- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •1.1. Деректер базасы туралы негізгі түсінік
- •1.2. Мән, байланыстар және атрибуттар
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •2.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •2.2. Қазіргі мқбж негізгі қызметтері
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •3.1. Мәліметтердің типтері және моделдері
- •3.2. Иерархиялық модель
- •3.3. Желілік модель
- •3.4. Реляциялық модель
- •3.5. Постреляциялық модель
- •3.6. Көп өлшемді модель
- •3.7. Объектілі бағдарланған модель
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •4.1. Мәліметтер қорының реляциялық моделі
- •4.2. Қатынастар. Реляциялық мәліметтер қорындағы негізгі терминдер
- •4.3. Реляциялық алгебра
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •5.1. Қатынастар және оның негізгі қасиеттері
- •2. Қатынастардың негігі түрлері
- •3. Байланыстар және олардың негізгі түрлері
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •6.1. Мәліметтер қорын жобалауға қойылатын талаптар
- •6.2. Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •7.1. Бірқалыпты күйге келтірудің мақсаты
- •7.2. Бірқалыпты күйге келтіру процесі.
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •8.1. Мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған инструментальді құралдар.
- •8.2. Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •9.1. Кесте құру.
- •9.2. Псевдоним құру.
- •9.3. Мәліметтердің типтері
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •10.1. Мәліметтер қоры қосымшасымен жұмыс жасауда қолданылатын компоненттер.
- •10.2. Table компоненті, ерекшеліктері.
- •10.3. TQuery компоненті, ерекшеліктері.
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •11.1. Мәліметтер жиынын сұрыптау
- •11.2. Жазбаларды іздеу
- •11. 3. Мәліметтерді електен өткізу
- •12.1. Өрнек бойынша електен өткізу.
- •12.2. Аралық бойынша електен өткізу
- •Қысқаша дәрістер конспектісі
- •14.1. Sql тілі туралы түсінік. Sql функциялары.
- •14.2. Кестелермен орындалатын амалдар.
- •14.3. Кестеден мәліметті таңдау. Select операторының негізгі сипаттамалары.
- •14.4. Жазбаларды модификациялау
- •15.1. Есеп берулермен жұмыс. Есеп берудің негізгі компоненті.
- •15.2. Есеп беруде қолданылатын құрама компоненттер.
- •Дәрісте қолданылған әдебиеттер тізімі
1.2. Мән, байланыстар және атрибуттар
Өндірістік фирма жұмысын есепке алатын мысал қарастырайық, яғни жоба, деталь, деталды жеткізушілер, деталды сақтаушы қойма, жобамен жұмыс жасайтын қызметкерлер туралы ақпараты есепке алу мәліметтер қорын.
Жоба, деталдар, жеткізушілер, қызметкерлер ақпаратты сақтауға арналған негізгі объектілер болып табылады.
Негізгі объектілерден басқа олардың арасында қатынас болады. 2-суретте төртбұрыш арқылы объектілер, қатынастар түзу сызық және ромб арқылы көрсетілген.
Мән – бөлек объект типі(мысалы, адам, деталь).
Атрибут – объекттің кейбір сипаттамаларын беретін қасиет (мысалы, фамилия, салмақ).
Байланыс – бірнеше мәнді біріктіреді.
МҚ құрылымын «Мән – байланыс» диаграммасының көмегімен анықтау
2-сурет. Мән – байланыс сызбасының(диаграммасының) мысалы
Мысалы, SP қатынасы жеткізушілер мен деталдар арасындағы қатынасты анықтайды: әрбір деталды белгілі бір жеткізуші арқылы әкелінеді, немесе керісінше әрбір жеткізуші белгілі бір деталды жеткізеді.Сол сияқты, деталдар жобаларда (PJ қатынасы) қолданылады, қоймада(WP қатынасы) сақталады және т.б. Бұл қатынастар екі жақты екенін есте сақтаған жөн, яғни екі бағытта да қарастыруға болады. Мысалы, SP қатынасының көмегімен төмендегілерді орындауға болады:
Берілген жеткізуші үшін өзі әкелетін деталдарды табу;
Берілген детал үшін оны әкелген жеткізушіні табу.
1.3. МҚ-ын қолданудың артықшылықтары
«Қағаз түрінде» сақталатын ақпаратқа қарағанда МҚ-ын қолданудың негізгі артықшылықтары:
Жинақтылығы;
Жылдамдығы және өте аз күш жұмсау;
Ақпараттың дәлдігі;
Мәліметтер қорын орталықтан басқару(негізгісі).
Мәліметтер қорын құратын және оларға сұранысты өндеу жүйесі - мәліметтер қорын басқару жүйесі(МҚБЖ) деп аталады.
Бақылау сұрақтары:
1. Мәліметтер қоры дегеніміз не?
2. Мәліметтер қоры жүйесі дегеніміз не?
3. Кесте, жазба және өріс қалай анықталады?
4. Мән, байланыс және атрибуттардың қызметі не?
5. Мәліметтер қорын қолданудың негізгі артықшылықтары?
Әдебиеттер
[3], [4], [7], [10].
Қысқаша дәрістер конспектісі
№2 дәріс.
Тақырыбы: Мәліметтер қорын басқару жүйесі және оның негізгі компоненттері. Қазіргі МҚБЖ.
Дәріс мақсаты: Мәліметтер қорын басқару жүйесінің құрылымын және негізгі қызметтерін анықтау.
Кілттік сөздер: мәліметтер қорын басқару жүйесі, сұраныс, деретер, тілдік құрылғылар.
Жоспары:
2.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
2.2. Қазіргі МҚБЖ-нің негізгі қызметтері
2.1. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
Мәліметтер қорын басқару жүйесі – көптеген қолданушылар мен мәліметтер қорын қолдану және берілгендерді енгізу үшін негізделген тілдік жабдықтар мен программалар кешені.
МҚБЖ мәліметтер қорын қолдануды басқаратын бағдарламалық жабдық болып табылады. Бұл келесі түрде жүзеге асырылады:
1. Қолданушы арнайы деректер тілін қолдана отырып МҚ-ына сұраныс жібереді (мысалы, SQL).
2. МҚБЖ сұранысты қабылдайды және талдайды.
3. МҚБЖ осы қолданушы үшін сыртқы сызбаны қарастырады.
4. МҚБЖ сақталынған деректер қорында қажетті әрекетті орындайды.
Комплекстік мәліметтер қорын бірнеше әдістермен құруға болады:
1. Программалаудың алгоритмдік тілдері – Бейсик, Паскаль.
2. Программалаудың ортасы көмегімен – Visual Basic, Delphi.
3. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деп аталатын арнайы программалық жабдық көмегімен – Access, FoxPro.
Дербес МҚБЖ бір компьютерде орындалатын жеке мәліметтер қорын
құруды қамтамасыз етеді. Жеке МҚБЖ Paradox, Dbase, FoxPro, Access. Жалпы МҚБЖ «Клиент - Сервер» архитектурасымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді жүйелерді құруды қамтамасыз етеді. Мысалы Oracle, Microsoft SQL SERVER, INTERBASE.
МҚБЖ – ның тілдік құрылғыларының құрамына мыналар жатады:
1. Мәліметтерді сипаттау тілі – мәліметтердің логикалық құрылымын сипаттауға арналған.
2. Мәліметтерді игеру тілі – мәліметтерді енгізу, таңдау, модификациялау операцияларын орындайды.
3. SQL – құрылымды программалау сұраулар тілі, мәліметтер құрылымын басқаруға, игеруге және қашықтықтағы мәліметтер қорына енуге арналған стандартты құрылғы.
4. Үлгі бойынша сұранымдар тілі QBE (Query By Example) мәліметтер
қорында визуальды сұрауларды құруға арналған.
