Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamen.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
200 Кб
Скачать
☆

8 Билет

1)Жүсіпбек Аймауытұлы (1889-1931) – қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, драматург, ғалым, сыншы, аудармашы. Туып-өскен жері — Павлодар облысының Баянауыл ауданы. 1929 жылғы саяси қуғын-сүргін кезінде «Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар» деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 ж. атылған.

Ж.Аймауытұлының классикалық әңгімелерінің бірі — «Әнші». Әңгіме өмірде болған, тарихи тұлғаның өмірінен алынған. Әңгіменің басты кейіпкері – Әмірқан. Әмірқанның прототипі – қазақтың жезтаңдай әншісі, тума талант – Әміре Қашаубаев. Ол 1925 ж. Парижде өткен дүниежүзілік этнографиялық концертте бүкіл әлем жұртшылығына қазақ ән өнерінің құдіретін мойындатқан тарланбоз әнші. Шығармада Әмірқан нәзік жанды, ашық, өнер үшін жаралған, өнерге, махаббатқа адал, ер мінезді адам ретінде суреттеледі.

Әңгіменің өтетін жері – Жетішатыр (Семей) қаласы. Оқиға желісі баяндаушы мен Әмірқан арасындағы сырласудан басталады. Әңгімеде Әмірқан мен сұлу қыз Ақтамақтың арасындағы ғашықтық хикаясы, жігіттің қызды алып қашуы, орта жолда қолға түсіп, сүйгенінен көз жазып қалуы, әншінің көз жасы баяндалады.

Шығарманың басты тақырыбы – өнер, адамгершілік, достық, ізгілік, салт-дәстүр. Негізгі идеясы – әншілік өнерді жоғары бағалауға, өнерді құрметтеуге үндеу.

2)Азырақ құлағын сал, ақын інім,

Ойымыз, рухымыз жақын, інім.

«Ағалық правосын қолыма алып,

Келемін айтайын»,— деп ақыл, інім!

«Өзімді ағаңмын»,— деп үлкейтемін,

Онымды көремісің мақұл, інім.

Адасқан ағаңыздың жері болса,

Тілеймін ете гөр деп ғапу, інім.

Жай жатсаң жаңылмайсың, адаспайсың,

Күресте кім кетпейді ғапыл, інім.

Ат қойған аз-көбіне қарамастан,

Ақылға біздер жарлы пақыр, інім.

3)Қоштасу, қоштасу өлеңі– қазақтың дәстүрлі салт жыры. Ел-жұртымен, туған туысымен, сүйген жарымен, ата-анасымен, жүйрік атымен, қыран құсымен, т.б. Қоштасу бар. Қоштасу өлеңі эпос, дастандарда көп кездеседі. “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырындағы Таңсық қыздың “Балталы, Бағаналы ел аман бол” деп басталатын Қоштасуы ел арасында кең тараған. “Елім-ай” өлеңі кіндік қаны тамған жерінен айрылған халықтың ауыр күйзелісін, қайғылы көңіл-күйін білдіретін шығарма

9 Билет

1)Алғадай туралы әрбір ой" өлеңі

- Өлең кімге арналған?

- Өлеңде ақын сезімі қалай беріледі?

Бұл өлең ақынның Алғадай атты ұлының 1941-1945 жылдардағы соғыстан оралмай қаза тапқандығынан хабар береді, осы кезде Жамбыл ақын қайғы жұтып, мұң-шерін жырмен жеткізеді.

Алғадай – Жамбылдың өте жақсы көретін баласы.Майданға әке әмірімен аттанады. Майданда еткен еңбек, ерліктерін естігенде қуана жауап жазады, алғыс айтады. Майдандағы әр жеңіске қуанышын білдіріп отырады. 1913 жылы Алғадайдың қайтыс болғанын Ғали Орманов (сол кездегі хатшы) Әбділда Тәжібаевтар естірткен.

2)Сұлтанмахмұт Торайғыров (Бір адамға)

Бір үйде жиюлы екен қазына мал,

Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:

«Бұрынғы атамызға сыйға берген,

Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..»

Ол рас, аталарың шенге алыпты,

Арзан ғып, қымбат емес, кемге алыпты.

Апыр - ай қалай бұлдаған сатқандарын,

Оқа, түйме, сылдырлақ, теңге алыпты!

Суреттер және көрдім жүзі жарқын,

Ойладым: «Оңдырған - ау, баққан халқын».

Соншама құны толық бұлды түйме,

Артында қалдырмас па жақсы даңқын.

3)Баяндау - әңгімешінің, жазушының оқиғаны өз атынан айтып беруі. Баяндау ұтымды әдіс ретінде көркем әдебиеттежәне әдістеме ғылымында қолданылады. Көркем әдебиеттегі баяндау жазушының шеберлігіне, тілінің табиғилығы мен ойнақылығына байланысты ұтымды көркемдік әдіс болып қалыптасқан. Әсіресе, ұлттық қазақ прозасындағы бұл әдіс шығармаға дәстүрлі әңгімешілдік сипат дарытатын пішім ретінде бағаланып жүр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]