- •Қдс 5 курс 2016-2017 оқу жылы «Вакцинопрофилактиканың стратегиясы және тактикасы» Билет 1
- •Қдс 5 курс 2016-2017 оқу жылы «Вакцинопрофилактиканың стратегиясы және тактикасы» Билет 2
- •Қдс 5 курс 2016-2017 оқу жылы «Вакцинопрофилактиканың стратегиясы және тактикасы»
- •Эпидемиологии кафедрасының меңгерушісі Саттаров а.И. Қдс 5 курс 2016-2017 оқу жылы «Вакцинопрофилактиканың стратегиясы және тактикасы»
- •Жағдайлық есептер
- •1. Осы бала үшін 2 жасқа дейін егу жоспарын құрастырыңыз.
- •Баланы вакцинациялауда педиатр тактикасын көрсетіңіз.
- •Осы бала үшін 2 жасқа дейін егу жоспарын құрастырыңыз.
Қдс 5 курс 2016-2017 оқу жылы «Вакцинопрофилактиканың стратегиясы және тактикасы»
Билет 9
Желшешекке қарсы вакциналардың сипаттамасы. Қолдануға көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер.
Бала Ольга Н. алдын алу егулері 11 айға дейін жүргізілген. Ары қарайғы егулерден және туберкулинодиагностикадан ата-анасы бас тартқан. Анасы педиатрға баланы балабақшаға рәсімдеу бойынша келген (жасы 3 жыл 2 ай) және алдын алу егулерді жасауға рұқсат берді.
Анамнезден белгілісі, бала қызамық және скарлатинамен ауырған.
Тапсырма:
Осы балаға алдын алу егу күнтізбесін құрастырыңыз.
Эпидемиологии кафедрасының меңгерушісі Саттаров а.И. Қдс 5 курс 2016-2017 оқу жылы «Вакцинопрофилактиканың стратегиясы және тактикасы»
Билет 10
Пневмококктық инфекцияға қарсы вакцинаның сипаттамасы. Қолдануға көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштер.
Таня Х. 4,5 айлық. АбКДС, ИПВ және гепатита В қарсы 1-ші вакцинация жүргізгеннен кейін екінші күнінде балада АбКДС салған жерде гиперемия, ісіну 4×4 см байқалған және дене қызуы 37,9°С көтерілген.
Тапсырма:
1. Осы балаға ары қарай егулерді жүргізу тактикасын көрсетіңіз.
2. Осы бала үшін 1 жасқа дейін егу жоспарын құрастырыңыз.
Эпидемиологии кафедрасының меңгерушісі Саттаров А.И.
Жағдайлық есептер
Есеп 1. 1-ші сынып оқушыларына БЦЖ ревакцинациясын жасауға таңдау жүргізгенде үш балада Манту сынамасы оң болды (10, 12, 17 мм сәйкес). Осы балалар туберкулезге қарсы егуге жатады ма және қандай мерзімде? Жауабыңызды негіздеңіз.
Есеп 2. 1-ші сынып оқушылары арасында 12 адамда Манту сынамасы теріс болды, оның ішінде біреуі ревматизм, екіншісінде – бронхиальді демікпе, ал үшіншісі 4 ай бұрын дизентериямен ауырған. Барлығын туберкулезге қарсы егуге бола ма, әлде жоғарыда аталған үшеуді шығарып тастау керек па? Жауабыңызды негіздеңіз.
Есеп 3. 7 жастағы балада Манту реакциясы 2 ТЕ күдікті болды. Туберкулезге қарсы ревакцинацияға және оны жүргізу мерзіміне сіздің шешіміңіз. Жауабыңызды негіздеңіз.
Есеп 4. Педиатр қабылдауында 4 айлық бала, онда АбКДС және ИПВ бірге алғашқы егуден кейін 15 сут. кейін оң жақ аяғында бұлшықет тонусының төмендеуі және сіңір рефлекстерінің төмендеуі байқалады (АбКДС оң жақ санға салынған). Сіздің іс-әрекетіңіз? Жауабыңызды негіздеңіз.
Есеп 5. Педиатр қабылдауында церебральді салданумен бала болды. Иммунизацияға қатысты сіздің тактикаңыз?
Есеп 6 Катя С. АИВ-инфицирленген анасынан туылған.
Тапсырма:
1. Осы бала үшін 2 жасқа дейін егу жоспарын құрастырыңыз.
2. АИВ-инфицирленген анасынан туылған балаларға қандай вакциналар қарсы көрсетілген?
Есеп 7 Бала Павел Б. егу күнтізбесіне сәйкес егілген. Қазіргі кезде баланың жасы 1 жыл 1 ай, қызылшаға қарсы егілмеген. Екі күн бұрын баланың анасы инфекционды стационарға жатқызылып, онда қызылша диагнозы қойылған.
Тапсырма:
Педиатр тактикасын көрсетіңіз.
Осы бала үшін 2 жасқа дейін егу жоспарын құрастырыңыз.
Есеп 8 Педиатр қабылдауында болған 3 жастағы бала полиомиелитке қарсы аяқталған вакцинация және 2 ревакцинация алған, құжаттармен расталады, бірақ отбасы 1 ай бұрын Грузиядан оралман болып келген, осы балаға қандай алдын алу шараларын тағайындайсыз?
Есеп 9 Педиатр қабылдауында АИВ-инфицирленген анасынан туылған бала келді, полиомиелитке қарсы қандай вакцинаны сіз ұсынасыз?
Есеп 10 5 жастағы баланың егілген мәліметі жоқ, балалар үйіне рәсімделіп жатыр. Сіз полиомиелитке қарсы иммунизацияның қандай схемасын ұсынасыз?
Есеп 11 Педиатр қабылдауында 18 айлық бала полиомиелиттің бірінші ревакцинациясына жатады, сонымен қатар ол бала қызылша, қызамық, эпидемиялық паротитке қарсы егілмеген. Бір күнде 4 егуді жасауға бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз.
Есеп 12 Екпе жасамас бұрын, тоңазытқышта сақталған иммуноглобулині бар ампула ыстық суға салынды. Оны судан алған соң ампула ішіндегі сұйықтық лайланып кеткен. Болған жайтты қалай бағалап, қандай әрекет жасау керек?
Есеп 13. Ясли тобында қызылшаға байланысты карантин жүріп жатқанда 2 жасар балаға эпидемиялық паротитке қарсы жоспарлы екпе жүргізуге болама?( бала қызылшамен 1 жасында ауырып кеткен)
Есеп 14. Не себепті жануарлар тістеуінен зардап шеккендерді тек антирабиялық вакцинамен ғана емес, сонымен қоса сіреспеге қарсы препаратпен егеді? Жауабыңызды негіздеңіз.
Есеп 15. Вирустық гепетит А ауруымен науқасты тексеру барысында бөксесінде әлі бітпеген жар анықталды. Анамнезден оны 1 апта бұрын белгісіз ит тістегені анықталды. Науқастың айтуы бойынша, тістеу жағдайы кездейсоқ болған. Қандай әрекет жасау керек:
А. Антирабиялық екпе жасау
Б. (Вирустық гепатит А) ауруын есепке ала отырып екпе жасамау керек. Жауабыңызды негіздеңіз.
Есеп 16. 10 күн бұрын 3000 МЕ сіреспеге қарсы сарысу мен 1 мл АС – анатоксинін алған аңшыны түлкі тістеп ( саусақ ұшы, мойыны мен берінде көптеген жарақаттар) жарақаттаған. Қандай әрекет жасау керек?
Есеп 17. Адамды тістеген үй хайуанаттарын тістеген сәттен бастап не себепті 10 күн бойы бақылауға алады? Жауабыңызды негіздеңіз.
Есеп 18. Травматологиялық пункт дәрігеріне 30 жастағы әйел қаралған, ол қойма жұмысшысы, бетін ит тістеп алған. Науқастың айтуына қарағанда ит тістегені кездейсоқ болған, ит қойма территориясында тіршілік еткен, құтыруға қарсы егілмеген, тістегеннен кейін ит өлтіріліп, өлексесі табылмаған. Әйелдің сіріспеге қарсы алған екпесі туралы мәліметтері жоқ. Сіздің ұсынысыңыз. Жауабыңызды негіздеңіз
Есеп 19. Антирабиялық вакцинаның толық курсын алып жүрген адамға сіз қандай режимді ұстануды ұсынасыз.
Есеп 20. Костя Ф., 3 жас 4 айда, жоспарлы егу күнтізбесіне сай мерзімде егілген. Соңғы жылы ЖРВИ-мен 7 рет ауырған. Мектепке дейінгі балалар мекемесіне баруға дайындалып жүр. Осы баланы ары қарай иммунизациялауға ұсыныс беріңіз.
Есеп 21. Бала Петя И. HBs – антигенін тасымалдаушы анасынан туылған.
Тапсырма:
