- •1. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары.
- •2. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер, Бәкизат, Әзім үштағаны.
- •3. Қ.Мырзалиев жырларының поэтикасы.
- •4. М.Мақатаев лирикасындағы ақынның өз бейнесі
- •5. С. Мәуленовтың лирикасы: дәстүр мен жаңашылдық
- •6. Ә.Кекілбаевтың «Ханшадария хикаясы», «Шыңырау» повестерінің рухани тағылымдары.
- •7. О.Бөкеевтің әңгімелеріндегі адам мен табиғаттың қарым-қатынасы
- •8. Қазіргі заманғы қазақ прозасының көркемдік ерекшеліктері
- •9. Қазіргі заманғы қазақ поэзиясының көркемдік ізденістері
- •10. Қазіргі кезеңдегі қазақ драматургиясы
- •11. Ә.Кекілбаевтың «Құс қанаты» повесіндегі ана бейнесі
- •12. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі: негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •13. І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары ханның образы
- •14. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» повесіндегі Ләззат пен Нияз бейнелері
- •15. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романының көркемдік ерекшеліктер.
- •16. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романынддағы Еламан мен Ақбала образдары ↑жоғарыда
- •17. С.Мәуленов поэзиясындағы соғыс пен бейбітшілік тақырыбы
- •18. М.Мақатаев жырларындағы туған жер бе йнесі
- •19. Т.Ахтановтың «Боран» романындағы жеке басқа табыну заманы қайшылықтарының бейнеленуі
- •20. Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру», «Бабамыздың шоқ басқан табанымен» атты жырларының өзекті идеялары мен көркемдік ерекшеліктері
- •21.М.Мақатаевтың махаббат лирикасы
- •22. С.Мәуленов жырларының поэтикасы
- •23. Ә.Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» дилогиясындағы Әзім образы
- •24. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романындағы Судыр Ахмет образы
- •25. О.Бөкеев шығармаларындағы адам мен табиғат қарым-қатынасының бейнеленуі
- •26. Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн», «Тасбақаның шөбі» әңгімеллерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •27. Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының экрандалуы: ірікілістер мен ізденістер
- •28.Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларының әлем халықтарының тілдеріне аударылуы
- •29. М.Мақатаев өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі
- •30. Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романының негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары
- •31. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романындағы Жәдігер бейнесі
- •61. Дулат Исабековтың «Әпке» драмасы.
- •62. Т.Молдағалиев поэзиясы.
- •63. Т.Ахтанов прозасы.
- •64. О.Бөкеевтің «Қар қызы» повесі.
- •65. Ә.Кекілбаев – суреткер жазушы.
- •66. Ә.Нұрпейісов шығармалары әлем халықтары тілдерінде.
- •67. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
- •68. Қ.Мырзалиев «Жазмыш» кітабы.
- •69. Қ.Мырзалиев «Иірім» кітабы.
- •70. Қадыр Мырзалиевтің «Алмас жерде қалмас» афоризмдер жинағы.
- •71. М.Мақатаевтің өлеңдері.
- •72. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы.
- •73. Ә.Нұрпейісов «Соңғы парыз» романы.
- •74. Қ. Мырзалиев аудармалары.
- •75. Жұбан Молдағалиев поэзиясы.
- •76. Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы.
- •77. М.Мақатаев поэзиясы.
- •78. Т.Молдағалиевтің лирикалық өлеңдері.
- •81. С.Мәуленов поэзиясы.
- •82. С.Мұратбеков повестері.
- •83. Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасы.
- •85. Б.Соқпақбаев повестері.
- •86. Ә.Кекілбаев повестері.
- •87. Д.Исабековтің әңгімелері
- •88. М.Мағауиннің әңгімелері.
- •89. М.Мақатаев поэмалары.
- •90. Ә.Кекілбаевтың әңгімелері
66. Ә.Нұрпейісов шығармалары әлем халықтары тілдерінде.
Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924 жылы Қызылорда обл. Арал ауд. Құланды
ауыл советінде дүниеге келген) – жазушы, ҚР халық жазушысы (1985). Отан
соғысына қатысқан. Әл-Фараби атындағы Қаз.ҰУ-ін бітірген (1952).
Москвадағы әдебиет институтын бітірген (1956). 1962 – 64 жылдары
«Жұлдызң журналының бас редакторы болды. Әдебиетке 40-шы жылдардың
2-ші жартысында араласа бастады. Тұңғыш шығармасы – Отан соғысы
тақырыбына жазылған «Курляндияң романы 1950 жылы жарық көрді. Бұл
роман Жамбыл атындағы республикалық сыйлыққа ие болды (1950).
Шығарманы автор қайта өңдеп, толықтырып «Күткен күнң (1958) деген
атпен жариялады. Романда халықтар достығы, кеңес адамдарының
адамгершілік, моральдық, патриоттық тұлғасы терең ашылған. Жазушының күрделі туындысы – «Қан мен терң трилогиясы (1-кітап., «Ымыртң,1961; 2-кітап., «Сергелдеңң, 1964; 3-кітап.,«Күйреуң, 1970; КСРО Мем.сыйл.,1974). Трилогияда 1914 – 20 жылдары Қазақстанда болған тарихи оқиғалар шындыққа сай, шынайы көркемдікпен суреттелген. Нұрпейісов сол тарихи кезеңдегі халық өкілдерінің қайталанбас, дара, күрделі тағдырын, типтік бейнесін жасады (Еламан, Қален, Сүйеу, т.б.). Жазушының романы бойынша жасалған инсценировка Қазақ драма театрының репертуарынан (1974 жылдан) тұрақты орын алды. Шығарма негізінде «Қазақфильмң киностудиясы көркемсуретті кинофильм түсірді (1976). Жазушы очерк және әдеби-сын мақалалар жанрында да жемісті еңбек етіп келеді. Л.Н.Толстой, Ф.М.Достаевский,И.С.Тургенов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ш.Айтматов творчестволарын сөз еткен сын мақалаларының таңдамалысы «Толғауң деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді (1972). Жазушы очерк пен әдеби портрет жанрын әдебиеттің түрлі кезеңдерінің панорамасын жасауға шебер пайдаланды. 1983 жылы жазушының «Сеңң романы жарық көрді. Шығарма ішкі динамизмнің қанықтығымен, тақырыбының, көтерген мәселесінің көкейкестілігімен назар аудартады. Заман тынысы, бүгінгі таңдағы экологиялық проблемалар төңірегіндегі толғаныс – тебреністер,
адамның өз ары алдындағ жауапкершілігі, замандастары мен келешек
ұрпақтар алдындағы азаматтық борышы жайында сөз болады. Романдағы
оқиға суы тартылып бара жатқан Арал теңізіне, табиғатқа деген екі түрлі көзқарастың қақтығысы төңірегінде өрби келіп, қазіргі заманғы қайнауы жеткен елеулі проблемаларға тіреледі. Жазушы көркем аудармамен де шұғылданады. Ол А.П.Чеховтың, А.М.Горькийдің әңгімелерін, Назым Хикметтің және испан жазушысы А.Кэсонның пьесаларын т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды. Жазушының шығармалары ТМД халықтары және шетел тілдеріне аударылған. Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісің ордендерімен және медальдарымен марапатталған.
67. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали.[2] Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады. Ол 1975 жылы "Aққулар ұйықтағанда" поэмасын жазды.
Аққулар ұйықтағанда - поэма. Авторы Мұқағали Мақатаев. Бұл поэма 1973 жылы жазылған.
Қысқаша мазмұны
Бұл поэмада бір жанұяның жалғыз баласы ауыр сырқатпен сырқаттанып қалады. Тәуіп шал баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана дертінен айрылады деп айтады. Әкесінің аққуды өлтіруге дәті бармағандықтан оның орнына анасы мылтығын алып, қасиетті аққулар мекендейтін көлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы мылтығы абайсызда атылып қалады да, мылтықтың оғы аққуға тиеді. Шуды естіген қарт жылқышы көлге қарай келеді де, аққу өлтірген анаға ақыл береді. Қалай болса да ана аққуды үйге әкеледі,алайда үйге қайтып оралғанда баласынын қайтыс болғанын түсінеді.
Шығарма кейпкерлері
Ана - баланың анасы. Ержүрек, батыл,өзінің баласына деген махаббаттан киелі аққу құсты атып өлтіргендіктен баласынан да айырылды.
Бала - сырқаттанып жатқан бала. Оның өмірі қыл үстінде болды.
Тәуіп шал - емші. Есінен ауысқан адам, баланың ата-анасына өтірік айтты.
Әке - баланың әкесі. Қоянжүрек, ар-намысты. Құдайшылық жолынан түспеуді жөн көріп, киелі аққу құсты атудан бас тартты.
Жылқышы - жылқы бағып жүрген адам. Парасатты, ақылды, данышпан. Ол анаға ақыл айтып, оны дұрыс жолға қоюды тырысты.
