- •Сурет 1.1 Галилео жүйесінің giove-a жерсерігі
- •Сурет 1.2. Галилео жүйесінің giove-в жер серігі
- •2 Позициялау тəсілдерінің классификациясы
- •2.1 Нүкте орнын анықтаудың абсолюттік жəне салыстырмалы əдістері
- •3 Глонасс өлшеулерді өңдеу әдістері,құралдары және тәртібі
- •Сурет 3.1 глонасс жер серігі сигналдарының құрылымы
- •Сурет 3.2 глонасс жерсеріктері
- •Сурет 5.3 gr10/gr25 жұмыстық жиынтығы
- •5.4 Тахеометрдің құрамдастары
- •Сурет 5.2 Базалық станцияның құрамдас бөліктері
- •5.3 Leica gr10/gr25 жұмыстық жиынтығы
- •5.5 Қабылдағышпен жұмыс істеу
- •5.6 Бағдарламалық қамтамасыз ету
- •5.7 Аспаптың құрамдас бөліктері. Cs10 контроллер
- •5.8 Пернетақта
3 Глонасс өлшеулерді өңдеу әдістері,құралдары және тәртібі
ГЛОНАСС жер серігінің жүйесі (ғаламдық навигациялық спутниктік жүйе, Ресей). Ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйесі 1978 жылы жасалған. ГЛОНАСС жер серігі сигналдарының құрылымы 3.1 суретте көрсетілген.GPS жер серігі 15 бита жазықтарында, əрқайсысы 8 данадан, экватор жазықтығына 64,80-қа көлбеу бұрышпен орналасады. Шеңберлі орбитаның биіктігі – 19 100 км. Ал жер айналасындағы серіктердің айналу периоды – 11сағ. 15мин 44 сек. Жер серігінің массасы – 1415 кг. Жұмыс істеу мерзімі – 3,5 жыл. Жүйедегі жердің навигациялық жасанды серіктерінің (ЖНЖС) жобалау саны – 24 жер серігі. 1982 жылдан бастап 74 ЖНЖС жіберілді. Орын анықтау дəлдігі - C/A- кодымен 30 метрді, ал Р-кодымен шамамен, 10 метрді құрады. 1998 жылы қаражаттың аз бөлінуінен GLONASS орбитасының топтамасы толық қамтамасыз етілмеді. Нəтижесінде жер серігінің саны 9-ға азайды. Ресей 2007 жылдың аяғында 18, 2010 жылдың аяғында 24 жұмыс істейтін жер серігін жоспарлаған. Соңғы деректер бойынша орбитада 20 жер серігі жұмыс істейді [1, 2].
Сурет 3.1 глонасс жер серігі сигналдарының құрылымы
GLONASS жүйесінің модернизацияланған GLONASS-M жер серігі 2004 жылы ұшырылып, пайдалануға берілген. GLONASS-M жер серігі азаматтық тұтынушыларға арнаған екі сигнал түрін жібереді жəне пайдалану мерзімі 7-10 жыл. Нүкте орнын анықтау жəне сигнал дəлдігі температуралық сағатты тұрақтандыруға байланысты екі есеге артты. Сонымен қатар GLONASS жүйесінің сенімділігі мен жұмыс істеу қабілеті арттырылған. Осы орайда, ғылыми өндіріс орталығында жаңа тоғыз GLONASS-M жер серігі жасалуда. GLONASS-M жер серіктері орбитада 2013 жылғы дейін жұмыс істейді деген болжам бар.
Ғарыштық технологияның қарқынды дамуына байланысты GLONASS жүйесінің жаңа буыны GLONASS-K жер серіктері 3.2 суретте көрсетілген ГЛОНАСС жер серігі сигналдарының құрылымы 16 ғылыми орталықпен жасалып сынақтан өткізілді. GLONASS-K жер серігінің салмағы GLONASS-M қарағанда, екі есе жеңіл, ал пайдалану мерзімі – 10-12 жыл. Үшінші жиілікте жұмыс істейді.
GLONASS-К азаматтық тұтынушыларға қызмет істеп 3 сигнал жібереді, сонымен қатар құтқару, іздеу жəне төтенше жағдайларға байланыстықосымшақызметкөрсетумүмкіндігібаринформациялық пакетті жібереді. Барлығы 27 жер серігіне тапсырыс беріледі деп жоспарлануда. ГЛОНАСС жер серіктерінің кейбір техникалық сипаттамасы 3.1 кестеде келтірілген.
Кесте 3.1
ГЛОНАСС жер серіктерінің техникалық сипаттамасы
Параметрлері |
ГЛОНАСС |
ГЛОНАСС-М |
ГЛОНАСС-К |
Алғашқы ұшырылым |
1982 |
2003 |
2007 |
Пайдаланудан шығарылуы |
2006 |
2013 |
2022 |
Жұмыс істеу мерзімі, жыл |
3-4 |
5-7 |
10-12 |
Салмағы, кг |
1400 |
1415 |
750 |
Жер серіктерінің ұшу саны |
3 |
3 |
6 |
Энерготұтыну, Вт |
1000 |
1600 |
1270 |
Азаматтық сигналдар саны |
1 |
2 |
3 |
Орын анықтау дәлдігі, м |
30 |
30 |
5-8 |
Арнайы сигнал саны |
2 |
2 |
3 |
Қазіргі таңда ғарыштық державаға айналған мемлекеттермен ГЛОНАСС құрамына кіру туралы келіссөздер жүргізілуде. Мысалы, ГЛОНАСС-К құрамына Қазақстан, Үнді жəне Сауд Арабия елдері кіруі мүмкін. Белгілі болғандай 2007 жылыРФ Қорғаныс министрлігі ГЛОНАСС жүйесінің ғаламдық навигациялық жер серігінен алынатын жəне қолданылатын геокеңістік информацияларына шектеуді алып тастады.
Осылай ГЛОНАСС жер серігінің радионавигациялық жүйесі қазіргі уақытта даму сатысында. Сонымен қатар, берілген жүйе жер серігінің əрекет етуші шоқжұлдызы GPS жүйесінің ЖНЖС-мен бір 17 қолданылады. Ол екі жүйенің де ЖНЖС сигналдарын қабылдауға есептелген пайдаланушы аппаратурасы (GPS қабылдағыштары) арқылы позициялаудың қолайлы жағдайын құруға мүмкіндік береді.
Барлық үш жүйенің ЖНЖС-нің радионавигациялық сигналдарын қабылдауға есептелген тұтынушы аппаратурасын құру, геодезиялық жəне навигациялық мəселелерді шешу жəне нəтижелердің дəлдігін жоғарылату сенімділік туғызады.
