- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Дипломдық жұмысты орындау ережесі
- •1 Негізгі ережелер
- •2 Дипломдық жұмысты орындау сатылары
- •2.1 Дипломдық жұмыстардың тақырыптамасына қойылатын талаптар
- •2.2 Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісін тағайындау
- •2.3 Дипломдық жұмыстың тапсырмасы
- •2.4 Дипломдық жұмыстың құрылымы
- •3 Дипломдық жұмыстың рәсімделуіне қойылатын талаптар
- •4 Дипломдық жұмыстың қорғауға ұсынылуы
- •5 Дипломдық жұмысты қорғау тәртібі
- •6 Дипломдық жұмысты сақтау тәртібі
- •20___-20___ Оқу жылы
- •Тапсырмасы
- •Жолдаманың түбіртегі
4 Дипломдық жұмыстың қорғауға ұсынылуы
4.1 Нормативтік бақылаудан өткен дипломдық жұмыс шығарушы кафедраға алдын ала қорғау рәсімінен өтуге ұсынылады.
4.2 Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау рәсімі мемлекеттік аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі – МАК) жұмысының басталуынан бір айдан кем емес уақыт бұрын кафедраның ашық отырысында студенттің және міндетті түрде ғылыми жетекшінің қатысуымен өткізіледі, кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді (9-қосымша).
4.3 Алдын ала қорғаудан сәтті өткен және қойылатын талаптарға сәйкестігі нормативтік бақылаумен анықталған дипломдық жұмысқа студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге жіберіледі. Ғылыми жетекші пікір жазып, кафедра меңгерушісіне ұсынады. Кафедра меңгерушісі осы дипломдық жұмыс бойынша соңғы шешім қабылдап, негізгі (титул) бетіне тиісті жазба жасайды.
Дипломдық жұмыстың түптелетін данасындағы шығарушы кафедра меңгерушісінің қолы оқу-әдістемелік бөлімнің мөрімен расталады.
4.4 Ғылыми жетекші жазбаша пікірде (10-қосымша) тақырыптың өзектілігін, жұмысты орындаудағы дербестік дәрежесін, қаралған сұрақтардың логикалық бірізділігін, қорытындылар мен ұсыныстардың дәлелденілуі мен нақтылығын, жұмыстың жақсы жақтары мен кемшіліктерін, қойылатын талаптарға сәкестігін (сәйкес еместігін), МАК отырысында қорғауға жіберілуін (жіберілмеуін) көрсету керек. Жазбаша пікір көлемі 1-2 бет компьютерлік мәтін түрінде болады.
Ғылыми жетекшінің қолы Институттың кадрлар бөлімі бастығының қолы және мөрімен расталады, пікірді беру күні қойылады.
4.5 Дипломдық жұмыс қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ та жазбаша пікір жазып, дипломдық жұмыстың қорғауға жіберілмеуі туралы өз шешімін негіздейді. Ғылыми жетекшінің теріс пікірінің негізінде кафедра меңгерушісі осы дипломдық жұмыс бойынша түпкілікті шешім қабылдап, негізгі (титул) бетіне тиісті жазба жасап, қолын қояды.
Егер кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты қорғауға жіберу мүмкін емес деп есептесе, онда бұл мәселе дипломшы-студент пен міндетті түрде оның ғылыми жетекшісінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра мәжілісінің хаттамасы Институт ректорының бекітуіне ұсынылады.
4.6 Алдын ала қорғаудан өткен дипломдық жұмысты факультет деканы сын-пікір алуға жібереді (11-қосымша).
4.7 Пікірге қарағанда сын-пікір (12-қосымша) тәуелсіз сарапшының дипломдық жұмыс мазмұнының сапасын бағалау нәтижесі болып табылады.
4.8 Сын-пікір беруші дипломдық жұмыстың мазмұнын мұқият зерттеуге міндетті және көлемі 1-2 бет сын-пікір жазады. Сын-пікірде:
- тақырыптың өзектілігі;
- тақырыптың жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы;
- зерттелген тақырыптың толық ашып көрсетілуі;
- баяндау сауаттылығы және дипломдық жұмыстың рәсімделуі;
- мазмұнының қойылатын талаптар мен дипломдық жұмыстың тапсырмасына сай келуі;
- пайдаланылған ақпарат көздерінің жеткілікті (жеткіліксіз) көлемі;
- дипломдық жұмыстың жақсы жақтарыжәне кемшіліктері;
- негізделген ескертулер мен кемшіліктері;
- мәселенің шешілу дәрежесі мен зерттеулердің аяқталғандығы;
- балдық-рейтингтік әріптік эквиваленті көрсетілген дәстүрлі бағасы;
- бітірушіге бакалаврдың тиісті академиялық дәрежесін беру мүмкіндігі көрсетіледі.
Сын-пікір берушінің қолы негізгі жұмыс орнындағы кадрлар бөлімі бастығының қолы және мекеме мөрімен расталады, сын-пікірді беру күні қойылады.
4.9 Шығарушы кафедра меңгерушісінің өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандары арасынан ұсынған сын-пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Сын-пікір жазушылар ретінде басқа жоғарғы оқу орындарының профессор, доцент, оқытушылары қатыстырылады.
4.10 Сын-пікір жазушылардың базалық жоғары білімі немесе қорғалатын дипломдық жұмыстың бағытына сәйкес ғылыми атағы, ғылыми (академиялық) дәрежесі болуы тиіс.
4.11 Ғылыми жетекші қорғауға рұқсатын берген, бірақ сын-пікір жазушы F – «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған диплом жұмысы МАК отырысында жалпы жағдайларда қорғалады.
4.12 Факультет деканы шығарушы кафедраның меңгерушісі мен дипломшы-студентті сын-пікірдің мазмұнымен қорғауға кем дегенде бір күн қалғанда таныстырады және дипломдық жұмысты пікір мен сын-пікірді қоса қорғауға МАК-сына жібереді. Сын-пікірмен танысқаннан кейін дипломдық жұмысқа ешқандай өзгеріс пен түзетулер енгізуге болмайды.
