Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Labview шшшшшшпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

25.Array Subset қызметі туралы жазыңыз.

Массивтармен жұмыс істеу, оларды шығару және басқару операцияларымен жұмыс жасау үшін Function>>Programming>>Array палитрасында орналасқан функцияларын қолданамыз. Массивпен жұмыс істегенде ең көп қолданылатын функцияларға жататындар: Array Size, Initialize Array, Build Array, Array Subset, Index Array функциялары.

Array Subset – Index жолына түскен индекстан бастап, length жолына берілген ұзындық бойынша, массивтің белгілі бір бөлігін көрсетеді.

Мысалы мынандай массивті алайық:

7

4

2

4

4

4

Егер осы массивке Array Subset функциясын қолданатын болсақ, егер index жолына 2 мағынасын беріп, ал length жолына 3 мағынасын берсек массив келесі түрге айналады:

2

4

4

26. Index Array қызметі туралы жазыңыз.

Index Array- индекске сәйкес, мәні index кірісіне берілетін элементті көрсетеді. Index Array функциясын екі өлшемді массивтегі баған мен жолды белгілеу үшін және ары қарайғы подмассив түрінде жеткізу үшін қолдануға болады. Бұл үшін функцияның деректерді енгізу кірісіне екі өлшемді массив беруіміз қажет. Index Array функциясында екі index кірісі болуы қажет. Жоғарғы index кірісі- жолды көрсетсе, төменгі кірісі бағанды көрсетеді. Жолды немесе бағанды ​​таңдау үшін жеке элементті немесе тек бір өрісті таңдау үшін екі индекстік өріс пайдалануға болады. Index Array функция элементтi  немесе көрcетiлген нөмiрi бар массивтiң төменгi массивін қайтарады. Бұл функцияны шақыру үшін блок-диаграмма панелінен Functions-Programming-Array таңдау арқылы тауып аламыз.

27. Кластерлер

Кластерге әр түрлі типтегі дерек элементтерін топтастырады. Мысал ретінде Labview қателік кластері, ол логикалық, сандық және жолдық элементтерді біріктіреді. Кластер жазу немесе мәтін бағдарламалау тілдерінде құрылымына ұқсас. Дерек элементтерін кластерге біріктіру блок диаграмма байланыс ретсіздігін азайтады және subVI қосылу панеліндегі терминалдар санын азайтады. Қосылу панельіндегі максималды терминалдар саны 28 тең. Блок диаграммадағы көптеген кластер терминалдарымен басланысқан өткізгіштер қызғылт түске боялған. Қателік терминал кластерімен байланысқан өткізгіштер блок диаграммада қыша тәріздес түске боялған. Кейде нүкте деп аталатын сандық компоненттерден құралған терминал кластерлерімен байланысқан өткізгіш блок диаграммада қоңыр түске боялған. Біз қоңыр сандық кластерлерді санды өңдеу функциясына қоса аламыз, мысалы Add және Square Root, операцияларды бір мезгілде және кластердің барлық элементтері үшін орындау үшін.

Кластердің түрлері:

1.Bundle(кластерлік жинау)- элементтерден жаңа кластер жинайды.Кірісі:кластер элементтері,шығысы:кластер.

2.Unbundle(кластерлік бөлу)-кластерлі жеке элементтерге жіктейді.Кірісі:кластер,шығысы-кластер элементтері.

3.Bundle by name(кластерді атауы бойынша жинау)- берілген кластердің атауымен элементті алмастыру.Кірісі:кластер элементтері,кластер,шығысы:кластер.

4..Unbundle by name(кластерді атауы бойынша бөлу)-кластерлік элементтерді атауы бойынша бөлу.Кірісі:кластер,шығысы-кластер элементтері.

5.Build Cluster Array(кластерлік массив жасау)-Әрбір массивті кластерге түрлендіреді және барлық класстерді массив кластеріне жинақтайды.

Кірісі:массив,шығысы:массив кластері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]