- •8. Сөз мәдениеті туралы ғылыми пікірлерді көрсетіңіз.
- •9. Антонимдердің стилистикалық қызметі.
- •3. Стилистикалық категориялар мен ұғымдар туралы түсінік.
- •2. Ауызекі сөйлеу стильі.
- •4. Стилистиканың басқа ғылымдармен байланысын анықта.
- •5.Стилистиканың бағыттары мен түрлері.
- •6.Стилистикалық коннотация туралы.
- •7.Фоностилистика.
- •14.20.21 Бейнелі, тұрақты тіркестердің прагмастилистикасы ғылым.
- •12. Функционалды стильдердің классификациясы.
- •15. Ресми стиль туралы баяндаңыз
- •16. Стилистика мен грамматиканың арақатынасы.
- •17.Жазба тіл фразеологиясын ғылыми жүйелеңіз.
- •18.Тілдік норма туралы ғылыми дәйектеме.
- •19. Жалпыхалықтықтіл мен әдеби тілдің байланысы.
- •22.Ғылыми стиль, оның категорияларын ғылыми жүйелеңіз.
- •23.Сөз таптарының стилистикалық қызметі.
- •24.Қанатты сөздердің прагматикасы туралы баяндаңыз.
24.Қанатты сөздердің прагматикасы туралы баяндаңыз.
Әр тілідң өзіне лайық ұлттық қасиеті тиянақты сөз тіркестерінен, мақал-мәтелдерінен, қанатты сөздерінен анық көрінеді. Мақал-мәтелдер сияқты қанатты сөздер де халықтың өмірі, тұрмыс тіршілігі, ұлттық мәдени сипаты, ой-санасынан тұрады. Әр қанатты сөзден ұлттық-мәдени ақпарат беретін даңдылы қалыптасқан дүниетаным, ұлт ерекшелігі аңғарылады. Себебі оларда әр халықтың ғасырлар бойы өмірден түйген өзіндік ақыл-ойы, парасат танымы, өмірлік түрлі қағидалары жатқанын көреміз. Қазақ қанатты сөздері түркі халықтарының қанатты сөздерімен үндесіп жатыр. Қанатты сөздердің тілдерде пайда болуы бірнеше жолдармен жүзеге асқан. Әр ұлттың өзінің өмір сүрген дәуіріне қарай, күн-көріс, тұрмыс-тіршілігі, сол ұлтқа тән әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, мәдениеті, тарихы бар. Оның бәрі әр халықтың ғасырлар бойы өзімен бірге жасаған тілмен көрінеді. Сондықтан да тілдегі қанатты сөздердің этнолингвистикалық сыр-сипатын ашу ұлттық дүниетанымың сыры мен ерекшеліктерін танып білуге септігін тигізеді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бірақ айтатын қанатты сөздер аз сөзден жасалғанымен көп мағынаны білдіреді. Этностың танымынан туындаған қанатты сөздер-мақал-мәтелдер сияқты тілдердің сөздік қорында ғасырлар бойы қордаланып шоғырланған лексикалық қазыына болып табылады. Олар этнос болмысына қатысты бағалы мағлұматтар мен құнды деректерді сөйлетеді. Әр халықтың өзі туралы айтылған мақал-мәтелдерінде, қанатты сөздерінде халық өмірінің сипаты, ұлттық психологиясы көрініс табады.
31.
Шаханов бұл өлеңінде теңеу мен эпитеттің қызметін барынша ашып көрсете білген және оларды өте бейнелі, образды қолданған. Автор бұрынғы заманның негізгі көлігі отарба мен жаңа заманның тұлпары лимузинді бір біріне қарама қарсы қоя отырып салыстырады, оларды бір біріне теңеп, ассоциациялық байланыс жасайды. Яғни көлік дегенде біздің санамызда сол отарбадан бастап неше түрлі көлік түрлері образды бейнеленеді. Теңеу дай дей, тай тей жұрнақтарымен қатар, секілді, бейнелі, тәрізді сынды шылау сөздермен жасалады. Авторды осы өлеңіндегі теңеу секілді сөзімен жасалған. Сонымен қатар ақын лимузин мен отарбаны салыстыра отырып, рухтың да құлдырау дәрежесіе салыстырмалы түрде көрсетеді. Мұндағы эпитетті тіркестер: даңқ сынасқан отарба, ең кейінгі қатар тіркестері болып табылады. Осы өлең жолдардағы эпитет пен теңеудің негізгі стильдік қызметі ойды образды, бейнелі жеткізу, екіншіден зат, құбылыс, нәрсе атауларын олардың өз қасиеттері арқылы айқындау, ойды сол арқылы беру, үшіншіден ұқсату немесе бейнелілік арқылы ойды әсерлі, көркем жеткізу.
32. Ата-бабамыз қыруар күшімен, найзаның ұшымен қорғап, тұтастығынсақтап қалған қасиетті жеріміз қазына-байлыққа бай да жомарт болып шықты. Сарыарқа мен Атырау, Алтай мен Қаратау қойнаулары нағыз алтын сандық екен. Соның кілті енді еліміздің қолына еркін тиді. Қазақстан қазба-қазына байлық жағынан дүниежүзіндегі ең бай деген он елдің ішіне кіреді. Бұл-ғажап. Публицистикалық стиль.Жұртқа насихат айту. Сөз жинақы, тұжырымды, экспрессивті, екпінді, адам назарын аударарлық.
33. Билетемін, илетемін, қалай нанып сөзіне?! Жігіт: нан, қарағым! Ал барамын,-кет десең, мен өлімге! Бір сен үшін, бір тең үшін өлген өлім өлім бе?
Мәтіндегі тәуелдік жалғаулы сөз: ағам едің(тәуелдік жалғауының 1-жағы жекеше түрі), қарағым(тәуелдік жалғауының 1-жағы жекеше түрі). Бұл тәуелдік жалғаулы сөздер эмоциялығы жағынан қаратпа сөздерге жатады.
Айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру не оған басқаның назарын аудару мақсатында жұмсалатын сөз. Сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, ерекше әуенмен айтылып тұр. Екі кейіпкердің көңіл күйі осы қаратпалар арқылы беріліп тұр. 1-ші қаратпа сөзден кейін үтір, екінші қаратпа сөздің соңында кеп тұр, алдынан үтір, соңынан леп белгісі арқылы ажыратылып тұр.
34. Тәкең жымың етіп:
-Хамаң, отыр,-дейді.
Хамит аға гүр ете қалады.
-Оның кім еді, тағы?
Тәкең отқа май құя түседі.
1) Диалогқа құрылған. Қатысушы екі адам. Интонация ерекше қызмет атқарып тұр.
2) Тәкеңнің эмоциясы сүраулы сөйлемі және «тағы» қыстырма сөзі арқылы беріліп тұр.
3)Қаратпа сөз: Хамаң
4) Ауызекі сөйлеу тілінің стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен сөйлем құрылысынан байқалады. Толымсыз сөйлемдер. Ой автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылған.
35. Мәтін көркем әдебиет стиліне жатады. Дәлелдей кету үшін Көркем әдебиет стилі туралы анықтама беріп кетейін: Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармапарда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды алады. Сондықтан да троптардың және фигуралардың барлық түрлері басқа стильдерге қарағанда Көркем әдебиет стилінде барынша мол жұмсалады. Көркем әдебиет стилінің функциональдық стильдер жүйесінде апатын орнына қатысты әр қилы пікірлер айтылып жүр.
36. Тіл саясаты - тіл тағдырын белгілейтін мемлекеттік шаралар жүйесі. "Тіл саясаты" үғымы алғашында "ұлттық саясат", "шаруашылық саясат" терминдерімен қатар пайда болып, өзінің мазмұны жағынан партиялық және мемлекеттік саясаттың ұлт мәселесіндегі тілге қатысты жағын білдірген. Ал, кейінірек бұл терминнің мазмұны кеңейтіліп, әлеуметтік сөйлеу дәстүрін саналы бағытта басқару деп түсіндірілді. Басқаша айтқанда, тілдік даму процесін және оны басқарудың стихиялығына жол бермеуді көздеген саясат болды. Тіл саясаты - тілдік дамуға қоғамның саналы ықпал етуінің теориясы мен тәжірибесі, яғни, қолданыстағы тілдерді белгілі бір мақсатта және ғылыми негізде басқару және тілдік жаңа қарым-қатынас қүралдарын жасау бо¬лып табылады. Қазіргі кезде ұлт тілдері мәселесі өзекті мәселе болып отыр. Адамзат тарихында жүздеген тілдер жойылып, "өлі тілдерге" айналып кетті. Бәрінің де жойылу себебі - одан зор тілдің шығуы. Ал, оның өзі әділетсіз тіл саясатының салдары болып табылады.
39. Бұл өлең үзіндісі жалғаспалы болып келеді.Сөйлеу стилі жағынан ауызекі сөйлеу тіліне келеді.Тілдік сипаты жағынан алар болсақ, осы екі тармақтың арасында сөз ерекшеліктері кездеспейді. Тура мағынада айтылаған.Тілдік стилі бірізді, айтар ойына деген көзқарасына тура сай жазылған.Жанр жағынан талдар болсақ, әдеби жанрға жатқызамыз.Бұл жерде мәтіннің негізгі ойына достан да ,өмірден де түңілген адам бейнесі сипатталады. Бар болғаны оры екі тармақ қана берілсе де автордың айтпақ ойын аша білген.Бұл стиль түрінде жүйелік тілдік қолданыстардың жалпы сипаты айқын көріне алмайды, себебі бұл әдеби жанр.Стильдік категориясы ауызекілікке жақын болып келеді де, сол арқылы сөздердің қарапайым болуына жол ашады.
47. Мәтін (текст; text) — 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның жазбасы. Объектілік немесе жүктемеленетін модульдің бөлігі.
Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.
1) мәтіннің барлық әлементтері өзара байланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі).
2) мәтін әлементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады. (Мотивті талдау тезисі);
З) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау);
4) мәтіннің әрбір жекеленген және үстірт кәрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т. Юнгтің аналитикалық психологиясы);
5) мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы);
6) бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін ( мүмкін дүние (нәрсе) семантикасы);
7) мәтін — қатып-семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сүхбат (Бахтин поэтикасы).
44. Лондон мешітінің бас имамы Мирза Тахир Ахмад дүниеден озғалы он жыл өтті. Мен ол кісінің жазған кітаптарының бәрін оқыдым. Өлеңдерінің алдына жазған « Ислам отвечает на вопросы совремменности» кітабынан «Аманат» журналына да басқанмын. Бабур бабамыздың ұрпағы осал адамболама екен?
Бұл бағалаушыттық категория. Бағалауыштық категоря деп философиялық әлеуметтік әдебиеттерде кең қолданылатын термин ретінде философиялық категорияның құрамында айтылады. Бағалауыштық категорияны тудыратын біріншіден субъект. Бұл жердегі субъект болып турған адам- баяндаушы автор . Ол өзі жазып отырған құбылысын бағалау категорясын қолданып, оқырманға акцент ой тастайды. Мысалыға Лондон мешітінің бас имамытіркесі арқылыБабур бабамыздың ұрпағы осал адамболама екенсөйлемі арқылы бұл адамның қаншалықты тәрбиелі, білімді адам екенін ол адамды бағалау категориясы арқылы оқырманның назарын аударып отыр.
59. Шіркін жастық, шіркін махаббат!
Махаббат деген бір аққу құс қой.
Грамматикалық:көңіл-күй одағайы-адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіретін сөздер,оның ішінде әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл- күйді білдіретін: Шіркін; Одағайдан кейін эмоциялықты арттыру үшін леп белгісі қойылады.
Қой - нақтылау мәнді демеулік шылауы
Лексикалық:метафора:махаббат-аққу құс
46. Достық және стратегиялық әріптестікті нығайту, аймақтағы бейбітшілік тұрақтылықты орнықтыру, экономикалық ынтымақтастықты тереңдету арқылытараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми – техникалық ынтымақтастықтың деңгейі пәрмеңді дамып келе жатқан нарықтық экономикалық әлеуеті мен мүмкіндіктеріне толық жауап беру үшін Қазақстан Республикасы Әзірбайжан Республикасы арасындағы достық қарым – қатынастар және стратегиялық әріптестік туралы декларацияға қол қояды
Бұл мәтін Дипломатиялық құжаттар тіліне жатады.
Дипломатиялық құжаттар тілі
Дипломатия – мемлекет пен үкімет басшыларының, мемлекеттік сыртқы істер органдары қызметкерлерінің сыртқы саясат саласындағы саяси іс-әркеттері. Бұған қоса, дипломатияға халықаралық ынтымақтастықты орнату, кеңейту, сақтау, ұлтаралық жанжалдарды болдырмау және оны реттеу мақсатында жүргізілетін келіссөздер, халықаралық конференциялар жұмысына қатысушы делегациялардың қызметі, сондай-ақ, мемлекеттің шет ел азаматтары мен мекемелерінің құқықтарын, мүдделерін қорғау да жатады.Бұрын жалпыхалықтық қолданыста белсенді жұмсалып, қазіргі кезде дипломатиялық құжаттарда қолданылатын сөздер мен сөз тіркестеріне: герцог, хан, ханшайым, шах-иншах, эмир; лауазым атаулары: Жоғары Мәртебелі, Мәртебелі Тақсыр, мырза, ханым және т.б. жатады. Мұндай тіркестер әртүрлі дипломатиялық құжаттардың басы мен әсіресе аяғында дипломатиялық сыпайылық ереже формалары сақталғандығын растайды.Дипломатиялық қатынас түріне байланысты дипломатиялық сыпайылық түрлері сан алуан және күрделі. Оған киім киісі, сенім грамотасын тапсыру рәсімі, ресми сапарлар кезектілігі, әртүрлі қабылдаулардағы қонақтарды отырғызудың арнайы ережелері т.б. жатады. Дипломатиялық құжаттарда ресмилік пен маңыздылыққа қоса, мәнерлілік пен көркемдік элементтері де кездеседі. Халықаралық сыпайылықтың тілдік үлгілері (формалары) де әр алуан. Бұл элементтер жалпы ресми құжаттарға қойылатын талаптарға бағынады. Мысалы: My dear Ambassador (уважаемый Посол), My dear Madam Ambassador (уважаемая Госпожа Посол), My Lord (Милорд), My Lord Marquis (Милорд Маркиз), Your Excellency (Ваше Превосходительство), Your Excellency’s obedient Servant (Вашего Превосходительства покорный слуга), Your Lordship (Ваша Светлость), Your Lordship’s obedient Servant (Вашей Милости покорный слуга) т.б.
С.И. Ожегов “О структуре фразеологии” атты ғылыми мақаласында тұрақты сөз тіркесінің өрісін дәуірден дәуірге жылжымалы деп көрсетсе, бұл дипломатиялық терминдерге де тән құбылыс [3, 45-47 бб.].
Е.М. Иссерлиннің пікірінше, дипломатия саласындағы өзіндік сипатқа ие сөздерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа халықаралық тәжірибеде кең қолданылатын мемлекеттің Сыртқы Істер Министрліктері мен астана, ғимарат және көше аттарының метонимиялық қолданыстары кіреді [4, 12 б.]. Мысалы: “Ақ Орда” сарайы - “Қазақстан өкіметі” мағынасында (Қазақстан президентінің резиденциясы); “Ақ Үй” (White House) – “АҚШ өкіметі” мағынасында (Америка президентінің резиденциясы); “Елисей сарайы” (Elysee) – “Франция өкіметі” мағынасында (Франция президентінің резиденциясы); “Квиринал” (Quirinal) - “Италия өкіметі” мағынасында және т.б. Бұлар – фразеологиялық тіркестерге жатпайды, мағыналық және грамматикалық талдау жасауға келмейтін сөздер.
Екінші топқа халықаралық саясаттың өзіндік белгілері мен жеке саяси доктриналар кіреді, кей жағдайда сөз ауыспалы, жаңа мағынада қолданылады. Мысалы: “доллар дипломатиясы” (dollar diplomacy) (АҚШ-тың экспансионистік саясаты), бұл сөзді бірінші рет 1912 жылы АҚШ президенті Тафт қолданған, “мейірімді көрші” саясаты (“good neighbour” policy) (Латын Америка елдеріне қатысты АҚШ саясаты), “суық соғыс” (франц. guerre froide, нем. Kalter Krieg, ағыл. cold war) тіркесінде “суық” жаңа, ауыспалы “агрессивті, дұшпандық” мағынасын білдіреді.
Үшінші топқа кіретін сөздер “халықаралық терминдерге” жатпайды және тұрақты емес. Оларды Е.М. Иссерлин бұрынғы кеңестік дипломатиялық құжаттарға тән дей келе, коммюнике, нота және үкімет мәлімдемесі сияқты ресми құжаттарда Ресей үкіметі қалыптасқан халықаралық жағдайды баяндап қана қоймай, оған өзіндік баға беретіндігін, өзінің көзқарасын мәлімдейтіндігін, мәлімдеу барысында мәнділік пен мәнерліктің жалпы тілдік тәсілдерін пайдаланатындығын атап көрсетеді [4, 13 б.].
Біздің пікірімізше, олар тек кеңестік дипломатиялық құжаттарға ғана емес, тіл-тілдегі дипломатиялық құжаттардың барлығына тән. Мәселен, қарақшылық, араңдатушы, жек көрушілік, алаңдатушылық т.б. сияқты терминдер өзіндік баға беру мен көзқарасты білдіреді.Дипломатиялық құжаттарда мәнділік пен көркемдік тәсілі ретінде ауыс мағынадағы сөздер де қолданылады. Мысалы: алаауыздық, ауызбірлік, бұғау тастау, соғыс өртін (ошағын) тұтату (сөндіру) т.б.
Әртүрлі сала терминдерінің мағыналарына тіркесетін сөздердің семантикасы негіз болуы да мүмкін. Оның себебі тіркесетін сөз әртүрлі лексикалық және грамматикалық топқа жатуынан туындайды. Қарама-қарсы қойылған жалпы және арнайы мағына айырмашылықтары құрылымдық факторлар негізінде жасалады, терминдік варианттың лексикалық үйлесімділігі шектеулі, ұғымның тарылуымен тікелей байланысты болады.
Мәнерлік пен мәнділік тәсілдері ретінде дипломатиялық құжаттарда кейбір публицистика элементтерінің кездесуі, жеке функциональды стильдер арасында қатаң шектің жоқ екендігін көрсетеді. Олар өзара бір-бірімен тығыз байланысты, бір функционалды стиль элементтері басқа стильдерде қолданыла береді. Олардың өзіндік ерекшеліктері арнайы зерттеуді қажет етеді.
Дипломатия терминологиясында басқа салалық терминдер жүйесі сияқты синонимия мен омонимия кездеседі.
