- •Салықтар қызметтері
- •Қазақстан Республикасының салық жүйесі
- •Салық жүйесіне түсінік және салық жіктемесі
- •Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі
- •Салық түрлері
- •Салық қызметі органдарының құрылымы мен міндеттері қандай?
- •Салық органдары қызметкерінің әрекетіне қалай шағымдануға болады?
- •Бюджеттік жүйенің қызмет ету принциптері. Біртұтас және федералды мемлекеттердегі бюджеттік жүйенің ерекшеліктері
- •Бюджеттік құрылым. Бюджеттік қатьшастар меи бюджетаралық байланыстар
- •Бюджеттік процесті ұйымдастырудың негізі. Бюджеттік процестердіц кезеңдер
- •Мәміле түрлері
Бюджеттік жүйенің қызмет ету принциптері. Біртұтас және федералды мемлекеттердегі бюджеттік жүйенің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ынтымақтық, толығу, бірізділік, басымдылық, шынайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық, тиімділік және нәтижелілік принциптерге негізделеді. Бұл принциптер арасында басты болып ынтымақтық және дербестік принциптері саналады, олар бюджеттік процесті ұйымдастырудың да негізгі принциптері болып саналады. Бюджеттік кодексте жоғарыда айтылған принциптердің әр біреуіне түсініктеме берілген.
Ынтымақтық принцип - бюджеттік жүйенің ұйымдастыру-экономикалық орталықтандыру дәрежесін көрсетеді. Ең толық түрде бұл принцип Кеңес Одағының бюджеттік жұйесінде болып. Қазіргі қезеңде жергілікті билік органдарыньщ дербестікке ие болғанына және оларға қаржылық ресурстармен билік жүргізу жөнінде бірсыпыра құқық берілгеніне байланысты ынтымақтық принцип босаңсытылып қалды.
Толығу принципі - бюджеттер мен Ұлттық қорда республиканың заңнамаларымен қарастырылған, объективті және сенімді көрсеткіштер негізіндегі кірістер мен шығыстар толық көлемінде болуын қадағалайды.
Шынайшылық принцип бюджет атқару жөнінде есеп бер бұрмалауын болдырмау мен жоюға қажет. Ол мемлекеттік қаржы операцияларын әділетті көрсету мен бекітілген сомалар бюджеттік белгілеулерге пайдалануын қарастырады. Шынайшылық даму болжамдар мен бағдарламалар көрсеткіштері және бюджеттік резервтер барлығымен қуаттандырылған негіздегі барлық кіріс көздері мен шығыс бағыттары есептемелерімен дәлелденіп анықталады.
Бюджет жүйесінің жайдарылық принципі бекітілген бюджет пән оны атқару есебі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын керек етеді. Бұл қоғам мүшелерінің әр біреуіне мемлекеттің болашақ кірістері мен шығыстары, әсіресе қаражат шығындарының негізгі бағыттарымен, оның ішінде әлеуметтік салаға арналған қаражаттар көлемімен танысуға мүмкіншілік береді. Жайдарылық принциптің түсінігіне толығырақ сипаттаманы былай беруге болады - ол бюджеттік заңнамалар аумағындағы нормативтік-құқықтық актілер, бюджеттер мен оларды атқару жөніндегі есептер және фискалдық саясат жөнінде басқа да ақпа-раттарды міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы мен мемлекеттік қаржы бақылау жүргізу. Жергілікті бюджеттердің жөнді мен тиімді іс-әрекетінің шарттары болып дербестік пен теңгерулік табылады. Бюджеттердің дербестік принципі маңыңда олардың кірістері өздік қайнар көздерінің түсімдері арқылы қалыптасу мен сол кірістер көлемінде ғана пайдалану бағыттары анықталуы түсініледі. Бұл принципті қолдану әр деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдерді тұрақты түрде бөлуін кірістіру мен олардың жұмсау бағыттарын анықтау мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін бюджеттік заңнама негізінде бюджеттік процесті өз еркі іске асыруына құқық берумен қамтылады. Бұл мринцип биліктің өкілетті және атқарушы органдарының аймақтар деңгейінде қаржы ресурстарды пайдалану мен жұмсау жөніндегі құқықтарын бірсыпыра кеңітеді, себебі жергілікті бюджеттерді атқарған процесте қосымша алынған кірістерді жоғары деңгеидегі бюджетке қайтарып алуы мен жергілікті бюджеттер қосымша рурстармен қамтылмаса оларға қосымша шығындар салуы жіберілмейді.
Бюджеттердің дербестігін бюджет жүйесінің барлық буындарының түсімдер көздері заңмен бекітілу мен бюджет құралдарын әрбір деңгейдегі билік органдарының заңмен анықталған өкілеттіктері негізінде пайдалану құқықтары қамтиды. Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңгерулігі бюджеттік-қаржы саясатының қажетті талабы болуы мүмкін. Мысалы, бюджеттерді қарастыру мен бекіткенде олардың тапшылықтарының шекті мөлшері тағайындалуы мүмкін. Бюджеттік жүйе қашанда болса тұрақты әрекетте болуы керек, яғни бюджеттік құрылыста, бюджеттік процесте, бюджеттік процедуралар мен қатынастарда ешқандай дөрекі өзгерістерсіз. Бұл бірізділік принципке негізделеді. Ол принцип мемлекеттік басқару органдары бюджеттік қатынастар аумағындағы бұрын қабылданган шешімдерді сақтау қажеттілігін көрсетеді. Кейбір уақытта мелекетте экономиканың бөлек бір салалары немесе іс-әрекет салаларының бірінші кезекте дамуы қажетті болады. Осыған байланысты ел немесе аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықты бағыттары жасалады. Сондықтан, басымдылықтық принциптің түсінігі бюджеттік жүйеде бюджеттік процесті осы басымдылықты бағыттарға сәйкес іске асыруды білдіреді.
Бюджетті жасаудан бастап, оны атқарумен аяқталуына дейін бюджеттік жүйе әрекеті бюджет ресурстарын оңтайлы көлемінде пайдалана отырып, бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен қарастырылған белгілі бір әсершіл нәтижеге жету қажеттілік талаптарға бағынады. Бұл тиімділік және нәтижелік принциптің мазмұнына сәйкес, себебі оның керек екендігі болып бюджеттік құралдардың бекітілген көлемін пайдалануда нәтижелі жетістіктерді қамтамасыз ету табылады.
Бюджеттік процестің әрбір қатысушысы міндетті түрде бюджеттік заңнамалар талаптарын орындауы тиіс. Сондықтан бюджеттік жүйеде жауаптылық принцип іске асуда, себебі бұл принциптің талабы - бюджеттік заңнаманы бұзғаны үшін бюджеттік процеске қатысушыларды жауапкершілікке тарту.
Жоғарыда айтылған принциптер негізінде әр мемлекет өз бюджеттік жүйесін жетілдіреді, бірақ біртұтас және федералды мемлекеттердің бюджеттік жүйелерін ұйымдастыруда мемлекеттік құрылымына байланысты ерекшеліктер бар. Мемлекеттің федералдық жайластырушылығына үшбуынды бюджеттік жүйе сәйкес. Мұндай жүйенің маңында орталық бюджет (одақтық, федералдық), федерация мүшелерінің бюджеттері (республика, штаттар) және жергілікті бюджеттер кіреді. Біртұтас мемлекеттерде екібуынды бюджеттік жүйе қолданылады - орталық (республикалық) бюджет және жергілікті бюджеттер.
Федералды жайластырушылықты мемлекеттерде бюджеттік жайластырушылық бюджеттік федерализм принциптеріне негізделеді. Федерализм басқару әдіс ретінде мемлекеттің барлық мұдделерін оның әрбір бөлімдерінің мұдделерімен тіркестіреді және аумақгардың өздеріне берілген сауалдарды шешу дербестігін сақтай отырып, елдің бірлігі мен тұтастығын қамсыз етеді. Сондықтан, бюджеттік федерализмді федералдық билік пен ұлт-мемлекеттік және әкімші-аумақтық билік арасындағы әрбір деңгейдегі бюджет кірістерін оңтайлы, ғылыми-негізді бөлу мен олардың шығындарын қаржыландыру себебіндегі қатынастар деп анықтауға болады. Бюджеттік федерализм төменде көрсетілгендей негізделеді:
• федералдық бюджеттің бастаушы рөлін сақтап, аумақтық бюджеггердің дербестігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету арқылы мүдделерді тіркестіруге;
• әрбір буынның бюджеттер құқықтарының теңбе-теңдігі мен үшбуынды бюджеттік жүйе барлығына;
• аймақтарға қаржылық жәрдем көрсету мен олардың дамуын теңестіру мақсатына федералдық бюджеттен бөлінген кұралдардың көлемі есебінің мемлекеттің барлық субъектілеріне біріккен критерийлерді пайдалану.
Кірістерді федералдық деңгейде орталықтандыру жалпы мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындау, мемлекет қаржыларының тұрақтылығын қамтамасыз ету мен аймактар арасында қаржы ресурстарын қайта бөліс үшін өндіріледі. Кірістерді бюджеттер арасында бөлгенге дейін биліктің әрбір деңгейіне жүктелген өкілеттікке сәйкес олардың шығыстары
Федералды мемлекеттерде жергілікті бюджеттердің кіріс пен шығыстары федерация мүшелерінің бюджеттеріне, ал федерация мүшелері өз кірістері және шығыстарымен федералды бюджетке кірмейді. Біртұтас мемлекеттерде жергілікті бюджеттер өз кірістері және шығыстарымен республикалық бюджетке кірмейді, яғни олар дербесті болады. Жоғары экономикалық және әлеуметтік тиімділікке жету үшін шығыстар неғұрлым жергілікті әкімші-аумақтық бірлікке жақын болуы қажет, себебі сол бірлік мүдделеріне жұмсалатын шығыстар.
Мемлекет біртұтас немесе федералды болсын олардың бюджеттік жүйелерінде бюджеттер әр түрлі деңгейде оңашалану мен дербестігі болуы мүмкін, бірақ та орталық бюджет маңында әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандырылған деңгейге байланысты төменгі тұрған бюджеттерге қатынасты белгілі бір реттеуші рөлі сақталады. Қазақстан Республикасында, екі буынды бюджеттік жүйе қолданылады – республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер.
