- •10. Алаш партиясының құрылуы және қызметі.
- •11. 1917Ж.Жаздағы саяси партиялар мен ағымдар
- •12.«Үш жүз» партиясының құрылуын және қызметін қарастырыңыз.
- •15.Қырғыз (Қазақ) Ревкомның ҚазАкср құрудағы дайындық қызметін сипаттаңыз
- •26.С.Ж. Асфендияровтың тарих ғылымы мен денсаулың саласына қосқан үлесін ашыңыз.
- •27.Қазақстанға халықтардың депортациялануын айтыңыз.
- •28.Ұлы Отан соғысының басталуын және жауға қарсы күшті мобилизациялауды сипаттаңыз.
- •29.Ұлы Отан соғысының алаңындағы қазақстандықтардың ерліктері туралы айтыңыз.
- •31.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан экономикасының дамуының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •30.Ұлы Отан соғысы кезіндегі партизан қозғалысына қазақстандықтардың қатысуы (1941-1945жж).
- •32.Қазақстан дәрігерлерінің соғыс жылдарындағы қызметін қарастырыңыз.
- •43. 1991Ж. 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңның рөлін ашыңыз.
- •45. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін сипаттаңыз.
- •51. Қазақстан Республикасының егемендігі жағдайында демографиялық дамуының ерекшеліктерін айқындаңыз
- •52. «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан – 2050» даму стратегиясының мазмұнын ашыңыз.
- •53. Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының «Нұрлы жол» бағдарламасының мәнін ашыңыз.
- •56. Қазақстан республикасының денсаулық сақтау саласының жағдайы және оның қаржыландыру жүйесі
- •57) Қазіргі кезеңде Қазақстанның мәдениеттің дамуы туралы
- •60) Қазіргі Қазақстан саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар қызметін көрсет.
- •63 Қазақстан және тмд елдерінің қарым-қатынасын қарастырыңыз
- •64 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің шешу мәселесін атаңыз.
- •66 «Мәдени мұра» – «Мәдени жәдігер» мемлекеттік бағдарламаларының негізгі іс-шараларын атаңыз.
- •67 Қазақстан Республикасының жастар саясатының және рухани жаңару жолдарының ерекшеліктерін анықтаңыз.
28.Ұлы Отан соғысының басталуын және жауға қарсы күшті мобилизациялауды сипаттаңыз.
Бірінші кезең (22 маусым 1941 ж.–18 қараша 1942 ж.) соғыс басталған уақыттан бастап кеңес әскерінің Сталинград түбіндегі шабуылының басталуына дейін аралық. Бұл КСРО-ға ең ауыр кезең болды.Шабуыл жасау мақсатында жауынгерлер мен әскери техникасын сақадай сай дайындаған неміс әскері біршама сәттілікке қол жеткізді. 1941 жылдың қараша айының соңына дейін қарсыласының күшіне төтеп бере алмаған кеңес әскері жауларына ұлан-ғайыр жерді тастап, артқа шегінуге мәжбүр болды. Осы аралықта олар көптеген жауынгерлерінен айрылып, із-түзсіз жоғалғандар саны көбейді, 5 млн.-ға жуық адам тұтқынға түсті, сонымен қатар мыңдаған танктер мен ұшақтарынан айрылды.1941 жылдың күзінде фашистік-неміс әскері бар күшін Мәскеуді жаулап алуға салды. Мәскеу үшін шайқас 1941 жылдың 30 қыркүейегінен бастап 1942 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасты. 1941 жылдың 5-6 желтоқсанында Қызыл Армия шабуылға көшіп, қарсыластың қорғаныс майданын бұзады. Фашистік әскер Мәскеуден 100-250 км-ге айдатылды. Мәскеуді жаулап алу жоспары іске аспай қалады, шығыстағы аяқасты соғыс жоспары құрдымға кетеді.Мәскеу түбіндегі жеңіс халықаралық үлкен мәнге ие болды. Жапония мен Түркия КСРО-ға қарсы соғысқа қатысудан бас тартты. Халықаралық аренада абыройға ие болған КСРО антигитлерлік коалиция құруға сеп болады. Алайда 1942 жылдың жазында кеңестік басшының қателігінен (ең алдымен Сталиннің қателігінен) Қызыл Армия Солтүстік-Батыс, Харьков түбінде және Қырымда ірі жеңілістерге ұшырайды. Фашистік-неміс әскері Волгаға – Сталинград пен Кавказға жетеді. Кеңес әскерінің осы бағыттардағы қажырлы қорғанысы, сонымен қатар ел экономикасын әскери жолға бағыттау, әскери шаруашылықты жөнге салу, жау тылындағы партизандық қозғалысты дамыту сияқты стратегиялық жұмыстар кеңес әскерінің шабуыл жасауына оңтайлы әсер етті.
Екінші кезең (19 қараша 1942 ж. –1943 ж. соңы) – соғыстағы түбірлі өзгеріс кезеңі. Қорғаныс ұрыстарында жауды әбден титықтатып, әлсіреткен кеңес әскері 19 қараша 1942 жылы Сталинград түбіндегі 300 мың адамы бар 22 фашистік дивизияны қоршап алып, қарсы шабуылға көшті. 2 ақпан 1943 жылы бұл топ жойылды. Осы уақытта жау әскері Солтүстік Кавказдан да қуылды. 1943 жылдың жазына дейін кеңес-германдық майдан тұрақтанды.Майданныңөздеріне ыңғайлы кескіндемесін пайдалана отырып, фашист әскері стратегиялық бастамасын қайтарып алу мақсатымен және Курск доғасындағы кеңес әскери тобын жаулап алу үшін 5 шілде 1943 жылы Курск түбінде шабуылға шығады. Қиян-кескі ұрыс барысында қарсыластың шабуылына тойтарыс беріледі. 23 тамыз 1943 жылы кеңес әскері Орел, Белгород, Харьковты жау қолынан босатады, Днепрге шығып, 6 қараша 1943 жылы Киевті босатады.Жаз-күз шабуылы кезінде қарсыластың жарты дивизиясы ойрандатылып, Кеңес Одағының бірқатар шекарасы босатылды. Фашистік одақтың ыдырауы басталды, 1943 жылы Италия соғысудан бас тартады.1943 жыл майдандағы жауынгерлік әрекеттерге түбегейлі өзгеріс әкелген жыл болып қана қоймай, кеңестік тыл жұмыстарына да өзгеріс әкелген жыл болды. Тылдың жанкешті еңбегінің арқасында 1943 жылдың соңында Кеңес Одағы Германияны экономикалық тұрғыдан жеңді. Әскери өнеркәсіп 1943 жылы майданға 29,9 мың ұшақ, 24,1 мың танк, 130,3 мың зеңбіректің барлық түрін берді. 1943 жылы Кеңес Одағы соғыс техникасы, қарудың негізгі түрлерін өндіруден Германияны біршама басып озды.
Үшінші кезең(1943 жылдың соңы – 8 мамыр 1945 ж.) – Ұлы Отан соғысынқорытындылаушы кезең. 1944 жылы кеңес экономикасы соғыс жылдарындағы ең биік белеске көтерілді. Өнеркәсіп, көлік қатынасы, ауыл шаруашылығы дами түсті. Әсіресе әскери өнеркәсіп тез көтерілді. Танктер мен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар 1943 жылмен салыстырғанда 24-тен 29 мыңға көтерілді, ал соғыс ұшақтары – 30 мыңнан 33 мың данаға өсті. Соғыстың басынан 1945 жылға дейін 6 мыңға жуық кәсіпорын іске қосылды.1944 жыл Кеңес Қарулы Күштерінің жеңісімен есте қалды. КСРО-ның барлық шекарасы фашистік басқыншылардан тазартылды. Кеңес Одағы Еуропа елдеріне көмекке келді – Кеңес Әскері Польша, Румыния, Болгария, Венгрия, Чехословакия, Югославияны босатты, қарқынды ұрыспен Норвегияға дейін жетті. Румыния мен Болгария Германияға соғыс жариялады. Финляндия соғыстан шығып кетті.Кеңес Әскерінің сәтті шабуылдық әрекеттері одақтастарды 6 маусым 1944 жылы Еуропада екінші майдан ашуға итермеледі – генерал Д. Эйзенхауэрдың (1890-1969) басқаруымен англо-американдық жасақтар Францияның солтүстігіне, Нормандияға түседі. Бірақ кеңес-германдық майдан бұрынғышаЕкінші дүниежүзілік соғыстың басты және белсенді майданы болып қала берді.Қысқы шабуыл барысында 1945 жылы Кеңес Әскері жауды 500 км-ден астам жерге шегіндірді. Польша, Венгрия мен Австрия, Чехословакияның шығыс бөлігі дерлік жаудан босатылады. Кеңес Әскері Одерге шығады(Берлиннен 60 км). 25 сәуір 1945 жылы Эльбада, Торгау ауданында кеңес әскери жасағының америкалық және ағылшын жасақтарымен тарихи кездесуі болады.Берлиндегі шайқастар қиян-кескі және қажырлы сипатқа ие. 30 сәуірде рейхстагқа Жеңіс туы орнатылады. 8 мамырда фашистік Германияның қарсылықсыз тізе бүгу актісіне қол қойылады. 9 мамыр – Жеңіс күні болып белгіленеді. 1945 жылдың 17 шілде 2 тамыз аралығында Берлин маңы – Потсдамда КСРО, АҚШ пен Ұлыбритания үкімет басшыларының Үшінші конференциясы өтеді. Басшылар соғыстан кейін Еуропада бейбітшілік орнату, неміс мәселелері және басқа да сұрақтарға қатысты маңызды шешімдер қабылдайды. 24 маусым 1945 жылы Мәскеуде Қызыл алаңда Жеңіс шеруі өтеді.
