Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеу-экология+.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61 Кб
Скачать
☆

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:25.03.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Бөлімі: Экология.

Тақырыбы: Арпа сеуіп үйренеміз.

Мақсаты: арпа сеуіп үйрету. Зерттеу, тәжірибе жасау қорытындысын шығару. Өзіне, өзінің мүмкіншілігі мен күшіне сенуіне жағдай жасау, белсенділігін арттыруға, өзін және өзінің еңбегін бағалауға дағдыландыру.

Көрнекіліктер: арпаның өсіп тұрған суреті.

Керекті құралдар: үш жәшік: біреуінің ішіне топырақ салынған, екеуі бос, әр бала санына жететіндей қағаздан жасаған стакан, үлкен қасықтар, ішіне арпаның дәнегі салынған тәрелке.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: қағаздан стақандар жасау.

Әдіс-тәсілдері: Сөздік, көрнекілік, практикалық.

Билингвальді компонент: арпа-овес, дән-зерно

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады.

Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, біз бүгін арпа себеміз. Арпа өскен соң онымен біз құстарды тамақтандырамыз. Міне, мынау-арпаның дәнегі. Арпаны көшет арқылы отырғыза алмаймыз. Оны тек себуге ғана болады. Біз арпаны сепкенде жай ғана сеуіп қана қоймаймыз, біріншіден зерттеу жүргіземіз, екіншіден бақылаймыз. Ол үшін сендер алдыларыңа алжапқыштарыңды киіп алыңдар.

-Сендердің алдыларыңдағы 2 ыдыста арпаның дәнегі жатыр. Екі ыдыстағы арпаның дәнегімен қандай өзгеріс байқалады.

Енді құрғақ дәнді қолдарыңа алып, оның екі жақ ұшына назар аударыңдар.

Миға шабуыл:

-Қалай ойласыңдар, суда тұрған арпа қатты ма, жұмсақ па?

-Не себепті суға салынды?

-Балалар, арпаның біреуін суға салған себебім: сендер зерттеп, бақылап көрсін дедім. Қазір сендер екі орталыққа бөлінесіңдер.

-Арпаны отырғысбас бұрын не істейміз?

-Дұрыс айтасыңдар, бәрің бері жақындап жәшіктегі топырақтан стақандарыңа кішкене ғана топырақ салыңдар.

Енді бірінші орталықтың балалары құрғақ арпаны, екінші орталықтың балалары сулы арпаны алып топыраққа шаншу арқылы себеміз де үстін топырақпен жабамыз. Сеуіп болғаннан кейін екі жәшікке салып қоямыз.

-Арпа тез өсіп шығу үшін не істейміз?

Дұрыс айтасыңдар, құрғатпай суғарып тұрамыз. Және әркім өзінің сепкен арпасын бақылайды.

Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. Тәрбиеші балаларға дәптердегі «Арпа дәнінің өсіп шығуын бақылау күнделігін» ата-аналарының көмегімен толтыруды тапсырады.

Балалар алжапқыштарын тағады.

-Бірінші тәрелкедегі арпаның дәні құрғақ, екіншісі суға салынған.

Балалар арпаны қолдарына алып, екі ұшының үшкір, қатты екендігін айтады. Балалар өз ойларын айтады.

Балаларды екі орталыққа бөлінеді.

- Стақандарға топырақ саламыз.

Балалар стақанға қасықпен топырақ салады.

Бірінші орталықтағы балалар құрғақ арпаны, екінші орталықтағы балалар судағы арпаны сеуіп, үстіне тағы да топырақ салады да, өздеріне көрсетілген бос жәшікке салады.

Суғарамыз.

Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Күнделікті 19 күн бойы толтырады. Іс-әрекеттерін күнделікке белгілеп отырады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: өсімдіктердің де дәнне өсіп шығатындығын, бірінші шөптің шығатынын, онан кейін жемісінің пайда болатынын.

түсінеді: арпаның дәннен өсетіндігін, жемісінің қалай пайда болатындығын, бақылау жасаудың қарапайым түрін.

қолданады: дәнек себудің қарапайым түрін; күтіп-баптауды.