Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etika_sessia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158 Кб
Скачать
☆

22. Жастар арасында аккультурация және әлеуметтену мәселелесін анықтаңыз

Аккультурация — қандай да бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпалдасу. Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Есігіміз шартарапқа айқара ашылып, қазақ жастары шет мемлекеттерден білім алуына мүмкіндік туды. Экономикалық алыс – беріс, сауда – саттық дами бастады. Дегенмен, оның қайшылық жақтары да белең алуда. Өзге елдің тілі мен мәдениетін игерген жастарымыз әуелгіде жан – жақты, білімді, сәнді де мәнді жаңа заманның жас қазағы атанды. Кейіннен, сол жастарымыздың санасын шетел мәдениеттінің болмысына әуесқойлығы басып кетті. Қазағымның табиғатынан еліктегіш қасиеті қазіргі жастарды айналып өтпей, кесірін тигізіп отыр. Әрине, қазақтан бәрін көре беру дұрыс емес дегенмен, еліктеу болмысызда өте жақсы дамыған. Мысалға, қазіргі қазақ жастарымызды қызықтыра жалықтыратын, арманы мен аңсарын олардың жүріс – тұрысы, іс – әрекеті, киім кию үлгісінен байқауға болады. Халқымыздың қасиетті әдет-ғұрпына, салтына жат бүгінгі жағымсыз жағдай туралы әркім әртүрлі ойлап, пайымдайды. Сол мәселелердің бірі ретінде бүгінгі жастардың батысқа еліктеуін алып отырмын.  Адамның дүниеге келіп есі кіргеннен өзіндік көңіл қалауы, ой пайымы, сезімі, пікірі, түсінігі қалыптаса бастайды. Қазақ қыздарының киім киюі, жастардың әр түрлі сайттарда отыруы, қазақ әндерінің бұрмалануы және тағы да сол сияқты жайттар осы қатардан ойып тұрып орын алып тұрған мәселелер. Қазіргі тәуелсіз қазақ елі жастарының келбеті толғандырады. Жастарымыздың күнделікті көшеге киетін, қызметтік не болмаса сәндік кешкі киімдерін алатын болсақ, жыртылған не тозығы жеткен киім сияқты үлгідегі сәнді үстіне жапсырған қыздарымыз бір сәт ойланбастан ұялмайтын болды Бүгінде қыздардың түрі, түсі бұрынғы ғасыр қыздарына ұқсағанымен олар ұлттық үлгіден ауытқып барады. Қазағымыз «Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек» деген. Бүгінде ағаштан жапырақ кетпегенмен жастарымыздың үстінен шүберек кетуде. Қазақтың сәнінде көзге іліп аларлық салтанат қалмады. Ал, «Нағыз қазақ» ұлттық бейнесін жоғалтқандай. Анасының алдында кіндігін көрсеткен қыз, әкесінің қасында қысқа шорты киген ұзын сирақты бала, енесінің алдына төсін көлденең тарта ашқан келіні, атасының алдында шашын жайған кенсап! Жалпақ тілмен айтқанда яғни адамдардың үстіндегі киімінен дене пішімін көрсететін киім киюі, әйел ерлердің не болмаса ер адам әйел киімін киюі қатты сыналған. Сондықтан, ер жетіп келе жатқан ұлына әкесі, бойжеткен қызын тәрбиелеген анасы көзінің қырымен жүріс – тұрысы мен киіміне, сөйлеу мәдениетіне қатаң назар салған жөн! Жастарымыздың сөйлеу мәдениеті мен сөз саптауынан айналып өту мүмкін емес Енді тек қорқар бір нәрсе, бірнеше ғасырдан соң қазақ жастары мүлде қазақ дәстүрлерінен мақұрым қалмаса болғаны. Жеткіншек ұл – қызымыздың толықсыған шағында үнемі қасында болып, көзімізбен ісін бақылап, тура да таза жолға салуға бар күш – жігерімізбен кірісуіміз керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]