Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стресс.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47 Кб
Скачать
☆

Стресстік факторлардың кілттік бағасы

Адам оқиғаларды қалай қабылдаса-стресс соған тәуелді. Субьективті бағаға потенциалды стресстік оқиғалар және көп факторлар әсер етеді. Ең негізгілері төрт фактор: Танысу дәрежесінің проблемасы, оқиғаларды басқару мүмкіндігі, оқиғалардың алдын ала болжай алудың белгісі.

Танысу

Біздің стресстік бағамызда  ең басты фактор танысу болып табылады. Стресстік жағдайларды үйреншікті ереже бойынша потенциалды стресстік  әдістер туралы аз білсек солғұрлым  ол үрей ретінде қабылданады. Жаңадан  келген парашютистердің секіруге дайындалу  жарысында, танысу стрессінің керекті екені көрсетілген. Бұл жағдайда жаңадан келгендердің жүрек қағысының жылдамдығы кәсіпқой парашютистердің жүрек қағысының жылдамдығына қарағанда көп болғаны көрсетілген. Бірінші емтихан, бірінші сахнаға шығу осы кездегі күй әдетте үлкен стресс болып табылады. Бірінші жағдай өткен қобалжуларды ұмыттырады.

Оқиғаларды басқару мүмкіндігі

Стресстік бағалауға әсер ететін тағы бір фактор, біз қаншалықты болып жатқан оқиғаларды басқаруымыз бойынша бағаланады. Стерн, Мак Кант және Петтин зерттеулерінде оқиға басқару ретінде қабылданса, онда олар басқаруға келмейтін оқиғаларға қарағанда стресс туғызатыны көрсетілген. Бірақ Джери Бергер басқарудың көбеюі стресстің көбеюіне әкелетіні туралы айтқан оның айтуы бойынша оқиғаларды басқару мүмкіндігінде позетивті және неготивті аспектілер бар.

Негативті аспект адам өзіне оқиға  шығуына үлкен жауапкершілік  алуына тұрады. өзін басқалар қалай  бағалайтынына көп мән беретін  адамдар, оқиғаны басқару мүмкіндігін  стресстік жағдай ретінде қарамайды.

Алдын ала болжам

Алдын ала болжам бұл-стресстік  жағдайларды алдын ала көру мүмкіндігі. әдетте былай болады: біз алдын  ала стресстің жағымсыз болуын қалаймыз. Денсаулығының нашарлауы немесе жұмыстан шығуы осындай күрделі  стресстер, алдын ала білсек кері әсерін азырақ тигізер еді. Алайда алдын ала болжам әсері күрделі болып табылады. Кейбір жағдайда адамдар оларды күтіп тұрған стресс туралы білгілері келмейді. Алдын ала болжам бағалығы стресске дайындалу үшін, біз бірдене істей аламыз ба осыған байланысты. Егер дайындық пайдасыз болса, (немесе біз өзіміздің дайын екенімізді сезсек) келе жатқан стресс бізді қобалжытады, әрине болайын деп жатқан жағдай бізге бұрынғысынанда  қорқынышты болып көрінеді.

 

Уақыт жақындығы

Егер сіз болайын  деп жатқан жағымсыз оқиға туралы білсеңіз, сол оқиға жақындаған сайын стресс үлкейе береді. Егер проблема болашақта болатын болса, ол онша қорқыныш тудырмайды. Бірақ проблема жақындаған сайын тынымсыздық, қобалжу ереже бойынша арта түседі. Шындыққа келгенде стрессті оқиға барысында емес, сол оқиғаны күткен кезде қатты сезесің.

Емтиханнан кейін студенттер «сұрақтарға  жауап берген оңай оны күткенге қарағанда» деп,-айтқан.

Қорыта айтқанда стресс бағасы-бұл  қиын процесс. Біз стрессті қалай  бағаласақ біздің әсерімізді де соған  байланысты.

Стресске деген әсері

Біздің стресске деген әсеріміз қиын әрі ұзақ мерзімді болып табылады. Стресс бізге бірден әрі жан-жақты әсер етеді. Мысалы: сіз өте асығыссыз, бірақ көптеген көліктердің ішінде жай жүруге тура келеді. Сіз жолға қарап қиналған кезде қозып, ашуланып, эмоционалды әсерді сезінесіз. Сіздің ішкі жан-дүниеңізде бәрі қысылып қан тамырыңыз қатты соққан сайын сіз стресске деген физиологиялық әсерді сезінесіз. Ал сіз басқа жүргізушімен ұрысқан кезде вербальды агрессия стресске байланысты мінез-құлқыңыз болып табылады. Осылайша біз стресстік әсердің үш түрін анықтаймыз, эмоционалды, физиологиялық, мінез-құлықтық.