Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Finans_shpor.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
342 Кб
Скачать
☆

7.Қаржылық-құқықтық қатынастардың түсінігіне және мазмұнына анықтама беріңіз. Ерекшеліктері мен түрлерін талдаңыз.

Қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Осыған сәйкес қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады. Қаржылық құқықтық қатынастардың келесідей ерекшеліктері қарастыруға болады: — олар мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында ұлттық табысты бөлу мен қайта бөлістіру аясында қалыптасады; —    бұл қатынастардың бір жағында міндетті түрде мемлекеттік биліктің бір органы болуы керек; —    қаржы құқығына қаржы аясындағы барлық заң нормаларының жиынтығы жатады; — міндетті объект ретінде ақша қорларын қалыптастыру мен пайдалануға байланысты ақшалай қорлар мен міндеттемелер пайдаланылады. Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттік –биліктік сипатта орын алады. Қаржылық –құқықтық норма – бұл субъектінің қаржылық қатынастар жағдайындағы нормативті құқықтық актілер мен бекітілген қаржылық нормалары. Қаржылық- құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесі  үш түрге бөлінеді: v    Міндеттеушілік қаржылық-құқықтық нормалар қаржылық-құқықтық қатынастардың мүшелеріне белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді v    Тыйым салушылық қаржылық-құқықтық нормалар белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға жол бермейді. v     Уәкілеттік қаржылық-құқықтық нормалар   тапсырманы орындауға бағыттайды. Қаржылық-құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесілерге бөлінеді: Ø     Материалдық қаржылық-құқықтық нормалар

8.Қаржылық-құқықтық қатынастардың субъектілерін атаңыз. Қаржылық-құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз не?

Қаржылық құқықтық қатынас субьектілері мемлекеттік органдардың белгілері:1. осы органдардың қызметтері мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақша қорларын қалыптастыру бөлу және пайдалануды ұйымдастыру процестерін көрсетеді.

2. бұл субьектілер өздеріне тиісті өктем өкілеттілік берілген мемлекеттік орган ретінде есептелінеді.

3. олардың іс әрекеттері жалпы мемлекеттік мүддемен анықталады.

4. осы әрекеттер барысында мемлекет функциялары жүзеге асырылады.

5. осы туындайтын қоғамдық қатынастар өздерінің құқықтық және экономикалық белгілері бойынша қаржылық болып табылады.

Қаржылық құқықтық қатынас субьектілерінің түрлері:

1. мемлекеттің біртұтас өзі

2. мемлекеттік өкімет және басқару органдары

3. өздерінің өкілді және атқарушы органдары арқылы әкімшілік аумақтық құрылымдар

4. заңды тұлғалар

5. жеке тұлғалар.

Қаржылық құқықтық қатынас субьектілерінің өз құқықтарын қорғау әдістері

Билік жүргізуші субьект өзінің мүдделері мен құқықтарын:

А) қаржылық берешектерді біржақты мәжбүрлі түрде өндіріп алу

Б) қаржылық берешетерді сот арқылы өндіріп алу

В) кінәлі тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту жолымен қорғайды.

Бағынышты субьектілер өздерінің мүдделерін

9.Қаржылық қатынастар мен қаржылық құқықтық нормалардың байланысына сипаттама беріңіз.

Қаржылық құқықтық норма логикалық қүрылысына байланысты үш элементтен тұрады: гипотезы, диспозиция, санкция. Қаржылық құқықтық норманың гипотезасы норманың қолданылу жағдайын көрсетеді. Қаржылық құқықтық норманың диспозициясы жүріс-тұрыс ережесінің өзін, қаржылық құқықтық қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын көрсетеді. Диспозиция қаржылық құқықтық норманың негізгі элементі болып табылады. Қаржылық құқықтық норманың гипотеза жэне диспозиция- сының ерекшелігі, олар ашық жэне нақты сипатталғандығында. Заң шығарушы болуы мүмкін барлық жағдайларды қарастыруға, екі мағыналы жэне эртүрлі талқылануды болдырмауға тырысады. Бұл екі жағдаймен байланысты. Біріншіден, сипаттау пэнінің күрделілігіне байланысты. Қаржылық операциялар жэне онымен байланысты жағдайлар - өзіне тэн түсінік жэне көп сипатты варианттармен ерекшелінетін айрықша құбылыс. Екіншіден, олар мемлекеттік ақшалармен байланысты. Қаржылық құқықтық норманың санкциясы қаржылық құқықтық норманы орындамау немесе д^рыс орындамау алдарын белгілейді. Ол қаржылық құқықтық жауапкершілік түрін белгілеу арқылы жүзеге асады. Қаржылық құқықтық норманың санкциялары басқа құқық салаларының санкцияларынан мына белгілер арқылы ерекшелінеді. Біріншіден, олар ақшалай сипатта болады. Екіншіден, бүл санкциялар мемлекет алдындағы жауапкер- шілікті білдіреді. Сондықтан, қаржылық өндіріп алудан түскен ақшалар өндіріп алушы түлға емес мемлекеттің кірісіне 10 алынады. Мысалы, салық органы салық төлеушіден салықты уақытылы төлемеген үшін өндіріп алынған айып-пүл салық органы емес, мемлекеттің кірісіне аударылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]