- •Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-
- •Вайшешика
- •1. Атомистер
- •2. Милеттік мектеп (физиктер )- Фалес, Анаксимандр, Анаксимен.Милетті мектеп Ежелгі Грецияда б.Э.Д 6 ғ әрекет етіп, өзі қалыптасқан өаладан өз атауын алды. Милетта орта азиядағы ірі сауда полисі .
- •3. Эфестен шыққан Гераклит (6 ғ аяғы мен 5 ғ басы б.Э.Д)-философиялық бағыттың негізін қалаған ірі көне гректің материалист философ алғашында логикалық мектепке жататын.
- •Xvііі ғасырдың аяғы кезеңінде неміс жерінде философия жаңа толқынмен дами бастады. Бұл кезеңді бастап берген Имануил Кант болды.
- •Онтология(болмыс туралы философиялық ілім ретінді).
- •Ғасырлар
Ғасырлар
№48. ХVIII ғ. Француз ағартушылық философиясы: сипаты, ерекшелігі: Франсуа Вольтер, Шарль Луи Монтесккье, Жан-Жак Руссо
Ағартушылық кезең – мәдени-идеологиялық және философиялық болып табылатын, білім мен ғылымға, парасаттылыққа, адам құқығына, тарихи оптимизмге, прогресс пен құлықтылыққа, демократиялық қағидаларға негізделген дәстүр. Ол француздарда айтарлықтай мәнге ие болды: 18 ғасырдың басында – Вольтер, Монтескье, Ж. Мелье т.б. болса, 1740 жылдардан бастап, Ламетри, Дидро, Кондильяк, Руссо, Тюрго, Гельвеций, Гольбах т.б. философия тарихынан көрнекті орын теуіп, мынадай ұстанымдарды басшылыққа алды: ақылды жоғары қоя отырып, оны еркін ой-санаға ұмтылушылық, антидогматизм, антиклерикализм, саяси радикализм сияқты адамзат дамуындағы барлық мәселелерді шешудің құралы деп білді.
Вольтер Франсуа Мари Аруэ (1694 - 1778 жж.) — француз философы, жазушы, тарихшы, ағартушылықтың көрнекті өкілі. Негізгі шығармалары: «Философиялық хаттар», «Метафизикалық трактат», «Ньютон философиясның негіздемесі», «Сократ», «Қалталы философ¬иялық сөздік» т.б. Ол құдайдың болмысын дәлелдеудің жаңа тәсілін ұсынды, бұндағы аксиоматикалық тәсіл, алдымен, «Мен өмір сүремін, демек, бір нәрсе мәңгі өмір сүреді» деген тезиспен айғақталды. Бірақ бұндай дәйектеуді сынаушылар алдымен оның механикалық тұрпатты көзқарасын негізге алды. Вольтердің түсінігі бойынша құдайдың атрибуттарын талқылауға және оны бекітуге адамның мүмкіндігі жоқ. Ол барлық тәжірибеден тыс метафизиканы теология деп атады, Вольтер «тарих философиясы» терминін енгізді.
Монтескье Шарль Луи (1689 - 1755 жж.) — француз философы, тарихшы. Ол құдай материалды әлемнің обективті заңдылықтары бойынша әрекет ететін жаратушы құдайдың әрекеті туралы пайымдап, деизм ұстанымында болған. Философияның мақсаты – механика заңдарына бағынатын материя қозғалысының себепті байланыстарына қол жеткізу, кездейсоқ құбылыстардың артында да терең себептер жатыр. Сыртқы әлем тәжірибе нәтижелерін жалпылайтын ақыл ойдың қызметі негізінде адам санасында бейнеленеді дейді. Монтескьенің түсінігінде көптеген нәрселер адамды бағындырады — климат, дін, заңдар, басқару қағидасы, өткеннен алынған үлгі, әдет-ғұрып, дәстүр т.б. Бұдан жалпы «Халық рухы» құрылады. «Монтескье мемлекеттің сот, атқарушы және заңдық биліктерге бөлінетіндігі туралы теорияны негіздеді. Философия қанша жерден адамзаттың құлықтылық адамгершілік қағидаларын ұсына берсін, бұның бәрі билік арқылы бір сәтте қиратылады деп түсіндірді.
Руссо Жан-Жак (1712-1778 жж.) - француз философ-ағартушысы, саяси ойшыл, жазушы, ақын, драматург, педагог, өнер теоретигі. Негізгі шығармалары: «Өнер мен ғылым туралы ойтолғамдар», «Жаратылу және адамдар арасындағы теңсіздіктің негіздері туралы», «Қоғамдық келісім туралы немесе саяси құқықтың қағидалары», «Эмиль немесе тәрбие туралы», «Юлия немесе Жаңа Элоиза», «Уағыз» т.б. Ол ағартушылықтың баламалық өкілі ретінде ғана емес, этика мен эстетиканың дәстүрлі бірлігін ажыратушы болды, ғылым мен өнердің дамуынан адамдардың ақылы азғындады деп білді. Осындай өткір көзқарастары арқылы қуғындауға ұшырап, оқшаулана түсті. Ағарту дәуіріндегі натурализм, сенсуализм, табиғи құқық сияқты мәселелер талғампаздық талдауларға ұшырады, ол қоғамдық прогресті сынады. Прогрестің шеңгелінен шығуда Руссо табиғатқа «орманға барып, аюлармен бірге өмір сүру туралы» алармистік оралуды емес, адамның өзіндік табиғатына қайта оралуды көздейді, бұнда адам тұтастықты бұзбайтын қоғамның ажырамас бөлігі ретінде өзін іске асыру туралы айтылады: әрбір адам бәрімен мойынсұнып бірігіп, бірақ тек бұрынғыдай өзіне еркіндігі болуы тиіс деген холистік түсінікті ұсынды.
№49. XVIII ғ. Француз материализмі: Жюльен Ламерти, Дени Дидро, Гельвеций, Гольбах
Ламетри Жюльен Офре де (1709– 1751 жж.) - француз философы, дәрігер. Өзінің жаңа емдеу әдісін тәжірибеден өзі өткізу сәтінде қайтыс болған. Негізгі шығармалары: «Жанның табиғи тарихы», «Адам – машина», «Адам – өсімдік», «Эпикур жүйесі» т.б. Радикалды материализм мен механицизмнің жақтасы. Әлем түйсінілетін, ішкі белсенділіктегі, жайылған метерияның субстанциясының тұтастығы деп білді, оны органикалық емес, органикалық, жануарлық (адам да) патшалығы түрінде көрді. Өсімдіктер мен жануарлар арасында аралық тіршіліктілік – зоофиттер өмір сүреді, бұл адамдар мен жануарлар аралығында да бар. Табиғат эволюциясын бейнелей келе, барлық тіршілік иелерінің өзгергіштігін дәйектеп, преформизмді терістейді. Атеизм – көзқарастардың толық моральдік жүйесі, бақытқа жетудің жолы - атеизмді қабылдау деген тұжырымдарын дәйектейді.
Дидро Дени (1713-1784 жж.) - француз философы, ағартушылықтың идеологы, жазушы, өнер теоретигі. Негізгі шығармалары: «Қайырымдылық пен абырой туралы зерттеу», «Философтың ойлары»,«Табиғатты түсіндіру туралы ойлар», «д'Аламбердің Дидромен әңгімесі», «д'Аламбердің түсі», «Әңгіменің жалғасы», «Материя мен қозғалыстың философиялық қағидалары», «Сенеканың өімрі», «Клавдия мен Нерронның патшалық етуінің тәжірибелері», «Физиология элементтері», «Скептиктің бой жазу қыдырысы, немесе Аллеи», «Гельвецийдің «адам туралы» кітабын жүйелі түрде жоққа шығару»; философскиялық романдары: «Рамоның жиені», «Жак-фаталист және оның иесі». Ол 35 томдық энциклопедияны құруда белсенділік танытқан және төңірегіне бірнеше ағартушыларды жинаған. Сондықтан ол «кез-келген уақытта білмнің барлық саласына адамзаттық ақылды кескіндеуді күшейтудің жалпылама бейнесі» мақсатын қойды. Когнитивті оптимизмді қуаттай отыра, «біз түк те білмейміз» деген скептикалық тезистен қашқақтап, адамның әлем туралы бейнелеулері бірте-бірте «адамзат білімінің прогресі» арқасында дәлдікке қарай жақындай түсті десе, онтологиялық ілімдерінде материализмді ұстанды: «Әлемде тек бір ғана субстанция бар – жаратылмаған мәңгі материя». Ол іштей белсенді потенциалды өзіндік қозғалғыштықпен көмкерілген. Еркіндік пен қажеттілік, сенсуализм мен рационализм, туа біткен бейімділік пен тәрбиелік ортаның әсері т.б. тартыстар «парадокстар» болып табылады деп, өзінің тәсілін ол «Парадокстар әдісі» деп атаған.
Гельвеций Клод Адриан(1715-1771 жж.) - француз философы, ағартушылық пен материализмнің көрнекті ірі өкілдерінің бірі, француз буржуазиялық революциясының идеологы. Негізгі шығармалары: «Ақыл туралы», «Адам туралы, оның ақыл қабілеті және тәрбиесі туралы» т.б. Ол әлемнің динамикалық бейнесін былайша ұсынды: адам дүниенің бөлшегі болып табыла отырып, мәңгі өмір сүреді: онда даму мен қозғалыс жүріп отырады, бәрі туады, өседі, өледі, бәрі бір қалыптан екінші қалыпқа өтеді, материя кеңістік пен уақытсыз өмір сүрмейді, материя өзінің дамуының белгілі бір кезеңінде ғана түйсіну қабілетін ие болады деген көзқарастарын дәйектей келе, теизм мен деизмді жоққа шығарады, діннің шығу тегін адамдардың өлімнен қорқуынан, бір адамның өзге адамдарды алдауынан деп түсіндіріп, таным теориясында материалистік сенсуализм ұстанымын қуаттады, агностицизмнің қарсыласы болды, адам – санасы, ұмтылыстары, сезімдері бар тіршілік иесі және қоғамның негізі, адамдардың өзін сақтау мен өмірлік игіліктерге ұмтылуынан әлеуметтік үдерістердің кілтін табуға болады деп түсіндірді
Гольбах Поль Анри(1723-1789 жж.) - француз философы, француз материализмі мен атеизмінің негізін салушылардың бірі, 18 ғасырдағы француз буржуазиялық төңкерісінің идеологы. Негізгі шығармалары: «Табиғат жүйесі немесе физикалық және рухан әлемнің заңдылықтары туралы», «Әшкереленген христиандық», «Қалталы құдай туралы ілім», «Парасатты ой» т.б. Ол әлемнің философиялық бейнесін біртұтастық ретінде ұсынды, бәрі де бір-бірімен өзара байланыста, материя алғашқы, жаратылмаған және жойылмайды, табиғат адам санасынан тыс өмір сүреді және кеңістік пен уақыт бойынша шексіз, материя қандай-ма болмасын бір тәсілдермен біздің сезімдерімізге әсер етеді, қозғалыс материяның өмір сүру тәсілі дей келе, адамды эволюциялық тұрғыдан қарастырды; ол табиғаттың өзіндік әрекетінің өнімі және оның заңдылқтарына толықтай бағынады, оның мәні өзін сақтауға ұмтылу, барлық өмірлік қажеттіліктер мен игіліктерді игеруге талпыныс болып табылады. Қоғамдағы адам еркіндігінің өлшемі тұтастай қоғамның игілігі деп пайымдай отыра, таным ұстанымында агностицизмді, туа біткен идеяларды жоққа шығарады, пікір тумастан бұрын, салыстыру жүреді, сол туа біткен идеялар сияқты болып көрінеді дейді. Ақиқатты танылған зат пен суреттелген сапалардың сәйкестігі деп, практика ұғымының орнына тәжірибені алды. Адамдар тани алмайтын нәрселер әлемде болмайды, кездейсоқтық деп түсінілген құбылыстар олардың шығу себептерін білмегендіктен. Адам қажеттіліктердің құлы, ол өмірінде еркін емес. Гольбахтың пікірінше, қоғамдағы қайшылықтардың шешілуі адам ақылының прогресі мен қоғамдық пікірі болып табылады: «Әлемді пікір билейді», ал тарихты жеке адам жасайды. Қоғамдағы жеке адамдардың бақытты, не бақытсыз болуы, не әскери, не сенгіш, не сараң, не жете түсінбейтін болып шығуы тарихты жасаушыға байланысты. Мәселен, бір ашушаң әйелден, миллиондарды соғыстыру, қайыршылық т.б туады. Адамдар құдайды жасады, құдай адамдарда елес түрінде сақталады деген пікірлерін ұсынды.
№71.XIX-XX ғғ. Иррационалдық философиясының негізгі идеяларының дамуы және қалыптасуы. Өмір философиясы
Өмip философиясы - 19-20 ғасыр шекарасында Германия мен Францияда пайда болған, буржуазиялықфилософияның субъективті-идеалистік бағыты, кең мағынада өмірдің мақсаты, мәні туралы мәселелерді қарастыратын философия. Иррационалстік бағыт ретінде Германияда (Шопенгауэр, Ницше, Дильтей, Зиммель) және Францияда (Бергсон) 19- 20 ғасырлар аралығында пайда болды. Олар классикалық рационализмге қарсы тұрды. Философияның бастауы ретінде «өмір» ұғымын пайдаланады.
Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі арқылы тануға болатын өмір көрінісінің формасы және әлдеқандай бір алғашқы реальдық ретінде қарастырады. Бұл философияның пайда болуына биология немесе психология сияқты ғылымдарының жедел дамуы әсер етті. Өмір философиясындағы басты ұғым - өмірдің мәні мен мағынасын алуан түрлі, оны қай позициядан, қалай түсіндіруге байланысты. Мұндағы «өмір» ұғымы бәрінен бұрын тірі организм өмір сүріунің шарты ретіне биология-натуралисттік мағынасында қолданады. Сонымен қатар, «өмір» - дүниенің фбсолюттік шектік негізі болып табылады. Ол материя мен санаға қарағанда белсенді, көп мағыналы әрі мәнгі қозғалыста болады. Оны сезімдік немесе ақыл ой сатылары арқылы емес, тек түйсікпен ғана тануға болады, әрі діни толғаныстармен топшаланады. Өмір философиясы ішкі логикасы жағынан екі салаға бөлінеді: 1) Өмірді тек биология жағынан қарастырып, түсіндіріп биологиядық қасиеттерді шындық өмірдің барлық түрлеріне телиді.Бұл конспекция өмір философиясының психологиялық варианты деп аталады. 2) Өмірді рухани күштердің иррационалдық құбылуы ерік және ішкі толғыныс формасында қарастырады.Сонымен бірге өмір философиясының мәдениет философиясы немесе « тарихи » нұсқа деп аталатын түрі де бар. Бұл қағиданы жақтаушылар өмірді « ішкі » жағынан талдап түсіндіре отырып, тікелей ішкі толғаныстарға жүгінеді. Өмірдің мәнін адам жан дүниесі мен психологиялық тәжірбиелері арқылы емес, мәдени тарихи тәжірібиелер арқылы түсіндіріледі. Өмір философиясының жекеленген нұсқалардың принциптік айырмашылықтарға қарамастан, оның әр түрлі концепцияларының ортақ негізі бар. Ол - қаншылдық пен позитивизм ықпалына байланысты 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында кең тарап, үстем болған мотодологизмге қарсы күрес жүргізу. Қазіргі таңда, Өмір философиясы экзистенцириализм мен персонализмге ұстанып отыр.
№72. XIX ғ. волюнтаризмі: А. Шопенгауэр, Ф.Ницше
Волюнтаризм – болмыстың түпнегізі деп, ерік, ырықты санайтын бағыт.
Шопенгауэр Артур (22.2. 1788, Гданьск – 21.9.1860, Майндағы Франкфурт) – неміс философы, идеалистік бағыттың өкілі. Негізгі шығармасы “Ерік және түсінік ретіндегі әлем”. Шопенгауэр диалектика мен тарихилыққа, әсіресе, Гегельдің панлогизміне қарсы шығып, И.Кантқа бет бұрып, кантшылдықты платонизммен және волюнтаризммен ұштастырды. Шопенгауэр философиясының негізгі арқауы, жан-жақты бастама принципі – ерік. Ол үшін ерік – абсолютті бастама, бүкіл дүниедегі бар заттар мен құбылыстардың түп-тамыры, қайнар көзі мен түп негізі. Шопенгауэр шынайы философия материалистердің іліміндегі объектіден немесе идеалистердің іліміндегі субъектіден басталмайды, сананың алғашқы сатысы түсініктен басталуға тиіс дейді. Шопенгауэр ілімінде “дәйекті негіз заңы” объектінің формасы болады және ол болмыс заңы (кеңістік пен уақыт), себептілік заңы (материалдық дүние), логиканынң негіз заңы (ғылыми таным) және мотивация заңы (адамның әрекетке ынталануы) болып төрт түрде көрініс табады. Шопенгауэр философиясы өз заманында ескерілмей тек 20 ғасырдың орта кезінде таралып, иррационализмнің дамуына әсер етті.
Фридрих Уилһелм Ницше (нем. Friedrich Wilhelm Nietzsche; 1844ж. 15 қазан — 1900ж. 25 тамыз) — ХІХ ғасырдағы әйгілі неміс философы және филологы, иррационалды волюнтаризмнің Артур Шопенгауэрден кейінгі бірегей өкілі. Басты философиялық идеялары "Үстемдік еркі", "Бірегей", "Мәңгілік қайталаным", "Дионистік рух және Аполлондық рух", "Құндылық атаулыны қайта таразылау", "Перспективизм", "Құдайдың өлімі", "Tschandala", "Тіршілікті ұлықтау", "даралықтың тәуекелшілдігі", "Ақырласқан адам", "Дегдарлық және құлдық мораль" қатарлы ұғымдармен байланысты. Ф.Ницше бойынша адам, бір жағынан тек жәндік қана, ("жер бетіндегі бір түрлі ауыру түр"), ал екінші жағынан алғанда әрі бағалаушы, әрі тудырушы, әрі жаратушы. Оның шығармалары дінді, этиканы, эстетиканы, қазіргі мәдениет пен философияны, өнер мен ғылым салаларын жалпы беттік сынау мен қайта таразылауға негізделген. Ницше шығармаларының тілі өткір және көркем, адамды еліктірер өзгеше шеберлікке ие. Ол бейне ежелгі заманғы Гераклит секілді нақыл сөздер мен парадоксті тіркестерді қолданып[1] , түрлі әдеби тәсілдерді еркін пайдаланып, жанды да, жігерлі фиософиялық туындылар жазды. Оның қазіргі заман мәдениетіне ықпалы ерекше болды, әсіресе XX ғасырдағы экзистенциализм , постмодернизм, постструктурализм (Деконструкция), Герменевтика ағымдары Ф.Ницшені өздерінің тікелей ұстазы деп біледі және кейінгі көптеген философиялық, психологиялық, мәдени, әдеби, саяси теория жасаушылар арасында Ф.Ницшенің ықпалына ұшырамағандары кемде-кем. Ф.Ницше идеялары кейінгі неміс фашизміне тікелей қатысы жоқ, әйткенмен олардың Ницше идеяларын өз мақсаттарына бұрмалап пайдаланғаны байқалады.
№76. XIX Ғасырдағы орыс философиясының негізгі бағыттары: Cлавянофилдік және батысшылдық
Орыс философиясының ерекшелігі мен дәстүрі. Славянофилдер мен еуропашылдықтар. Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі XI-ХVІІ ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философия-с Кезеңі Қарастырған мәселесі Өкілдері көптеген идеяларын бойына сіңірді.
Алғашқы кезеңі – XI – XҮІІ ғғ. бұл кезеңді: Ерте кездегі орыс философиясы немесе орыстың ортағасырлық философиясы деген атауларға ие болады. Кезеңнің Ерекшелігі КиевтікРусьтің 988 ж. христиандық дінді қабылдауымен байланысты. Орыс философиясы славян халқының мәдениеті мен дүниетанымының ерекшеліктерімен және Византиялық православиялық философия және Антикалық философиялық идеялармен байланысты болды. * адамгершілік және мораль; * христиандықты уағыздау; * мемлекет, құқық, * табиғат * орыстық руханиятты сақтау; * азатттық үшін күрес; * мемлекет құрлысы, * таным. Орыс мәдениеті мен философиялық дәстүрінде ІХ ғасырда Кирилл мен Мефодий
жасаған жазба тілі өзіндік рөл атқарды. Иоанн Дамаскийдің «Білім қайнары», Иоанн Болгарскийдің «Алты күн» Владимир Мономах «Поучение» митрополит Илларион «Ізгілік пен заң туралы сөзінде» Монах Филарет (ХVІ) «Москва – үшінші Рим» Климент Солятич «Пресвитер Фомаға жолдама» Филипп Пустынник «Плач»
Екінші кезеңі XVIII ғ. ағартушылық дәуір философиясы * саяси-әлеуметтік мәселелер * соғыс және бейбітшілік; * таным; * құндылықтар; * ағартушылық, * деизм, * басыбайлылыққа қарсылық. Феофан Прокопович, В.Н. Татищев, Дмитрий Кантемир, М.В. Ломоносов «Жер қабаттары туралы», «Жылу мен ыстықтың себебі туралы толғаныстар», А.Н. Радищев «Тобылдағы досқа хат», «Еркіндік ордасы» «Ф.В. Ушаковтың тұрмысы», «Петербургтен Москваға саяхат», «Адам, оның өлімі мен мәңгілігі»
Үшінші кезеңі ХІХ ғ. орыс философиясы Декабристер, батысшылдар мен словянофилдер, революцияшыл-демократиялық, либералды философия Декабристер: * табиғи құқық, * құқықтық құрлыстың қажеттілігі, * басыбайлылықты жою, * адамның жееке бас бостандығы, * самадержавиені республикамен алмастыру Декабристер: П.Пестель Н. Муравьев, М.Лунин, В. Кюхельбекер, И. Кереевский Тарих философиясы * Тарихқа, мемлекеттер мен халықтар тарихына әсер ететін алғышарт – география деп санады. * крепостнойлықтың, орталық биліктің деспоттығының тереңінен тамыр жаюы Ресей территориясының кеңдігінен П.Я. Чаадаев Философиялық хаттар“ „Жындының апологиясы“. деп есептеді. * католиктік Батысты Ресейге үлгі ретінде ұсынды және Ресейдің Батыстан ерекшелігі оның ғаламдық миссиясында жатыр деп есептеген. Славянофильдер * Ресейдің өз болмысымен дамуын үгіттеді. Ресей ешқашан Батысқа бет бұрмай, ондағы индивидуализм, рационализм, екіге бөлінушілік сияқты идеяларды ескермеуі қажет дегенді ұсынды. * қоғамдық дамудың принципі православия, халықтық самодержавиясы болуы керек. * Русьтің еркіндік пен адамдар арасындағы ортақ құндылықтарды ардақтайтын соборлық туралы ой Русьтің еркіндік пен адамдар арасындағы ортақ құндылықтарды ардақтайтын соборлық туралы ой. * қоғамның тұтастығының негізі ретінде ортақ адамгершілік құндылықтарды мойындайтын азаматтардың еркіндігі мен ерекше жеке ерекшеліктерін сабақтастыратын әлеуметтік өмірқоғамның тұтастығының негізі ретінде ортақ адамгершілік құндылықтарды мойындайтын азаматтардың еркіндігі мен ерекше жеке ерекшеліктерін сабақтастыратын әлеуметтік өмір. * Ресейдің ерекше рөлі христиандық шіркеудің ақиқат ілімі, православияны ұстануында жатыр. Әрбір А.С. Хомяков, К.С. және И.С. Аксаковтар, Ю.В. Самарин, А.Н. Островский. мәдениет халық ұстанатын дінмен айқындалыды. Батысшылдар * Ресейдің дамуын Батыс Еуропаның тарихи жетістіктерін игерумен байланыстырды. * Олар Батыстық даму жолы - бұл жалпы адамзат өркениетінің жолы деп айқындады. Олар үшін рухани идеал –католиктік сенім. * Батысшылдар арасынан орыстың революцияшыл демократтары шықты. П.Я. Чаадаев, Грановский, К.Д., В.Г. Белинский А.Г. Герцен «Кім жазықты», «Табиғатты зерттеу туралы хат», «Табиғаттағы адамның орны туралы» Революцияшыл-демократиялық философия * әлеуметтік-саяси бағытылығы болды. * саяси және экономикалық құрлысты терістеп, өз ойларын ұсынды Н.Г.Чернышевский «Философиядағы антропологиялық принцип», Ф.М. Добролюбов, Д.И. Писарев, т.б. Халықшылдар ХІХ ғасырдың 60-70 жж. * орыс халқының төлтумалығына сүйене отырып, капитализмге соқпай социализм орнату идеясы * Орыс социализмінің экономикалық және рухани негізі орыс шаруаларының қауымы деп есептеді. Н.К.Михайловский, М.А.Бакунин, П.Л.Лавров Діни философия * орыстың келешегі
капитализмде, социализмде де емес ұлттық дәстүрде деп түсінді. * Дін –мемлекет тарихымен қатар, адам тағдырында да маңызды рөл атқарады. Ф.М. Достоевский «Қылмыс пен жаза», «Нақұрыс», «Ағайынды Карамазовтар», Л. Н. Толстой * еркіндіктің жолы – Жаратушының бұйрығына мойынсыну. * Құдай әлемдегі адамгершіліктің түпкі негізі болып табылады. (Достоевский( Либералды философия * Ілімінің негізі - Құдайды абсолютті бастама мен әлемдік дамудың мақсаты ретінде қарастырған біртұтастану идеясы болды. Әлемнің алғашқы бейнесін Құдайлық даналық – София кейпімен түсіндірген. софия – бұл әлемнің жаны. Әлем жаны Жаратушы мен жаратылысты байланыстырып, Құдай, Әлем және Адамзатты біріктіреді. * Құдайадам идеясы барлық индивидттер ұмтылатын мұрат болуы тиіс. * соборлық, біртұтастану және адамның абсолютті құндылығы. Соборлық дегеніміз-адамдардың бір-біріне және құдайға деген сүйіспеншілігі негізінде бірігуі. * адамның діни және әлеуметтік өмір сұраныстарын христиандық дін атқаруы тиіс деп есептеді. В. Соловьев (1853-1900 жж.) “Өмірдің рухани негізі”, “Ресей және Бүкіл әлемдік шіркеу”, “Табиғаттағы сұлулық”, “Сүйіспеншіліктің мәні”
Төртінші кезеңі ХХ ғ философиясы Діни философия * дін мәселесі, шіркеуге біріктіру, бұл арқылы қайғы-қасіреттен арылу (С.Н. Булгаков) * Шіркеу қоғамның рухани орталығы ретінде адамдарды діни негізде біріктіреді. Бірқұдайлық пен аскеттік өмір салтына жасау арқылы, әлемді өзгертуге қабілетті рух бостандығына үміт ету (Н.А. Бердяев) * дүние өзара байланыстар мен қайшылықтардын Діни филсофиясы (ХІХ ғ. аяғы –ХХ ғ. басы) өкілдері С.Н. Булгаков, П.А.. Флоренский, Н.А. Бердяев : “Бостандық философиясы”, “Шығармашылықтың мәні”, “Өзіндік таным”. тұратын тұтастық бұл – Құдайдың жалғыздығы мен беріктігінің белгісі (П.А.. Флоренский) Космизм * адам мен ғарыштың берік байланысы * тіршілктің үздіксіз эволюциясы * адамның ғарыштық табиғаты және жасырын рухани күщі, * адамның рухани мәнәнің ажалсыздығы; * ғарыш сансыз көп монадалардан тұрады, жер бетіндегі өркениет монадалардың өзара байланысы, өмірі арқылы іске асады (Н.В. Бугаев) * ноосфера – адамзат пен табиғат арасындағы байланыстан туындағын ақыл-парасат сферсы. Ноосфера кеңейеді, болмастың басқа сфераларын қамтып, ғарышқа таралады (В.И. Вернадский) * болмастың жоқтан бар болмайтынды, материяның мәңгілігі және негізі атомдар. Жер бетіндегі өркениеттен де басқа өркениеттер бар, өйткені космос – жанды. Адамзаттың космосты толық игеру, болашақта планетааралық өркениеттердің қатынасы болатындығына сену (К.Э. Циолковский) * космостық биология - тіршілк сферасы дамудың ішкі себептері, ғарыштық сфера сыртқы себептері болады. Жер бетіндегі өзгеріске әсер ететін – Күн. (А.Л. Чижевский) Н.В. Бугаев, В.И. Вернадский, К.Э. Циолковский, А.Л. чижевский Маркстік философия * қоғамдық саяси құрылымды өзгертуге байланысты практикалық бағыт * диалектикалық материализмді насихаттау * тарихтың материалистік түсінігін жалғастыру * әлемнің танылатындығы мен объективті шындықтың тіршілік принциптерін ұстану. Г.Плеханов «Социализм және саяси күрес” В.И. Ленин Ғылыми-жаратылыстық философия * Материалистік – болмысты жаратылыстану ғылымдар тұрғысынан қарастырды. Атаомдар құрылысының күрделігін, көптүрлілігін анықтады. Сананы материалистік тұрғыдан тұсіндірді. * Саяси-әлеуметтік бағыты қоғам мен табиғатты көпфакторлы біртұтас құбылыс деп қарады. Қоғам дамуына ықпал ететін географиялық, климаттық, экономикалық және т.б. факторлар, қоғам объективті заңдарға тәуелді. Материалистік бағыт Сеченов, Менделеев, Тимирязев. Саяси-әлеуметтік бағыт Мечников, Ковалевский Кеңестік дәуір философиясы * кеңестік дәстүрдің мықтылығы Н.И. Бухарин, А.Багданов, А.Ф. Лосев, Л. Гумилев, М. Мамардашивили. В. Асмус, Ю.Лотман.
Славяншылдық, словянофилдер — 19 ғ-дың 40 — 50 - жылдарындағы Ресейдегі қоғамдық ағым. Славяншылдық қоғамдық ой-пікір ретінде Ресейдің өзіндік тарихи даму жолы, ұлттық ерекшеліктері бар екендігін дәлелдеп, қорғау мақсатын көздеді. Олардың қарсыластары батысшылдар болса жалпыадамзаттық тұтастық көзқарасы тұрғысынан жалпыға ортақ тарихи даму үрдісі бар, сондықтан Ресейдің де батыс жүріп өткен жолды басып өтуі тиіс деп білді. Бұл өзара қарсы көзқарастар олардың арасындағы негізгі қарама-қайшылық болғанымен, бұл ымырасыздықтың терең философиялық тамыры, саяси мәні болды. Славяншылдық пен батысшылдық арасындағы тартыс бірімен-бірі ымыраға келмейтін жеке-жеке екі дүниетанымдық көзқарас қайшылығы болды. Славяншылдық дінді тарихи даму мен қоғамдық тұтастықтың негізі деп білген діни ілім болса, батысшылдар тарихи және филос. ғылымдардағы секуляризмге табан тіреген дінсіз көзқарас еді. Славяншылдық өз бастауын 19 ғ-дың 30 — 40-жылдарындағы И.В. Киреевскийдің, А.С. Хомяковтың, Ю.Ф. Самариннің еңбектерінен алып, [[Мәскеу]дегі] орыс ақсүйектері арасындағы талас-тартыстарда қалыптасты. Бұл пікірталастарға А.И. Герцен, Ш.Аксаков, А.И. Кошеловтар да қатысып, осы тақырыпқа өз шығармаларын арнады. Славяншылдық философиясының негізгі сипаттары, біріншіден, ақиқатты тану мүмкіндігі тек сезім арқылы, ақыл немесе сенімді жеке алғанда жүзеге аспайды, олардың тұтастығына жеткенде ғана мүмкін. Ақиқат ілімге жеке адам емес, шіркеулік топтың санасы ғана жетеді. Екіншіден, Славяншылдық адамның ерік-жігеріне назар аударып, адамдардың ар-ұятын тәрбиелеуге ден қойып, мемл. құқықтық реттеуді жоққа шығарды. Үшіншіден, тарихи дамуды, тұрмысты, мораль мен ой-пікірді анықтайтын тек діни сенім деп білді. Сондықтан ақиқат дін және шіркеу ұғымы олардың негізгі көзқарасы болды. Олар тек христиан дүниетанымы мен проваслав шіркеуі ғана адамзатты құтқарып, шындыққа бастай ал ады деп білді.
Батысшылдық бағыты Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт- бұл батысшылдық.Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен,Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин , Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский,И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты.Батысшылдар Ресейдің «Еуропаланды ру» идеясын насихаттады және қорғады.Олардың пікірінше , ел Батыс Еуропада бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде зкономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс. Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық- идеологиялық ағымы болып табылады.Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық идеясын негіздеді.Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты.Славянофильдіктің негізін қалаушылар:А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аксаков, Ю.Ф.Самариндер болды.
Славянофильдердің айтуынша «соборшылдықты» православиелік «шіркеулік қорғаудағылар» яғни православиелік «шіркеулік қорғаудағылар» ғана православиелік қауым мүшелері ғана игере алады, ал «бөтендер мен дінсіздер» оны қабылдай алмайды.Жоғарыда аталғандай славянофильдердің бастапқы тезисі Православиенің шешуші ролін бекіту болып табылады.Олардың пікірінше, дәл осы орыс жерін жаратқан «орыс рухын» қалыптастырады.
