- •1 Дипломдық жобалау бағдарламасы
- •1.1 Дипломды жобалау міндеттері
- •1.2 Дипломдық жобаның тақырыптары
- •1.3 Дипломдық жобаға (жұмысқа) қойылатын талаптар
- •1.4 Дипломдық жобаның құрылымы
- •2 Дипломдық жобаның түсіндірме жазбасының мазмұнына әдістемелік нұсқаулық
- •2.1 Аннотация
- •2.2 Технологиялық бөлімі
- •2.3 Аналитикалық бөлім
- •2.4 Есептеу және жобалау бөлімі
- •2.5 Эксплуатациялық бөлім
- •2.5 А Арнайы бөлім (дипломдық жоба)
- •2.5Б Ғылыми-зерттеу жұмысы (дипломдық жұмыс)
- •2.8 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- •2.9 Қосымша
- •3 Дипломдық жобаны (жұмысты қорғау)
- •4 Түсіндірме жазбаның мәтініне қойылатын талаптар
1.3 Дипломдық жобаға (жұмысқа) қойылатын талаптар
1.3.1 Дипломдық жоба(жұмыс) қиындық дәрежесі бойынша ЖОО оқыған кездегі алған теориялық білімге және практикалық дағдыларға сәйкес келуі тиіс.
1.3.2 Жобалар (жұмыс), әдетте, практикалық маңызға және нақты кәсіпорын мен ұйымның негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Жұмысқа қабылданатын бітіруші бакалавр кәсіпорынның жұмыс жағдайларын ескере отырып және олардың болашақ дамуына, өсуіне және ұсынылатын жобаларды (жұмыстарды) ендіру есебін ескере отырып,техникалық, технологиялық және экономикалық мәселелерді шешу тиіс.
1.3.3 Дипломдық жоба (жұмыс) кәсіпорындағы (ұйымдағы)бар техниканы және технологияны,кешенді автоматтандыру және механизациялау өнімділігін жоғары құралдарын ендіру, ақпараттандырылған технологиялар, заманауи кәсіпорынның өндірістік формаларын және еңбекті қалыпты санитарлық жағдайларын, эргономика мен еңбек қорғауды ұйымдастырып, ынталандыруды ұтымды ету мүмкіндігін ескеру керек.
1.3.4 Студент дипломдық жобада (жұмыста) міндетті:
кәсіпорынның жұмыс тәжірибесіне, теориялық және негізгі ұстанымдарына, құралдардың жеке элементтері мен жүйелерді жетілдіру мақсатына негізделе отырып,жобаның (жұмыстың) мақсаттарын дұрыс тұжырымдау және жобалау;
ағымдағы ережелерді, нұсқауларды және басқа да нормативті құқықтық актілерді қолдану қабілеттігін көрсете білу;
тиісті салада стандартты шешімдерді кең қолдану;
типтік мәселерді мен есептемелерді шешу мақсатында бағдарламалық жүй»елекрді мен ПЭЕМ қолдану;
жаңа патенттерді пайдалану;
қазіргі заманғы бизнес жоспарлау, технико экономикалық талдау мен есептеулер әдістерін қолдану;
баламалы шешімдерді қарастырып, ұсынылған шешімдерден ұтымды шешімін таңдау;
қажетті ғылыми зерттеулерде жаңа техника мен технологияларды қолдануды негіздеу;
1.3.5 Әрбір дипломдық жоба (жұмыс) ерекше және жеке сипатқа ие болуы тиіс.
1.3.6 Түсіндірме жазба элементтерін және секциялардың келесі ретін ұсынамыз:
а) титул парағы (А ҚОСЫМША);
б) жобалауға және жобаны орындау кестесіне тапсырма (Б ҚОСЫМША);
в) үш тілде аннотация (қазақша, орысша және ағылшынша);
г) жобаның (жұмыстың) мазмұны;
д) кіріспе (ГОСТ 2104-68 бойынша негізгі мөр жазуы);
е) технологиялық бөлім;
ж) аналитикалық бөлім;
з) есептеу-жобалау бөлімі (дипломдық жоба үшін);
и) эксплуатациялық бөлімі
к) арнайы бөлім (дипломдық жоба үшін);
л) ғылыми-зерттеу бөлімі (дипломдық жұмыс үшін);
м) еңбек қорғау;
н) қорытынды;
о) пайдаланылған әдебиеттер тізімі (Г ҚОСЫМША);
п) қосымша (спецификациялар, кестелер және т.б.).
Дипломдық жобаны (жұмысты) құрудың жалпы принципі жалпы бөлімнен жеке бөлімге біртіндеп өту болуы тиіс. Қарастырылатын мәселе бастапқыда жалпы қарастырылып (мәселе неге пайда болды, оны шешу жолында қандай мәселелер туындайды, оны шешу үшін қандай әдістер бар, қандай жалпы ұстаным негізінде оны шешуге болады), содан кейін егжей тегжей шешу әдістері талқыланады.
1.4 Дипломдық жобаның құрылымы
Дипломдық жоба жалпы және арнайы бөлімнен құралады. Сызба түрінде іске асырылады. Өз кезегінде түсіндірмелік есептеу жазбасымен баяндалып, келесі бөлімдерден құрылуы тиіс.
Бөлімнің атауы |
Ұсынылған парақтар саны |
Кіріспе |
2 |
1.Технологиялық бөлім |
5 |
2. Аналитикалық бөлім |
5 |
3. Есептік жобалау бөлімі |
15 |
4. Эксплуатациялық бөлімі |
15 |
5.Арнайы бөлім (дипломдық жоба үшін) |
15 |
6. ғылыми зерттеу жұмысы (дипломдық жұмыс үшін) |
15 |
7. Еңбекті қорғау |
5 |
Қорытынды |
1-2 |
Мазмұны |
1 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
1 |
Қосымша |
- |
Барлығы |
65…70 |
Түсіндірме жазбаның күйде қысқаша сипаттамасы үш тілде, орысша,қазақша және ағылшынша жазылады.
Графикалық бөлімі КҚБЖны сақтай отырып, А1 форматында,5-6 парақта,компьютерлік графиканы пайдаланы отырып жүзеге асырылады.
Әрбір парақта мөр,дипломды жобалауға кафедрасымен қабылданып, студенттің қолы, жетекшісінің қолы және кафедра меңгерушісінің қолы болуы тиіс.
