- •Студенттерге арналған пәннің силлабусы
- •1. Пән бойынша ақпарат
- •2. Курстың сипаттамасы
- •3. Оқытудан күтілетін нәтижелер
- •5. Қорытынды баға (балл) қою саясаты
- •6. Оқытушының саясаты және күту мерзімі
- •7. Академиялық пән
- •10. Курс бағдарламасы
- •*Бағдарлама жеңіл өзгеріске ұшырауы мүмкін.
- •12. Курстық жұмыстардың (рефераттардың) тақырыптары
- •11. Сөж жұмысының кестесі
- •13. Емтихан сұрақтарының тізімі:
- •14. Оқу материалдары:
6. Оқытушының саясаты және күту мерзімі
Жұмыстар белгіленген мерзімде тапсырылуы тиіс. Барлық тапсырмаларды емтихан сессиясына 3 күн қалғанға дейін тапсыру керек. Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
Әр оқу бағдарламасы бойынша тақырыптарды қайталау және өтілген материалдарды өңдеу міндетті болып табылады. Оқу материалын игеру дәрежесін тексеру тестілеу бойынша жүргізіледі.
Үй тапсырмалары және СӨЖ белгіленген мерзімде орындалуы тиіс, уақытында орындалмаса, қорытынды баға төмендетіледі.
Аудиториялық сабақтарға қатысу міндетті болып табылады, сабаққа қатыспаған жағдайда, оқытушының белгілеген мерзімі бойынша қайта тапсырылады, әр қатыспаған сабақ үшін дәріс тақырыбы бойынша 2 қосымша тапсырма беріледі.
Қорытынды рейтингтік бақылаудан 60% төмен балл жинақтаған студенттер, балдарын өтілген барлық материалдарды қамтитын қосымша сынақ тапсырмалары арқылы дұрыстай алады. Бұл жағдайда жинақталған балл минималды деңгейде қойылады.
№ |
Жұмыс түрі |
Баға (max балл) |
Саны |
Сомасы |
1-рейтинг |
||||
1 |
дәрістер |
1 |
14 |
14 |
|
семинарлар |
3 |
7 |
21 |
2 |
СӨЖ |
12 |
7 |
65 |
Барлығы |
100 |
|||
2-рейтинг |
||||
1 |
дәрістер |
1 |
14 |
14 |
|
семинарлар |
3 |
7 |
21 |
2 |
СӨЖ |
12 |
7 |
65 |
Барлығы |
100 |
|||
7. Академиялық пән
Академиялық ұстанымдарға сәйкес, студенттерден тек қана оқытушыға және бір-бірін құрметтеу ғана емес, сонымен қатар курсқа да құрмет көрсету күтіледі. Сабақ барысында қалта телефондары «мәжіліс» немесе «үнсіз» режиміне қойылуы тиіс. Егер жұмыстың топтық форматы болмаса, кез келген көшірме немесе басқаның жұмысын қайта жасау қабылданбайды. Семинар немесе дәріс барысында бақылау жұмыстары болған жағдайда көшіріп алу қабылданбайды. Қорытынды нәтижесінде тапсырма орындалмаса немесе ереже бұзылса, «F» бағасымен бағаланып, тапсырылып отырған пән қайта оқытылады.
10. Курс бағдарламасы
№ |
Тақырып |
Тақырып сұрақтары |
Дәрістер сағ |
Семинар сағ |
СОӨЖ тапсырмалары |
Бақылау түрі (реферат, ЭССЕ, сұрақ - жауап) |
1 |
Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, даму тарихы, негізгі бағыттары мен аспектілері, негізгі ұғым-категориялары. |
1.Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, даму тарихы. Стилистиканың негізгі бағыттары мен аспектілері. 2.Стилистиканың негізгі ұғым-категориялары. Тілдің стилистикалық құрылымы. Функционалды стиль туралы ұғым. Стиль – стилистиканың негізгі ұғымы. «Стиль» терминінің әртүрлі түсініктері, оның себептері. 3. Тілдік құралдардың стилистикалық бояуы, оның түрлері. Функционалдық-стильдік және эмоционалдық-экспрессивтік бояулар. Тілдің стилистикалық бейтарап құралдары, тілдің (мәтіннің) стилистикалық тұрқын қалыптастырудағы олардың рөлі. |
1 |
1 |
Қазақ тілінің стилистикасы пәнінің мақсат-міндеті мен мазмұны. Зерттеу нысаны мен қарастыратын мәселелері. |
Сұрақ- жауап |
2 |
Стилистикалық мағына, оның табиғаты. Стилистикалық синонимдер. |
Стилистикалық мағына, оның табиғаты. Стилистикалық парадигматика мен синтагматика. Стилистикадағы пішін мен мазмұндық жақтар. Стилистикалық синонимдер. |
1 |
1 |
Стилистикалық ғылым ретінде қалыптасу және зерттелу тарихы. Стилистиканың өзге ғылымдармен: нормативтік қазақ тілі, қазақ әдеби тілінің тарихы, көркем мәтінді лингвистикалық талдау, әдеби стилистикамен байланысы. |
Жаттығу жұмыстары |
3 |
Стилистикалық норма, оның ерекшеліктері. Стилистикалық қате туралы ұғым. |
Стилистикалық норма, оның әдеби норманың басқа түрлерінен ерекшеліктері. Норманы белгілеудегі объективті, субъективті сипаттар. Стилистикалық норманың тарихи категория екендігі. Стилистикалық қате туралы ұғым. Стилистикалық қатенің түрлері, олардың басқа қателерден ерекшеліктері. Тілдік-стилистикалық мәдениетті тәрбиелеу. |
1 |
1 |
Тілдің стилистикалық құрылымы. Стилистиканың негізгі ұғым, категориялары: а) стиль; ә) стилистикалық бояу және стилистикалық мағына; б) стилистикалық белгі; в) стилистикалық құрал |
Эссе жазу |
4 |
Стилистиканың зерттеу әдістері. Қазақ тілінін стилистикалық құралдары |
Стилистиканың зерттеу әдістері. Стилистикалық талдау, оның нақтылы әдіс-тәсілдері: сөздіктер мен анықтамалықтардағы стилистикалық белгілерді талдау, бейтарап не стилистикалық бояуы бар тілдік құралдарды табу, бақылау, мәтінді стилистикалық талқылау, стилистикалық эксперимент жасау және жалпы тілдік әдістерді (сипаттама, салыстырмалы) пайдалану. Қазақ тілінін стилистикалық құралдары. Фонетикалық стилистика. Дыбыстау стилдері. Дыбыстаудың түрлері. Акцентологиялық варианттар, олардың стилистикалық сапалары. Интонацияның стилистикалық мүмкіндіктері. |
1 |
1 |
Фонетикалық және лексикалық стилистика. Дыбыстардың стильдік қызметі. Сөздердің лексикалық және стилистикалық мағынасы. Коннотаттық мағына. Тілдегі синонимия және омонимия. Паронимия. |
Жаттығу жұмыстары |
5 |
Фонетикалық стилистика |
Дыбыстау стильдері. Дыбыстаудың түрлері. Акцентологиялық варианттар, олардың стилистикалық сапалары. Интонацияның стилистикалық мүмкіндіктері. |
1 |
1 |
Стилистикалық парадигматика және синтагматика. Қосымшалардың стилистикалық қызметі. Сөз таптарының стилистикасы. |
Конспект жасау |
6 |
Лексика-фразеологиялық стилистика. Синоним, омоним, антоним, паронимдер. |
Лексика-фразеологиялық стилистика. Басқа тілдік қабаттарға қарағанда лексика-фразеологиялық деңгейдің стилистикалық мүмкіндігі бай екені. Диалектизмдерді, жаргон сөздер мен арготизмдерді стилистикалық мақсатта қолдану. Тарихи, көнерген, жаңа сөздердің стилистикалық мүмкіндіктері. Синоним, омоним, антоним, паронимдер. Олардың бейнелік жақтары мен функционалдық-стилдік қолданыс аясы. |
1 |
1 |
Синтаксистік стилистика. Синтаксистік синонимдер. Сөз тіркесі, сөйлемдердің стилистикалық қызметі. |
Реферат жасау |
7 |
Қазақ фразеологиясының стилистикалық байлығы |
Қазақ фразеологиясының стилистикалық байлығы Сөзжасамның стилистикалық құралдары. Сөзжасамдық тәсілдердің стилистикасы. Сөз тудырушы жұрнақтардың стилистикалық сипаттамасы. |
1 |
1 |
Функционалды стилистика. Функционалды стильдер және олардың топтастырылу мәселесі. «Функционалды стиль» термині. Кітабижазба және сөйлеу стильдері, өзіндік ерекшеліктері |
Эссе жазу |
8 |
Сөз таптарының стилистикасы |
Сөз таптарының стилистикасы. Зат есім, сын есім, етістік, есімдік т.б. сөз таптары категориялары мен формаларының стилистикасы. |
1 |
1 |
Ауызекі сөйлеу стилі, оның өзіндік тілдікстильдік ерекшеліктері. Ауызекі сөйлеу стилінің ауызша және жазбаша түрлері, оның жанрлары. |
Ресми құжаттар жазу |
9 |
Синтаксистік стилистика |
Синтаксистік стилистика. Сөз тіркестері және олардың түрлерінің стилистикалық сапалары. Жай сөйлем стилистикасы. Бір құрамды және толымсыз сөйлемдердің стилистикасы. Сөздердің орын тәртібі мен күрделенген сөйлемдердің стилистикалық қолданысы. |
1 |
1 |
Көркем әдебиет стилі, оның өзіндік тілдікстильдік ерекшеліктері. Көркем шығармадағы поэтикалық сөз қолданыстары. Проза, поэзия, драмалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктері. Дара стиль. |
Шығарма |
10 |
Құрмалас сөйлемдердің стилистикасы |
Құрмалас сөйлемдердің стилистикасы. Синтаксистік синонимдер мен параллель құрылымдардың стилистикалық мүмкіндіктері. |
1 |
1 |
Публицистикалық стиль, оның өзіндік тілдік стильдік ерекшеліктері. |
Сұрақ - жауап |
11 |
Күрделі синтаксистік тұтастық, сөйлемаралық байланыстардың стилистикалық мүмкіндіктері. |
Күрделі синтаксистік тұтастық, сөйлемаралық байланыстардың стилистикалық мүмкіндіктері. |
1 |
1 |
Ғылыми стиль, оның өзіндік тілдік-стильдік ерекшеліктері. Ғылыми стильдің шағын стиль түрлері және жанрлары. |
Мәтін құру |
12 |
Төл сөз, төлеу сөз, ортақ төл сөздердің стилистикалық қызметі. |
Төл сөз, төлеу сөз, ортақ төл сөздердің стилистикалық қызметі. |
1 |
1 |
Ресми ісқағаздар стилі, оның өзіндік тілдік-стильдік ерекшеліктері. Ресми іс қағаздар стилінің шағын стиль түрлері және жанрлары. |
Публицистикалық очерк жазу |
13 |
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функциональды стильдері. Ауызекі сөйлеу стилі. Ресми-іскери стиль. |
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері. Функционалды стильдердің пайда болуының алғышарттары мен себептері. Қазіргі стилистика ғылымындағы функционалды стильдердің концепциясы. «Стиль», «подстиль», «жанр» ұғымдарының қарым-қатынасы. Әдеби тіл құрамындағы функционалды стильдердің өзара байланысы мен бір-біріне әсері, стильдік шектеулікті еңсеру. Қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдер құрамы және оларды топтастырудың принциптері. Ауызекі сөйлеу стилі. Оның қолданыс аймағы мен қызметі. Ауызекі сөйлеудің әдеби, әдеби емес түрлері, стильдік белгілері. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік белгілері. Ресми-іскери стиль. Іскери стильдің қолданыс аймағы, стильдік белгілері. Іскери стильдің түрлері, жанрлық-ситуациялық стилдер, олардың бір қалыпқа түсу (стандарттану) дәрежелері. Ресми-іскери стильдің тілдік белгілері. |
1 |
1 |
Тілдің бейнелегіш-мәнерлегіш құралдары. Троп пен айшықтау, олардың өзіндік ерекшеліктері. Стилистикалық қызметі мен жасалу жолдары. Көркем сөз және көркем бейне. |
Арыз, өмірбаян, резюме, мінездеме жазу |
14 |
Ғылыми стиль, публицистикалық стиль. |
Ғылыми стиль. Ғылыми стильдің қолданыс аймағы, негізгі белгілері, түрлері (ғылыми, оқу және ғылыми-көпшілік), жанрлары (монография, оқулық, ғылыми мақала, лекция, баяндама т.б.). Қазіргі қазақ әдеби тілінде өндірістік-техникалық стильдің қалыптасуындағы қиындықтар. Ғылыми стильдің лексикалық, грамматикалық белгілері. Публицистикалық стиль, оның қолданыс аймағы мен қызметі. Публицистикалық стильдің белгілері, оның қалыптасуына ауызекі сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінің әсері. Публицистикалық стильдің жанрлық көптүрлілігі, тілдік белгілері. Осы стильдегі шешендік шеберлік, оған қойылатын талаптар. |
1 |
1 |
Стилистикалық норма және оның өзге норма түрлерінің ерекшелігі. Стилистикалық қате. Стилистикалық және стилистикалық емес қате, оның түрлері. Мәтіннің стилін жетілдіру, стильдік өңдеу |
Рецензия, сын-пікір жазу |
15 |
Көркем әдебиет тілі |
Көркем әдебиет тілі. Көркем әдебиет тілінің өзіндік ерекшелігі. Көркем әдебиет тілінің әдеби тілдің функционалды стильдері жүйесіндегі орны, ол туралы көзқарастар. Көркем әдебиет стилистикасы мен тіл стилистикасы. |
1 |
1 |
Көркем әдебиет мәтіндерін стилистикалық талдау. Көркем әдебиет тілінің бейнелі құралдарын (лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық) айқындау |
Ғылыми мақала, эссе жазу |
