Ретроспективтік талдау
Ретроспективтік талдау- эпидемияға қарсы шараларды алдағы жылға және болашаққа жоспарлау үшін керекті мәліметтерді алу мақсатында жүргізілетін диагностикалық (статистикалық және логикалық) тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Ретроспективтік талдау жүргізу маңызды.
Ретроспективтік талдаудың мақсаты- эпидемияға қарсы шараларды келесі жылға және одан әрі қарай жоспарлау үшін барлық қажетті мәліметтерді алу.
Талдаудың міндеттері- инфекцияның әр нозологиялық түрі үшін «қауіп- қатер уақытын», «қауіп- қатер аймағын», «қауіп- қатер топтарын», «қауіп- қатер факторларын» анықтау; талданатын нозоформаның халыққа эпидемиолоигялық, әлеуметтік, экономикалық маңызын анықтау; алдағы жылдарға эпидемиялық жағдайға болжау жасау.
Ретроспективтік талдаудың семиотикасы- бұл көп жылдық және жылдық динамикада эпидемия барысының кеңістігі (яғни, әртүрлі аймақтарда және әр түрлі халық топтарында) көріністері.
Ретроспективтік талдауды жүргізу кезеңдері мынадай:
1. Зерттеудің бағдарламасын құру. Бұл кезеңде зерттеудің бағдарламасын құрады. Зерттеу бірілігі анықталады, тіркеуге жататын қосымша белгілердің тізімі жасалады, алғашқы статистикалық құжаттың нұсқасы мен кестелер құрастырылады. Зерттеудің бағдарламасы әртүрлі жағдайларға тәуелді. Оның ішінде маңыздылары:
-қызмет ететін континтгенттің өзгешелігі;
-әртүрлі халық топтарындағы сырқаттанушылықты анықтайтын «қауіп- қатер фактролары» білудің бастапқы деңгейі;
-қажетті ақпараттарды алудың мүмкіндігі;
Зерттеу бағдарламасы жасалғаннан кейін зерттеу жоспары құрылады,Жоспарды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады, оларға мыналар жатады:
-зерттеу жүргізілетін орынды және аймақты анықтау;
-жүргізу мерзімдері анықтау;
-статистикалық тәсілді және бақылау түрін анықтау ;
-зерттеудің қандай күштер арқылы жүргізілетінін анықтау;
2. Ақпаратты жинау және алғашқы өңдеу.Бұл есепте талдау ақпараттық қамтамасыз етілуі керек. Оған жататындар:
-қызмет көрсетілетін халықтың сырқатттанушылығы туралы ақпаратты алу;
-Демографиялық мәліметтер мен әр түрлі контингенттердің тұрмысы мен еңбегінің эпидемиялық маңызды жағдайлары жайында ақпарат алу;
-алғашқы статитикалық өңдеу,яғни, ақпарат толық болуы және дұрыстығын тексеру, алғашқы мәлімет және оны топтастыру.
3. Ақпараттарды сәйкес бағыттары бойынша зерттеу.Талдауды толық көлемде жүргізген кезде әр инфекция бойынша материалды тізбектеп өңдеу 4 бағытта жүргізіледі:
-жиынтық халық сырқаттанушылығы көп жылдық динамикасын талдау;
- жиынтық адам сырқаттанушылығы жылдық динамикасын талдау;
-эпидемиологиялық белгілері бойынша бөлінген халық топтарының сырқаттанушылығын талдау ;
-індетке қарсы шаралардың сапасын және тиімділігін талдау.
4. Эпидемиологиялық диагнозды қою. Бұл кезең жеке инфекциямен сырқаттанушылыққа ретроспективтік талдау жүргізген кезде ақырғы кезең сарапталады,ал эпидемиологтың диагноз қою жұмысының нәтижелері эпидемиологиялық диагноз түрінде дайындалады.
Сырқаттанушылықтың көп жылдық динамикасын талдау тәсілі:
1. Кесте мен график құру;
2. Көп жылдықтың даму бағытын бағалау;
3.Циклділігін бағалау;
4.Келер жылғы сырқаттанушылықты болжау;
5.Есеп беретін жылдағы сырқаттанушылық көрсеткішін бағалау .
