Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері
Никотинде (темекіде)
у болатындықтан, ең алдымен жүректің
жиырылуын жиілетіп, қантамырларын
тарылтады. Жүректің бұлшықеттері тез
шаршайды. Темекі тартатындардың басы
ауырып, ұмытшақ болады. Темекі мүшелерді
қанмен жабдықтауды әлсіретеді.
Еліктеткіш
ішімдіктің (алкоголь)
зияны темекіден де күшті. Арақтың уы
қанға тез сіңіп, ағзаға тез таралады.
Жүрек пен қантамырлар жұмысын бұзады.
Қантамырлар қабырғасының серпінділігі
азайып, осал болады. Адам ентігеді, жүрек
қабы майланып, жүрек жұмысына кедергі
жасайды.
Жүрек-қантамырлар
ауруларының алдын алу үшін ең қажеттісі
- көбірек қозғалу. Қозғалыстың негізі
- бұлшықеттердің жиырылуы. Дене еңбегімен
шұғылданғанда бұлшықеттер қанмен
қамтамасыз етіледі. Қан бұлшықеттерді
оттегімен және қоректі заттармен
байытады. Дұрыс қалыптаскан ағза
ауруларға көп шалдықпайды.
Шынығу-шынықтырудың
да мәні зор. Шыныққан адамның жүрегі
қандай жұмыс істесе де көпке дейін
шаршамайды. Денесі де ширак, көңілі
көтеріңкі болады. Жүректің бұлшықеттері
қалыңдап, ырғақты жиырылады. Шынықпаған
адам өлсіз, тез шаршайтын болады.[2]