- •1.Өзбекстан Республикасының машинақұрастыру саласының ерекшеліктері.
- •2.Тәжікстан Республикасының экономико-географиялық, геосаяси жағдайларының ерекшеліктерін және әкімшілік-аумақтық бөлінісін сипаттау.
- •3. Тмд елдерінің ішіндегі мамандандырылған шаруашылық түрлері.
- •1. Тмд жеңіл өнеркәсіп саласына сипаттама.
- •2. Армения елінің экономико-географиялық жағдайы.
- •3. Ресей Федерациясының экономикалық жағдайына swot анализ.
3. Тмд елдерінің ішіндегі мамандандырылған шаруашылық түрлері.
Қазақстан Республикасы- Ауыл шаруашылығына, мысалы, мәдени өсімдіктер өсірумен, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар жатады. Ал өндіріс құралдары мен (отын, металл, машиналар) тұтыну тауарларының негізгі бөлігін өндіретін барлық кәсіпорындар өнеркәсіпті құрайды. Сол сияқты, білім беру - оқу орындарының, ал денсаулық сақтау— медициналық мекемелердің жиынтығы болып саналады.
Шаруашылық салалары салааралық өндірістік кешендерді құрайды. Бұл елдің экономикасының үшінші деңгейі.
Сонымен, салааралық өндірістік кешен дегеніміз - бір-бірімен тығыз байланысқан және ортақ ақырғы өндіріс нәтижесі бар салалардың үйлесімі.
Өндірістік сала немесе материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді (азық-түлік, энергия, металл, машина, үй) жасайтын барлық қызмет түрлерін қамтиды.Өндірістік емес сала әр түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Олардың біреулері - халыққа, екіншілері - кәсіпорындар мен мекемелерге, ал үшіншілері екеуіне де қызмет көрсетумен шұғылданады.
Материалдық емес өндіріс мекемелері ірі және тез дамып келе жатқан қызмет саласы, ол министрлер қызметінен (елді баскару) шаштараз бен даяшының қызметтеріне дейінгі түрлерді қамтиды.
Ресей Федерациясы- өтпелі экономика тән индустриялы-аграрлы ел. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты ел экономикасы терең дағдарысқа ұшырады. Біртұтасмемлекет құрамында болған елдер тәуелсіздігін алған соң, олардың арасындағы тығыз экономикалық байланыс үзілді. Мұның өзі жаңа экономикалық одақ құруға түрткі болғанын білесіңдер. Ресей экономикасында жүрген экономикалық қайта құрулардың басты бағыттары мынадай болды: 1) экономикалық әрекетке еркіндік берілуі; 2) экономиканы басқаруда және реттеуде мемлекет үлесінің азаюы; 3) мемлекет меншігінің акционерлік ұжымдар мен жеке адамдар меншігіне өтуі.
Украина- Елдің ауыл шаруашылық құрылымында өнім көлемі жөнінен егіншілік пен мал шаруашылығы бірдей дерлік орын алады. Дегенмен соңғы жылдары мал шаруашылығының өнім көлемі қысқарып келеді.Украинаға ауыл шаруашылығы мамандануының зоналық сипаты тән. Өсімдік шаруашылығы дәнді және техникалық дақылдарды өсіруге маманданған. Өсімдік шаруашылығының дамуына ел аумағында дала және орманды дала зоналарының басымдығы алғышарт болады. Елдегі жыртылған жерлердің жалпы ауданы — 33 миллион 291 мың га. Астықты алқаптар жалпы егістік көлемінің жартысын алып жатыр.
Беларусь Республикасы- Беларусь Кеден одағына, БҰҰ-на, ТМД-ға мүше. Ресей Федерациясымен Беларусь арасында қол қойылған (1999, желтоқсан) шартқа сәйкес жаңа одақтық келісім жасалынды. Беларусьта химия өнеркәсібі, автомобиль және трактор жасау, қорғаныс өнеркәсіп кешендері, электр бұйымдарын шығару, ет-сүт, ауылшаруашылығы және т.б. өндіріс салалары дамыған. Республикада қалий, тұз, көмір, мұнай, темір, фосфорит кен орындары бар.
Молдова- Молдованың шаруашылық кешендеріндегі алдыңғы орынды ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау және жеңіл индустрия алады. Сонымен қатар электр энергетикасы мен құрылыс материалдарын дайындау өнеркәсібі де дамыған. Тамақ өнеркәсібі әр түрлі шаруашылығы өнімдерін өңдеумен тығыз байланысты. Оның консервілеу, қант, шарап жасау, май шайқау және темекі сияқты салалары бар. Бау-бақша дақылдарын консервілеу өнеркәсіптері тасымалдауға қиындық туғызады. Өндірістердің көбі республиканың оңтүстік-шығыс шоғырланған. Зауыт Кишинев, Кагул, Тирасполь, Бендеры сияқты ірі қалаларда салынған.
Армения- Соңғы онжылдықта ТМД-ның басқа да жас тәуелсіз мемлекеттеріндегі сияқты, Арменияда да экономиканың құлдырауы басым болды. Кеңестік дәуірмен салыстырғанда халықтың әл-ауқаты да төмендеп кетті. Қазіргі кезде ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткіші бар болғаны 560 АҚШ долларына тең (бұл ТМД бойынша ең төменкөрсеткіштердің бірі). Елдегі жұмыссыздар саны 109 мың адамға жеткен, бұл ЭБХ-тың 9%-ын құрайды. Жұмыссыздық деңгейі бойынша Армения ТМД елдері арасында 1-орын алады.
Түрікменстан- өнеркәсібінің негізгі маманданған саласы мұнай-газ кешені болып саналады. Түрікменстан жылына 84 млрд м³ газ өндіреді және халықаралық маңызы бар газ кен орындары Чарджоу облысының солтүстігінде орналасқан.
Түрікменстанда жылқы өсіру дамыған. Түрікменстан – асыл тұқымды ахалтеке сәйгүлігінің Отаны. Түрікменстанда 7 мыңдай ахалтеке сәйгүлігі бар, оларды шетелге сатуға тыйым салынған.
Тәжікстан- Кеңестер Одағы тараған соң бұрынғы экономикалық-әлеуметтік байланыстардың үзілуі және ішкі саясаттағы қақтығыстар елді экономикалық тығырыққа алып келді.Шаруашылықтың барлық салаларында тұралау байқалды. Әсіресе бұл жағдай өнеркәсіпте айқын байқалды. Нарықтық экономика көшіне ілесе алмай, бір шетте оқшау қалып қойған ел экономикасы қалпына келу үшін уақыт пен қомақты қаржы қажет. Елдегі барлық басқару тетігі мемлекет қолында жинақталған, бұл өз тарапынан шетел қаржыгерлерінің белсенділігіне тежеу болуда. 2008 жылғы мәліметтер бойынша, Тәжікстанның ЖЮ-нің жалпы мөлшері 5,05 миллиард АҚШ доллары, оның 30%-ы енеркәсіптің, 29%-ы ауыл шаруашылығының, ал қалған 41%-ы өндірістік емес салалар үлесіне тиесілі.
Қырғызстан- қой малының саны мен жүн өндіруден ТМД елдері арасында Ресей мен Қазақстаннан кейін 3-орын алады. Соңғы жылдары қой саны 4,5 млн басқа дейін қысқарды. Негізінен, биязы жүнді, жартылай биязы жүнді қойлар бағылады. Тауалды белдеуі мен орта таулы аудандарда етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал, биік тауларда қодас өсіріледі. Жылқы малының саны салыстырмалы түрде кеп (300 мың бас), Қазакстанда бұл көрсеткіш 985 мың басқа жеткен. Таулы аудандардағышаруашылықтарда қырғыз халқының сүйікті сусыны — қымыз дайындалады. Ыстықкөл жағалауында асыл тұқымды жылқылар есіретін шаруашылықтар бар.
Өзбекстан- Өзбекстан Еуразия материгінің орталығында, мұхиттардан шалғайда, Сырдария мен Амудария өзендері аралығында орналасқан ел. Ауданы 448,9 мың шаршы шақырым, халқының саны 27 млн адамды құрайды.
Өзбекстанның агроөнеркәсіптік кешенінің басты саласы мақта өсіру болып табылады. Өзбекстан мақта өсіруден дүниежүзі бойынша өзіндік орны бар мемлекет. Өзбекстанда жылына 4 млн т мақта жиналады және оның басым бөлігі сыртқа шығарылады.
13-билет
