Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК байлан.заттар 1(1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
938 Кб
Скачать
☆

Тақырыбы: Магнезиялық тұтқыр заттар

    1. Каустикалық магнезит пен доломитті өндірудегі шикізаттар

    2. Құрылыс қасиеттері мен қолдану салалары

4.1 Каустикалық магнезит пен доломитті өндірудегі шикізаттар

Магнезиалды байланыстырғыш заттарға каустикалық магнезит және каустикалық доломит жатады. Каустикалық магнезит табиғи магнезитті 750-850 градуста күйдіріп, одан кейін ұнтау арқылы алынады. Күйдіру нәтижесінде магнезит магний оксидіне және көміртегі (IV) оксидіне ыдырайды:

MgCO3 = МgО + СО2

Каустикалық доломит алу үшін табиғи доломитті тек магний карбонаты ғана ыдырайтын температураға дейін қыздырады да, одан соң диірменге тартып ұнтайды.

Басқа байланыстырғыш заттардан ерекше, магнезиалды байланыстырғыштарды сумен емес, түз ерітінділерімен, көбінесе хлорлы магний немесе магний сульфаты ерітінділерімен араластырады. Бұл жағдайда байланыстырғыш тез қатаяды, одан алынатын құрамы 1:3 (байланыстырғыш құм) тастың беріктігі артады, өйткені қатайғанда Mg(OH)2 бірге магнийдің су хлориды да (3MgOMgCl26H2O) түзеді. Магнезиалды байланыстырғыштардың беріктігі жоғары: R сығу 60-100 МПа; оларды ксилолит және фибролит деп аталатын ағаш үгінділері мен жаңқалары, кенеп сабағы т.б. өсімдік талшықтары негізінде жасалатын еден төсеуге қолданылатын тақтайлар, еденнің жіксіз негізін және дыбыс, жылу өткізбейтін бұйымдар өндіру үшін пайдалануға болады.

Магнезиалды байланыстырғыш заттарда активті магний тотығы көбейген сайын олардың беріктігі жоғарылайды. Сондықтан каустикалық доломиттің беріктігі каустикалық магнезитпен салыстырғанда 2 есе төмен.

Каустикалық магнезит ауада сақталса, ол өз белсенділігінен тез айырылады.Каустикалық магнезит ерітіндісі құрғақ жағдайда тез қатады. Қоюланудың басталуы 20 минуттан бастап 6 сағатқа дейін созылады. Магнезиялық тұтқыр заттың қысылуға беріктігі 60—100 МПа-ға тең.

Іі гидравликалық тұтқыр заттар

№5 Дәріс (3 сағат)

Тақырыбы: Гидравликалық әк және портландцемент

    1. Гидравликалық әктің күйдіру принциптері.

    2. Портландцементтің анықтамасы, құрамы мен классификациясы.

    3. Портландцемент өндірісінің технологиясы

    4. Портландцементтің қасиеттері

    1. Гидравликалық әктің күйдіру принциптері

Гидравликалық тұтқырларға суда, ылғалды және құрғақ ауа жағдайларында қатаятын, гидравликалық әкті, портландцемент пен оның басқа түрлерін, арнаулы цементтер — тампонажды, ұлғайғыш, түсті, сазбалшықты сияқты түрлерін жатқызады.

Гидравликалық әк. Оны құрамында 8-ден 20%-ға дейін балшығы бар мергельді әктасты күйдіру арқылы өндіреді. Шикізатты шахталы немесе айналмалы пештерде күйдіреді. Осылайша алынған өнімді диірмендерде ұнтақты жағдайға дейін майдалайды. Мергельді әктасты күйдіру процесінде шикізат құрамындағы кальций карбонатының ыдырауымен қатар, жеке-жеке кальцийдің, алюминийдің, темірдің силикаттары пайда болады. Сөнген және ұнтақталған сөнбеген әктерді сумен араластырғанда әктің қамыры пайда болады. Ұстасудан кейін гидравликалық әктің қатаюы, тіпті су мен ылғалдың әсері орын алған жағдайда тоқтамайды. Нашар гидравликалы әк суда жеңіл сөнеді, бірақ оның суға шыдамдылығы мен беріктігі күшті гидравликалық әкке қарағанда төмен (9-кесте).

Гидравликалық әктің нағыз тығыздығы — 2,2—3,0 г/см3, орташа тығыздыгы — 500—800 кг/м3. Гидравликалық әктің негізінде өндірілген бұйымдар алғашқы 7 тәулік бойына кебу жағдайда қатаюы керек, осы әк негізіндегі құрылыстық ерітінділерді қабырғалық кірпішті орнықтыруда, шой тастан іргетасты қалауда, сылақ жұмыстарында қолданады. Гидравликалық әктің сақтау уақыты 30 тәуліктен аспайды.

9-кесте. Гидравликалық әктің құммен аралас ерітіндісінің (1:3) беріктігі

Әктің түрі

Сақтау уакыты, тәудік

Беріктігі, МПа

кебу

жагдайда

сулы

жагдайда

созылуға

кысуға

Нашар гидравликалы

21

7

0,6

1,5

Күшті гидравликалы

7

21

1,0

5,0