Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
esse_zhazu_1171_a_k_1257_mekKITAP.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать
☆

Оқу жүйелеріндегі бағалау ерекшеліктері

Оқу

жүйе-

лері

Пара-

метрлер

Дәстүрлі оқыту

Интербелсенді оқу

Не бағала-нады

Оқытушы тарапынан берілген білім, білік, дағды.

- Өзіндік көзқарас, пікір, идеялар, дүниетаным;

- Білімді игерудегі әрекеттер;

- Білімді игеруде қалыптасқан білік, дағды, машықтар, қатынастар, құндылықтар, құзырлылықтар.

Қандай білім бағала-нады

Алған теориялық білімді жаттығулар орындауда және мәселелерді шешуде қолдана білу

- Бірлесе (топ құрамында) жұмыс жасай білу;

- Проблеманы айқындай білу, оның шешу жолдарын қарастыра білу;

- Таңдау жасап, шешім қабылдай білу;

- Өз әрекеттерін жоспарлау және ұйымдастыра білу;

- Өзіндік түсінік, пікір, идея қалыптастыру және құрастыру, оларды дәлелдей білу;

- Өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғай білу.

Қандай

тәсілдер

арқылы

- Ауызша сұрау;

- тестілеу;

- курстық жұмыстар;

- бақылау жұмыстары;

- сынақ, емтихан

- Жазба жұмыстары;

- тестілеу;

- бақылау;

- интервью;

- сауалнама;

- портфолио;

- есеп беру;

- өзін-өзі бағалау.

Не үшін?

- Білім деңгейін анықтап, баға қою;

- Ынталандыру;

- Жазалау.

- Білім игерудегі жетістіктерді анықтау;

- Белгілі бір уақыт аралығында үйренушінің өсу және даму қарқынын анықтау;

-Белсенділендіру;

- Ынталандыру;

- Топ жұмысына қосқан жеке үлесін анықтау;

- Алдағы білім игеру әрекеттерінде жетістіктерге жету үшін;

- Үйренушінің білімін қалайша әрі қарай дамытуға болатындығын білу үшін;

- Үйренушілердің әрекеттері арқылы үйретушінің деңгейін анықтау.

«БАҒАЛАУДЫҢ АЛТЫ ҚАҒИДАСЫ»

«Маңыздылық».

Бағалау үшін пәннің (курстың) ең маңызды, бағалауға тұрарлық күтілетін нәтижелерін таңдап алу қажет, өйткені бағалауға уақыт, күш және басқа да ресурстар шығындалады.

«Дәлдік» («Адекваттық»).

Өзіміз жоспарлаған нәтижеге қол жеткізгенімізді қалайша білеміз? Бұл үшін біз оқушылардың қажетті білім, білік, дағды, құндылықтарды қандай деңгейде меңгергендігін көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап алуымыз керек.

«Объективтік» («Дәлелділік»).

Объективтікке (тұрақтылық, беріктілік, шынайылық, адал, дәлелділік) бағалаудың нақты талаптарын (критерийлерін) таңдау арқылы жетуге болады.

«Оқудың ажырамас бөлігі».

Бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігіне айналу керек. Басқаша сөзбен айтқанда, бақылау жұмысының өзі де үйрету әрекеттеріне жатады. Бағалау мен үйрену – біртұтас процесс.

«Жариялылық».

Бағалаудың талаптары мен тәсілдері оқушыларға алдын-ала хабарлануы керек. Баға жария түрде қойылып, оқушылар өздерінің қандай білімдері және олардың қалайша бағаланытындығын білуі керек.

«Қарапайымдылық».

Бағалау процесі мен оның формалары қолданыста қарапайым және ыңғайлы болуы керек.

Бақылау түрлері

- Ағымдағы бақылау - әр сабақтағы (әдетте сабақ қорытындысы бойынша) студенттердің жазбаша ой-толғанысы. Мұнда олар өздерінің сабақта үйренген (білген) білімі туралы ойларын келтіріп, сабақта қалайша жұмыс жасағандығы туралы есеп береді.

Ағымдағы бақылаудың жазбаша нысандары (тәсілдері):

- эссе, хат, еркін жазу, бестармақ, акроним, кестелер мен диаграммалар (графикалық ұйымдастырушылар), конспект, интервью мәтінін жазу, берілген атауларды құрастырып эссе жазу, бақылау жұмысы, берілген сұрақтарға жауап беру, топ жұмысы туралы есеп (ақпарат), глоссарий құрастыру, оңай және қиын сұрақтар кестесін дайындау, қиын немесе проблемалық сұрақтар кестесін дайындау, рецензия, аннотация, ғылыми жұмыстарға пікір жазу, өз ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми аппарат құру, пікірталасқа дайындық есебі, ақпарат көздерінің тізімі, әдебиет көздерін талдау картасын құрастыру, лекция тезистерін дайындау, сабақ жоспарын дайындау, сауалнама құрастыру, компьютерлік есеп беру, тест сұрақтарын құрастыру, персоналий құрастыру, т.б.

- Межелік бақылау – модуль қорытындысы бойынша (курс, семестр, жыл, тоқсан) студенттердің білім деңгейін анықтау құралдары.

Межелік бақылаудың нысандары (тәсілдері):

- портфолио, жоба (курстық немесе семестрлік жұмыс), реферат, мақала, сase-study тапсырмаларын жазбаша орындау, баяндама, талдау (аналитикалық) шолу жазу, сценарий дайындау, мақалалар жинағын дайындау,әдістемелік құрал дайындау, сабақ жоспарларының жинағын дайындау, т.б.

- Аралық бақылау – курс (жыл) немесе семестр (тоқсан) қорытындысы бойынша емтихан. Емтихан жазбаша өткізіледі. Емтихан сұрақтары Блум таксономиясы бойынша құрастырылады.

- Қорытынды бақылау – диплом жұмысын қорғау немесе мемлекеттік емтихандар тапсыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]