Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУРСОВАЯ ГОТОВАЯ 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85 Кб
Скачать
☆

2.3 Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) аудиті

Аудит жургізу барысында ен алдымен бухгалтерлік баланстың осы бабы бойынша тексеру кезеңі басындағы және соңындағы қалдықтарды Бас кітаптің 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» және 5430 «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоттары арқылы және бұл шоттардың кредит бойынша айналымдары көрсетілетін 13 журнал- ордер мәліметтерімен салыстыру қажет.

Сосын бұл шоттардағы шаруашылық операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексерген жөн. Есептік кезең ішіндегі табыстың (зиянның) жиынтық сомасы шоттардың бірінғай жоспарыны сәйкес 571  « Жиынтық табыс (зиян)» шотында белгіленеді.

Таза      табыс

 

 

1.өнеркәсіпті дамыту үшін -400 000 тң.

2.резервтік қорды ұлғайту – 200 000 тң.

3.кәсіпорынның еңбеккерлеріне дивидендт төлеу үшін – 200 000 тң.

4.кәсіпорынның өткен жыл зиянын жабу – 150 000 тң.

Бөлінбеген табыс – 950 000 тң.

 

Корреспонденцияда бұл шоттың кредиті бойынша VII  «Табыстар» бөлімнің шотымен алынған табыстың жиынтық сомасы, ал  дебит бойынша VIII «Шығындар» бөлімнің шотымен алынған шығындардың  жиынтық сомасы көрсетіледі. ДТ 571 және КТ 80 шоттары ; ДТ 70 және КТ 571 шоттары; ДТ 7700  және КТ 3110 шоттары; ДТ 571 және КТ 7700; ДТ 571 және КТ 5410 шоттары. 571 «Жиынтық табыс зиян» шоты бойынша дебит кредит айналымдарын салыстыру арқылы  5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотына көшірілетін таза пайданың (зиянның) сомасы анықталады. Егер есепті  кезеңде пайда алынса, онда  571 «Жиынтық табыс зиян» шоты дебеттеледі және 5410 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоты кредиттеледі, ал зиян шексе, онда керісінше бухгалтерлік жазу түседі, яғни 5410 шот дебеттеледі және 571 кредиттеледі. Жоғарыда атап өтілгендей, заңнамалар мен құрылтайшы құжаттарға сәйкес  жасалатын резервтік капиталға аударымдар есепті жылдың бөлінбеген табысы есебінен атқарылады. Есептегі жылдың зиянын жабуға бағытталған резервтік капитал қаржысы сомасына 55- бөлімшенің «Резервтік капитал» шоттары дебиттеледі және 5410 «Есептік жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» шоты кредиттеледі. Есепті жылдың бөлінбеген табысының едәуір бөлігі серіктестікке қатысушыларға дивидендтпен пен табыс төлеуге кетеді. Оның қалған сомасы 5410 шотынан 5430 шотына көшіріледі, сол корреспонденцияда кредит бойынша «Резервтік капиталдың» 55- бөлімше шоттарымен резервтік  капиталдың қаржысын өткен жылдың зиянын жабуға бағыттау көрсетіледі, ал дебит бойынша «Қатысушылардың дивидентттерімен табыстары бойынша  есеп айырысудың» 62- бөлімше шоты, «Басқалардың»  3390 шоты және «Басқа да кредиторлық берешек және есеп айырысудың» 68- шоттарымен серіктестікке қатысушыларға дивидендтер  мен табыс төлеуге өткен жылдың бөлінген табыс сомасын бағыттау көрсетіледі. Тексеру соңында аудитор бөлінбегн табыстың шамасын бағалау қажет. Бұл осы көрсеткіштің қарқынын көріп, оның өзгеру тенденциясын айқындау үшін, өткен есепті кезеңдер мен салыстыру жолымен жүргізіледі. Талдау үшін әр түрлі ақпарат көздері тартылады, бұған бастапқы құжаттар, бухгалтерлік регистірлер мен соңғы 2-3 жыл ішіндегі қаржылық есптілік  формалары да кіреді. Бұдан келіп неге аудитор ең алдымен баланстың осы бабын тексереді деген сұрақ туады. өйткені бұл баланстың ең осал жері болып табылады

Қорытынды

 

Өндірістің нарыққа өту барысында бухгалтерлік қызметтің рөлі артты. Яғни толық және дәйекті ақпарат, өндіріс мүлкі және міндеттемелері пайдаланушыға уақытылы жеткізілуі.

Капиталды қалыптастыру мен пайдалануды оқып-білу шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызметін ұйымдастыру аудитінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнын бағалауға байланысты (ҚЕХС 32,39).

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңында бұл терминге мынандай анықтама берілген: «Капитал – жеке кәсіпкердің немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан үлес».

Капиталдың ерекшелігі – ол шаруашылық жургізуші субъектінің актив көзі ретінде үнемі алға шығу, соған орай бар-жоғы білінбейді (оны қолмен ұстауға болмайды).

Бухгалтерлік есепшоттарының үлгілік жоспарында, 5 «Капитал мен резервтер» бөлігі мынандай кіші бөлімдерді қамтиды: 5000-«Жарғылық капитал»; 5100-«Төленбеген капитал»; 5200- «Сатып алынған меншікті үлес құралдары»; 5300-«Эмиссиялық кірістер»; 5400-«Резервтер»; 5500-«Бөлінбеген пайда»; 5600-«Қорытынды пайда».

Қазіргі уақытта жекелеген елдер арасындағы капитал қозғалысы кеңінен дамып отыр. Бұл елдердің әрқайсысы бір мезгілде капиталды шетке шығарушы да, капиталды әкелуші де болады, яғни капиталдардың елдер арасындағы ауысуы жүзеге асады. Бұл жағдайда шетке капитал шығару өз елінде капитал қорлары жетіспеген кезде де жүзеге асырылады, ал шетел капиталының келуі бәсекелік қабілеті төмен ұлттық капиталды ығыстырады. Шетке капитал шығарушы немесе шеттен капитал әкелуші елдердің ара жігін айыру өте қиын. Капитал негізінен кәсіпкерлік және қарыз формасында шетке шығарылады. Кәсіпкерлік капитал шет елдерге тікелей инвестиция түрінде шығарылады. Тікелей инвестиция өз өндірісін құру үшін немесе жергілікті компаниялар акцияларының бақылау пакетін сатып алу мақсатында капитал жұмсау арқылы жүзеге асады. Қарыз капиталы қарыз өсімін әкелетін заемдар, несиелер түрінде шығарылады. Қазіргі уақытта әр түрлі салаларды қаржыландыратын шетел инвестициясының жедел даму тенденциясы байқалып отыр. 1993 жылы дүние жүзіндегі қаржы капиталының көлемі орасан зор мөлшерге — 3 трлн. долларға жетті. Бұл ақшалар дүниежүзілік қаржы рыногының негізін құрайды.

Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капи-тал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады,

Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарды технология мен тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады.

Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Курстық жүмысты толық қарастырып, жан-жақты зерттедім, бірінші бөлімінде кәсіпорындағы меншікті капитал есебінің ұйымдастыруының теориялық негізінде қарастырдым. Екінші бөлімінде меншік капиталының  аудитін талдадым.