Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
D2.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61 Кб
Скачать
☆

4.3 Стандарт білім алушының әлеуметтік қорғалуын, педагог қызметкерлердің әлеуметтік және кәсіби қорғалуын қамтамасыз етеді.

Орта білім беру құрылымы

5.1 Осы Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартымен білім берудің сабақтастық және үздіксіздік қағидаттары негізінде қызмет ететін білім берудің мынадай деңгейлерінің негізгі ережелері регламенттелген:

- нормативтік оқыту мерзімі 4 жыл болатын оқытудың бастауыш білім беру деңгейі(1 - 4 сыныптар, оқудың басталуы – 6 жастан);

- нормативтік оқыту мерзімі 6 жыл болатын негізгі орта білім беру деңгейі (5 – 10 сыныптар);

- нормативтік оқыту мерзімі 2 жыл болатын орта білім беру деңгейі (жалпы орта білім беру) (11 – 12 сыныптар).

5.2 Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты – білім алушылардың оқу іс–әрекетін меңгеруі және олардың жеке қасиеттерін ашу үшін жағдай жасау.

Бастауыш мектепте оқу-іс әрекетін ұйымдастыру оқу, жазу, санауды үйренуге керекті білім, білік, дағдылар жүйесін игертуді, осы деңгейдің түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

5.3 Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.

Негізгі мектепте оқу іс-әрекетін ұйымдастыру жеке тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру миханизмдерін, ғылыми таным мен ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін меңгеруін, кәсіби ниеттерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Білім алушыларды болашақ оқыту бейінінің бағытын саналы түрде таңдауға даярлауды жүзеге асыратын мектептің психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастыру қызметінің жүйесі ретінде бейіналды дайындығы енгізіледі.

Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.

5.4 Жалпы орта білім беру деңгейінің негізгі мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.

5.5 Бейіндік оқыту: жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық, технологиялық бағыттар және оларға сәйкес келетін типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асады.

 

5.6 Орта білім беру оқу бағдарламалары бейіндік оқытудың (базалық пәндер) барлық бағыттарында оқып үйрену үшін міндетті және техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарының білім беру оқу бағдарламаларының мазмұнына кіреді.

«Өнер» білім беру саласы

«Өнер» білім беру саласын оқытудың жалпы мақсаттары:

- эмоциялық орта мен эстетикалық талғамын, көркемдік-іс әрекетінің негізгі дағдыларын қалыптастыру;

- рухани мәдениеттің, тіршіліктің эмоциялық-құндылықтық ынталарының ажырамас бөлігі ретінде оқушының көркем мәдениетін қалыптастыру;

- қазақтың және Қазақстанның өзге де халықтары мен әлемдік қауымдастықтың ұлттық және кәсіби өнерінің озық үлгілерін саналы түрде қабылдауға тәрбиелеу.

6.3.5.1 «Өнер» білім беру саласындағы оқытудың нәтижелері

а) Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушы:

- өнер туындыларының мазмұны мен көңіл-күйін бейнелі түрде қабылдай алуы, олардың көркемдік тұстарына эмоциялық жауап қатуы, қарым-қатынас жасауда және мақсатты оқу үдерісінде өзінің түсінігін ауызша көрсете білуі;

- мазмұны, орындау сипаты, көңіл-күйі бойынша әртүрлі өнер туындыларын ажырата алуы;

- танымал өнер туындыларының бейнелерін (өз халқының, басқа халықтардың)қарапайым талдай, бағалай, сәйкестендіре білуі;

- негізгі көркемдік материалдар мен аспаптарды қолдана білуі;

- өнер түрлерін көрсетудің негізгі құралдарын білуі;

- өз халқының және өзге де халықтардың дәстүрлі өнері мен кәсіби өнерін білуі;

- бейнелеу ілімінің бастамасы, көркем құрастыру және орындау шеберлігінің негіздерін игеруі;

- өнер саласында жиі кездесетін арнайы терминдер мен ұғымдардың мәнін түсіне білуікерек.

ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- әралуан өнер түрлерінің ерекшіліктерін, олардың жанрдағы, стильдеріндегі және көркемдік мазмұндарындағы байланыстарын түсіне білуі;

- түрлі тарихи кезеңдердің өнер туындыларын түсіндіре алуы;

- стиль, дүниетаным және т.б. тұрғыдан түрлі жанрлар, әр дәуірдегі халықтардың өнер туындыларын талдай алуы;

- қазақ халқының тарихи қалыптасқан өнер түрлерін және олардың осы заманғы жағдайын білуі керек.

б) Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- Қазақстан мәдениетінің әлемдік мәдениеттегі ролі мен орнын және оның Қазақстан мәдениетінің қалыптасуына әсерін білуі;

- сан алуан өнер түрлерінде тарихи қалыптасқан ағымдар мен бағыттарды білуі;

- өнер саласының негізгі ұғымдары мен терминдерін қолдана білуі;

- мәдениет, өнер мәселелері жөніндегі пікірталастар мен қарым-қатынастар үдерісінде ұстамдылық танытуы;

- өнердің адам өмірінің түрлі салаларымен (әлеуметтік қатынастар, саясат, мораль, дін, ғылым және тағы басқа) байланысын түсінуі;

- мәдениетті әлеуметтік өзара ықпалдасу ретінде түсінуі, соның ішінде - түрлі ұлттар мен діни конфессиялардың әрекеттестігін ескеруі;

- көркемдік бейнелерді түсіндіре алуы керек.

«Технология» білім беру саласы

«Технология» білім беру саласын оқытудың жалпы мақсаттары:

- әлемнің қазіргі заманғы ғылыми көрінісіндегі технологияның рөлі мен орны туралы түсініктерді қалыптастыру;

- технологиялық ойлауды, жобалау әрекетін ұйымдастыру негіздерін, графикалық мәдениетін қалыптастыру;

- технологиялық және техникалық іс-әрекет саласында қолданбалы міндеттерді қою және шешу сынағының тәжірибесін қалыптастыру;

- түрлі қызмет саласында технологияларды пайдалану;

- еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып табысты дербес іс-әрекетке дайындау.

«Технология» білім беру саласындағы оқыту нәтижелері

а) Бастауыш білім беру деңгейінде білім алушы:

- түрлі материалдардың қасиеттерін және оларды пайдалану тәсілдерін білуі; қолөнер кәсібінің негізі жөнінде алғашқы түсінігінің болуы; безендіру-қолданбалы өнердің түрлерін, әралуан қызмет және мамандық түрлерін, графикалық бейнелеуді орындаудың негіздерін (нобай,сызба,схема) білуі;

- қарапайым құралдардың қолдану аясын және олардың әсер ету қағидаларын, техникалық қондырғылар мен машиналарды пайдалану аясын білуі; қол саймандарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтай алуы;

- өндірілетін өнім мен қызметтің пайдалылық шамасын түсіне алуы;

- берілген үлгідегі заттардың сызбаларын оқи алуы және орындай алуы;

- қолда бар материалдарды пайдаланып үлгі, сурет, сұлба, эскиз, сызба бойынша бұйымдарды жасай алуы;

- нобайлағыш бөлшектерінен обьектілерді модельдей білуі;

- табиғи материалдардан бұйымдар жасай алуы керек.

ә) Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- түрлі материалдарды өңдеу технологиясын білуі;

- қол және механикалық аспаптарды, құрал-жабдықтарды қолдануда еңбек қауіпсіздігінің ережелерін білуі және пайдалануы;

- графикалық бейнелеудің әралуан түрлерін (сұлбалар, сызбалар, схемалар, белгілер) дәстүрлі және қазіргі заманғы графикалық компьютерлік технологияларды пайдаланып, түрлендіру іс-әрекетінде қолдана алуы;

- графикалық модельдерді, сұлбаларды, сызбаларды, символдарды зерттеу және жобалау іс-әрекетінде қазіргі заманғы графикалық компьютерлік технологияларды пайдалана алуы;

- сыртқы белгілері бойынша материалдарды таңдай білуі және әртүрлі технологияларды пайдаланып бұйымдарды дайындауы (үлгі, суреті, құрама схема, сұлба, сызба бойынша);

- бұйым жасау немесе өнім алу үшін технологиялық операциялар алгоритмдерін құрып, қолдана алуы;

- ұлттық және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, түрлі материалдардан қарапайым сәндік-қолданбалы бұйымдарды жасай алуы;

- экономика мен әлеуметтік саланың түрлі секторларындағы кәсіптік іс-әрекет ерекшеліктерін дәлелдей алуы;

- аспаптар, машиналар, жабдықтар мен құрылғыларды (соның ішінде компьютерлерді) пайдалану арқылы өнім алуды немесе бұйым жасай алуды білуі керек.

б) Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушы:

- бұйымның (өнімнің) жасалуының технологиялық үдерісін білуі;

- бұйымның дизайнын таңдау дағдысын меңгеруі;

- еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздерін түсінуі;

- өндірілетін өнімнің немесе қызметтің экономикалық және әлеуметтік әсерін бағалай алуы; әралуан іс-әрекет салаларында өнім алудың технологиясын жобалай және жасай алуы;

- сәндік-қолданбалы өнердің элементтерін осы заманғы дизайн-жобасында қолдануы; техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтай алуы;

-өз мамандығын таңдауын негіздей білуі керек.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]