- •1.Жалпы бөлім
- •1.1Техника кауіпсіздігі мен өрт қаіпсіздігі бойынша нұсқаулық және еңбек актілері
- •1.2. Кәсіпорынмен жалпы танысу. Бөлімшелерге бөлінуі
- •1.3.Бөа және а цехтің (қызметтің) құрлымы
- •1.4.Бақылау және автоматтандыру жуйелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша өндірістік бригададағы жұмыс
- •1.5.Бақылау және автоматтандыру жүйелеріне техникалық монтаждау және баптау бойынша өндірістік бригададағы жұмыстар
- •1.6.Аспаптарды пайдалану және жөндеу қызметтері
- •1.7.Цехті бақылау мен автоматтандыру жүйелерінің технологиялық процестері және жұмыстары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Қосымша
1.7.Цехті бақылау мен автоматтандыру жүйелерінің технологиялық процестері және жұмыстары
Кешен интегриалды – оның технологиялық жүйесінде бірнеше құралдардың бірінің артынан бірі жұмыс істеі ескерілген: алдымен төменмолекулярды қосылғыштар - мономерлерді, содан соң – полимерлерді алу (полиолефин).
Кешен бірнеше өзарабайланысқан технологиялық құрылғылардан құралған. Әр технологиялық құрылғы озық технологиямен, әлемдік нарықта ұсынған: газөңдеу - ABB/ CBI, Linde; бу крекинг - Linde, ABB/CBI, TECHNIP, Stone & Webster; пропанды дегидраттау - UOP, ABB/CBI, Uhde; этиленді димеризациялау - Axens, полиэтилен мен полипропилен өндірісі Basell/Borealis озық технологиямен дайындалады. «Jacobs Consultants» компаниясы маркетингтік зерттеу жүргізіп, маркетинг жоспарын әзірледі, жоспар бойынша негізгі өнім бөлігі Қытай, Батыс пен Шығыс Европа нарықтарына жеткізіледі. ЕЭА шеңберінде кіші және орта бизнестің аралас өндірісі мен соңғы өнім шығару өндірісін дамыту үшін, өнімнің бір бөлігі Қазақстанда қалады. Технологиялық процесс – біртекті немесе ұсақ бұйымдар жасау үшін жоспарлы түрде орындалатын технологиялық операциялар жиынтығы және жалпыөндірістік процестің бөлігі. Өндірістік процестің мазмұнына қарай технологиялық процесс әр түрлі тәсілдермен орындалатын құрама бӛліктерден тұрады. Мысалы, пісірудің технологиялық процесі детальдарды дайындау, орнату, пісіру және пісірілген жапсарды тазалап өңдеу операцияларынан құралады. Пайдалану мақсатына, орындалу тәсіліне т.б. сипаттамаларына сәйкес технологиялық процестің жобалық, жұмыстық, бірлік, типтік, стандарттық, мерзімдік т.б. түрлері бар. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, өндірісті тиімді ұйымдастыру негізінде жүзеге асырылатын технологиялық процесс жоғары техникалық – экономикалық дәрежеге жетуде маңызды рөл атқарады.
Технологиялық процестерді автоматты түрде реттегіш жүйенің (ТПАРЖ) негізі сол процестерді автоматты түрде басқару болып табылады. лық процестер кез – келген өнеркәсіптің материалдық негізі болып табылады.Сондықтан процесті басқаруды қамтамасыздандыруда өндірістің мынандай сипаттамалары негізгі рөл атқарады. Олар: өнімділік, шығарылатын өнімнің сапасы, т.б. Басқарылатын технологиялық процестерде процестердің кіріс бақыланатын әсерлері ( басқарушы, басқарылушы) белгілі болады және шығарылатын өнімнің кіріс әсері мен шығыс параметрлер арасындағы детермендік және ықтималдылық тәуелділік орнатылған болады. Басқарылатын технологиялық процесс « технологиялық процесс – АСУТП» жүйесін жасауға арналған процесс болып табылады. Технологиялық процесс туралы алынған деректер бойынша технологиялық процестің жүрісінің болжамын құрастыру мен белгілі бір уақытта технологиялық процестің сапасына жауап беретін басқару әсерінің жоспарын құрып жүзеге асыру сияқты тапсырмалар « технологиялық процесс – АСУТП » жүйесінде орындалады.
Қорытынды
Технологиялық тәжірибеде жұмысының есебіне кіріспе, жалпы, қорытынды және қосымша бөлімдерден тұрады.
Мен технологиялық тәжірибемді «Ақтөбе мұнай жабдықты зауыты» мекемесінде өттім. Бұл өндірістегі процестермен, жалпы кәсіпорын құрылымымен, кәсіпорын цехтарымен және де қауіпсіздік ережелері мен таныстым.
Жоспарлы – экономикалық бөлімде электротехникалык жабдықтардың және монтаждау жұмыстарының бағасымен, электр жабдықтарды монтаждаудағы шығындар нормаларымен және кәсіпорынның жұмыс режимімен, ішкі талап, тәртіп ережелерімен, тәртіп ережелерімен, техника кауіпсіздік және электромонтаждау жұмысын орындау кезіндегі өртке қарсы техника ережелерімен, күш жабдықтарымен, электр тораптарын пайдалану ережелерімен таныстым.
Мамандармен кездесу, кәсіпорында тәжірибеден өту орнымен, бағдарламамен және кәсіпорынның құрылымымен өндірістік процестегі әрбір цехтің бөлімнін міндеттерімен, жұмыс орнымен, олардың арасындағы өзара байланысы, кәсіпорыннын материалдық техникалық қамтылуымен және қойма шаруашылықтарымен, зауыт ішіндегі қондырғылармен таныстым. Кәсіпорынды ішкі электрмен қамтамасыздандыру схемасын, жеке цехтармен обьектілердің электрмен қамтамасыз етуді білу, автоматика жуйесін, реактивті қуатты компенсациялау қондырғысын, электр энергиясын пайдаланган есептеу жүйесін, электр энергиясын үнемдеу шараларымен таныстым. Электр жабдықтарын күту құжаттары, жеке механизмдерді басқарудың электр схемалары, электрмен қамту және цехтарды электрмен жабдықтау құжаттарымен танысу, оларды сақтау ретімен және өндірістік тапсырмаларды орындайтын жұмысшылардың қамтылу тәртібін менгердім.
Автоматика бөлімінде функционалдық және принципиалдық схемаларына сипаттама бердім . Жалпы тәжірибе арқасында мен бақылау өлшеу аспаптарына қызмет көрсетуді, технологиялық процесті автоматтандыруға қажетті сезгіш элементтерді, орындаушы механизмдерді таңдауды және аспаптарды монтажтауды үйрендім.
Колледжде оқыған теориялық білімді тәжірибеден өту барысында пайдаланып, әрі қарай практикамен ұштастырдым.
