты өлшеу;

Игерудің нақтылы жағдайында қандайда болмасын технологиялық үрдістерді қолдану. жобалаушы мекеменің технологиялық және экономикалық есептерімен негізделеді

Мұнайды деэмульгациялау (эмульсиясыздандыру) тәсілдерінің шартты жіктемелері бар:

· механикалық (сүзу, центрифугалау)

· термиялық (тұндырып қыздыру, ыстық сумен жуу)

· электрлік (электромагниттік өрісте өңдеу)

· химиялық (реагент – деэмульгаторлармен өңдеу)

Сонымен қатар, эмульсияларды бұзу үшін ультрадыбыстық және акустикалық тербелістермен өңдеу әдісін де қолданады. Әр түрлі әдістерді біріктіріп те пайдаланады.

Деэмульсация процесінің негізгі үш кезеңін былай көрсетуге болады:

I – сыртқы «бронды» қабықшаларды бұзу

II – тамшыларды ірілендіру

III – фазаларды айыру

Жоғары парафинді мұнайды жинау жүйесі. Парафин шөгінділерімен күресу әдістерін атаңыз.

Қазақстан Республикасында 30-дан астам жоғары парафинді және асфальттышайырлы мұнай кен орындары ашылған. Бұл кен орындарының қатарына: Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Құмкөл және т.б. жатады. Осы аталған кен орындарының мұнайы қату температурасы жоғары, жылжымалығын тез жоғалтатын бойындағы еріген парафиндерге, шайырларға, асфальтендерге қаныққан болып келеді. Мысалы, Өзен кен орнының мұнайы 30 С-де баяу қозғалады.

Осындай мұнайды жинау және дайындау үшін шығару желісінде (П-1) пеші, жинау коллекторларында (П-2) және магистралды құбырларда (П-3) пештері орнатылады. Конструкциясы мен қуаттылығы бойынша олар бір-бірінен ерекшеленеді. Электрлі және мұнайдан айрылған газ арқылы жұмыс істейтін пештер қолданылады. Магистралды құбырларда пештер әрбір 100-150 км қашықтықта орнатылады.

Парафин тү зілімдерімен күресудің механикалық әдістері.

дерді қолдануға болмайтын жағдайларда қолданылады.

Көтергіш құбырларды механикалық тазарту ұңғыларды пайдалану процесі кезінде олардың тоқтауынсыз жүргізіледі және қабырғалардан парафин шөгінділерін әртүрлі қырғыштармен қырумен аяқталады.

Парафин түзілімдерімен күресудің физикалық әєдістері.

Электродепарафинизациялау.

Ұңғының түп аймағын (ҰТА) электроқыздыру қабатқа жылу тасығыштарды – қабаттың топырақты компоненттерімен әрекеттесетін су, бу, немесе конденсатты айдаумен шектелмейді. Зерттеулер мен есептеулер нәтижелері көрсететіндей электрқыздырумен тау жыныстардың аз жылу өткізу қабілетіне байланысты тек ғана 1 м көлемдегі аймақтан аса көлем қыздырылмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]