- •2.Топырақ гигиенасы.Топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерін сипаттаңыз. Топырақтың эпидемиологиялық маңызын түсіндіріңіз.
- •3.Топырақтың өзін өзі тазалауы және жер қыртысын санитарлы қорғау мәселелерін сипаттаңыз
- •5. Топырақтың жалпы микрофлорасының қалыптасуы және түрлерін сипаттап беріңіз. Топырақ микрофлорасы. Топырақта кездесетін патогенді микрооргнаизмдердің түрлеріне тоқталыңыз.
- •6. Топырақта кездесетін патогенді микрооргнаизмдерді биологиялық бақылау әдістеріне шолу жасаңыз.
- •7.Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер және олардың топырақты ластау сипаттамасын беріңіз.
- •11.Санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдер – фекальды ластану индикаторларын сипаттау.
- •12.Санитарлы – көрсеркіш микро-дің – оральді ластану индикаторларын сипаттау.
- •13.Санитарлы- көрсеткіш микроорганизмдердің өзін –өзі тазарту процестерін индикаторларын сипаттау.
- •15. Топырақтың гигиеналық және биологиялық маңызын түсіндіріңіз.Топырақтың түзілуі процесстерін және оларға әсер ететін факторларға сипаттама берініз.
- •14. Топырақтың физикалық, химиялық ластағыштары және ластану жолдарына сипаттама беріңіз.
3.Топырақтың өзін өзі тазалауы және жер қыртысын санитарлы қорғау мәселелерін сипаттаңыз
Жер қыртысының өзін өзі тазалауы – бұл топырақтың бастапқы қалпына келтірілуіне бағытталған өзгерістер. Өзін-өзі тазалаудың санитарлы-гигиеналық және эпидемиологиялық маңызы зор. Топырақ қалдықтарды залалсыздандыру үшін табиғи орта болып табылады. Онда экзогенді органикалық заттардың көп бөлігінде детоксикация (залалсыздандыру, бұзылу, уытты емес заттарға айналу) жүріп жатады. Бұл заттар ақуыз, май, көмірсу және оның алмасу заттарының органикалық емес заттарға айналғанша (минерализация процессі) ыдырауына әкеп соғады. Осы процесспен қатар топырақта гумификация процессі – органикалық заттар қалдықтарынан жаңа қиын органикалық қосылыс түзілу процессі жүріп жатады, оның атауы – гумус(қарашірік). Қарашіріктің құрамында көміртектің мөлшері өте көп. Көміпртектің органикалық қосылыстардың құрамында 2-3 есе артуы топырақтың ластануына әкеп соғуы мүмкін. Қарашіріктің құрамындағы көміртектің өсімдік құрамындағы көмңртекке қатынасы гумификация коэффициенті деп аталады.
Топырақ құрамына түскен басқа заттарды майсыздандыру процессі өте қиын және микроағзалар көмегімен іске асады. Көмірсудың біраз бөлігі аэроб жағдайында CO2 күйіне дейін қышқылданып, энергия бөлінді, ал басқа бөлігі (моносахаридтер) микробты жасушалардың гликогенін синтездейді. Аэробты жағдайларда майлардың ыдырауы май қышқылдарының пайда болуы мен энергия бөлініне дейін, ал анаэробты жағдайларда - H2, CO2 және т.б. пайда болғанша өте баяу жүреді. Ақуыздар аминқышықылдарына дейін ыдырайды. Аминқышқылдарының бір бөлігі микробты жасушалардың өмір сүруіне жұмсалады. Азот алмасуының өнімі аэроб бактерияларының көмегімен биохимиялық қышқылданады. Бұл процессті нитрификация деп атайды. Қышқылдау процесстерімен бірге топырақта қайта құрылу процессі де жүреді. Денитрификация процессі газ бөлінуімен жүреді. Бактериялардың қайта құру әрекеттерінің дәрежесі олардың биохимиялық ерекшеліктеріне қарамастан ортаның құрамына, оның реакциясына және басқа жағдайларға тәуелді.
Топырақтың гигиеналық ерекше рөлі патогенді микроағзаларды, ең алдымен спора түзбейтін ағзаларды залалсыздандыру процессімен байланысты. Бактериялардың жойылуына себепші сапрофиттердің бәсекелестігі, механикалық факторың әсері, күн көзінің бактерицидтік әсері, электрохимиялық энергияның сыртқы қарым-қатынастары. Залалсыздандырудың тиімділігі бактерия түріне, топырақ құрамы мен құрылысына және т.б. байланысты. Топырақтың бұл ерекшелігі шаруа-тұрмыстық және өнеркәсіптік жер асты суларын тазарту үшін фильтрация алаңдарын салу үшін қолданылады.
Топырақтың өзін өзі тазартуы үнемі болмайтынын айта кеткен жөн, тым қатты ластану бүкіл жарамды микрофлораның бүлінуіне әкеп соғады.
Жер қыртысын санитарлы қорғау – топырақ құрамына ластауды шектеу үшін, топырақтың өзін өзі тазалау процессін бұзбайтын, адам өміріне қауіп келтірмейтін көлемде өсімдік құрамында ластаушылардың жиналуына бқгет болатын, ауаны, жер асты, жер үсті суларын ластамайтын іс-шаралар жиынтығы.
Бұл іс-шараларға:
Халықтың денсаулығын сақтап қалу мақсатында жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін қолданылатын заң және административтілік іс-шаралар.
Санитарлы-қорғау зоналары және басқа да құрылыстарды салу үшін жер бөлігін бөліп беру мақсатында жоспарлау іс-шаралары.
Қалдықсыз және аз қалдықты өнеркәсіп орындарын салу үшін технологиялық іс-шаралар. 4.Топырақтың санитарлы тазалануы.
Топырақты санитарлық қорғау жөніндегі шаралар.Топырақты санитарлық қорғау, топырақпен байланысты инфекциялық және паразиттік аурулардың, сол сияқты экологиялық тізбектің барлық тармақтары арқылы топыраққа ЭХЗ мен радионукдидтердің тікелей немесе жанама жолмен түсуі нәтижесінде пайда болатын аурулардың дамуына әкеп соқпайтын топырақтың сапасын сақтауға бағытталған шаралар кешені болып табылады.
Бұл шаралар кешенінің құрамына ластаушы заттарды гигиеналық нормалау, заңнамалық, технологиялық, санитарлық-техникалық, жоспарлау шаралары, топырақтың санитарлық жағдайын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау кіреді. Олар топырақтың адам үшін маңызды табиғи құрамы мен қасиеттерін сақтауға және қалпына келтіруге, топырақтың өнеркәсіп кәсіпорындарының зиянды заттарымен, түрлі қалдықтарымен, ауыл шаруашылығының агрохимикаттарымен, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары түріндегі органикалық заттармен ластануының алдын алуға бағытталған. Гигиеналық нормативтерді әзірлеу топырақты санитарлық қорғау жүйесіндегі аса маңызды буындардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта топырақ құрамында ондаған мың заттар кездесетін болса, олардың ішінде тек 200 астам заттарға бекітілген нормативтер бар. Олардың қауіпсіз деңгейі, биологиялық әсер ету механизмі, болашақтағы салдары, топырақ биоценозына әсері, басқа орталар арқылы жанама әсер ету мүмкіндіктері жөніндегі мәліметтердің болмауы, топырақтың химиялық ластануын гигиеналық бағалауды және ұтымды алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді едәуір қиындатады. Топыраққа түскен экзогенді химиялық заттар мен радионуклидтер әр түрлі орталарға миграцияланып, әр түрлі жолдармен ағзаға түсе алатындықтан, топырақтағы ластаушы заттарды гигиеналық нормалаудың маңызы арта түседі
Технологиялық іс-шаралар өнеркәсіп орындарында қалдықсыз немесе аз қалдықты, жабық циклді технологиялар жасауға, уытты заттарды уыттылығы аз заттармен алмастыруға, елді мекендерді тазарту технологияларын жақсартуға, қалдықтарды залалсыздандыруға, т.б. мақсаттарға бағытталған. Олар топырақтың ластануының алдын алады және топырақты санитарлық қорғау жөніндегі ең пәрменді шаралар болып табылады.
Жоспарлау шаралары қалдықтарды залалсыздандыру мен қайта пайдалануға арналған қондырғылардың құрылысы үшін жер телімін дұрыс таңдап алу, олардың айналасында санитарлық-қорғаныс аймақтарын орнату және сақтау, полигондардың территориясын аймақтарға бөлу, қалдықтарды тасымалдайтын автокөлік қозғалысының сызбасын таңдау мәселелерін шешеді.
Заңнамалық-шаралар орындалуының заңдық күші бар және заңдар мен өзге де заңдық күші бар құжаттар жүйесінде бекітілген іс-шаралар болып табылады.
Заңнамалық актілерде жерді пайдаланудың заңдық нормалары, қалдықтардың пайда болуы мен залалсыздандыру үрдістерің реттеу, әр түрлі мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің қызметтері мен құқықтары, олардың өзара әрекеттесулері, заң талаптарын орындамағаны үшін жауапкершіліктері, бекітіледі. Заңнамалық іс-шараларға сол сияқты, өзгеріп отыратын шынайы жағдайда топырақты санитарлық қорғау жөнінде жаңадан туындаған мәселелерді реттеуге бағытталған, мемлекеттік және ұлт аралық деңгейдегі жаңа заңдарды дайындау мен оларды қолданысқа енгізу де жатады.
Топырақты санитарлық қорғауда елді мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан санитарлық тазартуға бағытталған санитарлық-техникалық іс-шараларға да үлкен гигиеналық мән беріледі
4.Топырақтың сапасын санитарлы-эпидемиологиялық бағалау сапасын түсіндіріңіз. Жер қыртысын санитарлы бағалау СанПиН 2.1.7.1287-03 «Топырақтың сапасына санитарлы-эпидемиологияялық талаптар», МУ 2.1.7.730-99 «мест Тұрғылықты жерлердің топырағаның сапасын гигиеналық бағалау» жүргізіледі. Санитар ережелері тұрғылықты жерлердің топырағының сапасына қойылатын талаптар және орналастыру, жобалау, құрастыру, қайта құрастыру барысында гигиеналық нормативтердің ұсталынуыын қадағалайды. Бұл ережелерді барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпорын иелерінің барлығы жекеменшіктің көлеміне қарамастан ұстануы керек. Топырақтың гигиеналық бағалануының мақсаты – оның сапасы мен адамға қауіпсіздігінің дәрежесін анықтау, сонымен қатар химиялық және биологиялық ластануды азайту мақсатында іс-шаралар ұйымдастыр болып таблады. Жер қыртысының сапасын санитарлы бағалауға санитарлы-химиялық, токсикологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық, энтомологиялық және радиометриологиялық зерттеулер жатады.
Химиялық ластану дәрежесі топырақ құрамындағы ПШК тізіміндегі химиялық элементтердің ластаушы компоненттерінің басымдылығы мен олардың қатерлігінің дәрежесі арқылы анықталады.
Жер қыртысындағы химиялық элементтердің ПШК 4 маңызды залалдық көрсеткішімен анықталады:
транслокациялық – заттың өсімдік құрамына өтуі;
су мирациялық – заттың топырақтан жер асты және су қоймаларына өтуі;
ауа миграциялық – заттың топырақтан атмосфераға өтуі;
ортақ санитарлы – ластаушы заттың топырақтың өзін өзі тазарту қабілетіне әсері.
Санитралы-эпидемиологиялық қатынаста қатерлік дәрежесіне қарай топырақ: таза, ұйғарынды, орташа қауіпті, қауіпті және өте қауіпті болып бөдінеді. Жер қыртысының химиялық ластануының бағалануы 3-қосымшада көрсетілген.
7 кесте
Химиялық ластаушы заттардың қатерлілік кластары
-
Қатерлік кластары
Химиялық ластаушы зат
1
Күшәла, кадмий, сынап, қорғасын, мырыш, фтор,3,4-бенз(а)пирен
2
Бор, кобальт, никель, молибден, мыс, сурьма, хром
3
Барий, ванадий, вольфрам, марганец, стронций, ацетофен
Топырақтың ластануының маңызды көрсеткіштерінің бірі санитарлы сан(Хлебников саны) болып табылады, ол қарашіріндінің азотқа қатынасының органикалық азотқа қатынасын көрсетеді (мг/100 г). Санитарлы сан топырақтың өзін-өзі тазалау қасиетін бағалауға көмектеседі. Өзін-өзі тазалау кезінде гумустағы азот көлемі көбейіп, таза топырақта санитарлы сан 1-ге тең болады. Санитарлы сан төмен болған сайын, топырақ соншалықты лас.
Жер қыртысының эпидемиялық қатерін келесі көрсеткіштер бойынша бағалайды:
Санитралы-биологиялық көрсеткіштер:
Жанама көрсеткіштер – ішек таяқшалары микроағзалаырың тобының санитарлы-көрсеткіштері (БГКП индексі) және нәжістік стрептококктар (энтерококк индексі);
Тікелей көрсеткіштер – ішек инфекцияларының қоздырғыштарының табылуы, сонымен қатар сальмонелл.
Санитарлы-паразитологиялық көрсеткіштер – геогельминдердің жұмыртқаларының табылуы (аскарид, қылдырықбас және т.б.)
Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер – синантропты шыбындардың дернәсілі мен қуыршақтары.
Жер қыртысының эпидемиологиялық көрсеткіштері 8 кестеде көрсетілген.
Топырақтың сапасын бақылау қысқартылған, стандартты немесе кеңейтілген көрсеткіш тізімін жобалау кезеңі мен нысанның салынуына байланысты, сонымен қатар оның қатерлігін ескере отырып жүргізіледі.
Химиялық көрсеткіштердің стандартты тізімі ауыр металлдар құрамы (қорғасын, кадмий, мырыш, никель, күшәла, сынап), 3,4-бенз(а)пирен, рН, жиынтық көрсеткіш (металлдар жиынтығы) және санитарлы сандардан тұрады.
Тұрғылықты жерлер мен қаупі жоғары жерлерде (автомагистральдер, полигондар мен қалдықтарды көметін жерлер маңы) топырақ жағдайын бақылау жүргізіледі.
8 кесте
Жер қыртысының эпидемиологиялық қаупінің деңгейін бағалау
Топырақтың ластануының категориясы |
БГКП индексі
|
энтерококк индексі
|
Патогенді бактериялар, с.қ. сальмонелдер |
Геогельминт жұмыртқалары экз/кг |
Дернәсілер - Д және қуыршақтар - Қ , экз. 20х20см аудан көлемінде |
Таза |
1-10 |
1-10 |
0 |
0 |
0 |
Жартылай қауіпті |
10-100 |
10-100 |
0 |
10 дейін |
Д 10-ға дейін Қ - жоқ |
Қауіпті |
100-1000 |
100-1000 |
0 |
100-ға дейін |
Д 100-ге дейін Қ 10-ға дейін |
Өте қауіпті |
1000 және одан да көп |
1000 Және одан да көп |
0 |
100-ден көп |
Д 100-ден көп Қ 10-нан көп |
