- •23) Мұстафа Шоқай[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Өмірбаяны[өңдеу]
- •Балалық шағы[өңдеу]
- •Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі[өңдеу]
- •Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы[өңдеу]
- •Түркістан үкіметінің мүшелері[өңдеу]
- •Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы[өңдеу]
- •Ел тәуелсіздігі жолындағы күрескен алаш азаматы - м.Шоқай[өңдеу]
- •Өмірінің соңғы жылдары[өңдеу]
- •25) Қазақ кср Конституциясы 1937 жыл
- •Мемлекеттік құрылысы[өңдеу]
- •Ел басшылары[өңдеу]
- •28) Күштеп ұжымдастыру
- •29) Қазақстан индустрияландыру кезеңінде[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері[өңдеу]
- •Геологиялық зерттеу[өңдеу]
- •Голощекиннің Зеленскиді қоштауы[өңдеу]
- •30) Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Кеңес қоғамының дамуы жайлы идеялық-саяси күрес[өңдеу]
- •Сталинизм[өңдеу]
- •Қазақ акср-інің одақтас республика болып қайта құрылуы[өңдеу]
- •1930 Жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін[өңдеу]
- •Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары[өңдеу]
- •1930 Жылдардағы халықаралық жағдай[өңдеу]
- •Қазақ кср-інің соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы[өңдеу]
- •32) Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар[өңдеу]
- •33) Бауыржан Момышұлы
- •Соғыс алдында
- •Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары
- •Мәскеу үшін шайқас
- •35) Мәскеу шайқасы[өңдеу]
- •38) Соғыстан кейінгі жылдардағы тоталитарлық жүйенің күшеюі. Жеке басқа табынушылық.[өңдеу]
- •Қазақстан - лагерьлер өлкесі[өңдеу]
- •Соғыстан кейінгі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.[өңдеу]
- •Еңбек жолы[өңдеу]
- •39) Тың игеру
25) Қазақ кср Конституциясы 1937 жыл
"Qazaqтьn Soвeттi Soтsijalisтik Respuvвlijkasьnьn Konsтijтuтsijasь (Negizgi Zanь). Alma-Aтa. 1937"
1937 жылдың 26 наурызында Кеңестердің Бүкілқазақстандық Төтенше Х Съезінде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім мен 125 баптан тұрды. Ол жерде «КСРО Конституциясының 14-бабынан тыс Қазақ КСР өзінің егемендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өздігінен жүзеге асырады» делінген. 1937 жылдың Конституциясында экономикалық, саяси қорғаныс салалары бойынша өзара ықпалдастықты іске асыру мақсатында басқа да тең құқылы республикалармен еркін түрде одақтасуға құқылығы (13-бап), Қазақ КСР келісімінсіз территориясын өзгертуге тыйым салу (16-бап), жоғарғы республикалық және мемлекеттік биліктің жергілікті органдары қалыптастыратын, заңнаманы жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті және де азаматтар құқығын, салық салу т.б. мәселелерді қорғау бойынша республика саясатын жүргізу құқықтары бекітілген (19-бап). Сонымен қатар, сот пен прокуратура жүйесі қамтылған. Халық соттары аудан азаматтарының тарапынан құпия сайлау жолымен жалпы, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланып, сот ісін жүргізу қазақ тілінде, ал басқа ұлт өкілдері шоғырланған аудандарда олардың ана тілдерінде жүргізілуі тиіс болған (83-90-баптар). 1937 жылдың Конституциясында азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған: еңбек етуге құқылығы (96-бап), демалысқа құқылығы (97-бап), қартаю, ауру болу және еңбекке қабілетсіз болып қалу жағдайларында материалды қамтамасыз етілуге құқылығы (98-бап), денсаулық сақтау, сөз, баспасөз, жиын, митинг, көше шерулері мен демонстрацияларға еркіндік берілуі кепілдігі, тұлғаға, тұрғын-жайға, азаматтардың хат жазысу арқылы жеке хат алысуға дербес құқықтары, шетел азаматтарына саяси баспана беру құқығы.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысындаҚытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.
Мемлекеттік құрылысы[өңдеу]
Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалисттік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалды республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурыздабекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар менаудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.
