Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арх мк.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3.Ақұрылыс конструкциялары

Бұл жобада құрылыс конструкциялары және материалдары көлемдік жоспарлау шешімдеріне байланысты қабылданады.

Қабат саны – 1 қабат ;

Құрылыс көлемі –122 м3

Құрылыс конструкциялары:

  • іргетастар – құрастырмалы ленталы плита

  • еденнің сыртқы қабырғасы – жеңіл бетонды қаптама жиынтығы

  • қабырғалары кірпіштен жасалынады

  • жабын – домалақ ойығы бар темір бетонды тақталар

  • едендері – линолеум, керамикалық плиткадан

Ғимараттың қаңқасы – темірбетон құймалы конструкциялық үлгіден және толтырғыш элементі кірпіштен тұрады.

3.1 Іргетастар

Іргетас–бұл көтеруші құрылым, жоғарыдан жүктелетін жүктемені қабылдайтын ғимараттың бір бөлігі. Бетон, табиғи тастан және ағаштан жасалынады. Іргетасты таңдау негізінен аймақтың сейсмикалық жағдайына, топырақтың түріне және архитектуралық шешімдерге байланысты.

Дүкен астына ленталы іргетас жоспарланған. Іргетастар – құрастырмалы темірбетоннан жасалынған стакан тәріздес және плиталы, олардың орналасу тереңдігі жерасты суларына, алаңның геологиялық ерекшеліктеріне т.б. қабылданған. Бірінші блоктың аралығы металды фермадан тұрады. Ал аралық жабын және жабын темірбетон плиталарынан тұрады.

Сурет 2 – Ленталы іргетас қимасы. 1 — табаны; 2 — монолит құйма; 3- блог.

3.2Қабырға

Қабырға панельдерінің ішкі және сыртқы беттері маркасы 200 құмды цемент ерітіндісімен қалыңдығы 20мм етіп салынады.

Қабырға 350 маркалы кірпішпен қалап, М-25 маркалы ерітіндімен сылайды. Шатыр жабыны 3 қабатты жай қарақағаздың үстіне қиыршық тас себілген, олар плитаның жылытқыш қабатының үстінде жатады. Жылытқыш қабаттың үстіне ылғалдан сақтау үшін бу өткізбейтін қабат төселген. Сонымен бірге іштен, бөлімдерден көтерілген буды, жылуды сыртқа шығармау үшін бу өткізбейтін қабатты плитаның үстіне ыстық битуммен екі рет жағу арқылы орындайды.

Жылытқыштың үстіне тегістеуіш қабат орналасады – 15мм, ол цемент ерітіндісінен жасалынып, оған қарақағаз төселеді.

Төсеніштің жоғары ұшы тік қабырғамен қиылысқан жері цинктелген қаңылтырмен болат жапқыштың төменгі жағы қабырғаға цемент ерітіндісімен бекітіліп толтырылады.

3.3 Едендер

Ғимараттың бөлмелердің тағайындалуына байланысты линолеум, керамикалық плитка қарастырылған.  Еден конструкциясы жабыннан, тартпадан, гтдроизоляциядан және жылу немесе дыбысоңашалағыш қабаттан тұрады. Сурет.2 Еденге әсер етуші ішкі әсерлер: 1 статикалық күштеме, 2 — дірілдеткіш күштеме, 3 – динамикалық күштеме, 4 — қозғау күші, 5 — қоршаған орта температурасы, 6 — жылу соққылары, 7 — газ, сұйық күйіндегі химиялық бөлшектер, , 8 сұйық және бутәріздес ылғал, 9 — статикалық электр желісі, 10 — адасқан токтар, 11 — биохимиялық әсерлер.

3.3 Жабын және аралықжабын

Қабатаралық жабындарға алдынала армтуралық жүктемеленген қуысты темірбетонды плиталар жоспарланған.

Кесте-1.4 Плиталар экспликациясы

Кесте 1.4

Реті

Маркасы

L

B

H

Саны

Барлығы

1

ПK-59.15

6400

1500

220

24

56

2

ПK-59.10

6400

1000

12

3.4 Шатыр

Шатыр деп ғимараттың жоғарғы жағын жауын-шашын, күннің ыстық кѳздерінен қорғайтын бѳлігін атайды. Шатыр, сонымен қатар ғимараттың салынып біткендігін білдіреді. Ша­тыр қоршау және кѳтергіш бѳліктерден тұрады. Шатыр арнайы ішкі суағар арқылы орналасқан. Шеткі қоршауышы парапеттен тұрады. Еңістігі i=0.5

3.5 Суағар

Суағар су келіп құйылатын түтікшеден және су жүріп өтетін құбырдан тұрады. Көп қабатты тұрғын үйдің құрылыснда суағардың екі түрі кеңінен қолданылады. Олар ішкі және сыртқы блып ұйымдастырылады. Суағарды ұйымдастыруы бойынша еркін және ұйымдастырылған болып бөлінеді. Еркін – жаңбыр және қар сулары барлық еңіс бойымен ағуын айтамыз, ал ұйымдастырылған – шатырдан аққан су науашамен ұсталанып, суағар құбырларына бағытталуы. Жобаланған ғимаратта ішкі суағар ұйымдастырылған.

Сурет 3.Су ағар

    1. Терезе

Терезе сыртқы қабырғалардың ойықтарында орналасқан жарық мөлдір қоршау. Терезе арқылы бөлмеге жарық түседі және де бөлмені желдету үшін де қолданылады. Терезе ғимараттағы ең басты жылу жоғалудың көзі боп табылады .

Бөлмелерді жарықтандыру және желдету үшін арналған сыртқы қабырғалардың ойықтарында орналасқан жарық мөлдір қоршаулар – терезелер деп аталады.

Жобаланып отырған ғимаратта терезенің сериясы I.214-78.Өлшемдері 1320×1760мм, 720×1760мм,1320×2060.

3.6 Есік

Қабырғалардағы немесе арақабырғалардағы жолды қозғалмалы толтыруды есік деп атайды. Есіктердің пайда болуы баспананы ішкі қауіптерден және ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғау үшін алғашқы кезде қолданған. Жобаланған ғимаратта ағаш және өртке төзімді есіктер қолданылады.Есікті ойықтар арқылы ғимараттың шектес бөлмелердің бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Жобаланып отырған ғимаратың есік өлшемдеі 1802×2400мм,1100×900.