Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Radio_zhauaby.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
733 Кб
Скачать
☆

Сценарий (итал. Scenarіo, лат. Scena, scaena – сахна) – кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық негізі. Маңызы[өңдеу]

Сценарийде драматургия мен проза тәсілдері қабат игеріледі. Сценарий экрандық қойылым үшін жазылып, образдық жүйе экранда бейнелегенде ғана тәмамдалған, толыққанды сипатқа ие болады. Сценарий сөз өнері жанры ретінде XX ғасырда дамыды. Ол кино және теледидар сценарийі болып бөлінеді.

7)Радиоаудиторияның көлемі, зерттеу әдістері дегенге мысалдар келтіріңіз

8)Эфирдегі сөзге және сөйлеу техникасына мысалдар келтіріңіз

       

Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер

.

Шешендік дегеніміз не? Ойшылдарға сүйене айтсақ, шешендік – кісі көркі, ақылмен билеу өнері. Дидарласушымыздың жүрегі мен ақыл-ойын баурап алуға, оны не нәрсеге болса да сендіруге, иландыруға септесетін бізге берілген сый. Кез келген нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонысымен өзгелерді өз ойына ойыстыра білу. Біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туындай келе, білгірліктен кейін тұрады. Сөз бен ойға негізделеді. Биік дүниетаныммен, ғылым-білімді терең меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жөн-жосықтарын жүйрік танумен, жалпы айтқанда, адамзаттың рухани мәдениетінен мол хабардар болуымен, ой өрісінің кеңдігімен тамырлас. Демек, жас тұлғаға қажетті шешендік дегеніміз – тыңдаушылардың жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, образдардың жарқындылығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет-қарым, тума қасиет, сондай-ақ өскен ортаның, үлгілі жандардың, ұлағатты туындылардың тағылым-тәрбиесі, өз дүниетанымының нәтижесі.

Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал.

... Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағдыдағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды».

Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірегейі – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, барлық қаракөз бауырларымыздың өз ана тілінде сөйлеуіне қол жеткізу. Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан шаруа бала бақша, үй, мектеп, жоғары оқу орындарында ұл-қыздарымызды тілдік қоры бай қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету. Содан, үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Олай болса, шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті, ауызша, жазбаша сөйлеу – әдептіліктің биік шыңы. Өмір, тіршілік адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Олардың түсінісудегі негізгі құралы – тіл. Әр адам дұрыс сөйлей білуі, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыра білуі тиіс. Қарым-қатынас адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен, дәстүрі, мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы. Қарым-қатынаста адамдардың жан дүниесі, өмір тіршілігіндегі бейнесі көрінеді. Әдеп – сөйлесудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі. Мәдениет – адамдардың рухани және материалдық, білімдарлық пен сезімталдық қасиеттер аңғарылатын белгілерінің жиынтығы. Мәдениеттің туы – тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып, сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Өз тарихын, ұлттық дәстүрін, туған жерін, тілін қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады. Сөз мәдениеті – сөзді орынды қолданып, қиюластырып, үндестіріп айта білу, емле мен тыныс белгілері ережелерін дұрыс сақтау, тілдің ғасырлар бойы сақталып келген көркемдігі мен тарихын, әсемдігін сақтай білу. Сөйлеу, тілдік амалдар, тіл мәдениеті туралы сөз етсек, адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты. Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады. Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі:

1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы).

2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері).

3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген. Күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидалары – сөйлеу әдебі, тыңдай білу әдебі, мәдениет мәйегі ескерілуі тиіс.

Сөйлеу әдебі.

Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:

1. Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.

2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды.

3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.

4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек.

Тыңдай білу әдебі.

Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек:

Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек. Тыңдау екі түрлі болады:

1. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау.

2. Сөзге араласып, өзара ой алмасып отырып тыңдау. Сөйлеуші адамның мінез- құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс. Мәдениет мәйегі. Адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, ой-сезіміне деген құлықтылық, жүрек түкпіріндегі мұң-сырына ортақтасауға деген бейімділік, қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайрымдылықты қастерлейтін игі дәстүр, балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұту – рухани өміршеңдік, әдептіліктің, мәдениеттің басты көрінісі. Жан баласын жатсынбайтын, өзгелерге түсініспен қарайтын, болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр қасиеті – қазақ мәдениетінің мәйегі. Тіл табыса білу – өнер. Ауызекі сөйлеу және тыңдау мәдениеті. Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді.

Ойдың және сөйлеудің дамуы. Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам көп мәдениетті болу үшін үнемі сөйлеу мәдениетін жетілдіріп отырауы керек. Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар:

1. Диалогтық сөйлеу.

2. Монологтық сөйлеу.

Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.

Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі. Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу – өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу. Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдармен жүзеге асыра алады. Бұл сөйлеу түрлерінің арасында психологиялық айырмалар да баршылық.Әлеуметтік тұрмыстық қарым-қатынастағы сөз әдебінде әр түрлі жағдаяттық тақырыптарға әнгімелескенде «сіз» және «сен» концептілерінде қаратпа, қыстырма сөздерде сөйлеу этикеті мен ерекшеліктерін айқын аңғаруға болады. Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің өзі де ұмытылған. Ол ХVІ ғасырдың өзінде қолданыстан қала бастап, ХVІІІ ғасырдың басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік алмастырған-ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше, көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа, сен!» деп аударған дұрыс дейді. Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ» деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық орындарда «мужчина», «женщина» деген қаратпа сөздер күштеп орныға бастады. Алайда оны қазақ тіліне аударып: «Еркек!», «Әйел!» деп айқайлар болсақ, ол өте ұятты. Сол себепті сөз мәдениетін түсінетін біздің бауырларымыз қоғамдық орындарда: «Апай», «Ағай», «Қарындас», «Інім» деген қаратпа сөздерді қолданып, ол транспортта, сауда орындарында, театрда өзара қарым-қатынас тіліне сіңісіп кетті. Шіркін, сөз қадірін түсініп, сөйлеу мәдениетін сақтай білсе, біздің қазақ тілінің мазмұны өте бай, сөздері өте сұлу, мейірім, имандылыққа толы ғой. Мысалы, ірі жазушылардың көбісі ауызша сөйлеуге шебер болмаса, керісінше, бірқатар шешен адамдар өз ойын жазып жеткізуге шорқақ. Психолог-ғалым Б.М.Теплов өзінің «Психология» кітабында (Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953 жыл) диалогтық, жазбаша сөйлеу туралы былай дейді: «Диалогтық сөйлеуді кейде қосталған сөйлеу деп атайды. Мұның мәнісі: әңгімеге қатынасқан адам сөйлеушіге сұрақ қою, жауап қайтару, қарсы пікір айту арқылы қостап отырады, егер бұл текті қостау тоқталса, сөйлеу мен монологқа айналады, немесе адам сөйлеуді тоқтатады... Жазбаша сөйлеуді қосталмаған сөйлеу деп атауға болады. Қосталған сөз қосталмаған сөйлеуден жеңіл болады. Оңай болатын себебі – сөйлеушілер бір жай-күйді әңгімелеп отырғандықтан, қабылдап отырғаны бір нәрсе болғандықтан, бірін-бірі оңай ұғынысады; кейде сөзді айтып аяқтап болмай-ақ, не екенін түсіне қояды... Мұндай сөйлеу көп жағдайда ым-ишарамен толықтырылады. Диалог сөздің құрылысына және өрістетіп айтылу жақтарына онша көп талап қойылмайды. Ал жазба сөйлеу басқаша құрылады; онда барлығы ақырына дейін толық баяндалуы керек. Жазба сөйлеу барынша кең және байланысты түрде құрылуы қажет».

Тіл туралы халық даналығы :

  • Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.

  • Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын.

  • Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.

  • Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды.

  • Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық.

  • Сөйлей білмес жаманның – cөзі өтпес бір пышақ.

Сөз білетін адамның – әр сөзіне бір тұсақ.

Жоғарыдағы ұлылардан қалған, кейінгі ұрпағына қалдырған ізгі мұраттарымен, данышпандық, шешендік ойларынан, тілдік ұстанымдарынан, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылардың айтқан тіл даналығы туралы, парасат пайымдарынан ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті екенін, қастерлі тіл мәдениеті-сөз мәдениеті екенін ұғынамыз.

Қорыта айтқанда, қазақтың ұлы ханы, өз заманының данышпан дипломаты Абылай ханның қазақ мәмілегер-дипломаттарын қалмақ еліне аттандырар кезде сөйлеген сөзі: “Үлкендеріңді кішілерің сыйлаңдар, көп арасында мына Қазыбек сияқты кішінің де сөзін тыңдандар. Өздеріңді жат елдің алдында жақсы елдің баласындай ұстаңдар. Мұндайда қол бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат, бәрінен де ел тағдырын шешетін шешен болу қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласып кетсек, сендердің олақтықтарыңнан болғаны. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек”, – дегендей, шешендік өнер-тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы. Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайтындығы сөзсіз. Олай болса, ұлы Абай: Өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас, – деп таңырқап, тағзым еткен тіл – мемлекеттік тіл, ана тіліміз, қазақ тілінің қадірін ұғынып, мәртебесін көтеріп, қастерлей білейік!

10)Монтаждау процесін мысалдармен түсіндіріңіз

Бул менин сурагым емес сонда да керек осы. Алты миллионнан астам тыңдарманы бар Қазақ радиосы 101 – FM жиілігінен беріледі және заман талабына орай қызмет істеуде. Радионың ішкі құрылымы да, хабар тарату бағыттары да тәуелсіз Қазақстанның даму тенденцияларына қарай өзгеріске түскен. Қазақ радиосының редакциялары хабарлар барысына орай құрылған. Ақпараттар бас редакциясы, әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясы, музыкалық хабарлар бас редакциясы, насихаттық хабарлар бас редакциясы, балалар мен жасөспірімдер және жастарға арналған хабарлар бас редакциясы болып бөлініп келді. Бөлімдердің ішінде хабарлардың түрлеріне қарай да журналистер топтары жұмыс істейді. Мысалы, ақпараттық хабарлар бас редакциясының ішінде қоғамдық-саяси хабарлар, халықаралық хабарлар бөлімдері бар. Мемлекеттік арналар үшін бұлай құрылым жасаудың маңызы зор болды. Өйткені, сол хабарлар үшін журналистер арнайы мамандандырылды және хабарлар мазмұны бақылауға алынды. Кейіннен қоғамдағы тарихи формацияларға байланысты бұл редакциялар бағыты біраз өзгеріске түсті, дегенмен де бұрынғы құрылымы, негізгі функциялары сақталды. Мемлекеттік радиолардың әуе кеңістігіне шығатын материалдарының жүріп өтетін процестеріне тоқталсақ: ұқыпты басылған хабар мәтініне бөлім редакторының қолы қойылады, автордың қолы екінші нұсқасына қойылады. Бұл қағаздар «эфирге» деп аталатын арнайы папкаға салынып, бөлім меңгерушісіне немесе орынбасарына қол қоюға беріледі. Сонан кейін Бас редактор немесе оның орынбасары өз қолдарын қояды. Содан соң бағдарлама директоры «рұқсат етілді » деген мөр басады, сөйтіп хабар эфирге жолдама алады. Осындай ұзақ механизм журналистер жұмысына кедергі келтіреді, бағдарлама сапасы нашарлайды. Сол себепті мұндай процестер қысқартылып, неғұрылым қоғамдық құбылыстар бейнесін жасауда журналистерден өзіндік жауапкершілік талап етілді. Тіпті, тікелей эфир хабарлары ешқандай визасыз, монтажсыз да жүзеге асырылатын болды. Тек хабар редакторының ғана қолы қойылатын болды, немесе мәтінсіз хабарларға жол ашылды.  Республикалық радиохабарлары жоспарлы түрде жүргізіледі. Алдымен тақырыптық жоспарлауға тоқталсақ: бұл күнтізбедегі айтулы күндерге, тарихи оқиғаларға, кезеңдерге байланысты жасалатын жоспарлар. Оның жасалу жолдары мынандай: алдымен күндік, апталық, айлық межелер белгіленеді, яғни хабарлар сеткасы жасалады. Онда жанрлық-тақырыптық айдарлардың күні, сағаты көрсетіледі. Бұл көбінесе тұрақты, жүйелі. Келесі кезекте осы хабарлар сеткасы толтырылады. Алдымен жалпы халықтық мерекелер, атаулы жас мөлшеріне келген қоғамның біртуар азаматтарының туған күндері т.б. жайлар ескеріледі. Мысалы, Наурыз мерекесі, Конституция күні, Ұландар күні немесе Сайлау күні сияқты қоғамдық-саяси шаралар да жазылады. Мысалы, «Мүсінші Наурызбаевтың 80-жылдығына орай ұйымдастырылған сұхбат 20 сағат 30 минутта”, немесе “ Конституция күніне арналған саясаткер Қ. Сұлтановтың әңгімесі”, “Наурыз мерекесіне арналған жайна, жаса Наурыз” атты радиокомпозиция т.б. сияқты жанрлық-тақырыптық хабарлар легі өз ретімен орналастырылып, эфирлік хабарлар алдын-ала дайындалып қойылады.  Қазақ радиосының бүгінгі ең басты ерекшелігінің бірі - дербестілігі. Қаншалықты үкімет идеологиясын насихаттап, тәуелділік танытқанымен де бұқара халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын халықтық арна деп аталады. Бұған дәлел ретінде Қазақ радиосының төмендегідей бағдарламалар кестесі келтіріледі. 

Пигментные пятна на лице быстро пройдут, если мазать этим...

Пигментные пятна на лице быстро пройдут, если мазать этим...

^ БЕЙСЕНБІ ЖҰМА

6.00. Қазақстан республикалық әнұраны

6.04. Жаңалықтар Жаңалықтар

6.09. Туған жер әуендері Туған жер әуендері

6.15. Атадан қалған асыл сөз Атадан қалған асыл сөз

6.20. Халық музыкасы Халық музыкасы

^ ИМИДЖ РОЛИГІ ИМИДЖ РОЛИГІ

6.30. Новости Новости

6.35. Ретро әндер (қазақша) Ретро әндер (қазақша)

6.40. Однажды они приходили жить Ақиқат сыйы

6.45. Халық музыкасы Халық музыкасы

Дәлме-дәл уақыт белгісі Имидж Ролигі Дәлме-дәл уақыт белгісі

Астана дәлме-дәл уақыт белгісі.

9.00 Жаңа күн Жаңа күн

9.05. Халық музыкасы Халық музыкасы

9.10. Өзекті мәселе Денсаулық

9.25. Қазақ эстрадасы Қазақ эстрадасы

9.30. Новости республики Новости республики

9.35. Халық музыкасы Халық музыкасы

9.45. Интерьвю дня Интерьвю дня

АЛМАТЫ

10.00 Көрші елдерде Көрші елдерде

10.10 Халық музыкасы Әуезов оқулары

Осылайша жалғасатын хабарлар сеткасында көптеген «Ел мен жер», «Ән – домбыра», «Болжамдар мен қисындар», «Ауылым – алтын бесігім», «Алақай», «Қазақ зиялылары», «Ашық әңгіме», «Біреу – кедей, біреу – бай», «Мінбер», «Жан сарайы», «Ашық әңгіме», «Жусан иісі» сияқты халық тәрбиесіне, мәдениетіне, салт-дәстүріне, тарихына т.б. ерекшеліктеріне арналған хабарлар көптеп берілуінің өзі ұлттық және дербес арна екендігін дәлелдейді. Ұлтымызға тек ақпарат пен музыка ғана емес, оның жер шарындағы өз салты, дәстүрі, тарихы, мәдениеті, әдебиеті, ерекшелігі бар халық ретінде толық қалыптасуы үшін ұлағатты хабарлар да көптеп берілуі қажет. Яғни өткенді білу үшін де, өркениетке өту үшін де адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, ұрпақты болашаққа жетелеу алдыңғы толқын міндеті. Қазақ радиосы халықтың, ұлттың радиосы болуы тиіс. Сондықтан, тек қана қысқа ақпарат, жеңіл әуен ғана емес, тағылымдық, тәрбиелік, қоғамдық-тарихи мазмұнды хабарлардың үнемі беріліп тұруы өмір қажеттілігі.

..11.Монтаж. Монтаж сөзі француз тілінен аударғанда екі мағына береді. Техникалық мағынасы – “алдын-ала жасалған жоспар бойынша, жоба, кескіндеме бойынша дайын бөлшектерден, басқа құрал-жабдықтардан машина құрастыру, құрылыстар тұрғызу, жөндеу жұмыстарын жасау”. Екіншісі – “белгілі бір шығарманы жүйелеп жасау үшін әр түрлі бөлімдерді таңдап, оларды құрастыру, мысалы кинода сценарийде жазылған жүйе бойынша түсірілген фильмнің бөлшектерін таңдап алып, құрау”._

Бізге екінші мағына сәйкес келеді, өнер, әдебиет сияқты журналистика да шығармашылық процесс болып табылады. Журналист радиохабарды жасамас бұрын, оның құрылымын анықтап, әрі құрып алады, шығарма құрылымына қажетті жеке элементтердің мән-мазмұнын ойша жіктеп алады. Әрине, бұл жұмыс процесінде өзгерістерге ұшырайды, дегенмен түпнұсқасы сақталады.

Монтаж – хабарды алдын-ала жазу барысында техникалық құрал ретінде танылса, ал тікелей эфирде біртұтас құрылымның өзіндік пішіні деп есептеледі, яғни хабардың жеке бөліктерін жалғау, сабақтастыру мәнінде қолданылады. Сонымен қатар үнтаспаға жазылған хабарды бір жүйеге түсіріп, артық-кемі жоқ толыққанды туындыға айналдыру процесінде іріктеу әдісі үлкен роль атқарады, ғалымның сөзімен айтсақ “іріктеу әдісі –бұл монтаж процесінің бастапқы нүктесі. Монтаж – бұл жекелеген бөліктерді жүйелеу, салыстыру, қарсы қою үшін біріктіру”. Сонымен қатар төмендегідей талаптарды ескеру қажет:

а) монтаждық бөліктердің ішкі байланысы және олардың ұқсастығы немесе қарама-қайшылығы;

ә) монтаждық бөліктердің бір-біріне деген эмоциялық қатынасы;

б) олардың ырғақты уақыттық мөлшері.

Радиоәңгіменің, радиокомпозицияның, сұхбаттың жоспарын құру, сұрақтардың тізбесін жасау – монтаждың алғашқы формасы, бұл қажетті материалдарды таңдауға, болашақта жасалатын фрагменттерді ойша түзуге белгілі бір дәрежеде ықпал етеді. Біздің тіл қатысуымыз, ойымыз, қоршаған ортаны қабылдауымыздың бәрі өңделуден тұрады. Радионың барлық бағдарламалары әр түрлі элементтер негізінде құрастырылып, өңделеді.Мәселен, ақпараттық хабарлардың құрылымын алсақ, бұл жерде жинақтау процесінің өзі жалпы монтаж деңгейінде түсіндіріледі, яғни ішкі байланыстарын жүйелеп құрастыру жалпы оқиғалардың жиынтығын түзу. Монтаж – ішкі байланыстарды түзудің негізгі жолы.

Монтаж жасаудың мүмкіндіктері әр жанрда алуан түрлі, яғни мәтінді жүйелеуден бастап, ұзақ сөздерді қысқарту, сәтсіз фрагменттерді алып тастау, техникалық жағынан дұрыс жазылмаған жерлерді үзіп алу, дыбыстық образды құрастыру.

Дыбыстық образ жасау негізінде монтаж жатыр, бұл жөнінде зерттеуші А.А. Шерель төмендегідей анықтама береді: “монтаж – это совокупность звуковых (речевых, музыкальных, шумовых) элементов, создающих посредством ассоциаций в обобщенном виде представление о материальном объекте, явлении, характере человека”.

Монтажды шығармашылық бағытта қолданудың тәсілдерін және оның қызмет формасын былайша көрсетуге болады:

мәтінді қысқарту;

авторлық мәтін мен деректі жазбалар үзінділерінің сабақтастығы негізінде құрылымдық өзгерістер жасау;

белгілі бір уақытқа сығымдау;

материалдың мазмұнына сәйкестендіріп, сонымен қатар автордың негізгі ойына сүйене отырып қажетті дыбыстық бейнелеуші құралдарды, декорацияларды қолдану;

әр түрлі кеңістікті танытатын және уақытты көрсететін жазбалардың жоспарын құру, сол арқылы оқиғаның болған мерзімін, сол оқиға өткен жерді сөзбен мінездемелеп, әр қырынан суреттеу;

әр түрлі дыбыстық бейнелеуші (көркемдеу) құралдарын қарама-қарсы бағытта қолдану, яғни алуан түрлі пікірлердің, психологиялық тартыстардың, жоспарлардың, көріністердің қайшылығын көрсетуде шеберлікпен пайдалану;

сюжет қозғалысында жүйелі, тізбекті, қатар жүру тәсілдерін қолдану;

радиотуындының жиынтық композициясын құру.

Монтаж кезінде дыбыс күші (жоғары, төмен, контраст), пауза, бейнелеуші құралдар (сөзді музыкамен көркемдеу, әр түрлі шуларды сабақтастыра пайдалану, олардың ұзақтығы) әр түрлі нұсқада қолданылады.

Хабар жасау барысында монтажды қолдану аясы жанрлардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай, яғни атқаратын қызметі мен міндеті, стилистикалық және акустикалық өзгешеліктеріне орай анықталады.

Монтаж жанрлық қызметке тәуелді, белгілі бір мәселені шешу бағытына тәуелді, сонымен қатар жанрдың архитектоникасын, ішкі байланыстарын анықтап, алға қойылған шығармашылық міндеттердің іске асуына көмектеседі. Ақпараттық радиохабарда монтаж қарапайым, бірақ маңызды, яғни фактіні таңдап, іріктеу, мазмұндау, жалпы бағдарламаның құрылымында алатын орны сияқты пішінде танылады. Ал радиоәңгімеде, радиокомпозицияда монтаж дыбыстық образды құрастырудың басты құралы ретінде қолданылады.

Көркемдеу құралдары бір-бірімен тығыз байланысып, әрі сабақтасып мазмұнды, акустикалық бірліктегі жиынтық туынды түзеді.

^ Монтаж түрлері:

1) Акустикалық – радиохабардағы жеке дыбыстық элементерді және дыбыстық үзінділерді бір құрылымдық жүйемен үнтаспада басын қосып, біріктіріп жазудың техникалық процесі. Сонымен қатар мазмұндық және дыбыстық құрылымдар байланысының біртұтас жүйесі, яғни драматургиялық конструкция қызметін атқарушы жүйе. Монтаж автордың идеологиялық және эстетикалық позициясын көрсетуші, көркем ойын таныту әдісі және шындықты шығармашылық ой елегінен өткізудің көрсеткіші.

Монтаж – деректі материалды көркемдеп ұйымдастырудың тәсілі. Бір пікірді бірнеше мағынада қолданып, әр оқиғаның мазмұнын бірнеше қырынан ашу үшін пайдалануға болады.

2) Монтажды тікелей эфирде де іске асыруға болады, яғни жалпыхалықтық, ұлттық сипаттағы хабарларды ұйымдастырудың, бір тақырыпты ашу аясында бірнеше хабарды бір-бірімен сабақтастыра беру. Бұл – монтажды қосақтастырып қатар қолдану түрі.

3) Тізбектелген монтаж – мән-мазмұны, эмоционалдық жағынан тығыз байланысқан дыбыстық фрагменттердің өз дербестігін, ішкі логикалық мазмұнын сақтай отырып бір жүйеге топтастыру. Бұл кинематографиядағы эпизодпен сәйкес келеді, яғни монтаждың жеке элементтері – кадрлар бір ырғақпен кезектесіп монтаждық фразаны құрайды. Ал радиода дыбыстық элементтер құрастырылып, жүйеленіп келіп қана оқиға жөнінде толық баяндалады, эпизодтар бірлесіп бір хабар ұйымдастырылады, бұл жерде ең басты ескеретін нәрсе айтар ойыңды нақты, шынайы деректермен тұжырымдай білу қабілеті.

Акустикалық коллаж – әртүрлі фактуралық дыбыстық элементтердің басын қосу, нақты бір тарихи кезеңдегі оқиғаларды бейнелейтін деректі жазбаларды, цитаталарды, лозунгтарды, пікірлерді бүгінгі көзқарас тұрғысынан сөз ете отырып беру.

13.^ Кері байланыс – студиядағы жүргізуші мен телефон желісіндегі тыңдарманның тікелей эфирдегі әңгімесі, сұрақ-жауап түріндегі пікір алмасуы, сауалнамалық радиоойын. Бұл пішін психологиялық желіге құрылады. Өйткені, жүргізуші тыңдарман ойына барлау жасай отырып, өз ойын соған сәйкес сабақтауы керек. Және бастан-аяқ әуенмен әрленіп, сазбен көмкерілуі тиіс. Себебі, тыңдарман жүргізуші тастаған сауал төңірегінде ой қозғау үшін немесе ол қойған нақты сұраққа жауап беру үшін ойланып алуына уақыт қажет.

Кері байланысты хабар тарату жүйелері. Байланыс арнасымен берілетін мәліметтің дәлдігін арттыру үшін мәліметтерді кейін қарай беруге арналған қосымша арналар колданылады. Яғни, берілген мөліметтің дұрыс жеткенін тексеру үшін қосымша арна пайдаланылады.

Ақпарат көзінен мәлімет тіке арна арқылы қабылдаушыға жетеді. Қабылдау орнында алынған мәліметтің дұрыс екенін тексеру үшін кері арнамен хабар беруші қурылғыға жетіп, сол жерде берілген мөлімет пен қабылдаушыдан қайтып келген мәлімет салыстырылып, оның дұрыс болатыны анықталса, онда келесі хабар жіберіледі. Ал егер дұрыс болмаса, мұның алдында берілген хабар қайталанады. Мұндай қайталану берілген хабар мен кері қайтып келген хабар бірдей болғанша жүреді.

Екінші жагдайда қабылдау орны қабылданган мәліметтің дұрыс екенін тексеріп, егер ол дұрыс болса, қабылдап, дұрыс болмаса, кері арнамен қайтарып жібереді. Сонда хабар беруші дұрыс қабылданбаган хабарды қайталап береді. Кері байланысты пайдалану арқылы арналардың сипаттамалары талданып, қай арнаның қандай байланысқа пайдалы екені бағаланып, бөгеулердің сипаттамаларына байланысты берілетін артық мәліметтер мөлшері реттеледі.

Берілген мәліметтердің дұрыс жіберілгені қай жерде тексерілетініне және тексерудің әр түрлі әдістерін қолдануга байланысты кері байланысты сигнал беру жүйесі бірнеше түрге бөлінеді. Олар: ақпаратгық кері байланыс жүйесі, шешуші кері байланыс жүйесі және аралас кері байланыс жүйесі.

Ортақтасу барысында ақпарат бір адамнан (коммуиикатор ақпарат беруші) екінші адамға (реципиент - ақпарат алушы) тек беріліп-алынбайды, алмасады. Сондықтан, ортақтасудагы ақларат алысу -тікелей ары-бері ауысу ғана емес, бүл процестід негізгі мақсаты белгілі жағдайдың не мәселенің жалпы мағынасын анықтау, ортақ козқарасты белгілеу мен келісімгс кслу.

Осы міндеггі шешу үшін түлғааралық ортақтасу барысында кері байланыс механизмі қызмет етеді./ Бүл механизмнің мопі: түлғааралық коммуникацияда ақпарат"алмасу екі есе кобейеді, коммуникатордан реципиентке өткен ақпараттың ішкі мағынасымен қатар реципиент коммуникатордың ақпаратына, оның тәртібіне қалай қарайтыны, қалай бағалайтыны жонінде мәлімеггер беріледі.

Кері байланыс дегеніміз - коммуникатордың әрекетіне реципиенттің реакциясы туралы берілетін ақнарат. Кері байланыстың мақсаты - ортақтасу серігіне оның мінез-қүлықтары озгелер жағынан қалай қабылданып, сезіліп түрғанын түсінуге көмектесу болып табылады.

Кері байланыс түрлері: тікелей және жанама. Тікелей кері байланыс кезінде реципиенттіц сөйлеушінің қүлқына реакциясы ашық түрде көрініс алады. Мысалы, тікелей сөйлемдер "Сен айтып түрған нәрсе маған үнамайды", "Не деп түрсың, түк те түсінбей жатырмын". Не болмаса, тікелей қуаныш, ашу, ыза, мүң сезімдерін айқыи керсететін ым-ишаралар. Тікелей кері байланыс реципиентгі коммуникатор түсінуі үшін қолайлы жағдай жасап, ортақтасуды тиімді және нотижелі стеді.

Кері байланыстың жанама түрі - психологиялық ақпаратты ортақтасу серігіне жасырын, астыртын жеткізу жолы. Ол үшін неиіе түрлі риторикалык. сүрақтар, кекетулер, қатынас серігі күтпегеи

эмоциялық реакциялар пайдаланьшады. Коммуникатор рсципиеттің озіне қарасты осері, қатынасының шыиайы сипаты туралы өзі ойлап жетуі керек. Сойлеушініц ойлаған сезімдері мен пікірлері үнемі дүрыс бола бермегендіктен ортақтасу барысы да, ақпарат алысу да белгілі дәрежеде күрделене түседі.

Сонымен, психологиялық кері байланыс — түлғааралык коммуникацияның алгашқы ерекшелігі.

14.Бүгінгі күнде дамыған мемлекеттер қатарындағы елдерде сандық радиохабар тарату технологиясына көңіл бөлінуде. Оның кәдімгі аналогтық радиохабардан немен ерекшеленетінін көрейік: Ең алдымен дыбыс сапасындағы ерекшелік көзге түседі, естілуі ешқандай кедергісіз әрі айқын. Сандық технологиямен жасалатын радиохабарларының тағы бір артықшылығы – қозғалмалы радиоқабылдағыштарға келетін сигналдың сапалы болуы. Оның үстіне сандық радиоқабылдағыштар сигналдардың ішіндегі күштісін автоматты түрде таңдай алады. СРХ-ға (сандық радиохабар) қоса "радиомультимедия" түріндегі хабарлар да жүреді. Олар тыңдарманға қосымша ақпаратты радиоқабылдағыш дисплейіне береді. СРХ компьютерлермен және ұялы телефондармен де тығыз байланысты. Кейбір мемлекеттерде радиоқабылдағыштар мен GPS және ГЛОНАСС сияқты іздестіру жүйелері толқындардың бір диапазонында жұмыс істейді. Бұл мүмкіндіктің автомобилистерге тигізер пайдасы зор. СРХ-ын бір-біріне кедергісіз сандық қабылдағыш та, ескі аналогты қабылдағыш та қабылдай алады. Қазір СРХ-ға байланысты көптеген технологиялар дайындалуда. Оның біреуі — американдық Command Audio компаниясының жеке (персональді) радио технологиясы. Яғни, тыңдарман қажетті ақпаратты өзіне ыңғайлы уақытта ала алады. СРХ мен ұялы телефондардың тығыз байланысып дамуы көзге түседі. Ұялы телефондардағы барлық мультимедия файлдарының жіберілуі мен қабылдануы осы СРХ арқылы іске асады. Оның себебі - СРХ-ның ақпарат тарату жылдамдығының айтарлықтай үлкен болуы (2 Мбит/с). СРХ-ның пайда болуы XX ғасырдың 80-жылдарынан басталған. 1982 жылы Sony мен Philips компанияларының бірігіп жұмыс істеуінен пайда болған компакт-дискқа жазу технологиясы қолдау тапқаннан бастап, радиобайланыстағы сандық қабылдау мен жіберу тәсілдері дами бастады. 1987 жылы Британияның ВВС деген медиагиганты Eureka – 147 (Эврика 147) жобасын бастады. Осы жоба нәтижесінде ең алғаш СРХ Швецияда 1996 жылы таратылды. СРХ таратудың санаулы технологиялары бар. Олар: Европадан шыққан Эврика-147, DRM және Америкада шыққан ІВАС/ІВОС технологиялары. Ресми түрде Эврика-147 DAB ең жақсы дамыған СРХ тарату технологиясы болып табылады. Ресми түрде Эврика-147 DАВ 1997 жылы ТҒА деген Берлинде өткен көрмеде көрсетілді. Қазір Эврика-147 DАВ ең жақсы дамыған жүйе ретінда Европада қолданылады, әрі СРХ тарату технологиясы болып табылады. Оның атап өтетін артықшылықтары:

  • сапасы компакт-диск дыбысының сапасынан қалыспайтын дыбыс;

  • сигналдардың кедергілерге қарсы тұра алуы;

  • параллельді түрде ақпарат тарата алады;

  • радиоқабылдағыштар куатты азырақ қажет етеді. 

Бүгінгі күнде, СРХ-ны таратушы DAB стандарты – көптеген стандарттарды біріктіретін кешен. Мысалы, дыбыстың барлығы МРЕG Audio Layer 2 сандық дыбыс форматында беріледі. Эврика-147 жүйесінде мультиплексор деп аталатын құрал арқылы бірнеше бағдарламаларды эфирге беру жүзеге асырылады. Алайда, Эврика-147 жүйесі әрі жетілген, әрі ыңғайлы болғанымен оны толығымен іске қосу үшін қазіргі радиохабар таратушы жүйелердің барлығының жұмысын өзгерту керек. Бұл көптеген материалдық шығынды қажет етеді. Дегенмен де, сандық радиохабар (СРХ) таратудың бұл түрінің болашағы үлкен. Алдағы уақытта бүкіл радиожүйелер осы технологияға тегіс көшірілуі мүмкін, әрине, озық технология қашанда жоғары тұрады. Электронды арналардағы жаңа технологиялар туралы сөз болғанда бір мәселеге ерекше назар аудару керек. Ол бүгінгі таңдағы форматтар туралы. Қазір дыбыс пен бейнені жазудың екі стандарты кең тарап отыр. Бірінші дәстүрлі аналогтық жүйе, дыбыс табиғатын, тербелістерін ескеріп, магнитті лентаға жазу және қайта жаңғырту сияқты операциялармен шектеледі. Оның үлес салмағы қазір едәуір көп болғанымен, жыл өткен сайын азайып келеді. Аналогтық форматты цифрлық жүйелер ауыстыруда. Бұл жүйеде аналогтық сигналдардың барлығы белгілі бір алгоритм бойынша сығымдалып сақталып жазылады, соған сәйкес ойналады. Яғни олардың негізін сығымдау және кері қайта қалпына келтіру сияқты операцияларды жүзеге асыратын компьютерлік чиптер, процессорлар кұрайды. Осыдан келіп қазіргі заманғы мамандар акустикалық сигналды табиғатына қарай екі топқа жатқызады. Музыкалық аспаптардың әуендері, ән салу, сөйлеу, сондай-ақ табиғи шулар бастапқы сигнал деп аталады да, электроакустикалық құралдарда өңделгеннен кейін екінші өзгермелі сигнал деп аталады. Компьютердегі дыбыс табиғатын, оны өңдеудің ерекшеліктерін зерттеуші А.П. Загуменнов өзінің "Компьютерная обработка звука" кітабында былай деп жазады: "Акустикалық сигнал уақытқа байланысты әр түрлі деңгейдегі тербеліс береді. Оның ең жоғары және төменгі мөлшері динамикалық диапазонды құрайды және әдетте децибелмен өлшенеді. Сонымен қатар акустикалық сигналдың спектрі табиғатынан әр түрлі болып келеді. Яғни оның импульсі өзгермелі болып келеді. Дыбыстың осындай үйлесімді тербелістерден тұратындығы компьютерлік алгоритмін жасауда ескеріледі. Аналогтық сигналды цифрға ауыстыру үш кезеңнен тұрады: іріктеу, кванттау және кодтау. Іріктеу кезінде алғашқы сигналдың дыбыс тербелістері, қуаты мен жиілігі уақыт өлшемімен бір жүйеге іріктеледі. Кванттау мен кодтау компьютердің аналогтық-цифрлық өзгерткішінің мүмкіндігіне байланысты алғашқы сигналдың табиғатын сақтап, өзгермелі диапазонын жасау және оны компьютер тіліне айналдыру болып табылады, әдетте тікелей екілік кодпен жазылады". Бұл өте күрделі өзгермелі процесс, осы салада жүргізіліп жатқан ғылыми ізденістер сан салалы болып келеді, бірізді пікір де қалыптасып болмаған. Дыбыс табиғатын өзгертпей, қалай табиғи күйінде жеткізе аламыз деген сұраққа жауап табу қиын. Өйткені, бұл жерде субъективтілік те басым түсіп жатады, әр адам дыбысты әркелкі қабылдайды, бір талғамның болуы да мүмкін емес. Бірақ, бір нәрсе анық, қазіргі заманғы компьютерлердің қуаты мен икемділігі, дыбыс жазудың алгоритмдері мен сығымдау тәсілдері барынша жетілдірілген, қарапайым адамдардың есту қабілетін толық қанағаттандырып, дыбыс пен әуенді табиғи қалпына өте жақын күйде бере алады. Ал кейбір кәсіпқой музыканттарға ұнамаса, ол субъективті қабылдауы болса керек. Оның үстіне казіргі техникалық құралдардың деңгейі де, бағасы да әр түрлі. Сонымен, цифрлық дыбыстың сапасы компьютерлік чипке - аналогтық-цифрлық және кері өзгерткішке байланысты. Кейбір осындай сапалы өзгерткіштер бір секундта 48000 тербеліске дейін іріктеп, кванттап, кодқа түсіреді. Бұл - өте жоғары көрсеткіш. Осыған байланысты тағы бір тауқымет туындайды. Дыбыстың сапасы неғұрлым жоғары болған сайын ол компьютердің ресурстарын көп пайдаланады, сақтап қоюға көп кеңістік қажет болады. Мысалы, стерео режимінде жоғары сапалы бір минуттық музыканы жазу үшін 10 мегабайттан аса диск кеңістігі қажет екен. Осыдан келіп оны сығымдау қажеттілігі туындайды. Қазір мұның да үздік алгоритмдері түзілген, олар ұқсас тербелістерді біріктіру, адам құлағы ести бермейтін жиіліктерді алып тастау сияқты жолдармен мағлұматтарды төрт, кейде тіпті он есеге дейін қысқартып, компьютерде өңдеуді жеңілдетеді. Ал дыбыс сапасындағы өзгерісті екінің бірі аңғара да бермейді. Дыбысты компьютерге көшірудің артықшылықтары қандай дегенде мына мәселелерге назар аударамыз:

  • цифрлы сигнал сапасын ешқашан жоймайды, өздігінен өзгермейді, мысалы, елу жылдан кейін де сол күйінде сақталады, ал аналогтық магнитті лента ұзақ сақтауға жарамайды және қайта көшіру кезінде сапасы, деңгейі төмендей береді;

  • компьютерде өңдеу орасан шығармашылық мүмкіндіктерге жол ашады;

  • көп арналы өңдеу, қосымша дыбыстармен араластыру, деңгейін өзгерту оңай жүзеге асырылады;

  • шу деңгейі өте төмен, аналогтық жүйеде механикалық шу, үйкелістер көп кедергі келтіретіні белгілі;

  • қашықтыққа беру мүмкіндігі өте жоғары, цифрлы әуен сол күйінде дүниежүзінің кез келген бұрышында ойналады, Интернетпен де жіберуге болады, ал табиғи дауысты сапалы деген телефон желісімен де екінші қашықтыққа өзгеріссіз беру мүмкін емес;

  • лазерлік технологиялармен кірігуі, СD және DVD технологиялары музыканы сақтау мен жеткізудің бүгінгі таңдағы ең үздік құралдары болып қалыптасты;

  • дыбыс режиссері мен операторы жұмыстарын едәуір жеңілдетті;

  • орасан музыкалық архивтер жасауға және оны еркін тасымалдауға мүмкіндік берді, мысалы қазір МРЗ тәсілімен миллиондаған әндер, музыкалық шығармалар таратылуда;

  • радиотарату ісін автоматгандыруға жол ашты;

- мамандардың уақытын үнемдеуі және басқалар.  Осының ішінде музыканы компьютерде өңдеудің жаңа шығармашылық мүмкіндіктеріне қысқа тоқталып өткен орынды.

15.Дыбыс жазудың тарихы.

Адамзат қай жерде өмір сүрмесін дыбыстар әлемінде, түрлі дыбыстардың ортасында болады. Адам өміріне дыбыстың етене еніп кеткендігі соншалықты, сағаттың тықылы, машинаның гүрілі т.б. сияқты айналадағы тұрмыстық шулар еленбейді. Ал, құлаққа сіңіп, үйреншікті болған дыбыстар ортасынан бөліне қалған жағдайда, сол дыбыстардың жетіспей тұратындығы аңғарылады.

«Радионың өзі – дыбыс искусствосы. Дыбыс адамның нәзік түйсігіне соғып, ұғым туғызатын эмоциялық құбылыс. Дыбыс өнері өмір шындығын, көркем образдарды естірту арқылы бейнелейді. Бұл оның бейнелеу тәсіліндегі өнердің басқа салалардан ерекшелігі, өзіне тән ерекше сипаты,”-делінген дыбыстың радиода қолданылуы жайлы «Қазақ радиожурналистикасы» деген еңбекте. Яғни, радиожурналистикада дыбыстың алатын орны ерекше екендігі ескеріліп, оның табиғи сипатына ерекше көңіл бөлінеді.

Айналаны қоршаған ортадағы құбылыстар, адамдардың сөздері, дауыстары, құстардың сайрағаны, музыка аспаптарының дыбысы, ағаштардың, жапырақтардың сыбдыры, күннің күркіреуі, машинаның гүрілі т.б. күнделікті кездесетін, адам өмірі үшін қажетті заттар дыбыс шығарады. Дыбыс - ауа тербелісі, толқын. Дыбыс естілгенде белгілі бір көзден шығып, белгілі бір межеге жетеді. Егер дыбыс репродуктордан шықса, оның шеңберін бойлай бекітілген жеңіл диск-мембрана тербеледі. Ал, музыкалық аспаптарды қолданғанда, ондағы дыбыс көзі сол аспаптың ішегі, тербеліп тұрған ауа бағаны болып табылады. Адамның есту мүшесі мен дыбыс көзінің арасын ауа бөліп тұрады, яғни естілген дыбыс адамның есту мүшесіндегі жарғақ толқын арқылы тербеліске түседі де, ми қабаттарына дыбыстың берілгені жайлы сигнал түседі. “Дыбыс- кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпінді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында- адамдар мен жанурлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс” деген анықтама берілген «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында.

Адам өмірде дыбыс толқындарының маңызы және оны зерттейтін ғылым ретінде акустиканың атқаратын рөлі орасан зор. Дыбыстың барлық сипатын зерттеу әскери өндіріс саласына, халық шаруашылағын дамытуға, музыка аспаптарын жасауға т.б. және хабар таратудың жетілген жүйесін дамытуға тиісті үлес қосады. Әсіресе, электронды БАҚ-тың қоғамдағы рөлін арттыруда өте қажет. Өйткені, дыбыстық эффектілерсіз радиохабарлардың жасалуы мүмкін емес.

Дыбыстың таралуына қарай түрлі өлшемдерге жіктеуге болады. Мысалы, адам сөйлеп тұрған кезде шығатын дыбыс 50 дб. деп алса, онда қаттырақ сөйлегені 60 дб. немесе 100 дб. деп естілуін есептеуге болады. Децибелл (дб) дыбыстың естілуін, таралуын есептейтін бірлік. Аса жақсы акустикалық жарақтандырылған бөлмеде дыбыстың естілу шамасы 0 дб. ал, тыныш бөлмеде 30 дб. болады. Радио үйінде хабар жасалатын бөлмелер арнайы акустикалық жабдықталған. Естілуі 10 дб-ге тең. Уақыт өтуімен ілесе кеңістікке таралатын тербелістер толқын деп аталады. Дыбыс таралған кезде дененің бір бөлігінен екінші бөлігіне толқын арқылы жетеді. Бүкіл толқын атаулының негізгі қасиеті - олардың физикалық денені тасымалдамай, энергияны тасымалдауы. Біртекті ортада толқындар жарық сәулелер тәрізді түзу сызық бойымен таратылады. Бұлай таралу еркін таралу деп аталынады да, тек ғарыш саласында ғана пайдаланылады. Жер бетіндегі толқындардың таралу сипаты «еркін таралудан» өзгеше болады. Яғни жердегі толқындар «жағалай» таратылады. Биіктеген сайын атмосферада сыну көрсеткіші артады да, рефракция (дыбыс сәулелерінің қиысуы) құбылысы салдрынан радиосәуле жерге қарай ойысады.

Ауада таралатын толқындар қума толқын болып табылады. Ауаның дыбыс өткізгіш екенін 1660 жылы ғалым Р. Боиль тәжірибе жасап, дәлелдеген. Ауаның дыбыс өткізу қасиетіне арналған қарапайым тәжірибе: егер ішіне электр қоңырауы орнатылған шыны қораптың ішіндегі ауа шығарылып тасталса, онда қоңыраудың дыбысы естілмейді, өйткені өткізгіш ауа жоқ. Егер ауа қайтадан толтырылса, онда қоңырау шылдыры естіледі. Дыбыс сұйық ортада да, қатты ортада да тарала алады. Мысалы, су астындағы адам кеменің есу тетіктерінің дыбысын, тастың тасқа соғылған дыбысын жақсы ести алады.

Дыбыс туралы екі ұғым бар: бірі – қоршаған ортада, ауада, суда т.б. жағдайда жан-жаққа бір қалыпты толқын тәріздес тарайтын тербелістен туатын физикалық құбылыс. Ал, екіншісі - есту органдарына дыбыс толқындары арқылы пайда болатын ереше сезім. Дыбыс табиғатының осындай екі жақты қасиетіне қарап, музыкалық немесе музыкалық емес, естілетін яки естілмейтін, тіпті көрінетін не болмаса көрінбейтін дыбыс деп бөле қарауға болады. Дыбыстың туу табиғаты, таралу жолдары, белгілі бір дененің тербеліс қозғалысына келуінен дыбыс туатындығы және оның толқын түрінде тарайтыны тәжірибеде дәлелденген. Сондықтан да, дыбыс толқыны кез-келген толқын сияқты тербеліс амплитудасын (ауқымын), жиілігін (белгілі бір уақыт ішінде тарап үлгеретін толқын санына негізделген) сақтайды.

Айналаны қоршаған ауқымдағы жиіліктегі дыбыстардың ішінен адам құлағы 16 гц-тен 20 кгц-ке дейінгі жиіліктегі дыбыстарды ести алады. Адамның есту қабілетіннен төмен жатқан немесе 16 гц төмен болатын дыбыстар инфрадыбыс деп, ал 20 гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды. Адамға естілмейтін дыбыстарды кейбір жануарлар (жарғанат, дельфин т.б.) ести алады. Аталып өткен екі дыбыс та өндірісте, медицинада, қорғаныс ісінде қолданылады. 20-дан 20 мың гц-ке дейінгі дыбыстың кез-келген түрін қазіргі дыбыс жазу аппаратттары қайталай алады.

16.Форматты радиолар

Соңғы жылдары ешқандай ақпарат құралы дәл радиодай өзгеріске түскен жоқ. Кейінгі 15 жылдай уақыт бойы радио тек дамумен келеді. Формат, пішін, стиль, мазмұн, мән дегендердің өзгергені, радиоарналардың көбейгені соншалықты, ақпарат тасқынына талас жоқ. Радионың бұлай дамуына көптеген тарихи-әлеуметтік факторлар әсер етіп отыр. Олар:

жедел өсу;

урбанизация және білім деңгейінің көтерілуі;

міндетті қызметтің азайғанына, жеке меншіктің дамуына байланысты адамдардың бос уақытының көбеюі;

басқа аймақтармен қатынас жақсарғанына байланысты өзге халықтардың ұлттық этникалық ерекшеліктерге қызығушылығы артуда;

ұлттық мәдениетке, тарихқа назар аударылуда;

басқа БАҚ-ның көбеюі (теледидар, баспасөз, интернет, кино т.б.);

Қазіргі кезде радио тыңдайтындардың саны күрт дамып отыр. Радиозерттеуші ғалымдардың зерттеу қорытындыларының нәтижесінде мынандай деректер анықталды: “Мысалы, Германияда 77% радио тыңдап, 73% теледидар көріп, 74% газет оқиды екен”. Бұл дерек «Neve Zeitung» газетінінен алынды. Сонымен қатар демократизм, интерактивтілік мәселелерінің маңыздылығы да артуда. Сондықтан, аудиториямен кері байланыстың түрлері телефонмен сұрау – call out, мақсатты сұрау – фокус-топ, аудиториум-тест, электронды зерттеу, пошта, пейджер, компьютер, тыңдармандар қоятын рейтинг, PR-шаралар сияқты көптеген сан-қырлы әдіс-тәсілдер де радионың дамуымен бірге өсу үстінде.

Қазақстанда “форматты радио” деген атаудың пайда болып, дами бастағанына 20 жылға жуықтады. Алайда, форматты радионың жұмыс істеу принциптері, ерекшеліктері, пішіндері, әдіс-тәсілдері, мақсат-міндеттері әлі зерттелінбеген журналистика ғылымының бір саласы болып табылады. Қазіргі заманғы тек ақпарат беру көңіл көтеру сияқты міндеттерді бетке алған радио арналар саласы көбейіп отыр. Бұл жағдай тек радиоға ғана қатысты емес. Телевизияда да, баспасөзде де осы ағым көбірек байқалуда. Теледидар алдындағы көрермендердің көпшілік бөлігін экономика, саясат, әлеуметтік мәселе, тарих қызықтырмай, тек қана көңіл көтеруші факторларға ғана назар аударылады. Оқырмандарды проблемалы мәселелерді жазған газеттерді емес, көбінесе әзіл-оспақ, спорт немесе әртүрлі сөзжұмбақтар басылатын үнпарақтарға үңіледі. Осының бәрі қоғамның, өмірдің талабынан туындап отырған жайлар. Осындай алғы шарттардан кейін белгілі бір аудиторияның мақсаты, талап-тілегі үшін жұмыс істейтін форматты радиолар шыға бастады. Осының әсерінен радиотыңдармандар саны күрт өсті. Аудитория ауқымдылығының молайғандығы әртүрлі әлеуметтік зерттеулер, анықтамаларда айтылған. Сонымен қатар, радионың хабар таратудағы әдіс-тәсілдері, бағдарлама түрлері, жүргізушілердің мәнерлері т.б. үлкен өзгеріске түскені ақиқат. Бұрынғы кезеңдерде мемлекеттік радио ғана жұмыс істеп келді. Нарықтық экономиканың өмірге дендеп енуіне, кеңестік идеологияның ыдырауына байланысты жеке меншік, аралас радиолар пайда болды, олар коммерциялық радиолар деп аталды. Ал, қазір әрбір жұмыс істеуші форматты радиолардың өз бағыт-бағдары, қалыптасқан стилі, жүргізушілік ерекшеліктері бар радиолар екендігі айқындалды.

Ақпаратты-музыкалық және музыкалық радиостанциялардың хабарлар сеткасын дайындау принциптерінің бірнеше факторлары бар:

- аудитория көлемі (тұрғындардың саны, әлеуметтік, демографиялық құрамы және олар бұл станция жұмысын қажетсіне ме деген сұрақ маңызды);

- музыкалық хабардың сан-салалығы, көп бағыттылығы (ақпараттық, ағартушылық, қоғамдық-саяси, білім берушілік, көңіл көтерушілік, немесе арнайы белгіленген хабар түрі. Мысалы, зейнеткерлерге арналған музыка немесе жастар үшін музыка т.б.);

- жарнама көлемі;

- радиостанциялардың техникалық жарақталандыруы. Мысалы, бүкіл эфирлік мәтіндерді машинкамен терушілер өндірістен алынып, ол компьютермен жүзеге асырылады. Көптеген радиостанциялар сандық құралдармен жұмыс істейді.

Коммерциялық форматты радио мен мемлекеттік форматты радиолардың хабарлар сеткасымен танысу арқылы олардың үлкен айырмашылықтарына көз жеткізуге болады: Мысалы, «Шалқар радиосының» хабарлар сеткасынан дүйсенбілік кесте:

06.00.-06.04. Қазақстан Республикасының Әнұраны. Ролик.

06.05.-06.30. Қайырлы таң. Концерт. Атадан қалған асыл сөз.

06.35.-06.59. " Қайырлы таңның" жалғасы.

07.00.-09.00. "Таңшолпан" ертеңгілік көңілашар бағдарламасы.

07.00.-07.05. Жаңалықтар.

07.00.-07.05. Ролик.

07.05.-07.10. Ән әуен.

07.10.-07.15. Ұлылар өміріндегі арулар.

07.15.-07.20. Ән әуен. Ролик.

07.20.-07.25. Біздің күнтізбе.

07.25.-07.30. Домбыра сазы.

07.30.-07.35. Пайғамбардың хадистері. Ролик, ән әуен, ролик.

07.45.-07.50. Шығыс әлеміне саяхат.

07.50.-07.59. Халық музыкасы. Ролик, жаңалықтар, ролик.

Қазақ хандары мен билері

08.10.-08.15. Ән әуен.

08.15.-08.20. Қазақы жұлдыз жорамал.

08.25.-08.30. Поэзия.

08.35.-08.40. Құс жолы.

08.45.-08.50. Ақ бата.

09.10.-09.25. Туған жер әуендері.

09.25.-09.35. Адам. Ғұмыр. Қолтаңба.

09.40.-09.59. Саз сиқыр. Концерт.

10.10.-10.25. Халық композиторларының әндері мен күйлері.

10.25.-10.35. Апта.

10.35.-10.40. Баспасөзге шолу.

10.40.-10.50. Жеке орындаушылар. Ән бесік. Жеке авторлар.

11.30.-11.59. Ашық әңгіме (бұл ретте білім беру саласы туралы).

12.25.-12.35. Қойын дәптер, концерт, ролик, жаңалықтар,

атадан қалған асыл сөз.

14.10.-14.25. Өткен жылдар әндері.

14.25.-14.40. Қара шаңырақ. Ролик, концерттер, жаңалыктар.

15.25.-15.35. Алаш көсемсөзі. Ролик, Жаңалықтар, Күй,

Ән әуен, Ролик.

16.30.-16.40. Алдаспан. Ән әуен. Ролик.

16.45.-16.59. Бізге қымбат дауыстар. Роликтер. Жаңалықтар.

Ән әуен.

17.10.-17.59. Интерактив. Ролик. Жаңалықтар. Ән әуен. Ролик.

Концерт.

18.30.-18.59. Алтын қорға саяхат.

19.25.-19.50. Аты жоқ көкек.

20.05.-20.59. Сазды сәлем.

21.05.-21.25. Кешкі ертегі.

21.30.-21.50. Қаламгер. Ролик, ән әуен, жаңалықтар, ролик,

халық музыкасы.

22.30.-22.59. Алтын қор. Ролик, ән әуен, жаңалықтар, ролик,

халық музыкасы.

23.00.-23.05. Тәулік тұжырымы.

23.05.-23.55. Жұлдызды түн. Муз. сағат. Ролик.

23.57.-24.00. Әнұран.

Ал, енді коммерциялық бір арнаның хабарлар сеткасын алайық, мысалы, "Европа плюс Қазақстанның" бір күнгі бағдарламалары:

Әуе толқынында ди-джейлердің музыкалык хабары.

Жаңалықтар - 5 минут

Авторлық бағдарлама 5 минуттан 0,5 сағ. дейін

Баспасөзге шолу. Күніне бір рет.

Радиотыңдармандар өтініштері бойынша бағдарлама - күндіз 1 сағат,

кешке 2 сағат.

Эротикалық шоу. Түнгі 12.00.-ден таңғы 06.00.-ге дейін.

Бұл аталған бағдарламалар арасында жарнамалар беріліп отырады.

Хабарлар сеткасы келтірілген екі арнаның бағдарламаларының ерекшеліктері ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді. Халықтың мүддесін көздеген хабарларымен көзге түсіп тұрған "Шалқар" арнасындағы жұмыс көлемі де орасан ауқымды.

Жаңа қоғамдық өзгерістерге байланысты атқарушы қызметкерлердің көпшілігі қысқартылып, шағын адамдармен ғана жұмыс істеу форматты радиостанциялар мүддесіне айналды. Мысалы, коммерциялық радиоарналарда:

- арнаның иесі немесе демеушісі – Бас директор

- коммерциялық директор, бағдарлама директоры – ақпараттар бөлімінің бастығы;

- ди-джей ( музыкалық жүргізушілер);

- хатшы

- инженерлер

Ал, аса ірі қалаларда бірнеше ондаған радиостанциялар жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Өйткені аудиторияның көлемі өскен сайын тыңдармандардың сұранысында өзгеріс, алшақтық пайда болады. Енді олардағы қызметкерлер саны көбейеді. Мысалы, басшылардан басқа PR-қызметкерлері, музыкалық бағдарлама директоры, фонотека меңгерушісі, маркетинг-менеджер, жарнама бөлімі менджері, саунд-продюсер (дыбыс режиссері), ақпараттар қызметінің басшысы, әр түрлі бағыттағы жүргізушілер сияқты жаңа қызметтер қосылады.

Мыңдаған, миллиондаған ірі аудиториясы бар хабар таратушы ұйымдардағы қызметкерлер саны 70-100-дей адам болады. Мұндай көп бағытты радиостанциялардың құрылымы да күрделі:

Бас директор аппараты. Бұған хатшылар, оның ішінде баспасөз хатшысы, бұқарамен байланыс және 4 дирекция кіреді:

Әкімшілік дирекциясына – техникалық қызмет көрсетушілер, материалдық техникалық қамту бөлімі, ұжымға қызмет көрсету тобы кіреді.

Бағдаралама дирекциясына – музыкалық және ақпараттық директор, продюсерлер, жүргізушілер, корреспонденттер, шолушылар жатады.

Коммерциялық дирекция – жарнама бөлімі, жаранама агенттер тобы, жарнама жөніндегі кеңесшілер кіреді.

Қаржылық дирекциясына – экономистер, есеп қызметкерлері, кассирлер, т.б жатады.

Бүкіл елді хабарлармен қамту, бір типтік хабарларды тыңдауға шақыру бұрынғы радиостанциялар қызметін көрсетсе, кейінгі кездердегі көптеген радиоарналар, коммерциялық радиолар шағын топтарға немесе бір көзқарастағы адамдар, яки бір бағыттағы аудиторияға арнап хабар тарататын болды. Міне, осындай хабар тарату тәсілдерін радиожурналистер теоретиктері алғашқысын көлденең бағдарламалы, соңғысын тік бағдарламалы деп те атап жүр. Яғни тік бағдарламалы арнаны “формат” деп атау да дәстүрге енді.

“Формат” атауы 50-ші жылдары Америка Құрама Штаттарында пайда болған еді. Алғашқы кезде музыкалық бағыт сияқты болғанымен кейіннен, телевизиямен бәсекелестіктің дамуына орай қысқа ақпарат таңдамалы музыка (аудитория сұранысын қанағаттандыру мақсатында) ғана беретін радиолар жетілдіріле келе форматты радиоға айналды. Тіпті, Америкада жаңа типті радионың пайда болуы жайлы аңыз да бар көрінеді: Бірде Небраска штатының тұрғындары Тод Сторз және Билл Сторздар көпшілік орындарында демалып отырып, демалушылар көңілін қалай аударуды ойлайды. Естіліп тұрған музыка әдеттегі ойналып жүрген дүниелер. Олар демалушылардың сол дәстүрлі музыканы қайта-қайта сұрап, тыңдап отырғандарын байқайды. Яғни, өздерінің сүйікті әуендерін тыңдау үшін ақы төлейтіндер баршылық. Ол – сол принципте жұмыс істейтін радиостанциялар ашылатын болса, оның өз тыңдаушылары міндетті түрде болады деген қорытынды, міне, осылай дүниеге келген.

“TOP - 40” атты формат бүгінгі форматты радиолардың негізі болып саналады. Сонымен, ары қарай 60-жылдардың басында “Красивая музыка”, “ Мягкий рок ”, “Современный городской ” т.б сияқты форматтар ашылды. Қазіргі кезде жүздеген осындай радиолар жұмыс істейді. Ал, олардың жұмысын шартты түрде музыкалық, әңгімелік, ақпараттық деп бөлуге болады. Форматты айқындауға қажетті факторлар:

- жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайы, табыстары, білім дәрежесі, т.б.

- егер зейнеткерлер көп тұратын аймақ болса, жастар радиостанцияларын ашудың негізі жоқ. Бұдан басқа да жағдайлар қарастырылады.

- тұрғындардың кәсібі және тұрмыс дәрежесі, тіршілік-қарекеттері ескерілуі керек. Мысалы, жұмысшылар негізінен сағат 7-де емес, 8-де тұрулары мүмкін немесе ыстық мекендерде түнімен жұмыс істеген жұрттың күні бойы демалатыны ескерілуі керек.

Нарықтағы радиоөнімдерінің дәрежесін зерттеу. Аудио өнімдерінің өту процесі қалай, тыңдармандар сұранысының қандай жолдармен арттыру керек сияқты мәселелер зерттеледі.

“Формат” деген ұғымға ғалымдар екі түрлі анықтама беріп келеді:

- мақсатпен алынған арнайы топ қажетін өтеуге арналған радиобағдарламалар стилі;

- тек қана музыкалық, саяси-жүргізуші, музыкалық бағыттар, стильдер жайлы хабарлар беретін радиостанциялар.

Форматты радионың отаны – Америка деп табылып отыр. Чак Дашвей және Кент Бьокаар әдіс-тәсілдерін, жаңалықтарын көптеген форматты радиолар негізге алуда. Негізінен Қазақстандағы форматты радиолар тыңдармандарға алдымен еуропалық, ресейлік эстрадалық музыкаларды көптеп берумен танылып отыр. Олардың жұмысындағы 10% ақпарат, 90% музыка жаңалықтарын, имидждік хабарлар, музыка және т.б. сияқты стильдерді әр форматты радио өз қажетіне айналдыруда.

Қазақстандағы форматты радиолар даму үстінде. Алайда, ол радиоларға біртекті анықтама да қалыптаспаған. Дегенмен, шетелдік радиолар тәжірибелеріне сүйене отырып, эфирді жаңалау үстінде. Мысалы, “Европа + Қазақстан” өз жұмысын “Europe Hit radio” (“Aduet Coutemporary”) яғни “радио современных хитов” радиосының әдіс-тәсілдерін, шеберліктерін үйренуде. Ал, “31 радио”, “CHR” радиосын өнеге тұтуда. Жалпы радио-бизнестің шарықтау шегіне жеткен, адам психологиясын меңгерудің небір қыр-сырларын меңгерген американдық раидиожурналистер эфирді табыс көзіне айналдырып отыр.

Қазақстан әуе кеңістігінде жұмыс істеп отырған “NS”, “Русское радио”, “31 радио” , “Европа плюс” , “Hit FM” , “Авторадио” т.б. көптеген радиолар формат талаптарымен әуе кеңістігіне шығып отыр. Олардың музыканы қолданудағы ерекшеліктері, ақпарат беру тәсілдері, тыңдармандарды тарту жолдары, өзін-өзі жарнамалау әдістері, түрлі шолулардың, тапқырлық ойындардың ұйымдастырылуы, жарнамалық сюжеттердің мәні т.б. көптеген жаңартылған пішіндерді қолдануда. Олардың ең басты мақсаттары – тыңдарман аудиториясын молайту – яғни, болашақ бизнес көздерін құрау, жарнама берушілер қатарын молайту.

17.Редактор - әуе толқынына шығуға тиісті хабарға жауапты адам. Оның міндеті сол өзі қызмет етіп отырған арнаның бағыт-бағдарына, жоспарларына орай хабардың сценарлық жобасын құру, жанрын анықтау, хабарға қатысушы адамдарды шақыру, үнтаспаға дауысты жазып алу, мәселеге қатысты жайларды анықтау сияқты т.б. ұйымдастыру шараларымен шұғылданады. Егер хабар басқа адамның авторлық бағдарламасы болса да тиісті бөлімнің редакторы тексереді, эфирге рұқсат береді. Хабар барысында қатысатын журналистерге тапсырмалар беріп, бағыттайды. Ал, журналистке қойылатын талаптар төмендегідей:

Тапсырманың нақты мақсатын түсіну.

Объект жайлы толыққанды мәлімет жинау.

Оқиғаның немесе жағдайдың барысын дұрыс түсіну.

Қойылатын сұрақтарды дайындау.

Хабардың жанрын, пішінін белгілеу.

Негізгі объект келмей қалған жағдайда қосымша кейіпкерлер дайындау.

Техникалық құралдың дайындығын тексеру.

Хабар редакторының тікелей эфир кезінде жауапкершілігі тіпті артады. Режиссермен байланыс сапасы жақсы ма, сигнал өз дәрежесінде жетіп тұр ма, аудиториямен байланыстыратын телефондар дұрыс па, джинглдар мен музыкалық шығармалар дайын ба, бағдарламаның қонақтары дер кезінде шақырылды ма деген сияқты жайлардың бәрін тікелей міндетіне жатпаса да тексеруі қажет. Тіпті хабардың өту процесі де күрделенеді. Себебі, ол хабар барысында оқиға туралы баяндау-заметка, оқиға кейіпкерімен әңгіме-сұхбат, оқиғаға түсінік беру - комментарий, әртүрлі пікірлер айтылуы мүмкін — "дөңгелек стол", оқиғаның көрінісінен хабардар ететін - репортаж, тіпті есеп те кездеседі. Міне, осындай сан түрлі жанрлар тоғысқан хабарды дұрыс ұйымдастыру - редактор міндеті. Тіпті микрофонмен қай жерде тұру, объектіні қалай сөзге тарту керек, сөйленер сөзді қалай даярлау керек деген сияқты функциялар да соның еншісінде. Өйткені, сол хабардың эфирден шығуына, тіпті бүкіл тағдырына жауапты.

18.Тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, ұлттық аудиторияны өзіне ұйытып алатын, журналистикадағы үн-үрдісінің үздік үлгісін таныту эфирді жүргізетін журналистердің кәсіби шеберлігіне келіп тіреледі. Кәсіби шеберлік дегеніміздің өзі не? Оған кәсіп иесіне тән қандай критерийлерді жатқызуға болады? Кәсіп-еңбек қызметінің негізгі бір саласы. Ал шеберлік – белгілі бір кәсіп бойынша өз ісін жетік меңгеру, сол салада терең ізденіп, өзін жан-жақты дамыту арқылы кәсіп иесінің жоғары сатыға көтерілуі, биік белестен көрінуі.

Әлбетте, қазақ радиожурналистикасының алтын діңгегі, қасиетті қара шаңырақ – Қазақ радиосында өз ісінің үздігі атанған әйгілі диктор Әнуарбек Байжанбаев сынды майталман мамандардың болғаны белгілі. Ал қазіргі радиожурналистикада эфирдегі дикторлық оқуды журналистік жүргізу алмастырды. 1992 жылы “Отечественное радиовещание: пути и проблемы становления” деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған Мәскеудің Ломоносов атындағы университетінің зерттеуші-ғалымы В.Н.Ружников өз еңбегінің “Современность радиовещания” деп аталатын тарауында радиожурналистикада пайда болған жаңа тенденцияларды төрт топқа бөліп қарастырады:

^ 1. Бағдарламалардың дербестелуі. Дикторлық радионы журналистік радионың алмастыруы, демек бұған дейін журналист дайындап берген мәтінді диктор мәнерлеп оқыған болса, ендігі жерде журналистің көзбен көргенін, көңілге түйгенін өз аузынан айтып, өз атынан баяндайтындығы.

^ 2. Бағдарламалардың ауқымдылығы. Ақпараттық-талдамалық бағдарламалардың кеңінен қолданылуы. Төрт топқа да тән ерекшелік журналистердің жеке тұлға ретіндегі даралануы. Ал мұның өзі – радиожурналистикадағы, жаңаша жұмыс тәсілі, тікелей эфир аясында жүзеге асқан құбылыс. Олай болса, тікелей эфирден берілген хабардың кәсіби сапасын сол эфирді жүргізген журналистің кәсіби деңгейімен өлшеуге тура келеді. Бұл қисын өз кезегінде жүргізушінің жетекші ролін айқындауға, соған сәйкес оған жүктелетін жауапкершілік мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Егер журналист еңбегін кәсіби процесс ретінде талдасақ, онда оны идея – жоба – сценарийлік нұсқа – эфирдегі құбылыс сызбасы бойынша жүзеге асатын жұмыс тәртібі ретінде қарастыруға болады. Бұл сызба негізінен, журналист өзі даярлап, өзі эфирге алып шығатын авторлық бағдарламаға тән.

Шындығында, жүргізушінің кәсіби шеберлігін шыңдап, талантын ұштап, деңгейін көрсетіп, қолтаңбасын танытатын эфирдегі мүмкіндік аясы да осы. Ал тәуелсіз радиоарналарда қазақ тіліндегі авторлық бағдарламалар жоқтың қасы. Тек қана жаңалықтарды оқып, берілетін әндерге алғы сөз айтумен шектелетін тәуелсіз радиоарналардағы қазақ тілді эфирдің құнын жоғарылатып, қадірін арттыру әрине мүмкін емес. Кәсіби деңгей тұрғысынан қазақ тілді әуе толқынының қанатын кең жайып, құлашын алысқа сермей алмай отырған бір себебі сол екені де жасырын емес. Тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің негізгі екі тетігі бар: Бірі – тіл, екіншісі – тәртіп. Тіл – тікелей эфирдің лингвистикалық аспектісін айқындаса, тәртіп психологиялық аспектісін қамтиды. Тілді адам санасындағы ой иірімдері мен әр алуан психофизиоло-гиялық құбылыстар арқылы қабылданатын ақпараттардың күрделі таңбалық көрінісі ретінде де тануға негіз бар. Тіл – адамның дыбыс шығарып сөйлеу қызметін атқаратын мүшесі. Тіл – уақытты (секундты, минутты, сағатты) белгілейтін көрсеткіш. “Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі” деп дәріптейді қазақтың ірі лингвист ғалымы А. Байтұрсынов. Орыстың ұлы сыншысы В.Г. Белинский “Адам мінезін танудың кілті – оның тілі, сөз саптаудан ойдың бедері білінеді, ол әрбір тұлға мен мінез секілді әрқашан да жеке дара” деп мәлімдеген. Ал халық даналығы “Өнер алды – қызыл тіл” деп, оның барлық өнердің алдын орап өтетін өткірлігін сипаттаса, “Басқа бәле – тілден” деп тәртіптен асып кеткен тұста тәлкекке ұшыратынын ашық айтқан.

Ал журналистің тіл мен тәртіп аясындағы стратегиясын зерттеген ғалымдар М. Кузнецов пен И. Цыкунов “Кәсіби мақсатты жүзеге асыру үшін журналистердің барлығы дерлік тілді қолданады, ал тәртіпті көпшілігі ұмыт қалдырады. Әрине, ең әуелі тіл қатудың жалпы принциптерін негізге алу керек, келесі ретте аудиторияның қабылдауына бейімделу тәсілдерін игеру қажет” деп есептейді. Бәрі де орынды айтылған оң пікір. Ал іс жүзінде радиожурналистиканың тікелей эфиріндегі кәсіби шеберлікті қалыптастыру үшін тіл мен тәртіпті қалай пайдалануға болады? Тікелей эфирдегі тіл мәдениетін сақтауда лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың тіл қисыны туралы қағидаларын білуден артық ешнәрсенің де керегі жоқ. Онда тіл анықтығы да, тіл көрнекілігі де, тіл әуезділігі де, тіл тазалығы да, т.с.с. бәрі де қамтылған.

Тікелей эфирде тіл қызметін дұрыс қолдану үшін уақытқа ілесіп сөйлеу механизмін меңгеру қажет. Секундомерді нысанаға алып, санаулы минуттар аясында сөйлеп көріп, дәл солай уақытпен санасып өз ойыңды қағазға түсіріп, ешбір жалықпастан жаттығудың өзі – кәсіби шеберлікті шыңдау әдісінің бір түрі болып табылады. Негізінде, шамамен 1 минутта 185-200 сөз айтылады немесе оқылады, ал 1 минутта небәрі 25-30 сөз ғана жазылады. Әлбетте, әр адамның мүмкіндігі әртүрлі. Тәжірибе жүзінде студенттерді және тікелей эфирде қызмет ететін біздің түлектерді тексеріп көргенде олардың ең аз жазғаны 11 сөз, ал ең көп жазғаны 56 сөз болды. Сөз жазып жаттығу кезінде мынадай екі талап қатаң ескерілуі шарт. Біріншісі – сөз қайталамау, екіншісі – ой қайталамау. “Мұның мәнісі айтар ойыңды санаңмен өңдеу арқылы жүйелеп әдеби нормаға сәйкес сөз маржанымен, өрнектеп тізе білу. Жұтаң тіл журналистің жұмырына жұқ болмайтыны белгілі. Демек, оны әрдайым дамытып, сөздік қормен байытып, жетілдіріп отыру – кәсіби шеберлікті шыңдау әдісінің келесі бір тармағы.

Импровизация, яғни, суырып салма өнерінің өзі алдын-ала жинақталған білім негізінде пайда болады. Әлбетте, сөздік қоры мол, қажетті тіл қисынын меңгерген, сөз тауып сөйлей алатын адам ғана шешендік өнердің шеберіне айналмақ. Негізінде, шешендік өнердің әдеби-эстетикалық мәні, оны құнттап-зерттеу, шешендік сөз нұсқаларын кәдеге жарату – тікелей эфирдегі жүргізуші журналистер үшін ең бір қажетті игілікті іс. Тікелей эфирдегі сөйлеу тілін шешендік өнер дәстүрімен байытудың 5 түрлі әдісін қолдануға болады. Біріншісі – кітаптан оқығанды көңілге тоқу, Екіншісі (аудиотәсіл) шешендік өнер туындыларын (жыр, терме, айтыс т.с.с.) үн таспадан тыңдау арқылы қабылдап, бойға сіңіру. үшіншісі – жиған-терген дүниелерді қажет жерінде орнымен пайдалануға үйрену сол үшін эфирге кірмес бұрын қолданатын сөздік қорының тезисін әзірлеу. Төртінші - (бейнетәсіл), бейнетаспадан сөйлеп тұрған шешеннің іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын, дауыс ырғағын, үн үзілісін, сөз екпінін жіті қадағалау арқылы сөйлеу мәнерінің психологиялық желісін меңгеру. Бесінші – сабақтаған ойыңды дұрыс жеткізіп, уақыт аясына сыйғыза білуге машықтану.

Тіл жазған сайын қалыптасады, сөйлеген сайын жетіледі. Тікелей эфир жүргізушілері сол үшін де эфирге дейін ерінбей еңбектеніп, нағыз кәсіби шеберлікті игеремін десе әйгілі диктор Сауық Жақанова айтқандай алдарына “Эфирдің бір секунды бос кетпесін” деген мақсат қоюлары тиіс”. Тікелей эфирдегі лингвистикалық аспектіге тән шығармашылық шеберлікті шыңдау әдістерінің бірі – жүргізушінің аузынан шыққан сөзіне жауапкершілікпен қарауы, яғни, өз сөзін өзі үнтаспаға түсіріп алып қайта тыңдап, артықшылығы мен кемшілігін саналы түрде саралауы, бір рет жіберген кемшілігін екінші рет қайталамауы. Осынау аталып өткен кәсіби шеберлікті шыңдау әдістерін тұтас қамтып тілді меңгерген жүргізуші тәртіпті білмейінше нағыз кәсіби маман бола алмас еді. Тәртіп, тікелей эфирдегі психологиялық аспектіні қамтитынын ескерсек, ол – жүргізушінің жұмыс процесіндегі іс-әрекетіне сәйкес байқататын мінез-құлығы, көрсететін қабілет-қарымы, бір сөзбен айтқанда сөйлеушінің кәсіби шеберлігі екені аян. Бірақ, соның бәрін кәсіби қажеттілікті қамтамасыз ету үшін қалай жүзеге асыру керек. Мәселе сонда. Тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің екі тетігін оның екі аспектісі ретінде бөле-жара сөз еткенімізге қарамастан екеуінің нәтижесі бір мезгілде, бір деңгейде, біртұтас әрекет ретінде жүзеге асқанда ғана өзінің толыққанды мән-мағынасына ие болады.

Әлбетте, кәсіби шеберлікті шыңдау әдістерін жаттығу ретінде орындау арқылы кәсіби дағдыға, яғни күнделікті атқаратын қызмет нормасына айналдыруға болады. Тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің негізгі компоненттерін талдап көрер болсақ, жүргізуші тілге қатысты кәсіби шеберлікті шыңдау әдістерін пайдаланып жалықпай жаттығу нәтижесінде сөйлеу мәдениетін игеріп, дауыс мәнерін ретке келтіріп, өзіндік стиль, яғни, ешкімге ұқсамайтын өзіндік үн үлгісін тауып, оны ұлттық нақышпен айшықтап, үздік үн үрдісін қалыптастыруы керек. Ол ахуалды, яғни, денсаулықты, көңіл-күйді, шабытты, ынтаны, ерік-жігерді сезіне білген абзал. Денсаулығы болмай, яғни, тамағы қарлығып, мұрны бітеліп, түшкіріп-жөтеліп, тұрған адам эфирге шыға алмайтынын сезіп, алдын-ала ең кем дегенде 15 минут бұрын ұжым басшыларына ескертіп, әріптестермен орын алмастыруы керек.

Көңіл-күй – ол да ахуалдың негізгі элементтерінің бірі. Әлденеге алаңдап, жүрегі орнына түспей, көңілі әрі-сәрі болып, жаны жай таппай тұрған жүргізушінің эфирі сәтті шығатынына ешкім де кепілдік бере алмайды. Себебі, ойы бір жерде болмаған соң даусы сенімсіз, сөзі нанымсыз шығуы ықтимал.

Шабыт – шығармашылық күш-қуаттың толассыз тасқыны, ішкі тебіреніс кемерінен асып төгілген сәттегі адам рухының көтерілуі. Демек, шығармашылықтың қайнар көзі болып табылатын психо-лингвистикалық аспектінің бүкіл компонентін қамтып оны оқиға ретінде өткеретін нәрсе – құбылыс. Ол – жақсы ма, жаман ба жүзеге асқан эфирлік процесс. Сондықтан да оны тек қана қадағалау керек. Бұл біріншіден, тыңдарман назарымен таразыланса, екіншіден, ұжым, яғни, басшылар мен әріптестер тарапынан берілген бағамен өлшенеді, сондай-ақ, жүргізуші түйсігімен, яғни интуициясымен түйінделеді, қадағалаудың арқасында қателіктер анықталып, кемшіліктер жіберілмейтін болады.

Тыңдарман талабынан шығу, ең алдымен, аузыңнан шыққан әрбір сөз үшін жауапты екеніңді ескеріп, ойланып, салмақтап, қате жібермеуге тырысып мәдениетті сөйлеу – жүргізушінің тыңдарман алдындағы борышы. Ол күнделікті өмірде тіліміздің қалай дамып келе жатқанын, қандай сөздермен байып, көркею үстінде екенін, әр сөйлемді айтар ойымен астастырып құру керек екенін біліп, соны өз сөзінде қажет деңгейде пайдаланып, көпшілікке көрнекі тілді өнеге етуге міндетті. Осының бәрі дауыстап сөйлеу арқылы мүмкін болады.

Дауыс – кесіп-пішуге келмейтін, өлшеммен өрнектеуге болмайтын адам организміндегі аса бір ғажайып құрал. Сөйлеу кезінде дауыс дұрыс қолданыс тапса, онда адамның өне бойы басынан бақайшығына дейін музыкалық аспап тәрізді толқып, қозғалысқа түсіп, сол дауысқа үлес қосады. Дауысқа көптеген факторлар әсер етеді. Мысалы, адамның ұлты, туып-өскен мекені, бала кезіндегі тәрбиесі, мектептегі алған білімі, оқытқан мұғалімдері, бірге жүрген достары. Кейіннен кәмелетке толып отбасын құрған кезде жолдасының, қызметке араласқан шақта әріптестердің, жеке үй болған кезде тұрған жердегі кісілердің, тіпті көрші-қолаңның да дауысқа ықпалы болады. Өз ісін жетік меңгерген маманның кәсіби шебер ретінде өзіне ғана тән дара дауысы болуы керек. Әлбетте, жағымды және жағымсыз дауыс болады. Әрине, жағымсыз дауыс жүргізушінің күллі жақсы қасиеттерін жуып-шайып жойып жіберуі мүмкін. Бірақ, ерінбей еңбектенген адам өз даусын ретке келтіре алады.

Келесі кезекте тыңдарман талабы дегеніміз – бұқараның көкейіндегісін дөп басып, мұңын мұңдап, жоғын жоқтау, мұқтажын айту, шыншыл болу. Бір сөзбен айтқанда, жүргізушінің ішкі жан-дүниесінде журналистке тән адалдық жатталып тұруы керек. Өйткені, тікелей әуе толқыны арқылы микрофоннан тіл қатқанда ол ең алдымен, сөз бостандығын иеленеді. Бұл ретте мемлекет саясаты мен ұлттық идеология екеуі – егіз ұғым. Жүргізуші – өз мемлекетінің азаматы, өз ұлтының өкілі. Оның журналистік көзқарасынан отаншылдық рухы, ұлттық намысы айқын аңғарылып тұруы – шарт. Мұның өзі тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің бір тетігі тілден көрініс табады. Мемлекеттік тілді болу, оның дамуына үлес қосу – сол мемлекетте тұратын кез-келген азаматтың қасиетті парызы. Ал эфирге шығып сөз бостандығын иеленіп, қалың бұқараға үн қататын төртінші билік иелерінің тікелей міндеті – мемлекеттік мүдде мен ұлттық идеологияны ұштастыра отырып, тіл саясатын жүргізу.

Идеология – күшті қару. Ол біраз уақыттан кейін қараның өзін ақ қылып жібереді. Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы мемлекетке, ұлтқа зияны тиетін әңгімелерді кейде білместікпен, кейде біле тұра қиямпұрыстықпен айтады. Сондықтан, идеологиялық жұмысымызды тәуелсіз Қазақстанның ұлттық мүддесіне сай етіп, жасап алуымыз керек. Ол үшін тыңдарман талғамынан шығып, олардың рухани сұраныстарына жауап беретіндей дүниетаным көкжиегін кеңейтіп, ой-өрісін дамытуға ықпал ететін шын мәнісіндегі кәсіби деңгейде жасалған хабарлар, авторлық бағдарламалар керек. Өйткені, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, “Демократияның, Қазақстанның бүкіл прогресшіл даму перспективасының тағдыры бұқаралық ақпарат құралдарының қалай дамитынына барынша тікелей байланысты болмақ”.

Іс-әрекет мазмұнын сипаттайтын кестедегі келесі түйін – образ, имидж, қолтаңба. Бұл журналистің жеке-дара тұлға болып қалыптасу мақсатымен айқындалатын эфирдегі өзіндік өрнегі ешкімге ұқсамайтын өзіндік стилі. Ізденіс әркімнің өзінен басталады. Әуе толқыны – тікелей эфир жүргізушісі үшін жүрек толқуы. Сондықтан да, жүргізуші өзін тану арқылы өз кілтін тауып ішкі өзегін орнықтыруы керек. Ғалым Шерияздан Елеукенов “Тікелей эфирге шығу – тәуелсіздік пен демократия заманының жаңалығы. Сол форманы батыл түрде қолданғандарыңызды құптаймын” деп тікелей эфирдегі журналистің жетекші ролін ескеріп, одан батыл қадам, белсенді әрекет күтетінін айтса, Бауыржан Жақып: “Біздің радиожурналистикадағы ең жаңа үрдіс – тікелей эфирге шығу. Журналистің шеберлігі сол тікелей эфир кезінде байқалса керек” деген пікірімен тікелей эфирдің өткір құбылыс, оның жүргізушісі болу – күрделі кәсіп екенін аңғартқан.

Микрофон алдында отырып, қиыннан қиыстырып әңгімені сабақтап әкететін радиожурналистің ұшқыр ой, ұтқыр сөзі – оның кәсіби шеберлігінің биік өлшемі ғана емес, тәжірибесінің айнасы. Қазақ радиосының тікелей әуе толқынында қызмет еткен жүргізуші Толқын Сейдоллақызы “Кәсіби шеберлік дегеніміз – тынымсыз ізденіс. Аудиторияны сезініп, техниканы бір кісідей біліп тұрғанның өзінде сөйлеу мәдениетін толық меңгермегенім үшін тікелей эфирде қатты қиналатынмын” десе, тележүргізуші Дана Нұржігіт “Өз мамандығыңның асқан шебері болу үшін еңбек ету керек, ешнәрседен қорықпау керек” деп жүргізуші образының табандылық пен талпыныс нәтижесінде сомдалатынын сөз еткен. Ал университет қабырғасынан шыға сала эфирден де (Ретро радиосы), экраннан да (НТК телеарнасы) қызметке ие болып, тікелей эфирден тіл қатып жүрген Назира Бердалы “Эфирде де, экранда да, алдымен адам, содан соң қазақ, содан кейін журналист, соның ішінде жүргізуші екенімді есепке ала отырып сөзімді сабақтаймын. Қозғайтын тақырыбым мен қамтитын мәселелеріме де сол тұрғыдан келемін” – дейді.

Профессор Тұрсынбек Кәкішұлы айтқандай “қазіргі сөз макулатурасы көбейген кезде қалың бұлттан жарып шыққан, түн түнегін түріп” тастаған айдай болып тіл қататын” әуе толқынының әйгілі жүргізушісі болу үшін журналистиканың барлық мүмкіндіктерін жете пайдаланып, мың құбылған тәсілдер мен әралуан пішіндердің сан қилы қисындары мен толып жатқан ерекшеліктерін жан-жақты меңгеріп, аудиторияны баурап алатын тартымдылық, шешендік өнер мен интеллектуальдық деңгейдегі тапқырлықты өз образы, өз имиджі ретінде бойына сіңіріп, қалыптасқан қолтаңбасы ретінде халыққа ұсынуы керек. Бірақ, журналистің елдік тұлға дәрежесіне көтерілуі үшін бұл әлі жеткіліксіз. Өйткені, ол - қоғамдық пікір қалыптастыратын БАҚ өкілі. “Судың да сұрауы бар” демекші, эфирдегі жүргізуші сөзі де белгілі бір жауапкершілік шеңберінен аспауы шарт. Іс-әрекет мазмұны кестесінде бұл ереже – норма – заң ретінде көрініс тапқан.

Біріншіден, жүргізуші журналист өз арнасына және өз тыңдарманына қызмет етуі керек.

Екіншіден, шындықты іздеп, шындыққа сүйенуге тиіс.

Үшіншіден, ақпаратты ойдан құрастыруға болмайтынын, деректік материалдарды әсірелеп жібермеу керектігін естен шығармағаны жөн.

Төртіншіден, бағдарлама немесе хабар жобасын эфирге дейін ұжымнан тыс ешкімге жария етпеу керек.

Бесіншіден, сілтемелерді қайдан алынғанын айта отырып, дәл, нақты әрі дұрыс қолдануы тиіс.

Алтыншыдан, ақпарат алу үшін адамдарды алдап пайдаланбауы керек.

Жетіншіден, өз қызмет жағдайын әлдекімді қорқытып-үркіту үшін өз беделін арттырып, мәртебесін жоғарылату үшін қолданбауы керек.

Сегізіншіден, достық үшін немесе айырбас үшін қандай да бір мәліметті эфирден бермеуі жөнінде келісімге келмеуі керек.

Тоғызыншыдан, жасырын жарнама, жеке бастың марапатталуы сияқты мәліметтерді жариялауға уәде бермеуі тиіс.

Оныншыдан, жарнама берушілердің радиоарна стилін өзгертуіне үзілді-кесілді жол бермеуі тиіс.

Он біріншіден, жіберген қателіктері үшін кешірім сұрап, оны дер кезінде түзетуі керек”.

Мұның бәрін жүргізуші журналистің мүлтіксіз орындауға тиісті ережелер ретінде қабылдағаны жөн. Себебі, жоғарыда аталып өткен 11 шарттың бірі орындалмаса тәртіп бұзылады, жүргізуші-журналист қызметіне нұқсан келеді. Ал бұқарамен қарым-қатынас кезіндегі мәдени-әлеуметтік нормаларды есепке алмау да ағаттық болар еді. Ең әуелі, журналист өз мамандығының абыройын сақтауы керек. Ақпарат алудың абыройсыз озбыр амалдарын пайдалануға ұмтылмағаны жөн. Жалпы, кәсіби-адамгершілік санада журналистикамен шұғылдану қызмет бабындағы атқаратын жұмыс сипатында ғана емес, сондай-ақ, ішкі қабілеттілік, сол қызметті атқарудағы жоғары миссия ретінде қарастырылуы керек. Журналистің кәсіби этикасын зерттеген Г.Лазутина кәсіби-этикалық принциптерді 5 топқа бөледі. Олар:

1. Кез-келген жағдайда өз кәсіби борышын атқаруға даяр болу, сол жолда батыл шешім қабылдау және ешнәрседен аянбау.

2. Принципшіл, тиянақты болу.

3. Шығармашылық белсенділік таныту, тәртіпті болу.

4. Әріптестік, ынтымақтастықты сақтау.

5.Өз-өзіне сын көзбен қарай білу және өзін-өзі үздіксіз дамыту. Журналистік қызметтегі кәсіби мораль маман үшін кәсіби бағыт-бағдар ролін ғана атқарып қоймайды, сонымен қатар, оның тәртібін ретке келтіреді.

Ұлттық дәстүрді сақтау – журналист мәдениетінің мәйегі болмақ. “Сіз” деп сыпайылық таныту “ағайын” деп ардақ тұту, аптығып анайы сөйлеуден сақтанып, дарақы күлкіден гөрі жай ғана жымиып жылы ұшырап тіл қату – қанымызға сіңген қазақи тәрбиенің өзегі емес пе? Сондықтан да ұлттық дәстүр өнегесі – “Білгенге маржан-білмеске арзан!” Құпия қазынаны көңілге тоқып көкірек көзін ояту - әуе толқынындағы әр жүргізушінің ұятына сын. Сөйлеу тілін шешендік өнер дәстүрімен байыту – соның бір бағыты.

Заң – тәртіптің ең үлкені, ең өзектісі, ең негізгісі. Тікелей эфирдегі жүргізуші еліміздің Конституциясын, Тіл туралы заңды, БАҚ туралы заңды басшылыққа ала отырып, құқық негіздеріне сүйенуі шарт. Осының бәрінен хабардар сауатты, шешен жүргізуші идеясын жобаға, жобасын сценарийлік нұсқаға айналдырмаса кәсіби мақсатын жүзеге асыра алмас еді.

Жұмыс іздеп телерадиокомпаниялардың табалдырығын аттаған жас маманнан біріншіден, резюме, яғни өзі туралы қысқаша анықтама, екіншіден, жоба сұрайды. Ол – заңдылық. Өйткені, сол екеуі арқылы оның қандай маман екенін біледі. Тек, бір ескеретін жайт, жобаға қоса сценарийлік нұсқаның, яғни алғашқы эфирден жүргізетін хабардың шартты түрдегі мәтіні болу керектігі.

Сонымен, енді жобаны сөйлетіп көрейік. Бағдарламаның аты - автордың идеясының ішкі иірімі, айтар ойының түйіні. Тақырып (тема - грек тілінен аударғанда сөз ететін жағдай, ой-пікір білдіретін мәселе деген сөз) не туралы, кім туралы, қандай мәселе қозғалады? деген сауалдарға жауап іздеу арқылы анықталады. Жалпы, идея (грек тілінен аударғанда түсінік, ұғым, ұсыныс деген мағынаны береді). Неге? Не үшін? Не себепті? деген сұрақтар төңірегінде туындайтын тұжырым. Автордың мақсаты жобадағы бағдарламаның маңызын, көтеретін жүгін айқындап тұруы – шарт. Ал жобадағы бағдарлама аудиториясын “Іс-әрекет мазмұны” кестесіндегі алтыншы фактор болып табылатын “Аудитория” ұғымымен біртұтас қарастыруға тура келеді. Аудитория – жалпы тыңдарман қауым, ал бағдарлама аудиториясы – сол тыңдарман қауымның жекелеген бір бөлігі. Аудиторияны айқындайтын факторлар мыналар:

а) жас мөлшері,

ә) әлеуметтік деңгейі,

б) сұранысы,

в) талғамы.

Осы төрт фактордан төрт түрлі қисын табуға болады. Сол арқылы аудиторияны айқындап алу мүмкіндігі туады. Бірақ, тек қана анықтап алу жеткіліксіз, оны міндетті түрде зерттеу керек. Аудиторияны зерттеудің ең бір тиімді тәсілі – анкеталық сауалнама. Мысалы, қазақ тілінде жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған танымдық-тәрбиелік бағдарлама ашу үшін шешім қабылдап, бірнеше мектеппен және оқу орындарымен келісе отырып, зерттеу жүргізуге болар еді.

Өкінішке орай, оған қазіргі тікелей эфирді жүргізетін журналистердің, соның ішіндегі журналистік білімі жоқ жүргізушілердің мойындары жар бермейді. Әйтеуір, эфирге шығып, желдей есіп елге танылып, өзіне-өзі риза болып айлығын алып жүрсе болғаны. Бірақ, журналистика айлық алу үшін ғана шұғылданатын кәсіп емес. Өз бойындағы керенаулық пен кертартпалықты жойып, айналадағы болып жатқан жағдайды байыптап бағалауға, оны сол күйінде көріп, көзқарас білдіруге батылы жетпеген журналист бір адым ілгері баса алмайды және де өзінің жүріп өткен жолында жарқырап көрінетін із де қалдыра алмайды. Демек, радиожурналистер үшін тапқырлық тек тікелей эфирге шыққанда ғана емес, жалпы, күнделікті жұмыс процесінде қажет деген сөз. Осы арада, әңгіме желісі жобадағы бағдарламаның берілу формасына ойысады да, іс-әрекет мазмұны кестесіндегі мүмкіндіктер – құралдар-тәсілдер тізбегіне келіп тіреледі. “Форма, яғни, хабардың немесе бағдарламаның пішіні, композициясы латын тілінен аударғанда шығару, құрастыру, байланыстыру, біріктіру деген мағынаны береді”. Пішін – тақырып пен идеяның шарттасуы арқылы фактілер мен оқиғаларды іріктеу нәтижесінде автор позициясының айқындалуы. “Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер, қалай айтып сөйлесең өзіңде ерік” деп сазгер-ақын Ақансері Қорамсаұлы айтқандай, барлық радиожурналистер өз ойын сөз арқылы жеткізеді. Ендеше, мәселенің мәнісі соны қалай жеткізуде болса керек. Мәселені шешкісі келген адам, оны шешудің амалын іздейді, ал оған құлқы жоқтар сылтау іздейді. Алдымен, амалдарға жүгініп көрейік. Журналистика жанрларын, олардың жіктелу негіздерін зерттеген ғалым Т.С.Амандосов айтқандай: “Журналистік туындының сапалы болуы оларды жазу үстінде журналистің жанрлардың әрқайсысына тән ерекшеліктерін жете айыра біліп, оны шебер қолдануына байланысты”

Демек, тікелей эфирден берілген хабарлардың кәсіби сапасы өз кезегінде жанрлық ерекшеліктері мен олардың қисынды қолданысына байланысты болмақ. Сондықтан да, тікелей эфирдің жанрлық ерекшеліктеріне ғылыми тұрғыда талдау жасап, оған тән белгілерді топтастыру қажеттігі туындайды. Негізінен, тікелей эфирден ақпараттық және талдамалы жанрлар кең қолданыс тапқан. Оның есесіне деректі-көркем жанрлар тікелей эфирде мүлдем ұшыраспайды. Дегенмен, айтулы күндерде берілетін тақырыптық роликтерде, джинглдарда, сондай-ақ, авторлық бағдарламаларда деректі көркем жанрларға тән белгілер кездеседі.

Ақпаратты-талдамалы жанрлардың өзі бір радиохабардың өн бойында немесе журналистің тікелей берген материалында ауыспалы, аралас сипат алады. Өйткені, шығармашылық-техникалық сипаттағы соны технологиялық процесс болып табылатын тікелей эфир кезінде жанрлық белгілерді сақтап, сол жүйемен ерекшеліктерді ескеру талап етілмейді.

Сондықтан да тікелей эфирдегі хабардың жобасын әзірлегенде оның жанрлық ерекшелігіне мән беріп, мейлінше ұтымды қолдана білудің өзі кәсіби шеберліктің бір қыры болып табылады. Тікелей эфирде негізінен, сұхбат жанры жиі қолданылады.Тек, оның жанрлық ерекшкеліктері толық ескерілмегендіктен, бәрі бірдей сәтті шыға бермейді. Тікелей эфирдің төл жанры болып есептелетін репортаж қазіргі таңдағы техникалық мүмкіндіктер аясында жаңаша сипатқа еніп, толыға түсті. Тонвагенмен де, ұялы байланыс телефонымен де оқиға ортасынан репортаж жүргізуге болады. Бірақ, тікелей репортаж аса маңызды айтулы оқиғалардан жүргізілетіні белгілі. Сондай, ел өміріндегі елеулі оқиғаның бірі-1991 жылдың қазан айының 2-жұлдызында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің Байқоңырдан ғарышқа самғау сәтінен Қазақ радиосының “Тәулік тынысы”- “Панорама дня” бағдарламасы тікелей репортаж жүргізген болатын. Сондықтан да, осындай аса маңызды айтулы оқиғалар кезінде тікелей эфирден репортаж жанрын өз деңгейінде қолдану электронды журналистиканың ұшқырлығын танытпақ.

Тікелей эфирге арналып алдын-ала жазылған мәтін-сценарийлік нұсқа. Енді соған жан бітіріп, хабардың реңін ашу үшін не істеу керек? Әлбетте, ең алдымен хабардың шақыру белгісін әзірлеген жөн. Оны мынадай төрт түрлі жолмен жасауға болады.

Музыкалық шақыру белгісі.

Арнайы мәтін жазылған шақыру белгісі.

Ресми атауын айтып хабарды немесе бағдарламаны ашу.

Әуенмен айтылатын шақыру белгісі.

Бұл, әрине, әрбір радиостанцияда өз имиджіне сәйкес, жаңалықтар оқыларда, уақыт айтыларда беріліп жатады. Ол қазіргідей ақпарат ғасырының талғамы жоғары тыңдарманы үшін аздық етеді. Шақыру белгісін тыңдарманды баурап алудың алғашқы қадамы ретінде тікелей эфирді жүргізетін журналист ұтқыр қолдана білуі тиіс. Келесі кезекте тыңдарман назарын аударатын роликтер мен тақырып мазмұнын ашатын джинглдар жасап оны бағдарлама барысында пайдалану жүргізуші-журналистің аудитория алдындағы сенімін күшейтсе, екінші жағынан тыңдарманды жалықтырып алмауға мүмкіндік береді.

Негізінде, шақыру белгілерін тыңдарман құлағына сіңіру үшін тұрақты түрде берген дұрыс. Ал роликтер мен джинглдарды әр хабар сайын мың құбылтып ұсыну журналист шеберлігінің бір қыры болмақ.

Бағдарламаның берілу мерзімі және эфирдегі уақыты - түсінікті ұғымдар. Ал бағдарлама нысаны - журналист таңдаған тақырып аясындағы ақпарат көзі, оның зерттейтін обектісі, бақылайтын ортасы. Бағдарлама сипатын белгілі бір дәрежеде журналистің кәсіби деңгейінің барометрі деуге болар еді. Қарап тұрсаңыз қазіргі тәуелсіз радио арналардағы бағдарламалардың дені көңілашар, ойын-сауық сипатында болып келеді. Бағдарламаға қатысушылар қарапайым студия қонағы, күнделікті хабардың кәдімгі кейіпкері болып көрінгенмен олардың ролі бағдарлама авторы үшін де радиоарна үшін де орасан зор. Өйткені, дүйім жұртқа таралатын әуе толқынында кім көрінгенді кез-келген жағдайға байланысты сөйлете беруге болмайтыны белгілі. Кейде олардың керемет үлкен пайдасы тисе, кейде кесірлері шаш етектен болуы ғажап емес. Сондықтан бағдарламаға кімді және қалай, қандай жағдайда қатыстыру туралы түбегейлі шешіп алған дұрыс. Бағдарлама демеушісі бағдарламаны жарыққа шығару үшін қажет. Жақсы демеуші таба алмаған талай-талай үздік жобалардың қағаз жүзінде қалып қоятыны да жасырын емес. Сондықтан да, журналист бағдарлама авторы болумен қатар өз ісінің маркетингі болуы тиіс. Бұл заман талабы. Демек, журналист еңбегі осындай жоба арқылы жүзеге асады. Тек, кәсіби шеберлік сонымен шектелмейді. Журналист жасаған жобасы арқылы өзін-өзі дәлелдеуге кіріседі, журналистикадағы өз әлеміне қадам басады. Сонымен, тағы да бір журналистке ең керек нәрсе “Іс-әрекет мазмұны” кестесіндегі келесі бір ұғым – сенім. Күш-қуаттың қайнар көзі – біздің өзіміздің ақыл-ойымыз. Адамның сенімі – оның өмірінің бейне көрінісі.

Адам кез-келген нәрсені өзі істеп көрмейінше үйрене алмайды. “Көз қорқақ, қол – батыр” деген нақылдың мағынасы да сол қисынды түсіндіреді. Ал журналист тыңдарманды өз сөзіне сендіруі үшін әуелі өзіне-өзі сенімді болуы керек. Оның сенетіні - өзінің бойындағы кәсіби құндылықтары.

Жалпы, адам бойындағы психологиялық қасиеттер дүниежүзілік және ұлттық мәдениеттің бүкіл тарихындағы табыстарының ең озық үлгілерін пайдалана отырып жанданады. Ал адамның жеке басындағы құндылықтары қоғамдық сана түрінде әлеуметтік психологиялық деңгейде қалыптасады да, оның жеке басының мәдениеті мен кәсіби этикасынан көрініс табады. Оған адамның отаншылдық рухын, азаматтық ар-ожданын, ұлттық намысын, кәсіби артықшылықтарын (шешен тілін, әуезді үнін, сезімталдығын, білімділігін, тапқырлығын т.с.с.) жатқызуға болады. Оның бәрі уақыт аясында қалыптасады. Уақыт барысында шыңдалады. Эфирдегі бағдарлама да уақытпен өлшенеді. Уақытқа тән бір ғана заңдылық – оны ұтымды пайдалану. Нәтижеге тынымсыз ізденіп, мәңгілік жалықпастан жаттығу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Іс-әрекет мазмұны кестесіндегі барлық ұғымдарды өз дәрежесінде игеріп, кәдеге асыра білген журналист өзін эфир иесі ретінде сезініп “Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың” дегендей шебер жүргізушіге айналады да, өзін-өзі бәсекедегі жеңісімен, тікелей эфирдегі табысымен дәлелдеп шығады.

Журналистика – шығармашылық. Журналист – ешқашан бір жазғанын қайталап жазбайды, бір айтқанын сол қалпында бұлжытпай қайтадан айтпайды. Оның үстіне тікелей эфир - қайталанбайтын құбылыс. Сондықтан да, теориялық деңгейде қабылдаған білімді тәжірибе жүзінде игеру үшін аудиториядағы дәрісті радиостудиядағы лабораториялық сабақтармен қатар өрбітіп, шығармашылық процесс ретінде пысықтап қою жеткіліксіз. Сонымен қатар, болашақ журналистер кәсіби маман ретінде қалыптасу үшін өндірістік журналистикадағы өрісіндегі кәсіби дағдыларды тәжірибе жүзінде меңгеру мүмкіндігіне қол жеткізуі керек. Сол қисындардың бәрі есепке алынған жан-жақты дамып жетілген оқу бағдарламасы болғанда ғана студенттің өз жүрек қалауымен таңдаған мамандығына деген ынта-ықыласы артып, сол пәнге ерекше зейін қоюына жол ашылмақ. Соның нәтижесінде ол университет қабырғасында жүріп өз мамандығының өмірдегі қолданыс аясынан, іс жүзіндегі тәжірибелі тәлімдерінен, дүниежүзілік деңгейдегі жаңашыл бағыттарынан хабардар болуына қол жеткізбек. Демек, болашақ мамандықтарын тәжірибе жүзінде көзбен көріп, қолымен ұстап, белгілі бір дәрежеде сол іспен тікелей шұғылдану олардың қазіргі таңдағы қажетті сұранысына айналып отыр деген сөз.

19.монтпжды 11 сұрақты қараңыздар

20.таппай койдым

21.14.Бүгінгі күнде дамыған мемлекеттер қатарындағы елдерде сандық радиохабар тарату технологиясына көңіл бөлінуде. Оның кәдімгі аналогтық радиохабардан немен ерекшеленетінін көрейік: Ең алдымен дыбыс сапасындағы ерекшелік көзге түседі, естілуі ешқандай кедергісіз әрі айқын. Сандық технологиямен жасалатын радиохабарларының тағы бір артықшылығы – қозғалмалы радиоқабылдағыштарға келетін сигналдың сапалы болуы. Оның үстіне сандық радиоқабылдағыштар сигналдардың ішіндегі күштісін автоматты түрде таңдай алады. СРХ-ға (сандық радиохабар) қоса "радиомультимедия" түріндегі хабарлар да жүреді. Олар тыңдарманға қосымша ақпаратты радиоқабылдағыш дисплейіне береді. СРХ компьютерлермен және ұялы телефондармен де тығыз байланысты. Кейбір мемлекеттерде радиоқабылдағыштар мен GPS және ГЛОНАСС сияқты іздестіру жүйелері толқындардың бір диапазонында жұмыс істейді. Бұл мүмкіндіктің автомобилистерге тигізер пайдасы зор. СРХ-ын бір-біріне кедергісіз сандық қабылдағыш та, ескі аналогты қабылдағыш та қабылдай алады. Қазір СРХ-ға байланысты көптеген технологиялар дайындалуда. Оның біреуі — американдық Command Audio компаниясының жеке (персональді) радио технологиясы. Яғни, тыңдарман қажетті ақпаратты өзіне ыңғайлы уақытта ала алады. СРХ мен ұялы телефондардың тығыз байланысып дамуы көзге түседі. Ұялы телефондардағы барлық мультимедия файлдарының жіберілуі мен қабылдануы осы СРХ арқылы іске асады. Оның себебі - СРХ-ның ақпарат тарату жылдамдығының айтарлықтай үлкен болуы (2 Мбит/с). СРХ-ның пайда болуы XX ғасырдың 80-жылдарынан басталған. 1982 жылы Sony мен Philips компанияларының бірігіп жұмыс істеуінен пайда болған компакт-дискқа жазу технологиясы қолдау тапқаннан бастап, радиобайланыстағы сандық қабылдау мен жіберу тәсілдері дами бастады. 1987 жылы Британияның ВВС деген медиагиганты Eureka – 147 (Эврика 147) жобасын бастады. Осы жоба нәтижесінде ең алғаш СРХ Швецияда 1996 жылы таратылды. СРХ таратудың санаулы технологиялары бар. Олар: Европадан шыққан Эврика-147, DRM және Америкада шыққан ІВАС/ІВОС технологиялары. Ресми түрде Эврика-147 DAB ең жақсы дамыған СРХ тарату технологиясы болып табылады. Ресми түрде Эврика-147 DАВ 1997 жылы ТҒА деген Берлинде өткен көрмеде көрсетілді. Қазір Эврика-147 DАВ ең жақсы дамыған жүйе ретінда Европада қолданылады, әрі СРХ тарату технологиясы болып табылады. Оның атап өтетін артықшылықтары:

сапасы компакт-диск дыбысының сапасынан қалыспайтын дыбыс;

сигналдардың кедергілерге қарсы тұра алуы;

параллельді түрде ақпарат тарата алады;

радиоқабылдағыштар куатты азырақ қажет етеді. 

Бүгінгі күнде, СРХ-ны таратушы DAB стандарты – көптеген стандарттарды біріктіретін кешен. Мысалы, дыбыстың барлығы МРЕG Audio Layer 2 сандық дыбыс форматында беріледі. Эврика-147 жүйесінде мультиплексор деп аталатын құрал арқылы бірнеше бағдарламаларды эфирге беру жүзеге асырылады. Алайда, Эврика-147 жүйесі әрі жетілген, әрі ыңғайлы болғанымен оны толығымен іске қосу үшін қазіргі радиохабар таратушы жүйелердің барлығының жұмысын өзгерту керек. Бұл көптеген материалдық шығынды қажет етеді. Дегенмен де, сандық радиохабар (СРХ) таратудың бұл түрінің болашағы үлкен. Алдағы уақытта бүкіл радиожүйелер осы технологияға тегіс көшірілуі мүмкін, әрине, озық технология қашанда жоғары тұрады. Электронды арналардағы жаңа технологиялар туралы сөз болғанда бір мәселеге ерекше назар аудару керек. Ол бүгінгі таңдағы форматтар туралы. Қазір дыбыс пен бейнені жазудың екі стандарты кең тарап отыр. Бірінші дәстүрлі аналогтық жүйе, дыбыс табиғатын, тербелістерін ескеріп, магнитті лентаға жазу және қайта жаңғырту сияқты операциялармен шектеледі. Оның үлес салмағы қазір едәуір көп болғанымен, жыл өткен сайын азайып келеді. Аналогтық форматты цифрлық жүйелер ауыстыруда. Бұл жүйеде аналогтық сигналдардың барлығы белгілі бір алгоритм бойынша сығымдалып сақталып жазылады, соған сәйкес ойналады. Яғни олардың негізін сығымдау және кері қайта қалпына келтіру сияқты операцияларды жүзеге асыратын компьютерлік чиптер, процессорлар кұрайды. Осыдан келіп қазіргі заманғы мамандар акустикалық сигналды табиғатына қарай екі топқа жатқызады. Музыкалық аспаптардың әуендері, ән салу, сөйлеу, сондай-ақ табиғи шулар бастапқы сигнал деп аталады да, электроакустикалық құралдарда өңделгеннен кейін екінші өзгермелі сигнал деп аталады. Компьютердегі дыбыс табиғатын, оны өңдеудің ерекшеліктерін зерттеуші А.П. Загуменнов өзінің "Компьютерная обработка звука" кітабында былай деп жазады: "Акустикалық сигнал уақытқа байланысты әр түрлі деңгейдегі тербеліс береді. Оның ең жоғары және төменгі мөлшері динамикалық диапазонды құрайды және әдетте децибелмен өлшенеді. Сонымен қатар акустикалық сигналдың спектрі табиғатынан әр түрлі болып келеді. Яғни оның импульсі өзгермелі болып келеді. Дыбыстың осындай үйлесімді тербелістерден тұратындығы компьютерлік алгоритмін жасауда ескеріледі. Аналогтық сигналды цифрға ауыстыру үш кезеңнен тұрады: іріктеу, кванттау және кодтау. Іріктеу кезінде алғашқы сигналдың дыбыс тербелістері, қуаты мен жиілігі уақыт өлшемімен бір жүйеге іріктеледі. Кванттау мен кодтау компьютердің аналогтық-цифрлық өзгерткішінің мүмкіндігіне байланысты алғашқы сигналдың табиғатын сақтап, өзгермелі диапазонын жасау және оны компьютер тіліне айналдыру болып табылады, әдетте тікелей екілік кодпен жазылады". Бұл өте күрделі өзгермелі процесс, осы салада жүргізіліп жатқан ғылыми ізденістер сан салалы болып келеді, бірізді пікір де қалыптасып болмаған. Дыбыс табиғатын өзгертпей, қалай табиғи күйінде жеткізе аламыз деген сұраққа жауап табу қиын. Өйткені, бұл жерде субъективтілік те басым түсіп жатады, әр адам дыбысты әркелкі қабылдайды, бір талғамның болуы да мүмкін емес. Бірақ, бір нәрсе анық, қазіргі заманғы компьютерлердің қуаты мен икемділігі, дыбыс жазудың алгоритмдері мен сығымдау тәсілдері барынша жетілдірілген, қарапайым адамдардың есту қабілетін толық қанағаттандырып, дыбыс пен әуенді табиғи қалпына өте жақын күйде бере алады. Ал кейбір кәсіпқой музыканттарға ұнамаса, ол субъективті қабылдауы болса керек. Оның үстіне казіргі техникалық құралдардың деңгейі де, бағасы да әр түрлі. Сонымен, цифрлық дыбыстың сапасы компьютерлік чипке - аналогтық-цифрлық және кері өзгерткішке байланысты. Кейбір осындай сапалы өзгерткіштер бір секундта 48000 тербеліске дейін іріктеп, кванттап, кодқа түсіреді. Бұл - өте жоғары көрсеткіш. Осыған байланысты тағы бір тауқымет туындайды. Дыбыстың сапасы неғұрлым жоғары болған сайын ол компьютердің ресурстарын көп пайдаланады, сақтап қоюға көп кеңістік қажет болады. Мысалы, стерео режимінде жоғары сапалы бір минуттық музыканы жазу үшін 10 мегабайттан аса диск кеңістігі қажет екен. Осыдан келіп оны сығымдау қажеттілігі туындайды. Қазір мұның да үздік алгоритмдері түзілген, олар ұқсас тербелістерді біріктіру, адам құлағы ести бермейтін жиіліктерді алып тастау сияқты жолдармен мағлұматтарды төрт, кейде тіпті он есеге дейін қысқартып, компьютерде өңдеуді жеңілдетеді. Ал дыбыс сапасындағы өзгерісті екінің бірі аңғара да бермейді. Дыбысты компьютерге көшірудің артықшылықтары қандай дегенде мына мәселелерге назар аударамыз:

цифрлы сигнал сапасын ешқашан жоймайды, өздігінен өзгермейді, мысалы, елу жылдан кейін де сол күйінде сақталады, ал аналогтық магнитті лента ұзақ сақтауға жарамайды және қайта көшіру кезінде сапасы, деңгейі төмендей береді;

компьютерде өңдеу орасан шығармашылық мүмкіндіктерге жол ашады;

көп арналы өңдеу, қосымша дыбыстармен араластыру, деңгейін өзгерту оңай жүзеге асырылады;

шу деңгейі өте төмен, аналогтық жүйеде механикалық шу, үйкелістер көп кедергі келтіретіні белгілі;

қашықтыққа беру мүмкіндігі өте жоғары, цифрлы әуен сол күйінде дүниежүзінің кез келген бұрышында ойналады, Интернетпен де жіберуге болады, ал табиғи дауысты сапалы деген телефон желісімен де екінші қашықтыққа өзгеріссіз беру мүмкін емес;

лазерлік технологиялармен кірігуі, СD және DVD технологиялары музыканы сақтау мен жеткізудің бүгінгі таңдағы ең үздік құралдары болып қалыптасты;

дыбыс режиссері мен операторы жұмыстарын едәуір жеңілдетті;

орасан музыкалық архивтер жасауға және оны еркін тасымалдауға мүмкіндік берді, мысалы қазір МРЗ тәсілімен миллиондаған әндер, музыкалық шығармалар таратылуда;

радиотарату ісін автоматгандыруға жол ашты;

- мамандардың уақытын үнемдеуі және басқалар.  Осының ішінде музыканы компьютерде өңдеудің жаңа шығармашылық мүмкіндіктеріне қысқа тоқталып өткен орынды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]