- •Стандартты математикалық функциялар
- •Жобаға жаңа форма қосу жолдары қандай?
- •Формаға компоненттерді орналастыру жолдарын атаңыз?
- •Компоненттердің өлшемдерін орнату және ығыстыру тәсілдері қандай
- •Айнымалы деген не
- •Жергілікті және ауқымды айнымалылар
- •Өрнектердегі типтерді түрлендіру. Типтерді келтіру
- •Тармақталу операторлары а) Шартты оператордың жазылу форматын көрсетіңіз б) switch таңдау операторларының жұмыс принципі қандай?
- •TLabel компоненті
- •For(инициализация; өрнек; модификация) операторлар;
- •While (өрнек) оператор
- •Мәтіндік ақпаратты енгізу және бейнелеу компоненттері
- •2) Функциялармен жұмыс. Функция аргументтері
- •Батырмалар, басқарушы элементтер
- •2) Көрсеткіштер және массивтер
- •Билет № __11_
- •1. Меню компоненттері .
- •2. Жолдармен жұмыс
- •Билет № __12_
- •1. Панельдер.
- •TLabel компоненті
- •Edit, MaskEdit компоненттерінде енгізілетін және шығарылатын мәтін AnsiString типті Text қасиетімен анықталады. TEdit компоненті
- •2. Құрылымдар мен біріктірулер
- •Билет 13
- •Билет 14
- •Файлдар. Файлдармен жұмыс
- •1Сурак Графикалық бейнелерді тұрғызу .
- •2Сурак. А)fprintf және fscanf функцияларын сипаттаңыз
- •1Сурак Графика және мультимедиа
- •2Сурак а) fwrite және fread функцияларын сипаттаңыз
- •1. Қолданбадан сыртқы программаларды жүктеу жолдары
- •2. А) Графикалық режимді тағайындау
- •2. Файлдық мәліметтерді өңдеу
- •Fwrite және fread функцияларын пайдалану
- •Fgets және fputs функцияларын пайдалану
- •Айнымалы деген не
- •Жергілікті және ауқымды айнымалылар
- •Өрнектердегі типтерді түрлендіру. Типтерді келтіру
- •Тармақталу операторлары а) Шартты оператордың жазылу форматын көрсетіңіз б) switch таңдау операторларының жұмыс принципі қандай?
Жобаға жаңа форма қосу жолдары қандай?
Кез келген қолданбаның негізгі элеменнті форма – басқа визуалды және визуалды емес компоненттер орналасатын контейнер болып табылады. Форма маңызды визуалды компонент болып табылады және кез келген қосымшаның орталық бөлігі.
Жобаға жаңа форма қосу File/New Form командасымен орындалады. Әрбір автоматты түрде құрылатын форма үшін C++ программа файлына оны құрудың сәйкес операторын СreateForm әдісі арқылы қосады.
Форманы құру және оны пайдалану кезiнде:
OnCreate - құру;
OnShow – бейнелеу;
OnReSize – өлшемін анықтау ;
OnActivate –белсенділігі;
OnPaint – сурет; оқиғалары тізбектей пайда болады. Олар пайда болу ретiмен көрсетілген.
Форманың көрiнетiндiгiн басқаруды басқа тәсiлмен Show және Hide әдiстерiн пайдалана отырып, орындауға болады. Show процедурасы модалды емес режимде форманы бейнелейдi, ал Hide процедурасы форманы бұғады.
Формаға компоненттерді орналастыру жолдарын атаңыз?
C++Builder арнайы класс- компонент (components) ұғымын енгізеді. Компоненттің қасиеттері объектілер атрубуттарын білдіреді, ал олардың әдістері компонентті кластардың сәйкес даналарына амалдарды орындауды іске асырады.
C++ Builder-де форма қолданбаның негізі болып табылады. Қолданушы интерфейсін құру форма терезесіне компоненттер деп аталатын C++ Builder объектілер элементтерін қосумен қорытындылады Компоненты C++ Builder компоненттері компоненттер палитрасында орналасады. C++ Builder жеке компоненттер құру және компоненттер палитрасын баптау мүмкіндігіне ие.
C++ Builder-де компоненттер көрінетін (визуалды) және көрінбейтін (визуалды емес) болып бөлінеді. Визуалды компоненттер қолданбаны орындау кезінде жобалау кезіндегіндей пайда болады. Визуалды компоненттер мысалдары батырмалар және редакцияланатын өрістер. Ал визуалды емес компоненттер жобалау кезінде формадағы пиктограммалар түрінде пайда болады. Олар қолданбаны орындау кезінде көрінбейді.
Компоненттерді орналастыру үшін
standard, additional, win32 және т.б. терезелерден қажетті компонетті таңдап форма бетін тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шертесің;
қажетті компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шертесің
Компоненттердің өлшемдерін орнату және ығыстыру тәсілдері қандай
Кез келген компонетке әр түрлі өзгерістер енгізсе болады, соның ішінде оның өлшемін өзгерту де жатады. Компоненттің өлшемін өзерту үшін оның қасиеттер панеліндегі Height(биіктігі) және Width (ені) қасиеттеріне қажет параметрлерін енгіземіз.
Компонеттердің өлшемін өзгертумен қатар, оны әр түрлі жаққа ығыстырса болады, Alignment қасиетінде:
tpTop – жоғарғы бөлікте;
tpBottom – төменде;
tpLeft – сол жақта;
tpRight – оң жақта
Айнымалы деген не
Айнымалылар латын әріптері мен цифрларының кез – келген тіркесі түрінде беріледі. Айнымалы деп программаның орындалу барысында әртүрлі мәндерді қабылдайтын шамалар.
Айнымалылардың негізгі типтері: int — бүтін сандар типі.(int x; int y=37;) double, float — үтірі бас сандар типі.(float a; double b; float pi=3.14;) Char — символдық тип (Char q; q='w'; Char t;) String — сөздер, жолдар типі. (String str; String tost=«Ал, не дейміз енді))»;) Boolean — логикалық тип.(Бұл типпен кейінірек «очно» танысамыз)
Машиналар сондай ақылсыз, оларда жолай түсініп кету деген жоқ. Айнымалымен жұмыс істеу үшін міндетті түрде алдымен бір рет ЖАРИЯЛАУ керек. Ол үшін оның типін және атын көрсетеміз. Мысалға, int x; (бұдан түсінетінімз x бүтін санды айнымалы, 5 болуы мүмкін, 777 болуы мүмкін, әйтеуір бір бүтін сан).
