Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТАРИХ ГОС ӨЗГЕРТІЛГЕН.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

92.Қазақ ксро жоғарғы Кеңесінің заң шығару қызметі.Президент қызметінің енгізілуі.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі (1937 – 91) Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасындағы (Қазақ КСР-і) мемлекеттік биліктің бір палаталы ең жоғары органы.Қазақстан КСРО құрамындағы одақтас республика болып құрылғанға дейінгі алғашқы кезеңде (1920 ж. қазан – 1936 ж. желтоқсан) республикада мемлекеттік биліктің заң шығарушы, өкім жүргізуші және бақылаушы органы міндетін Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасының (Қазақ АКСР-і) Орталық Атқару Комитеті (ОАК) (1925 ж. cәуір айына дейін Қырғыз (Қазақ) АКСР ОАК-і) атқарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес республиканың қарауына жатқызылған барлық мәселелерді шешуге құқылы болды, әрі оған республика аумағында жоғары заң шығарушы орган ретінде заң шығарудың бүкіл өкілдік билігі жүктелді. Оның құзырына Қазақ КСР Конституциясын, шаруашылық құрылыстағы, экономикалық, әлеуметтік-мәдени өмірдегі алуан түрлі мәселелер бойынша заң қабылдау және өзгерту, сондай-ақ құқықтық-нормативтік сипаты бар заңи құжаттарды, үкімет құрамына және Конституцияға өзгерістер енгізетін барлық жарлықтарды ресми түрде бекіту өкілеттігі берілді. Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР-нің экономикалық және әлеуметтік дамуы жөніндегі мемлекеттік жоспарларын, мемлекеттік бюджетін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітті. Жоғарғы Кеңес Төралқасының Төрағасын, орынбасарын, хатшысын, мүшелерін және үкімет мүшелерін, Жоғарғы сот мүшелері мен халық заседательдерін өз міндеттерін орындаудан мерзімінен бұрын босатуға өкілетті болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-сайлауы 1938 жылы 24 маусымда, ең соңғы 12-сайлауы 1990 жылы өткізілді.

Қазақ кср Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағалары

  • Әбдісәмет Қазақбаев (1938 ж. шілде – 1947 ж. наурыз),

  • Д.Керімбаев (1947 ж. наурыз – 1954 наурыз),

  • Н.Назарбаев (1990 ж. ақпан – 1990 ж. сәуір),

  • Е.Асанбаев (1990 ж. сәуір – 1991 ж. қазан);

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президенттігіне бүкілхалықтық сайлау өтіп, оның барысында Н.Ә. Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайыз дауысын алды. Жасырын дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінде ҚазКСР президенттігінен кандидат – Н.Ә.Назарбаев, ал вице-президенттіктен үміткер – Е.Асанбаев тұрды. Сол бүкілхалықтық президенттік сайлауға электораттың – 88,23 пайызы қатысып, президенттік басқару жүйесі заңдастырылды.  1990 жылы КСРО-да Президент лауазымы енгізіліп, 15 нау­рыз айында халық депутаттарының кезектен тыс өткен 3-съезінде М.Горбачев КСРО Президенті болып сайланған болатын. Осыдан кейін-ақ одақтас республика­лар­да президенттік институт жоғары билік жүйесі ретінде дендеп ене бастады. Ең алғаш­қылардың бірі болып Қазақстанда, Қыр­ғызстанда, Молдовада, Түрікмен­стан­да, Өзбекстанда президенттік институт енгізілді. Ал Грузия мен Украинада прези­дент­тік институт – 1991 жылы, Белоруссия­да 1994 жылы қабылданды. Сөйтіп, 1990 жылы наурызда КСРО-да президенттік басқару институтының енгізуіне орай, 12-інші сайланған республика Жо­ғар­ғы Кеңесі ұзақ пікірталастан кейін «Қазақ КСР Президенті қызметін бекіту және Қазақ КСР Конституциясына өзгеріс­тер мен толық­тырулар туралы» Заң қабыл­дап, осының негізінде сол жылы 24 сәуірде Н.Назарбаев Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланды. Бұл заң бойынша Президент, Жоғарғы Кеңес пен Министрлер Кеңесі арасындағы биліктік өкілеттіктер бел­гіленді.