- •1. Өнім сапасының сандық көрсеткішін қалай сипаттауға болады. Анықтама беріп, мысал келтіріңіз.
- •2. Өнімнің сапа деңгейін бағалау әдістерін атаңыз. Оларға сипаттама беріңіз.
- •3. Сапа деңгейін қалай бағалауға болатындығына анықтама беріңіз және оның этаптарын атаңыз.
- •4. Кәсіпорында өнімнің сапасын бақылау және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •5. Тексерудің түрлерін атап, оларды сипаттаңыз.
- •6. Кірмелі тексеріс процесін мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
- •7. Кірмелі және жедел тексерістің өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •8. Полимерлі материалдың құрамын сипаттай отырып, мысал келтіріңіз.
- •10. Термопласттар мен реактопласттарға сипаттама беріп, олардың өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •9. Термоэластопласттар туралы мағлұмат беріп, оларды мысал келтіре отырып сипаттаңыз.
- •11. Ішкі және сыртқы жағындылардың өзара ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •12. Өндірілетін және тауарлық формалар, олардың өзара өзгешелігін атап көрсетіңіз.
- •13. Шикізатты кіруге арналған бақылауға үлгілерді алу және дайындау процесін сипаттаңыз.
- •14. Полимерлі материалдардың түйіршікті құрамына анықтама беріп, полимерлі бұйымға әсерін сипаттаңыз.
- •15. Түйіршікті құрамды анықтау әдістерін атап, олардың өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •31. Полимерлердің өңделуі мен олардың ылғалдылығының өзара байланысын көрсетіңіз. Ылғалдылығы нормадан ауытқитын шикізатты өңдеуде ақаулардың алдын алу шараларын бағалаңыз.
- •32. Шөгудің пайда болуының әр түрлі себептерін көрсетіңіз. Термопласттар мен реактопласттардың шөгуін анықтайтын әдістерді салыстырыңыз.
- •33. Ұшқыш заттар мен ылғалдылықтың мөлшерін анықтау әдістерін салыстырыңыз.
- •34. Шикізаттың қасиеттері мен өңдеу процестерінің шөгуге әсерін өзара байланыстырыңыз.
- •35. Термопласттар мен реактопласттардың термотұрақтылығы мен температуралық сипаттамаларының өзара байланысын көрсетіңіз.
- •Аморфты (а) және кристалды (б) термопласттар мен реактопласттардың (в) термомеханикалық қисықтары: і – шыны тәрізді немесе кристалды күй; іі – жоғары эластикалық күй; ііі – тұтқыраққыш күй.
- •Вик құралы:
- •Каргин таразысы:
- •36. Полимерлі материалдардың термотұрақтылығын бақылау үшін қандай сипаттамаларды қолдануға болады?
- •Полимердің ыдырау температурасын ұшқыш заттардың қысымының өсу кинетикасы арқылы (б) анықтаудың әдістемесінің және құралының схемасы (а):
- •37. Бұйымның қасиеті мен термотұрақтылығының өзара байланысын табыңыз.
- •38. Полимерлі материалдың төмен термотұрақтылығы мен термомеханикалық қабілетінің ерекшеліктеріне негізделген ақаулардың алдын алуын пайдалануды көрсетіңіз.
- •39. Балқыма аққыштығының көрсеткіштері мен ағу қисықтарының өзара байланысын табыңыз.
- •40. Балқыма аққыштығын анықтау әдістерін бағалаңыз.
- •41. Полимерлі материалдың аққышты мен оның қасиеттерінің арасындағы байланысты табыңыз.
- •42. Реактопласттардың спецификалық сапа көрсеткіштерін қалай бағалауға болады?
- •43. Реактопласттардың аққыштығы мен қатаю жылдамдығын қалай бағалауға болады?
- •44. Материалдарды таблеттеу процесін талқылап, сыртқы факторлардың таблеттеу процесіне әсерін салыстырыңыз.
- •45. Реактопласттарды өңдеудің технологиялық режимдері мен технологиялық сипаттамалардың арасындағы байланысты жаса.
- •46. Пластоэластикалық сипаттамалардың негізінде резина қоспаларының сапасын қалай бағалауға болады?
- •47. Пластометриялық әдіс арқылы каучук пен резина қоспаларының иілгіштік қасиеттерін қалай түрлендіруге болады?
- •49. Резина қоспаларының вулканизациясы реограммасының негізінде резинаның қасиеттерін қалай бағалауға болады?
- •50. Полимерлі материалдарды идентификациялау әдістерін бағалап, бір полимерді негізге ала отырып түрлендіріңіз.
- •52. Тығыздықты анықтау әдістерін салыстыра отырып, олардың өзара байланысын жасаңыз.
- •53. Резина қоспаларының сапа көрсеткіштерін бақылау нәтижелерінің көмегімен технологиялық режимдерге түзетулерді қалай жасауға болады?
- •55. Олигомерлі полиуретанды композициялардың спецификалық сапа көрсеткіштерін қалай бағалап түрлендіруге болады?
- •56. Масс-спектрометрия әдісі арқылы қандай мүмкіндіктер жасауға болатындығын түсіндіріңіз.
- •57. Материалдың сусымалдылығын қолдана отырып, полимерлі материалдың сапасын бағалау жолдарын жасаңыз.
- •58. Рентген-құрылымдық сараптау әдісімен полимердің кристалдық құрылымын қалай жасауға болады?
- •59. Төмен себілмелі тығыздықты материалды өңдеу кезінде бұйымның сапасын жақсарту үшін және өнімділікті арттыру мақсатында қандай шарттарды пайдалануға болатынын атаңыз.
- •60. Бұйымның қасиеті мен көлемдік сипаттамалардың арасындағы байланысты қалай жасауға болады?
7. Кірмелі және жедел тексерістің өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
Кірмелі бақылау – бұл бастапқы шикізатты (пресс порошок, каучук, олигомерлер, химикаттар, толтырғыштар және т.б.), қаптау жабдықтары және сырттан келген басқа дайын өнімдерді тексеру;
Полимерлі материалдардын алынатын бұйымдардың сапасы шикізаттың сапасына байланысты болып келеді (термореактивті пресс ұнтақтар, ұнтақтәріздес немесе гранулды термопластар, каучуктер, олигомерлер, толықтырғыштар, армирлеуші материалдар). Бұйымға дейін өңделуге арналған шикізат заводта және өңделетін өндіріс орнында бақыланады. Заводтың техникалық бақылау бөлімшесі маркировты анализ жүргізеді, яғни материалдың қасиеттернің ГОСТ-қа сәйкес келуін бақылайды. ГОСТ-та материалдың міндетті нормалары болу керек: сыртқы түрі, қасиеттері, алу әдісі, бақылау әдістері, сынама алу, траснспорттау мен қаптау әдістері көрсетілуі қажет. Полимерлі материалдарды өңдейтін өндіріс орындары орталық завод лабараториясы немесес цехтық бақылау лабараториясы заводқа түсетін шикізат пен материалдың сапасын бақылайды. Сапасы тұраықты шикізатпен материалдар таңдалмалы түрде анализденеді (түсетін партиядан 25-50% сынамаға алынады), ал біртектілігімен ерекшеленбейтін өнімдер толығымен барлық партиялары бақылаудан өтеді. Алынған нәтижелерге сәйкес партия ары қарай қолданысқа жіберілу не болмаса рекламацияға ұшырауы анықталынады.
Кірмелі бақылау нәтижелері барлық өндіріс орныдарында сапасы бойынша анықталынған құжаттарымен жіберіледі. Кейбір өндіріс орындарында полимерлі материалдарды өңдеу мен қатар олардан полуфабриканттар алумен қатар жүреді (резиналық қоспалар, термореактивті пресс ұнтақтар немесе талшықтар, олигомерлі жартылай өнімдер т.б). Бұл жағдайда кірмелі бақылаумен қатар операциялық (цехаралық) полуфабриканттардың бақылау анализі де қатар жүргізіледі. Бұл анализ құрамын, компоненттердің тасмалдануы мен диспергирленуін, алынатын өнімнің техникалық қасиеттерін зерттеу үшін қолданылады. Мысалы, резиналық қоспаларды дайындаған кезде, ығыстыру процессі аяқталған соң өнімнің тығыздығы, пластикалық, эластикалық қаиеттері, вулканизациялық көрсеткіштері, вулканизаттардың физика-механикалық қасиеттері анықталынады.
Экспресс(жедел) бақылау – материалдың көрсетілген қасиеттерінің дұрыс екендігін анықтайтын дәл және аз уақытты лабараториялық бақылау. Жедел бақылау операциялық бақылаудың бір түрі болып саналады. Жедел бақылау сапасыз жартылай фабриканттың технологиялық операцияларға түспеуіне жауап береді. Жедел бақылауда негізінен 2-3 көрсеткіш белгіленеді. Мысалы, шиналық және резинатехнологиялық заводтарда тығыздық, қаттылық және пластикалылық анықталынады. Жедел бақылаудың оперативті және инфориативті әдісі болып виброметриялық әдіс болып саналады. Сынамаға қажетті құралдар бақылау лабараториясында орналастырылады және шикізат жайында ақпарат бірнеше минуттың ішінде пайда болады. Кірмелі анализдің нәтижелері мен жедел бақылаудың нәтижелері полимерлі материалдарды өңдейтін цехтарға жіберіледі.
8. Полимерлі материалдың құрамын сипаттай отырып, мысал келтіріңіз.
Полимерлі материалдар құрамына полимерден басқа компоненттер кіреді. Олардың әрқайсысы өзінің қызметін атқарады. Олар: толтырғыштар, пластификаторлар, қатайтқыштар, бояғыштар, тұрақтандырғыштар (стабилизаторлар) және т.б.
Толтырғыштарды полимерлі материалға пластикалық массаның көптеген көрсеткіштерін жақсарту үшін немесе арнайы қасиет беру үшін (диэлектрлік, антифрикциондық, коррозияға тұрақтылық), бояу және материалды арзандату үшін қосады. Толтырғыштардың массалық үлесі әдетте 15 тен 50 % аралығында өзгереді. Термопласттар үшін көп жағдайда – бор, каолин, тальк, слюда, титан диоксиді, асбест, кварц қолданылады. Металл ұнтағымен графитпен табиғи талшық пен композицицялық маетиарлдар да қолданылады. Реактопласттар үшін табиғаты хвоялы болып келетін ағаш ұны, стеклоталшық, асбест, мақта қолданылады. Резиналық қоспалардың құрамына толтырғыш третінде техникалық көмір, ақ шаң, цинкті әк, бор қолданылады.Толтырғыштар полимерлі материалдармен бірқалыпты комплекс құрып, диспергирленіп кетуі керек, еріткішпен н/е полимер балқымасымен жақсы араласуы керек, шикізатты сақтағанда, өңдегенде, қолданғанда қасиетін сақтау керек. Толтырғыштың кедір бұдыр бөлігі полимер мен толтырғыштың мықтап қосылуына әсерін тигізеді. Толтырғыштар бөлшектері әдетте 1 ден 50 мкм-ге дейін болады.
Бұйымдардың аязға тұрақтылығын жақсартуда, қолдану мен өңдеу жағдайындағы пластикалылығы мен эластикалылығын жоғарылатуда полимерлі материалдың композициясына пластификаторлар қолданылады. Бұл заттар молекулааралық орындарға (промежутки) кіріп, макромолекулалар арасындағы байланысты үзіп, молекуланың иілгіштігін арттырады. Сөйтіп полимердің пластикалық қасиетін жақсартады. Пластификаторлар ретінде май қышқылдары мен олардың тұздары (лаурин қышқылы, мырыш стеараты, дибутилфталат, дибутилсебацинат), күрделі эфирлер және синтетикалық полимерлер (полиизобутилен, бутилкаучук, полиакрилаттар ж/е т.б.) қолданылады. Пластификатордың мөлшері артқан сайын, материалдардың эластикалық қасиеті артып температуралық қасиеттері төмендейді.
Қатайтқыштар (вулкандаушы заттар) – полимерлі композицияларда сызықты макромолекулаларды өңдеудің белгілі бір сатысында тігілген кеңістіктік құрылымға айналдыру мақсатында қолданылатын тігуші агенттер болып табылады. Қатайтқыштардың түрін полимер табиғаты мен композицияның қасиетіне байланысты таңдайды. Реактопласттарда қатайтқыш ушін гексаметилентетраамин, параформ, ди ж/е поликарбон қышқылдары қолданылады. Ал резиналар үшін күкірт, полисульфидті қосылыстар, новолакты шайырлар қолданылады.
Қартаю (бұзылу) процестерін тежеу үшін тұрақтандырғыштар (стабилизаторлар) қосады. Тұрақтандырғыштар полимерлердің жарық сәулесіне, радиацияға, жылуға, ауа оттегіне ж/е т.б. төзмділігін арттырады. Полимерлерді тұрақтандырғыш ретінде әртүрлі металл тұздары (кадмий, қалайы, барий, кальций) ж/е қышқылдардың тұздары (стеарин, щавель, құмырсқа қышқылы) қолданылады. Жылудың, ауаның, жарықтың әсерінен макромолекуланың химиялық құрамы өзгеріске ұшаруы мүмкін, яғни деструкция болуы мүмкін. Нәтижесінде композициялардың кейбір технологиялық қасиеттері өзгеріп кетеді, мысалы, температуралық сипаттамалары мен аққыштығы. Тұрақтандырғыштарға композицияларды өңдеу көзқарасынан қойылатын талап – полимермен жоғары үйлесімділік (бір бірінде еруі), әсіресе өңделу температурасында, сонымен қатар, механикалық әрекет ету кезінде макромолекуланың бұзылуын болдырмау үшін жағылу қасиетінің болуы.
Бояғыштар ретінде полимерлерде н/е пластификаторларда ерімейтін бейорганикалық пигменттер ж/ еритін органикалық еріткіштер қосады. Бұл қоспалар жарыққа, атмосфера өзгерісіне төзе білуі керек. Бояғыштардың маңызды қасиеттерінің бірі миграциялық тұрақтылығы. Бояғыштың бұл қасиеті бояғыштың полимерде н/е пластификаторда еруіне негізделген. Пигменттердің полимерде ерімеуі олардың жоғары миграциялық қасиетін көрсетеді.
Жаққыш заттар немесе жағындылар (смазки). Бұл заттарды композицияларға өңделуін жақсарту үшін қосады. Бұл кезде өңдеу температурасы төмендеп, материалдың формалану процесі біртекті және тез өтіп, композицияның аққыштығы жақсарады. Полимерге әсер ету сипаты бойынша «ішкі» және «сыртқы» жақыштар болып бөлінеді. Жаққыштар ретінде май қышқылдары мен күрделі эфирлер қолданылады.
