М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Тренинг жоба
Тақырыбы: «Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.»
Орындаған: Саматова Д.С. 06402 топ студенті
Тексерген: Жақсығалиева А.С. магистр, оқытушы
Орал, 2016
Кіріспе
Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл 20-шы ғасыр бойы қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.
Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арасындағы сыйластық, өзара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және экономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатыны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесі жәйттерге бой ұры бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де.
Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.
Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-
ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қальштасуы
процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қальштасады, сезімдік күйлер орнығады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.
Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп жазады: «Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету керек».
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес. Ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10-сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды.
Қазақ ағартушыларынан С. Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән берген. Ол өзінің «Баланы семьяда тәрбиелеу» деген еңбегінде ата-аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді.
Педагогикадағы отбасы тәрбиесінің дамуына ежелгі Рим философы Квинтилиан, педагогика ғылымының негізін салушы Я.А.Коменский, ағылшын философы Дж.Локк, француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, Швейцар педагогы И.Г.Песталоций, орыс педагогы К.Д.Ушинский, ұлы жазушы Л.Н.Толстой, қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин және Абай Құнанбаев, кеңес педагогтары Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және көптеген басқа педагогтар өз үлестерін қосты.
Кеңес өкіметінің таралуына және Қазақстан Республикасындағы педагогикалық ойлардың дамуының тәуелсіздік алуына байланысты отбасы тәрбиесін зерттеу үрдісі (әдісі) халық педагогикасы бағытында қолға алынды.
Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауда отбасы тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелетінін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата-анаға және туған туыстарға деген сүйіспеншілік пен сыйластық, Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке деген құрмет тағы сол сияқты қасиеттер баланың кішкентай кезінен отбасында және мектеп қабырғасында
қаланады. Сондықтан отбасындағы, мектептегі және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды.
Жоспар
I бөлім. Шаттық шеңбер. Сәлемдесу.
II бөлім. « Жүректен жүрекке» шеңбері.
III бөлім. «Бақытты отбасы модулі».
IV бөлім. «Бала сезімі».
V бөлім. Құндылық құнын ұғындар.
VI бөлім. Ұйымдасқан сурет.
VII бөлім. «Мейірімділік алаңы» .
VII бөлім. «Бір ауыз жылы сөз»
IХ бөлім. Қорытынды
