Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 Конструкция зданий 1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆

3.3 Көлемді - жоспарлы шешімдер

Төртбұрышты ғимарат шеткі өзектердегі өлшемі 105,6х11,4. Қабат биіктігі 2,8м.

Типтік қабатта екі- және үшбөлмелі пәтерлер орналасқан. Сыртқы есіктер ғимараттан шығу бойынша ашылады.

Ғимараттың техникалық-экономикалық көрсеткіштері.

  1. Құрылыс ауданы – 1204,4м2

  2. Құрылыс көлемі– Vғим=333618,8м3

  3. Тұрғын ауданы – Птұр – 4741,2 м2

  4. Жалпы ауданы – Пжалп = Птұр+Пқос=4741,2 +2946,6=7687,8м2

  5. Жоспарлы коэффициент:

К1=Птұр / Пжалп = 4741,2/7687,8=0,61м2

  1. Көлемдік коэффициент:

К2= Vғим/ Птұр=333618,8/4741,2=70,3 м3

Бөлмелер экспликациясы

№

п\п

Бөлмелер атауы

Тұрғын алаңы м2

Қосалқы алаңы м2

Бірінші қабат

1.

Тұрғын бөлмелер

4741,2

-

2.

Ас үй

-

1123,2

3.

Дәліз

-

1305

4.

Санитарлы бөлмелер

-

518,4

Барлығы

4741,2

2946,6

3.4 Ғимараттың конструктивтік шешімдері

Іргетастар

Іргетастар – олар құрамалы ленталық темірбетоннан жобаланған. Сыртқы қабырға үшін ФЛ 14-24 маркалы, ал ішкі қабырғалар үшін ФЛ 14-24 маркалы іргетастар жобаланған. Техникалық жертөле қабырғалары ЦПІ-57-27-3-1, ЦПІ-42-27-3-1, ЦПІ-30-27-3-1, ЦПІ-15-27-3-1 б. Блок табандар қалыңдығы 100мм болатын құм қабатына төселген. Блоктардың жіктері 200мм болатын М100 маркалы цемент ерітіндісімен өңделген. Сыртқы қабырғалардың астына маркалы блоктар төселген. Іргетастарды орналасу тереңдігі: сыртқы қабырғалар үшін—2,700 м, ішкі қабырғалар үшін -2,700 м. Іргетас кесіндісі бойынша 2 қабат рубероид көлемінде көлденең су өткізбейтін қабат орындалған. Бүкіл ғимараттың периметрі бойынша ені 100см болатын асфальтты отмостка салынады. Жертөленің сыртқы қабырғалары 2 қабат битумды сылақпен оқшауланады.

Табан мен іргетастардың кейбір жерлерінде 500мм-ден аспайтын класы В12,5 маркалы бетон монолиттік учаскелер кездеседі.

Іргетас табанының белгісі – -2,230м

Жердің деңгейі – -1,050м.

Қабырғалар

Қабырғалары құрастырмалы ірі панельдерден анкерлереу, пісіру арқылы жасалған. Сыртқы қабырғалар қалындығы 300мм, ішкі қабырғалар қалындығы 160мм.

Аражабындар мен жабындар

Аражабындар мен жабындар құрамалы темірбетоннан МЕСТ 26434-85 бойынша ПК 57-32-16, ПК57-30-16, ПК42-42-16, ПК42-30-16 маркалы жабындармен жобаланған. Жабындар қабырғалардың тегістелген бетіне жатқызылады және -100-80мм ≤ қабырғаға тіреледі. Олардың арасындағы жіктерді М100 маркалы цемент ерітіндісімен бітеледі. Аражабындар мен қабырғалардың арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін Т-тәрізді анкерлеу тәсілімен бір плита сайын анкерлеу орындалады. Анкерлер жабындар арасындағы жіктерге және кірпіш қалауға бітеледі. Анкерлі арматураның және сымдардың диаметрі 6-8мм.

Баспалдақтар

Темірбетоннан жасалған екімаршты баспалдақтар орнатылған. Сатылар биіктігі 150мм, ұзындығы 300мм. Ғимараттың кіреберісіне үш сатылы биіктігі 150мм болатын М100 маркалы бетоннан монолитті баспалдақ орналастырылады. Ғимараттың кеңістік қаттылығы көлденең қабырғалардың, сатылы алаңның, көлденең ішкі қабырғалардың барымен және қабырғалар мен қабатаралық аражабындардың ортақ жұмысының арқасында қамтамасыз етіледі.

Шатыр және төбе жабыны

Ғимараттың төбесі – жазық шатырдан, буоқшаулағыш 1 қабатты толь, жылытқыш керамзит, гидроизоляция және цемент құймасынан және суағар-ішкі канализациялы.

Едендер

Еден – ғимаратта бөлмелердің түрлеріне байланысты едендердің екі түрі жобаланған: линолиумдық еден және керамикалық тақта. Керамикалық тақталар санитарлы бөлмелерде, ал линолиум барлық тұрғын бөлмелер мен ас үйде және дәліздерде төселеді. Керамикалық тақталар цемент ерітіндісіне төселеді. Ал линолиум цемент тұтастырғысының үстіне жапсырылған мастиканың бетіне төселінеді. Жертөледе асфальт-цементтік еден.

Ғимаратты әрлеу жұмысы

Сыртқы қасбеттік көрінісі декоротивтік панель жүйесі бойынша құрастырылады және бетін гидрофобты әр түрлі ашық түстермен боялады. Жіктердің геометриялық дәлділікпен өңделуі ғимараттың сәулеттік көрінісін байытады. Ғимараттың цокольдік қабаты жоғары сапалы декотаритвті сылаумен қапталады. Ғимараттың қасбеттік көрінісін үш сатылы саты мен козырек одан әрі әрлей түседі. Ішкі әрлеу жұмыстары – ішкі қабырғалардың бетіне цементті – известкалы қоспамен сылақ жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін екі қабат әкті ерітіндімен ақталып, әртүрлі түске боялады. Төбелер толығымен тегістеледі. Санитарлық бөлмелер 1,9м биіктігі бойынша керамикалық тақталарлармен қапталады, ал қалған биіктігі суға төзімді эмульсиялы сырмен әрленеді.

Инженерлік қондырғылар

Жылыту жүйесі – қалалық жылыту жүйесінен. Жүйе бірқұбырлы, төменгі ажыртқышпен, жылу тасығыштың температурасы 95-70 ˚С

Желдету жүйесі – форточкалар арқылы табиғи жолмен және арнайы желдету шахталары арқылы тартпалы жолмен.

Сумен қамтамассыз ету - қалалық желімен қосылған жылы және салқын су көздері

Электр желісімен қамту - қуат көзі 380/220 вольт болатын жасырын сыртқы жүйе арқылы

Газбен қамту - жергілікті қалалық жүйе арқылы

Байланыс құрылғысы – радиотрансляция, кабельді теледидар, телефон желілері, өрт сөндіру сигнализациялары

Терезе және есік блоктары

МЕСТ 13580-85 бойынша пластикалық үшқабатты әйнектелген терезелер жобаланған. Терезе маркалары - ОС 15-15, ОС 15-09. Терезелер құрылыс алаңына дайын түрінде жеткізіледі. Сыртқы есіктер МЕСТ 6629-88 бойынша ДС 21-9 ГТУЛ маркалы, босағасы бар сыртқа қарай ашылады. Ішкі есіктер МЕСТ 6629-88 бойынша ДГ22-7.9 маркалы есіктер алынған.