Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7_lek.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
249 Кб
Скачать
☆

Бірінші кезең

Үшінші кезең

Екінші кезең

Организмнің функционалдық жүйелерінің қалыпты жағдайы, спортшылардың салыстырмалы түрдегі жақсы көңіл күйі.

Бірақ спорттық жетістіктер жоғарламайды, керісінше төмендеуі мүмкін.

Қимыл-қозғалыс координациясында, ұйқы процесінде кейбір өзгерістер байқалады. Егер осы кезде спорттық жүктемені жоғарлататын болса, бұл өзгерістер ұлғая береді.

Айқын патология алдындағы жағдай. невроз, психастения, истерияға сәйкес келетін өзгерістермен көрінеді.

Жасөспірімдердің жағдайы жүйкедегі қозу процесінің жоғарылауымен, жалпы әлсіздікпен, ұйқысыздықпен сипатталады.

Гиперкинезия ның бұл кезеңі иммундық қарсы тұрушылықты және организмнің арнайы емес қарсы тұрушылық мүмкіндігін төмендететін стресс жағыдайымен байқалады.

Ағзалармен жүйелерде, ең алдымен орталық жүйке жүйелерінде едәуір функционалдық өзгерістер пайда болады.

Спорттық жетістіктер төмендейді, селқостық, ұйқышылдық, ашуланшақтық байқалып, жаттығуға зауқы болмайды. Спортшыларда қиын жаттығулардың алдында қорқыныш пайда болады, тез қажиды.

  1. С портшылардың демалыс уақыттарының жеткіліктілігі..

  1. Жаттығу мен демалысты дұрыс кезектестіру.

  1. Ж аттығудың реттілігі. Сабақ арасында ұзаққа созылатын үзілістер қызмет қаблетін азайтатындығын ескеру қажет және жаттығуларды жүктемелердің аз мөлшерінен бастау дұрыс.

  1. Қ имыл-қозғалыс белсенділігінің тәуліктік көлемдерін нормалау. Мұнда жоғары шекті де (максималды рұқсат етілген көлем), төменгі шекті де (организмнің қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілігін қамтамасыз ету) регламенттеу қажет. Тәуліктік биологиялық ритмдерге байланысты ең жоғарғы белсенділік сағат 9.00.-12.00-ге дейінгі және 15-18 –ге дейінгі аралықтарға сәйкес келеді. Жазғы күндері жылдың басқа мезгіліне қарағанда, қимыл-қозғалыс белсенділігі жоғары болады.

  1. Қ имыл-қозғалыстың сапасының әр түрлілігі дене еңбегіне берілетін жаттығулар әртүрлі және олардың сандық мөлшері балалар мен жасөспірімдердің қажеттілігі мен мүмкіндіктеріне қарай дұрыс баланста болуы қажет.

  1. Жасөспірімдердің денсаулығына және әлеуметтік қызмет қаблетіне максимальды дұрыс жағдай жасау үшін денешынықтыру тәрбиесі міндетті түрде оқу процесстерімен және күн тәртібімен байланыстыра қарастырылады.

Денешынықтыру тәрбиесінің жүйесі.

Қазіргі кезде осы жүйеде төрт оқыту түрі бар: негізгі, қосымша, факультативтік және өз еркімен оқу. Бұлардың ең негізгісі - бала бақшада, жалпы білім беру мекемелерінде, мектеп-интернаттарда, кәсіптік-техникалық білім беру орындарында, спорт мектептерінде және басқа оқу орындарында өтеді, бірыңғай бағдарламамен жүргізілетін алғашқы үшеуі болып табылады.

О қытудың барлық үш түрін толық жүргізсе де, өсіп келе жатқан балалардың организмдерінің денсаулығын нығайту үшін жеткіліксіз, сондықтан ол денешынықтырумен қосымша өз еркімен айналысу арқылы толықтырылады.

Денешынықтыру тәрбиесінің құралдары мен түрлері.

Табиғи факторлар (күннің көзі, ауа, су).

Денешынықтыру тәрбиесінің құралдары

Дене еңбегіне арналған жаттығулар.

Стереотиптік жаттығулар (стандартты)

Жағдайлық қимыл-қозғалыстар (стандартты емес)

Стереотиптік жаттығуларға бұрыннан белгілі, стандартты жағдайда жасалатын, әбден анықталған қимыл-қозғалыстар жатады.

Олар локомоция арқылы (жүру, секіру, жүгіру) қол арқылы (снаряд лақтыру, ескек есу), қол мен аяқтың қатар қимылдауы (жүзу) арқылы жасалады.

Жағдайлық қимыл-қозғалыстар пайда болған жағдайға байланысты болатындығымен және алдын-ала белгісіздігімен сипатталады.

Бұл күрес, бокс және т.б. спорттық ойындарда есепке алынбаған қимыл-қозғалыстар.

стр. 17 из 17

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]