Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DERMA_OTVETY.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆

32) Қышыманың диагностикасымен клиникалық көрінісі

Аурудың өзiне тән белгiлерi - қолдың саусақтарының арасында, кеуде мен iштiң, санның, аяқтың терiсiнде  бөртпелердiң   пайда болуы.

     Қышыманың  ерекшелiгi-  ауырған адамның денесi әсiресе түнде қатты қышиды. Терiнi үнемi қасығанда оған микробтар  түсiп,  қышымаға   терiнiң iрiңдi  жұқпасы қосылып, ауру әрi қарай асқынып кетедi. Қышымаға қарсы арнаулы емдi  терi ауруының дәрiгерi  ғана жүргiзедi. Ауырған адам өзiн-өзi емдеуге  болмайды.      Тексеру  нәтижелерiне қарағанда     қышымамен  әлеуметтiк  жайсыз және тұрмысы нашар отбасындағы адамдар  жиi ауырады. Терісінде қызыл дақтар пайда болады.Қарау кезінде : теріде буындардың бүккіш беттерінде шынтақта, дененің бүйірлерінде, саусақ араларында,іште , жыныс ағзаларының сыртқы беттерінде қышыма жолдары байқалады, ұсақ суланған күлдіреулер, қышу іздері байқалады.

Диагностикасы:

ЖҚА ,ЖЗА ,Анамнез,Клиникасы ,Микроскопиялық зерттеу

Ол үшін қышыма жолдарына тамшы вазелин майын тамызады , содан кейін соскоб алады .

Микроскопияда дәрігер қышыма кенесін және оның экскрименттерін және жұмыртқаларын көреді .

33. Педикулездің диагностикасы, клиникалық көрінісі. Биттеу (син. педикулез) – адамда биттердің паразиттеуі, шағу нәтижесінде болатын терінің өзгерістерімен бірге жүреді. Адамның денесінде биттің үш түрі кездеседі: бастың, киім-кешектің және қасаға биті.

Бастың биттеуі бас биттерімен шақырылады, аталығының көлемі 2-3 мм, аналығы 2,5-4 мм. Биттердің өмір сүру циклі жұмыртқа тастағаннан жыныстық жетілген дараға дейін шамамен 15 күнге дейін созылады. Сіркелер сұр-ақ түсті және бір қарағанда жақсы көрінеді. Бастың биті қанмен қоректенеді, олар қанды 2-3 күнде бір рет сорып алады. Олар 10 күнге дейін аштықты көтере алады. Қанды сорған кезде биттер терінің бетінде өзінің сілекейін қалдырады. Нәтижесінде сілекейдің тітіркендіру әсерінен шаққан жердің орнында қышыма басталады. Бас битінің берілуі науқас адаммен тікелей контакт болғанда, жалпы бас киімді, орамалды, тарақты пайдаланғанда берілуі мүмкін. Бас биттері риккетсиоздар тобының (бөртпе, қайталамалы сүзек және т.б.) жұқпалы аурулар тасымалдаушылары болып табылады. Күшті қышу пиодермияның дамуына ықпал етеді.

Емі. 10% сулы сабынды-керосинді эмульсия (50 г шаруашылық сабыны, 50 мл керосин араластырып, 1 литрге дейін су құю), оны шашқа 30 минут жағып қояды, сосын шашты сабынмен жуады; 0,5% перметрин ерітіндісін («Ниттифор» немесе «Лонцид») – 50 мл (1 орам) бір өңдеуге (басқа 5 мин. жағып қойып, сосын басты жуып тастайды, кейін сірке қышқылымен шаяды). Басты жуып болғаннан кейін өлген жәндіктерді тісі жиі тарақпен тарап тастайды. «Валитен» лосьонын басқа 15-20 минут жағып қояды, содан соң сабынмен немесе сусабынмен жуады. Препарат битті де, сіркелерді де өлтіреді. 0,15% карбофостың сулы эмульсиясын басқа 15-20 минут жағып қояды, ол битті дамуының барлық сатысында өлтіреді.

Киім-кешек биті. Түсі сұр-ақ түсті, көлемі 2-ден 5 мм болып келеді. Биттің бұл түрі төсектік жаймалардың, көйлектердің қыртыстарында, әсіресе денеге тиіп тұратын тігістерінде жиі кездеседі. Педикулездің бұл түрінде тері жамылғысының киімге тығыз тиіп тұратын бөліктері (иықтары, арқаның жоғарғы жағы, қолтық асты ойықтары, мойын) жиі, ал іш терісі, бел және шап-жамбас аймақтары сирек зақымданады. Бет, бастың шашты бөлігі, табан және башпайлар зақымданбайды. Киім-кешек битінің жиі кездесетін асқынуы екіншілік пиодермия (вульгарлы эктима) болып табылады.

Емі: киімді сабынмен жиі жуу және дезинфекция жасай отырып ауыстыру. Қышыған жағдайда теріні күніне 2-3 рет 4% карбол немесе 1% ментол спиртімен 7-10 күндей сүртеді. Төсек жаймаларын және іш киімді қайнату керек, сонан соң ыстық үтікпен үтіктейді. Сыртқы киімді дезинсекциялық камераларда өңдейді.

Қасаға (фтириаз) биттеуін қасаға биттері шақырады, көлемі 1,5х1,0 мм, өте кең денелі, крабқа ұқсас болып келеді. Жұқтыру көбінесе жыныстық қатынас кезінде болады, бірақ іш киімдер және төсек-орын заттары арқылы жұғуы да мүмкін. Қасаға биттері қасағада, жыныс мүшелерінде, анус айналасын мекендейді. Кейде олар дененің басқа да бөліктерінде, яғни, түк басқан кеудеде, іште, бөксе, қас, кірпік, сақал-мұрттарда да болуы мүмкін. Онша қатты қышымайды. Қасаға битінің шаққан жерлерінде көбінесе тұрақты, сұр-көк түсті, дөңгелек немесе сопақша сызбалы, диаметрі 1 см дейін жететін дақтар түзіледі.

Емі: 0,15% карбофостың сулы эмульсиясы, «Лонцид», «Ниттифор», 20% бензилбензоаттың сулы эмульсиясы, валитен (бұл заттарды зақымданған жерлерге жағып, 15-20 минуттан кейін сабынды жылы сумен жуып тастайды); 5% күкірт немесе қара жақпа майы. Қасағадағы түкті қырып тастап, теріні сабынмен жуу.

Педикулез немесе битшеңдік паразитарлық ауруларға жатпайды, ол адам денесінде биттің паразиттік өмір сүріп, оның қанымен қоректенуі, яғни шашта, мұртта, қаста және т.б. ересек биттердің, олардың жұмыртқаларының және личинкаларының, яғни сіркелердің паразиттік өмір сүруі. Битті жұқтырған адаммен тығыз қатынаста болғанда, сондай-ақ онымен ортақ заттарды пайдаланғанда педикулезді жұқтырып алуға болады.

Санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтамаған жағдайда бит қоғамдық моншалардан, душтардан, жатаханалардан, қонақ үйлерден, жолаушы поездарынан жұғады. Ересек биттердің өмір сүру ұзақтығы 30 күн, сондықтан тек қарапайым жолмен яғни басты жуу, кірді жылы сумен жуу арқылы битті және оның салған жұмыртқаларын жою мүмкін емес. Оларды өте жоғары температурада ғана жоюға болады (15 минуттан кем емес уақытта қайнату немесе бу арқылы зарарсыздандыру, киімдерді екі жағынан тігістеріне көңіл аудара отырып , үтiктеу). Денедегі, іш-киімдегі, киімдегі, басқа да заттардағы әрбір даму сатысында табылған битті (жұмыртқа, сірке, ересек бит) жоюға бағытталған дезинсекциялық іс-шаралар бір уақытта жүргізіледі. Шашта биттің саны аз болғанда ( жұмыртқаларын қосқанда 1-10 дана) оларды қолмен, яғни механикалық әдіспен тазалаған тиімді, ол үшін жүзі жиі тарақпен тарап, шашты қиып немесе алып тастаған дұрыс. Алынған шашты жинау үшін қағаз немесе резеңке төсемше қолданылады, оларды шашпен және битпен бірге жағып жібереді. Шашта биттің саны орташа және көп болғанда (жұмыртқаларын қосқанда 10 дана және одан да көп) битті жоюға арналған арнайы инсектицид сусабындары қолданылады, дәріханаларда сатылатын »Ниттифор», «Антибит» «Педилин» және т.б. сусабындарын пайдалануға кеңес береміз, нұсқауларына сай қолдану керек.

Бас педикулезімен күресу үшін препараттардың жұмсалу нормасы

Өнеркәсіптік препарат

Қолдану түрлері

Жұмсау нормасы

Экспозиция

Препаратты алып тастау

Карбофос*

0,15% су эмуль-сиясы

10-15 мл

20-30 мин

Жылы сумен жуу

Сульфидофос*

0,06 % су эмуль-сиясы

50 мл

10 мин

Бензилбензоат

20% сулы-сабын-ды суспензия

10-15 мл

20-30 мин

Сулысабынды – ке-росинді эмульсия (50 г сабын+ 50 г ке-росин +900 мл су)

10 % эмульсия

10-15 мл

1-2 сағат

10% сірке қышқылымен шайқап тастау

Бор майы*

5 %

10-15 г

20-30 мин

Пиретрум

Ұнтақ. Өнеркә-сіпте оралған

10-15 г

30 мин – 1 саға

Қышыма қотыр-бұл жұқпалы, терi ауруы, оның қоздырғышы -қотыр кенесi болып табылады. Адамның терісіне түскен соң, қотыр кенесi жылдам көбейе бастайды, 10 күннен кейін қотыр кенелері салған жұмыртқалардан ересек кенелер пайда болады.

Қотыр кенелері науқаспен тiкелей тығыз қатынаста болғанда және олардың пайдаланған төсек жаймаларын және iш киiмдерiн, киiм-кешектерiн, жеке тазалық заттарын(сүлгiлерiн, жөкелерiн және т.б.)пайдаланғанда жұғады.

Қотыр кенелерi төсек жаймаларын және iш киiмдердi қайнатқанда, ыстық үтікпен үтiктегенде тез жойылады. Қышыма қотырдың негiзгi ошағы-отбасы болып табылады, себебi қышыма қотырмен ауырған адамдар дәрiгерге кеш қаралады, көп жағдайда терідегі бөртпелерді аллергия деп есептейді де айналасындағы адамдарға таратады.

Аурудың жасырын кезеңi 10 күннен 1,5 айға дейiн созылуы мүмкiн. Аурудың өзiне тән белгiлерi - саусақтардың арасында, кеуде мен iштiң, санның, аяқтың терiсiнде бөртпелер пайда болып, тері қышиды.Қышыма қотырдың өзіндік ерекшелігі- қотыр кенелерi түнде қоректенiп, көбейетіндіктен терінің қышуы түнде өрши түседі. Аурушаңдықтың ең жоғары деңгейi күз және қыс айларында- мектептерде, оқу орындарында жаңа ұжымдар қалыптасқанда тіркеледі. Қышыма қотырмен ауырған науқастардың ең көп саны күз-қыс мезгілдерінде- жалпы білім беретін және оқу орындарында жаңа ұжымдар қалыптасқан кезде тіркеледі. Қотыр кенесі науқастардың киімдері мен жеке гигиеналық заттарын пайдаланғанда жұғады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]