Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ішкі секреция бездері физиологиясы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53 Кб
Скачать
☆

Гонадотропты гормондар

Фоллитропин – везикулярлы фоллкулалар дамуын үдетушін, яғни әйелде аналық без дамуын қадағалайды. Еркектерде сперматогенезді тездетіп, сперматозоидтардың өсуін жеделдетеді.

Лютротин (лютеинизирующий) – аналик, және аталық бездер – тестостерон мен прогестрон түзілуін күшейтеді. Бірақ әсері міндетті түрде фоллитропинмен бірге немесе ошак кейін болуы керек..

Пролактин – сүт бездеріне әсер етеді, әсері эстроген мен прогестроннан кейін туындайды.

Гипофиздің артқы бөлігі голрмондар вазопрессин – қан қысымын арттырады; және окситоцин – жатырды жиырылтады. Екеуінің қосындысынан туратын гипофиз сығындысы - питуитринде осы екі эффект те бар. Вазопрессиннің екінші әсері- антидиурездік – несеп бөлінуін азайтады. Әсер ету орыны – бүйректегі төмен бағытталған Генле ілмегі, дисталды иірім түтіктер, жинағыш түтіктер. Гормон әсерінен бүйректе сездық кері сіңірілуі артады.

Гипофункциясы қантсыз диабетке әкеледі

Интермедин – гипофиздің ортаңғы бөлігі гормоны – меланотропиндер терінің өңін тигмент түйіршіктерін алмастыру арқылы анықтайды.

Эпифизде меланотопин өндіріледі, ол меланофорларға (пигмент жасушалары) әсер етеді, интермединге қарсы әсер. Теріні ағартады, жыныстық дамуды тежейді.

Ұйқы безі гормондары

Аралша бөлімі ішкі секрециялық функция атқарады. Альфа жасушаларда – глюкагон, бета – инсулин.

Инсулин қандағы қант көлемін азайтады, бауыр мен бұлшық еттерде глюкозадан гликоген синтезін үдетеді, жасуша мембранасының глюкозаға өтімділігін арттырады, ұлпалардағы судың жиналуын қамтамасыз етеді, амин қышқылдарынан белок синтезделуін арттырады, белоктар мен майлардан көмірсу түзілуін тежейді. Инсулин пепсин мен тұз қышқылына бай асқазан сөлі секрециясын арттырады, асқазан қозғалысын үдетеді. Инсулиннің турақты азаюы диабетке – қантты дәр шығаруға соқтырады. Ал көбеюі – гипогликемиялық шоққа әкеп соғады.

Гликагон – фосфорилазаны активтендіру арқылы көмірсу алмасуына қатысады. Инсулинге сезімталдықты жояды.

Ваготонин – парасимпатикалық жүйке талшықтарының активтілігін арттырады.

Центропнеин – тыныс алу орталығын қоздырады, гемоглобиннің өттегін тасмалдауын арттырады.