Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kolloidty_1179_khimia_zh_1241_ne_fizika-khimialy_1179_mekhanika.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

20. Адсорбция, десорбция, адсорбент, адсорбтив және адсорбат терминдерін түсіндіріңіздер. Оң және теріс адсорбцияға анықтама беріңіздер.

Адсорбция дегеніміз жүйенің компоненттерінің беттік қабатта өздігінен шоғырлануы. Адсорбцияның нәтижесінде ерітіндінің беттік керілуі азаяды.

Адсорбция шамасымен (Гi) беттік керілудің (dσ) және компоненттің химиялық потенциалының (dμ) байланысын Гиббстің адсорбциялық теңдеуі көрсетеді:

мұндағы Гi – беттік қабаттағы компоненттің артық мөлшері, - компоненттердің химиялық потенциалдары.

ал болатынын ескере отырып,

теңдеуін аламыз.

Адсорбция бір заттың басқа бір затқа өздігінен жұтылу құбылысын айтады. Жұтылатын затты адсорбтив, ал өзіне жұтатын затты адсорбент деп атайды. Кейбір оқулықтарда адсорбтивтің орнына адсорбат деп атайды.

Десорбция (De — алыстау және sorbeo — жұтамын) — сұйық немесе қатты дене бетінен, осы сұйықтың (қатты дененің) бетінде жұтылған зат бөлшектерін аластату;адсорбцияға кері процесс. Мысалы, температура жоғарылағанда, электростатикалық өpic, оптикалық сәулелену әсерінен десорбция пайда болады. Десорбция заттардың бетіп тазалау және зертгеу үшін қолданылады.

Десорбция (лат. sorbeo — сіңіремін) — минерал бетіне адсорбцияланған затты екінші бір химиялық қосылыспен өңдеп суға шығару процесі. Көбінде минерал бетінен жинағыш реагенттерді шығару мақсатымен жүргізіледі. Бұл операция кеннен алынған коллективті концентратты бөлу алдында міндетті түрде қолданылады. Себебіконцентратты жеке минералдарға бөлу үшін оның бірін басып, екіншісін қайта флотациялау қажет. Минерал бетінен жинағыш реагент шығарылмай басқыш реагент адсорбцияланбайды.

Гиббс теңдеуінен мыналарды байқауға болады:

  1. Егер болса, онда және Г > 0.Бұл еріген затымыз БАЗ болатын жағдайларда болады, яғни беттік керілу БАЗ әсерінен кемиді де, оң адсорбция байқауға болады.

  2. Егер , және Г < 0. Бұл еріген затымыз БАЕЗ болатын жағдайлар. Шындығында да егер БАЕЗ ерісе беттік керілу көбейеді де, теріс адсорбция болады.

  3. Егер болса, онда Г=0 . Бұл индифиренттік заттарда байқалады, өйткені олар ерігенде беттік керілу өзгермейді, сол себепті адсорбция құбылысы болмайды.

21.Химиялық адсорбция мен физикалық адсорбцияның айырмашылығын түсіндіріңіздер.

Адсорбент пен адсорбтив арасындағы байланыстардың түріне қарай физикалық және химиялық адсорбция болып бөлінеді. Біріншісінде физикалық күштер нәтижесінде фазаарлық бетте адсорбциялық қабат, түзілсе, екінші жағдайда адсорбциялық үдеріс адсорбенттің функцияналдық тобы мен адсорбтив арасындағы химиялық реакцияның нәтижесінде болады, яғни олар химиялық күштердің әсерінен байланысады. Бірінші жағдайда адсорбент пен адсорбтивтің арасында молекулааралық, басқаша вандерваальстік күштер болады. Физикалық адсорбция әрқашанда қайтымды. Химиялық адсорбция кезінде адсорбент пен адсорбтив арасындағы байланыс химиялық болады. Хемосорбция көбінде қайтымсыз болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]