Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шаңғы фестивалі(дұрыс).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
227 Кб
Скачать
☆

V. Шаңғы Фестивалінің бағдарламасы және жеңімпаздарды анықтау тәртібі.

Шаңғы Фестивалінің бағдарламасы өтетін барлық кезеңдерге бірдей жүреді.

№

Жас ерекшеліктері

Шақырымы

1

Барлық жастағы қатынасам деуші ерлер мен әйелдер, ұлдар мен қыздар үшін жалпы шаңғы жарыстары

3 шақырым

2

2003 жылғы және одан төменгі жастағы ұлдар, қыздар

3 шақырым

3

1999-2002 жылғы туған қыздар

3 шақырым

4

1988-1998 жылғы туған қыздар, әйелдер

3 шақырым

5

1967-1987 жылғы туған қыздар, әйелдер

3 шақырым

6

1966 жылғы және одан жоғары жастағы әйелдер

3 шақырым

7

1999-2002 жылғы туған ұлдар

5 шақырым

8

1988-1998 жылғы туған ұлдар, ерлер

5 шақырым

9

1967-1987 жылғы туған ерлер

5 шақырым

10

1966 жылғы және одан жоғары жастағы ерлер

5 шақырым

Эстафеталық жарыстар

11

1988 ж.т. және одан төменгі жастағы қыздар

4х2 шақырым

12

1987 ж.т. және одан жоғары жастағы әйелдер

4х2 шақырым

13

1988 ж.т. және одан төменгі жастағы ұлдар

4х3 шақырым

14

1987 ж.т. және одан жоғары жастағы ерлер

4х3 шақырым

Vі. Фестивалді өткізу шығындары.

Жарыстың І кезеңін ұйымдастырып өткізу шығындарын (жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапттау, төрешілер құрамының жұмысын, дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарын) спортшылардың ІІ кезеңге қатынасу шығындарын ауылдық әкімдіктер, спорт әдіскерлері, мектеп ұжымдары жүргізеді.

Жарыстың ІІ кезеңін ұйымдастырып өткізу шығындарын (жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау, төрешілер құрамының жұмысын, дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарын) спортшылардың облыстық ІІІ кезеңге қатынасу шығындарын ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімі жүргізеді.

Vіі. Марапаттау

Фестивал бағдарламасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұлдар-қыздар, ерлер-әйелдер әр жас топтарына байланысты бөлек-бөлек грамоталармен және жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Командалық жүйедегі эстафеталық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне тиісті дәрежедегі дипломдар табыс етіледі.

ЕСКЕРТУ: Шаңғы спорты Фестивалінің ІІ кезеңіне қатынасу үшін, КҮНІ БҰРЫҢҒЫ ӨТІНІМ (ЗАЯВКА), І кезең бойынша өткізілгені туралы мәтіндік есебін жергілікті уәкілетті органның бірінші басшысының (ауыл, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары және мекеме басшылары) қолы және мөрімен бекіттіріп төмендегі мекен-жайға 2017 жылдың 2 ақпанына дейін ауданның дене шынықтыру және спорт бөліміне тапсыруларыңыз керек. Үлгі қосымшада.

Анықтама телефоны: 8(71440) 22-0-46 Электронды адрес: amansport@mail.ru

Қосымша

Регламентке қосымша

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]