Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Афика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122 Кб
Скачать
☆

Майялар

Тайпамыз Майя, мекеніміз Юкатан,

ІІІ ғасырдан жазу білген арғы атам.

Иероглифпен жазылған тарихи оқиғалар

Храмдарда бар қабырға, тас бақан.

Чичен-Ицедегі пирамида сатылы-

Дәл күнтізбе өткерген он ғасырды.

0-санын да біз ғылымға енгізген,

Тастан қалап жол да салып, желгізген.

Обсерваторияда зерттеп жұлдыз, аспанды,

Ғаламшарлар Күнді айналатынын ашқанды.

Ай мен Күннің тұтылуын дәл есептеп,

Тоқырау күндерін де дәл тапқанды.

XYІ ғасыр. Инквизация бұйрығы «соғып сойылды»,

Майя қолжазбасы өртелді де, жойылды.

Өлді абыздар, майя тілі ұмтылды,

Соңғы 4 қолжазбасы мұражайға қойылды.

Америкалықтар

Дамыған ел, ең бай халық кім деп сұраңыз.

Ол америкалықтар, әлемдегі бірінші елде тұрамыз.

Бізде ру түгілі ұлт деген жоқ, бәріміз

Бостандықтағы 50 штат АҚШ елін құрамыз.

Ұлт түгілі нәсіл кеткен тұтасып,

Метис, мулат, самбо болып топтасып.

«О, құдайым, Американы сақтай гөр!»

Ұранымыз хормен айтар құптасып.

Ең алғашқы Форд жасаған көлікті,

Бойнгтен артық ұшақты кім көріпті.

Кино да алғаш біздің елде жасалған,

Тауымда жазу Голливуд деген көрікті.

Аптекардың жасаған кока-коласы,

Джинсымыздың таусылмайды модасы

Әуендері делебеңді қоздырған,

«Тас джунгли»-Нью-Иорк, Чикаго қаласы.

Йоллоустон-мол мұралы саябақ,

Майами жағажайға барады жұрт саялап.

Атракциондар, ертегі патшалығы -Диснейленд

Балаларға арналған ғажайып саябақ

Д/Ж мұхит тақырыбына

Дайын өлең ұйқастарынан сергіту сәтін құрастыру тапсырылады .

... самалы, (Теңіздің соққан самалы,

... жағада. Елітіп тұр мені жағада.

... ажары, Көгінде теңіз ажары,

... шағала. Шарықтап жүр шағала.

...жұтамын, Құмарым қанбай жұтамын,

...ауасын. Теңіздің салқын ауасын.

...барлығын, Дүниенің ұмытып барлығын,

... дауасын. Жанымның таптым дауасын.)

(Осы өлең жолдарымен сергіту сәтін жасадық.)

«Менің Қазақстаным» тақырыбына арналған таныстырулар.

Мен,қазақпын,қазақпын деп мақтанам,

С ен де тудым жазиралы кең далам.

Өзіңменен кеткен өмірім ұштасып

Туған өлкем сен де ғана бақ табам

Қыраны көк төсінде қанат қағып,

Жас шыбықтай көктеген тасты жарып.

Тыңнан жол сап Қазақстан көш басына

Күннен күнге қарыштап барад дамып

KZ тобы

Армысыздар, қалың жұртым қазағым,

Алға ұмтылып, жалындадың маздадың,

Ауызбірлік болсын елде, тыныштық

Құдай өзі бере жатар қалғанын.

Тәй – тәй басып шықтың атақ даңқыңмен

Жалғасасың, өшпейсің дәстүр – салтыңмен

Қазақстан жаса – жаса мәңгілік

130 дай ұлт пен ұлыс халқыңмен

Қазақстан, қазақ елі – Отаным,

Сенде туып, сенде өскен ұланмын.

Шаңырағыңда желбіреп көк байрағың,

Көк аспанда қалықтасын қыраның.

Батыс Қазақстан

Қазақстан Батысымен шетелге де ұнайды Хром,никель,фосфор,газды,мұнайлы.

Облыстар:Ақтөбе,Маңғыстау мен Атырау,

Орал Батыс Қазақстанды құрайды.

Тұщы су өндіретін АЭС-і бар Ақтауда,

Мұнай өндіретін зауыты бар Атырауда

Ақтөбеден шыққан рентген аппаратын

Жапониядай елдер көп сатып алатын.

Солтүстік Қазақстан

Солтүстік Қазақстан астықты өлке,

Сенің арқаң нан жесек бөлке-бөлке.

Екібастұз сенің көмірің жаққанымыз,

Павлодар сенің тракторыңыз сатқанымыз.

Жетіқара, Степняктан алтын қазып,

Сакалов – Сарыбайдан темір алып.

Қостанай. Ақмола, Павлодар, Петропавл

Елордасы Астанадай қала салып.

Орталық Қазақстан.

Қазақтың Сарыарқасы , Қарқаралы

Орталық Қазақстан Қарағанды.

Көмірі кокстеліп домна пеші үшін

Экспортпен көп елге таралады.

Жезқазған жаяу жүріп Қаныш ашқан

Мыс рудасы шет елден инвестр тартқан.

Теміртауда толық циклді комбинат бар

Нұраға да еңбектің алғаш дәмін татқан.

Шығыс Қазақстан

Өскемен полиметалымен елге аян,

Алтын-күміске бай Алтай-Саян.

Семейде Шоқан туған,Абай туған,

Аягөзде –Қозы Көрпеш, сұлу Баян.

Күнбағыс, тұт жібек құрты, омарта,

Марал мүйізінен жасалады панта.

Семейде қалдықсыз ет комбинаты,

Ертісте СЭС-і бар «Бұқтырма».

Оңтүстік Қазақстан

Қызылорда, Жамбыл, Шымкент, Талдықорған

Құрамына кіреді Оңтүстік Қазақстан.

Алматым қар жамылған Алатауда,

Бақ қонған киелі жер Түркістан.

Өсіріп күріш, мақта, темекі, қант,

Шымкентте дәрі, шина, прессавтомат.

Жасалады эксковатор Кентауда,

Фосфорит өндіріледі Қаратауда.

Менің болашақ ауылым жобасына арналған

Мен қазақпын, қазақпын деп мақтанам!

Сенде тудым жазиралы кең далам.

Өзіңменен кеткен өмірім ұштасып

Туған өлкем сенде ғана бақ табам.

Туған жерім көңілім саған ауады,

Алғаш жұттым өзіңнің саф ауаңды.

Тағдырдың толқынымен аққан алыс

Кешіре гөр, жырақ кеткен балаңды.

Еш алаңсыз ең бақытты шақтарым,

Өзіңде өтті армандаған ақ таңым.

Әр он жылда атізімді бір салсам

Борышымды қалай ғана ақтармын.

Туған жерім менсіз жатсың гүлденіп,

Күннен күнге жаңаша бір түрленіп.

Мен мұндамын, ал жүрегім өзіңмен

Сағынышым өріледі жырға еніп.

Р. Есжанова

«Кереге, уық, шаңырақ» әрі тренинг, әрі сергіту үшін мынадай қимылды өлең жолдарын құрастырдым.

Қане, жылдам тұрамыз,

Қол ұстасып шеңбер құрамыз..

Отырамыз. Бәріміз жайлап тұрамыз.

Керегені құрамыз.

Біз әрқашан біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Біз бірлікті қалаймыз,

Уықтарды қадаймыз.

Шаңырақ биік тұрады,

Көтереміз жоғары.

Бірлесіп білім аламыз,

Оқу - білім бұлағы.

Мемлекеттер

Ен байлықты үйіп берген Құдайым,

Қазақпенен дос боп келген ылайым.

Қарабұтақта болған жазушы, ақын, суретші

Тарас елі алдымызда Украин.

Украин:

Ұлтымыз болады Украин,

Есігі ашық ылайым.

Досқа ашық құшағым,

Қуана досты құшамын,

Дәстүр солай елдегі-

Дастархан гүл кестелі.

Қонаққа ұсынар салтымыз

Нан- тұздан дәм татыңыз.

Украина

Қара теңіз жағалауы жағажай,

Санаторий, курорт қонған жағалай.

«Артек» деген лагері бар балаларға,

Курорттары – Евпатория, Ялтадай.

Украин туыс- бауыр орыспен,

Аты шыққан харчо, щи, борщпен.

Арулары ұзын шашты, ал жігіттер

Мүсіндерін сомдап құйған құрышпен.

Болған адам қоштасуға қимайды,

Табиғаты тамаша, ал егісі бидайлы.

Донбастан көмір алса, Карпатта

Қысы- жазы шаңғышылар зулайды.

Тазалығы қашанда жеміс берген,

Тастан қалап жолдарын тегістеген.

Дініне берік халық бар жер бетінде

Германия елінде неміс деген.

Германия

Европада Германия бірінші ел

Үкіметті басқарады канцлер.

82 жарым млн. халық бар

92% пайызы таза немістер.

Агломерация қалалары Рейн- Рур,

Көмір алабы: ахен, Саар, Рур.

Астанасы Берлин деген қаласы,

Автомобиль астанасы Вольфсбург.

Автолары: «Форд», «БМВ», «Порше», «Ман»,

«Мерседес- Бенц», «Ауди», «Фаун», «Карманн».

Біздің ауыл ағалары да мінген

«Форд», «Опель», «Фольксфаген».

Европада дамыған ел Германия,

Сырасымен аты шыққан Бавария.

Шекаралас елдер: Нидерланд, Польша,

Франция, Швейцария, Дания.

Әсем би, сұлу сазды- үнді елі,

Мәңгілік жаз, құлпырған гүлдің елі.

Сарайыңды ашып, шөліңді басар

Сусынның шай отаны- Үнді елі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]