Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZAKhSKIJ_Variant57-70.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
703 Кб
Скачать
☆

69. Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Клиникасы. Анықтамасы. Атриовентрикулярлы блокада.3 дәрежесі. Диагностика және емі. (экг сұлбасын сызыңыз)

Аритмия түрлері

Жүрек аритмиялары – жүректің электр импульсінің жиілігінің, жүйелілігінің және пайда болу көзінің патологиялық өзгерістерімен, сонымен қатар жүрекшелер мен қарыншалар сергуінің арасындағы байланыс пен реттіліктің бұзылуымен сипатталатын күй.

Аритмиялар қарыншалық және қарыншаүстілік болып бөлінеді. Қарыншаүстілік аритмия кезінде ЭКГ да өзгеріске ұшырамаған QRS тісшесі тіркеледі.. Ал қарыншалық аритмияда QRS тісшесі деформацияланған болып келеді.

Негізгі себептері

1. Миокардта құрылымдық және метаболизмдік өзгерістер мен жүрек қызметінің реттелуін бұзатын іштен туа болған және жүре пайда болған аурулар.

2. Экстракардиальды патологиялық процестерде жүрек – тамыр жүйесінің реттелуінің бұзылуы.

3. Жүрек қызметінің реттелуін бұзатын физикалық және химиялық әсерлер.

Анықтамасы

Атриовентрикулярлық блокадалар (АВ – блокадалар) – электр импульсінің жүрекше-лерден қарыншаларға өтуінің бұзылуы.

АВ – блокаданың ІІІ дәрежесі – импульстің жүрекшелерден қарыншаларға өтуінің толық тоқтауы. Жүрекшелер мен қарыншалар бір-біріне тәуелсіз түрде бөлек қозып, бөлек жиырылады.

Классификация

Тұрақтылығына қарай:

а) өткінші

б) ұстамалы

в) созылмалы (тұрақты)

Орнының деңгейіне қарай:

а) проксимальдық (жүрекшелер немесе АВ – түйіні деңгейінде)

б) дистальдық (Гис будасының бағаны немесе оның тармақтары)

Дәрежесіне қарай: 3 дәрежені ажыратады (І, ІІ, ІІІ).

Клиника

Бас айналу, бас ауру, жалпы әлсіздік

Диагностика және емі. (ЭКГ сұлбасын сызыңыз)

ЭКГ – белгілері:

1. Жүрекшелер және қарыншалар ырғағының арасындағы байланыстың толық үзілуі (атриовентрикулярлық диссоциация).

2. Р-Р және RR аралықтары тұрақты болып келеді, бірақ RR – ұзақтығы РР ұзақтығынан жоғары болады.

3. Қарыншалар жиырылуының саны 1 минутта 40 пен 60-тың арасында болады.

4. Қарыншалық комплекстер кеңімеген және деформацияланбаған.

Толық АВ – блокадасының дистальді түрінде қарыншалар жетекшісі Гис будасы сабақтарының бір тарамының бойында орналасады.

ЭКГ-лық белгілері:

1. Жүрекшелер және қарыншалар ырғағының арасындағы байланыстың толық үзілуі (атриовентрикулярлық диссоциация).

2. PP және RR аралықтары тұрақты болып келеді, бірақ RR ұзақтығы РР ұзақтығынан жоғары болады.

3. Қарыншалар жиырылуының саны 1 минутта 40-45 аспайды.

4. Қарыншалық комплекстер кеңіген және деформацияланған.

Емі. Толық АВ-блокадасының негізгі емі – ЭКС қою (имплантация жасау). Миокард инфарктісі мен толық АВ – блокада қоса кездескенде, уақытша эндокардиальды ЭКС орнатады.

70.Тітіркенген ішек синдромы. Жіктелуі. Қауіп факторы. Диагностикасы. Амбулоторлық жағдайда жүргізу тактикасы. Күндізгі стационарға және стационарға жолдауға көрсеткіш. Дәрігерлік еңбек сараптамасы.Динамикалық бақылау. Алдын алуы.

Тітіркенген ішек синдромы – органикалық аурулармен байланысы жоқ, кем дегенде 3 айға созылған ішектің, негізінен тоқ ішектің моторлық және секрециялық қызметінің бұзылуы.

Классификациясы.

ТІС төрт мүмкін варианттары:

  1. ТІС іш қатумен; 

  2. ТІС диареямен; 

  3. ТІС аралас түрі; 

  4. Жіктелуге келмейтін түрі.

Симптоматика негізінде классификация:

  1. ТІС ішек дисфункциясы басым;

  2. ТІС ауырсыну синдромы басым;

  3. ТІС метеоризмі басым.

Қауіп факторлары: жынысы әйел, отбасында ТІС-мен ауыратын адамның болуы, әдетте жасөспірім кезінде басталады, стресс, жалпылама үрей бұзылыстары (ТІС-мен байланысты), шамадан тыс бір затқа әуестік (ТІС-мен байланысты болуы мүмкін).

Диагностикасы: жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, нәжісті зерттеу(копрограмма), қарапайымдылар мен гельминттерге нәжісті жалпы клиникалық зерттеу, нәжісте жасырын қан анықталу(сапалық), патогенді және шартты патогенді микрофлораға нәжісті бактериологиялық зерттеу, іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясы, тотальды фиброколоноскопия, ультрадыбыстық диагностика комплексті (бауыр, өт қабы, ұйқы безі, талақ, бүйрек).

Амбулаторлық жағдайда науқастарды жүргізу тактикасы:

Медикаментозды емес ем: Режим: Жеткілікті түнгі ұйқы(7-8 сағат), телевизор көру және компьютермен жұмыс істеуді күніне 30-60 минутқа дейін шектеу, күнделікті таза ауада серуендеу, ойын ойнау, бірқалыпты физикалық белсенділік, психоэмоциональді тұрақсыздықты коррекциялау - аутотренинг, психотерапиялық шаралар. Диетотерапия: уақытылы тамақ қабылдау, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдау.Лактозалы, фруктозалы, сорбитті өнімдерді қабылдауды шектеу.

Медикаментозды ем:

Дәрімен емдеуді ішектің функциональдық күйіне қарап іске асырады.

Тоқ ішектің гипертонусы бар науқастарға М-холиноблокаторлар (метацин, пиренцепин), миотропты спазмолитиктер (но-шпа, папаверин т.б.) тағайындалады.

Ішектің тонусы төмендеген жағдайда прокинетиктер (домперидон, метоклопрамид, цизаприд) беріледі.

Іш өткенде лоперамид, қандыағаш бүршігінің тұрындысын (4,0:200, 1/3 стакан тұрындысын тәулігіне 3 рет) және басқа да антидиареялық препараттар тағайындалады.

Бактерия шамадан тыс өскенде эубиотиктер және басқа дәрілер қолданылады.

Ұйқы безінің секреторлық жетіспеушілігінде ферменттік препараттар беріледі.

Психотерапия жүргізу керек.

Күндізгігі стационарға және стационарға жолдауға көрсеткіш.

  1. аурудың ұзақтығы (ауырсыну синдромы, диарея немесе нәжістің кідіруі) 3 айға жуық;

  2. амбулаторлы емнің тиімсіздігі;

  3. ішектің органикалық патологиясын жоққа шығару қажеттігі.

Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы .

Іш күшті ауырып, ауру өршіген кезде, іш өткенде науқас адам 7-14 күн бойы еңбекке жарамсыз болып есептеледі.

Динамикалық бақылау.

Аурудың болжамы жағымды, бірақ ауыр дәрежелі науқастарда болжам нашарлайды. Ағымы созылмалы, қайталамалы, бірақ үдемелі емес және асқынусыз. Ішектің қабыну ауруларының және колоректальды рактың даму қаупі ТІС-мен ауыратын науқастарда жалпы популяциядағылармен бірдей.

Алдын алу.

Тамақтану режимін сақтау, дәлелденбеген дәрілік препараттарды қолданбау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]