Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Anuar.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
776 Кб
Скачать
☆

Тұйықтаушы үзбенің дәлдігіне жету тәсілдері

Тұйықтаушы үзбенің дәлдігін , тек құраушы үзбелердің әрқайсысының дәлдігіне жете отырып қана ала аламыз.Конструкторлар кезінде өлшемділік тізбектерін есептегенде тура және кері есеп шығару керек болады.

Тура есеп - деп әр құраушы үзбенің қондырулары мен шектік ауытқуларын , тұйықтаушы үзбенің белгілі дәлдік шек өрісі , шектік ауытқулар негізінде анықтау .

Кері есеп – деп тұйықтаушы үзбеге қондыру мен шектік мөлшерлерін белгілі құраушы үзбелердің дәлдік шек өрісі мен шектік өлшемдері негізінде анықтау. Әдетте, оны құраушы үзбелердің мәндерінің тура ескерте дұрыс алынғандығын тексеру үшін қолданылады.

Мақсаты өлшемділік тізбектің дәлдігін арттыру болып табылатын екі есепті түрлі тәсілдермен шығаруға болады:

  1. Толық ауыстырымдылық;

  2. Толық емес өзара ауыстырымдылық, топтық өзара ауыстырымдылық, келтіру.

Өстердің орналасуының ауытқуын есептеу

Өстердің бір-біріне қатысты орналасуы көп жағдайда бөлшек немесе механизмнің дұрыс жүмыс істеуін және өзара ауыстырымдылығын анықтайды. Мысалға, беріліс қорабының корпусының тесіктерінің центраралық қашықтықтары тісті берілістердің жұмысының сапасын, одан шыға келе олардың ауытқуларыда тісті ілінусіге қойылатын талаптар негізінде есептелуі қажет. Пышақтық жолақтың сегменттері және саусақтық брустың саусақтары кескіш апараттарда, шапқыштарда және жаткаларда олардың кесуінің жоғарғы сапалы болатындай етіп бекіту қажет. Екі жағдайда да тесіктердің өстерінің бір-біріне байланысты орналасуы кинематикалық жұптың дұрыс жүмыс істеу жағдайларымен анықталады.

Машина жасауда бөлшекетрді бір-бірімен болттар, штифтер, түйреуіштер мен тойтарып шегелеу арқылы байланыстыру кеңінен қолданылады. Мұндай бөлшектерге түрлі фланецтер, қақпақтар, май картері, цилиндр блоктарының, блок бастарының поддондары және т.б. жатады. Бұл бөлшектердегі өстердің өзара орналасуы олардың тек жинау барысындағы өзара ауыстырымдылығын қамтамасыз ету керек.

Өстердің және түрлі бөлшектердің шектік ауытқуларын есептеу бірдей принципті болғандықтан және өлшемдлілік тізбекті есептеудің дербес жағадайды болғандықтан, есептеу әдісін екі бөлшектің байланысы негізінде қарастырсақ дұрыс болады.

Орналасу ауытқуы - орналасудың шектеуші мүмкін ауытқуының мәнін анықтайтын шек. Өстің, кеңістікте немесе берілген жазықтықта, нормалаушы бөлігінде орналасуы тиіс аймақты, өстің орналасуының дәлдік шек өрісі болып табылады. Дәлдік шек өрісінің диаметрі мен қалындығы ауытқудың мәнімен, ал негіздерге байланысты орналасуы естің нақтылы орналасуымен анықталады.

Өстерді өңдеу барысында олардың теориялық орналасуынан ауытқу болады. Кондуктор парды қолданғанда бүлауытқу азаяды, дегенмен толық жойылмайды. Бөлшектерд ібіріктіру кезінде өсте рығысуы болттар мен тесіктің саңылаулары арқылы келтіріледі. Яғни, өстердің бір-біріне байланысты орналасуының дәлдік шек өрісің есептеу мақсаты, бір-біріне жалғанатын бөлшектердің центаралық қашықтар және саңылаулар арасындағы байланыстарды табу.

Көп жағдайда бекіту үшін стандартты түрдегі болттар, штифтарды және т.б. қолғандықтан, одан шыға келе олардың өлшемдері мен тесіктердің өлшемдері анықталғандықтан, өстердің бір-біріне қатысты орналасу ауытқуы саңылаудың мөлшерімен оңай анықталады.

Кейбір байланысу типтеріне екі бөлшек байланысының өстерінің өзара орналасуын есептеу әдісін қарастырайық. Бастапқы мәліметтер ретінде: болт пен тесік аралығы белігі; ауытқу шамасы өстердің нақтылы орналасуына байланысты емес, бөлшектер бір-біріне бұрылуы және ығысуы мүмкін.Есептеуді толық өзара ауыстырымдылық әдісімен жүргіземіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]