- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына арналған
- •Аңдатпа
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •3 Модуль. Морфология
- •4 Модуль. Синтаксис, оның зерттеу объектісі
- •2 Модуль Лексикология
- •3. Омоним, синоним, антоним сөздер, олардың жасалуы
- •3.Омоним, синоним, антоним сөздер, олардың жасалуы
- •Сөздердің байланысу түрлері
- •Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем
Сөздердің байланысу түрлері
Қиысу - сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы немесе жіктеу ретімен жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі
Матасу – сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі
Меңгеру – сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғаулары арқылы байланысқан түр
Қабысу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы іргелес байланысқан түрі
Жанасу – сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысқан түрі
Сөз тіркесі. Сөйлемде сөздердің бір – бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады. Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуы сөз тіркесі дейміз.
Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады. Сөздердің бір-бірімен тіркесінде кейбір есім сөздің, кейбір етістіктің айналасына топталады. Осыған сәйкес сөз тіркесі есімді сөз тіркестері және етістікті сөз тіркестері болып екіге бөлінеді.
Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Мысалы: алтын қасық, сұлу қыз, бес ешкі, сол сәт, жақсының ісі, жаңарған дала.
Етістікті тіркестердің сыңарлары бір-бірімен қабыса, жанаса, меңгеріле байланысады. Мысалы: Кеше келді (жанаса байланысқан).
Тез жүгірді (қабыса байланысу).
Сырт-сырт соғады (қабыса байланысу).
Бір емес екі айтты ( қабыса байланысу).
Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық байланысы
Сөздер тіркесу арқылы белгілі бір мағына тудырады. Сөз тіркесінің мағынасы сөз тіркесі құрамындағы сөздердің лексикалық мағынасын ғана емес, грамматикалық қатынастарын да тудырады. Сөздер тіркесінде сол тіркестегі әр сөздің лексикалық мағынасынан, грамматикалық қатынастарынан пайда болатын лексикалық әрі грамматикалық мағына жасалады.
Қазіргі қазақ тілінде лексика-грамматикалық мағына анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастардан болады.
Анықтауыштық қатынас
1. Анықтауыштық қатынас байланыстың матасу және қабысу түрлерімен болады: баланың ойыншығы, үйдің қабырғасы, қызыл көйлек, үшінші қатар т.б.
2. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімнің? ненің? қандай? қанша? неше? деген сұраулар қойылады.
3. Лексика-грамматикалық мағына даралық, нақтылық мәнді болады. Атап айтқанда:
а) байланыстық (Гүлсімнің құрбысы, Айбардың досы т.б.);
ә) мекендік, мезгілдік (таудың суы, қырдың елі т.б.);
б) бүтіннің бөлшегі (бөлменің қабырғасы, үштің екісі т.б.);
в) жалқы есімнің жалпы есімге қатыстылығы (Астана қаласы, Абай мұражайы т.б.);
г) түр-түс, рең сипаты (ақ қағаз, көк аспан т.б.);
ғ) көлемдік мағына (кең дала, жалпақ бет т.б.).
4. Зат есім - ілік, тәуелдік қатынасында, сын есім - зат есім, сан есім - зат есім, үстеу - зат есім байланысында болады.
Толықтауыш қатынас
1. Толықтауыштық қатынастар меңгеру арқылы жасалған байланыс түріне тән.
2. Басыңқы сөзден бағыныңқыға кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің сұрақтары қойылуымен анықталады.
3. Лексика-грамматикалық мағына төмендегідей болады:
а) сындық сапаның затқа қатыстылығын білдіру (оқуға ынталы, тілге шешен, іске шебер т.б.);
ә) қимылдың негізін білдіру (ыстыққы күю, отқа жану, буға пісу т.б.)
б) қимылға қажетті затты көрсету (орамалға түю, шүберекке орау, қағазға жазу т.б.);
в) бағыт-бағдарды анықтау (үйге бару, мектептен шығу, дүкенге кіру т.б.)
4. Байланыс зат есім - зат есім, қимыл іс - зат есім қатынасымен жасалады.
Пысықтауыштық қатынас
1. Меңгеру, қабысу, жанасу байланыстарындағы етістіктерден болады.
2. Қайда? қайдан? қашан? қайтіп? қалай? Деген сұраулар қойылады.
3. Лексика-грамматикалық қатынас
а) істің мезгілін (ерте тұру, биыл бару, кеш келу т.б.);
ә) істің мекенін (қалаға қайту, Алматыдан келу, ауылда демалу т.б.);
б) істің қимыл-сынын (баппен сөйлеу, жылдам айту, тез жүгіру т.б.);
в) істің мақсатын (қасақана істеу, жорта білмеу, әдейі келу т.б.);
г) істің себеп-салдарын (қорқыныштан қалтырау, ұялғаннан келмеу т.б.) көрсетеді.
4. Үстеу-етістік, зат есім - етістік, сын есім - етістік, көсемше - етістіктің басқа формасындағы сөздермен қатынас негізінде қолданылады.
Сөйлем – ойды білдіре алатын тілдің ең кіші тобын (кейде жеке сөзді де) сөйлем дейміз. Сөйлем жеке сөзден де, сөз тіркесінен де бөлек тілдік единица.
1.сөйлем ойды білдіруге қатысты тұрлаулы мүшелер мен тұрлаусыз мүшелерден тұрады.
2.Сөйлемде дауыс ырғағы, интонация болады. Сөйлем тұлғасы жағынан тиянақты болады. Сөйлемнің тұлға жағынан тиянақтылығы көбінесе баяндауышқа байланысты.
3.Жазуда сөйлем бір-бірінен айтылу мақсатына лайықты нүкте, леп белгісі, сұрау белгісі сияқты тыныс белгілері арқылы ажыратылады. әр сөйлем бас әріппен басталып жазылады.
Сөйлемнің негізгі белгілері: 1. предикативті
2. модальдік
3.интонация
предикативтіліктің арнайы көрсеткіші – жақ және шақ категориясы. Модальділіктің негізгі көрсеткіштері – рай категориясы, модаль сөздер, демеуліктер.
Сөйлемнің түрлері:сөйлем құрлысына қарай жай сөйлем (бір ғана ойды білдіріп, блір ғана интонациямен айтылатын сөйлем) немесе құрмалас сөйлем (екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем) болып екіге бөлінеді.
Хабарлы сөйлемдердің баяндауышы етістіктен де , есім сөздерден де жасалады. Етістіктен болған баяндауыштар өздерінің шақты, жақты білдірушілік қасиеті арқылы сөйлемді тиянақтап қоймай, оған әр түрлі модальдікті береді.
Демек, хабарлы сөйлемдер тек қана бір оқиғаға немесе бір зат туралы пікірді хабарлап қоймай, оның әр түрлі модальдік жақтарын да көрсетеді. Ол үшін түркі тілдерінде лексика-грамматикалық тәсілдері де аз емес. Олар етістік баяндауыш арқылы жасалмай, модальдік сөздер, интонация арқылы беріледі.
Мысалдар: Сенің нағашың қарабас Кәрібай еді ғой. Қап, үйдің ішін суытып жібергенін қарашы.
Хабарлы сөйлем жасаудағы негізгі синтаксистік тәсілдің бірі - оның интонациясы. Интонация хабарлы сөйлемді тиянақтап, аяөтауға жәрдем береді. Бұл жағдай әсіресе хабарлы сөйлемде байқалады. Хабарлы сөйлемдегі көптеген экспериментальдық әдіспен зерттеудің нәтижесі хабарлы сөйлемдердің аяғында дауыс ырғағы бәсеңдеп отыратынын көрсетеді.
Сұраулы сөйлемдер сөйлеушіге анық болмаған белгісіз, немесе күмәнді пікірді анықтау үшін қолданылады. Сондықтан сөйлеуші сұраушыға қарай жауап алғанда ғана өз мақсатына жетеді, пікір толығады. Сөйтіп сұраулы сөйлем адамдардың бір-бірімен тікелей қатынас жасауына мүмкіншілік береді. М.Қашқари сұраулы сөйлем жасаудағы - му шылауының қызметіне айрықша тоқтайды: «му – есімдер мен етістіктердің ақырына қосылып, бір нәрсе жөнінде сұрау мағынасын білдіруші қосымша», - дейді. Салыстырған тілдерде сұраулы сөйлемдер қызметімен білдіретін мағынасына қарай, жалпылық, тектестік қасиетін сақтаған, ал жасаулы тәсілдерінде кейбір өзгешеліктерінде фонетикалық заңдылықтар кездеседі.
Салыстырған мысалдарда бұйрықты сөйлемнің баяндауышы бұйрық райлы етістіктен жасалып, сөйлеушінің тыңдаушыға бұйыра, өтіне айтқандығын білдіріп тұр.
Бұйрықты сөйлемдердің жасалу тәсілінде, мағынасында жалпылық ұқсастық болумен қатар, кейбір тілдердің даму процесінде қалыптасқан өзіне тән ерекшеліктері де бар.
Тіл фактілеріне негіздей отырып, лепті сөйлемдер жөнінде мынадай пікірле айтуға болады. Біріншіден лепті сөйлемді бұйрықты сөйлемнен ажырата қарау керек, өйткені әрқайсысының өзіне тән атқаратын қызметі мен жасалу тәсілі бар. Екіншіден, интонация арқылы хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдердің әрқайсысы лепті сөйлем бола береді деп есептеп, өз алдына дербес қарамау – тіл фактілеріне қиянат жасау.
Лепті сөйлемдер көңіл-күйінің ішкі сезімінің әр түрлі жағдайларын көрсетеді. Сондықтан кейбір түркі тілдерін зерттеушілер лепті сөйлемдерді мағынасына қарай әр түрлі топтарға бөледі. Профессор С.Аманжолов лепті сөйлемнің мынадай мағыналық 11 тобын көрсетеді, бұйрық, үгіт-үндеу, серт, тілек-қалау, қорқыныш-қуаныш, реніш-аяныш, қарсылық-қошемет, алғыс-қарғыс, кекеу-мықау.
Сөйлем құрауға қатысатын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Мысалы: 1. Балалар қағаздарын ұсынып жатты. 2. Айбек пен Гүлден апасына көмектесті.
Сөйлем мүшелерінің негізгі белгілері
1. Сөйлем мүшесі болатын сөздің лексикалық жағынан толық мағынасы болуы шарт (атауыш сөздерден тұруы керек).
2. Сөйлемдегі басқа сөздермен түрлі грамматикалық байланыста болуы қажет.
3. Сөйлем мүшелері бірінің сұрақтарына жауап беруі керек.
4. Шылау, одағай, көмекші сөздер, қаратпа, қыстырма сөздер жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайды.
5. Сөйлем мүшелерін сөйлем ішінде шартты сызықтармен бөлектеп белгілейді.
6.Сөйлем мүшелері қызметі жағынан беске бөлінеді: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш,анықтауыш, пысықтауыш.
7. Сөйлем мүшесі өзінің құрылысына қарай дара және күрделі, үйірлі болып келеді.
Дара мүше - бір ғана сөзден болатын мүше. Мысалы: Айнұр ерте тұрады.
Екі немесе бірнеше сөздің тіркесінен болған мүшені күрделі мүше дейміз. Мысалы: Ол өзі Арманның сөзін қостағалы тұр еді. Ол өзі - күрделі бастауыш, қостағалы тұр еді - күрделі баяндауыш.
Үйірлі мүше - жеке тұрып сөйлем болуға қабілетті, бастауыштық-баяндауыштық қатынаста байланысқан, бір ғана сұраққа жауап беретін сөздер тіркесінен тұратын мүше. Мысалы: Білімі мықты мыңды жығады. Білімі мықты - үйірлі бастауыш.
8. Сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелері деп жіктеледі.
Анықтауыштың негізгі белгілері
1. Зат есімнен немесе затанған басқа сөз таптарынан болған сөйлем мүшесінің сындық, сандық, иелік, мөлшерлік т.б. белгілерін білдіреді.
2. Қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді.
3. Өзі анықтайтын мүшемен матасу, қабысу түрінде байланысады.
Анықтауыштың жасалу жолдары
1. Сын есім: Аспандағы ақ бұлттар да ойнайтындай.
2. Зат есім: Жігіттің үш жұрты бар.
3. Сан есім: Байқауға он бес оқушы іріктелді.
4. Есімдік: Оның шығармасы үздік деп танылды.
5. Есімше: Үзілген нәрсені жалғау да оңай емес.
Пысықтауыш
Сөйлемдегі іс-әрекет, оқиғаның мекенін, мезгілін, сын-қимылын, себебін, мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені пысықтауыш дейміз. Мысалы: Үй іші ауылдан (қайдан?) бүтін (қашан?) оралды.
Пысықтауыштың негізгі белгілері
1. Іс-әрекет, оқиғаның мезгілін, мекенін, сын-бейнесін, себеп-салдарын, мақсатын сипаттайды.
2. Қашан? қалай? неге? не себепті? не үшін? қайдан? қайтіп? қалайша? неліктен? деген сұрақтарға жауап береді.
3. Байланыс меңгеру, жанасу, қабысу арқылы жүзеге асады.
4. Мағынасына қарай беске бөлінеді:
а) мезгіл пысықтауыш (қашан?)
ә) мекен пысықтауыш (қайда? қайдан?)
б) сын-қимыл пысықтауыш (қайтіп? қалай?)
в) себеп-салдар пысықтауыш (неліктен? не себепті?)
г) мақсат пысықтауыш (қайтіп? неліктен? не үшін?)
Пысықтауыштың жасалу жолдары
1. Үстеу: 1. Ертең досымен қонаққа барады. 1. Төменде інісі күтіп тұр.
2. Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрған сөздер: 1. Мектепте Айман апасына көмектесті. 2. Көшеден туысқанын кездестірді.
3. Етістіктің көсемше түрі: Әжесі немересіне күлімсірей қарады.
4. Есімдік: Туысқандар да осындайда жиналатын.
5. Еліктеу сөздер: Көршіміз есікке тақай бере қалт тоқтады.
6. Сын есім: Ыстықта мал да жайыла алмады.
7. Сан есім: Атасы тоқсанында шөбере сүйді.
Бірыңғай мүшелердің өзіндік белгілері.Айқындауыш мүше.
Сөйлемде атқаратын қызметтері бірдей болып келіп, тең дәрежеде байланысатын екі немесе одан да көп сөйлем мүшелерін сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп айтамыз. Мысалы: Кесек мұрынды, шоқша сақал, зор дауысты Түсіп-Жігітектің Бөжейден соңғы басты адамының бірі болатын. (М. Әуезов). Осы сөйлемдегі сөздер қандай? дегенсұраққа жауп беріп, бірыңғай анықтауыш қызметінде тұр. Ал екінші сөйлемде бірыңғай бастауыш қызметінде кімдер? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: Асылбек, Жиренше, Ерболдар да Базаралыға қадала қарап, хабар күтті. (М. Әуезов.)
Иллюстратвті және үлестірмелі материалдар: кинофильмдер, тест тапсырмалары, слайдтар
Пайдаланылған әдебиеттер:
Н.Ә[2; 4]
Қ.Ә[5;8]
№14 Дәріс тақырыбы: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем синтаксисі. Емле және тыныс белгілері
Жоспары:
1.Құрмалас сөйлем белгілері, жасалу жолдары
2. Салалас құрмалас сөйлем.
3.Сабақтас құрмалас сөйлем.
4.Аралас құрмалас сөйлем.
5. Емле туралы жалпы түсінік.
6.Тыныс белгілерінің қалыптасуы мен даму жолдары. Тыныс белгілердің түрлері.
Дәріс мәтіні:
Жай сөйлем құрылыс жағынан аса күрделі болмағанымен, көлемі, құрамы әр кез біркелкі бола бермейді. Жай сөйлемдерде ойды беру мақсатына қарай, сөйлем мүшелерінің барлығы да қатысуы мүмкін немесе керісінше. Осындай ерекшеліктеріне қарай оларды төмендегідей топтарға бөлеміз:
1) жақты және жақсыз сөйлемдер;
2) жалаң және жайылма сөйлемдер;
3) толымды және толымсыз сөйлемдер;
4) атаулы сөйлем.
Құрамында бастауыш қатысқан немесе жасырын тұрса баяндауыш арқылы табуға болатын сөйлемді жақты сөйлем дейміз. Мысалы: 1. Балалар кітапханаға кірді. 2. Айтқан тапсырмаларын уақытында орындадық. Алғашқы сөйлемнің бастауышы - балалар, баяндауышы - кірді сөйлемде анық тұрса, екінші сөйлемнің баяндауышы - орындадық сөйлемде анық тұрғанымен, бастауыш берілмеген. Дегенмен бастауышты баяндауыш арқылы тауып ала аламыз, орындадық етістігі ІІІ жақта, көпше түрде тұр, ендеше, бастауышы - біз есімдігі. Жақты сөйлемнің басты ерекшелігі бастауыш пен баяндауыш қиыса байланысып, жақ жағынан, шақ жағынан бір-біріне сәйкес келіп тұрады. Жақты сөйлемдердің бастауыштары төмендегідей жағдайларда түсіріліп айтылуы мүмкін.
1) Өзара мағыналас байланыстағы сөйлемдердің бастауышы алғашқысында болып, соңғысында қайталанбай, ортақтасып келе береді: Апам ауылға қонаққа шақырды. Бірақ келер алдында хабарласуымды өтінді.
2) Баяндауыштық тұлғадан бастауыштың қай сөз екендігі белгілі болып тұрғанда, көбіне-көп І,ІІ жақтағы бастауыштар сөйлемде айтылмайды: І. Оны көп тыңдай берме. 2. Мінезін білетін едің ғой.
3) Жіктеу есімдіктерінен (мен, сен, сіз, біз, ол) болған бастауыштарға ерекше екпін түсіріп, мән беру керек болғанда, олар бірнеше рет қайталана береді:Мен, мен, мен едім,
Мен Нарында жүргеде
Еңіреп жүрген ер едум. (Махамбет.)
Бұдан бастауыштың сөйлемде айтылу-айтылмауы стильге де қатысты екенін байқаймыз.
Жақсыз сөйлем
Тілде сөйлеушіге немесе тыңдаушыға істі істеушінің кім екендігін дәлдеп көрсету қажеттігі болмайтын, тек іс-әрекетті, оқиғаны хабарлап қана қоятын сөйлемдер болады.
Баяндауыштың өзі ғана сөйлемге негіз, ұйытқы болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем дейміз.
Мысалы: Сабақтан кешігуге болмайды.
Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары
1. Етістіктің қалау райының -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтарынан болады: Менің оны тыңдағым келмеді.
2. Қимыл атауына (тұйық етістік) барыс септік жалғауы жалғанып, оған бол, кел, жара сөздерінің тіркесуі арқылы: Қайта жазуға келмеді.
3. Атау, барыс септіктегі қимыл атауынан (тұйық етістік) соң керек, жөн, мүмкін бейтарап сөздері тіркеседі: Ата-аналарын балалары құрметтеуі керек.
4. Көсемшенің -ып, -іп, -п жұрнағынан соң көмекші етістіктің болымсыз тұлғасы келеді: Жазғанынан ештеңе оқып болмайды.
5. Тұрақты сөз тіркесі қатысқан сөйлемдер: Сансыз қатеден аяқ алып жүргісіз.
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң сөйлемдердің ендігі бір түрлері тұрлаусыз мүшелердің қатысу-қатыспауына қарай бөлінеді.
Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Мысалы: Біз барамыз, олар да келеді.
Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Мысалы: Әбішті кім орысша оқытып жүргенін Ұлжан айтып берді. (М. Әуезов.)
Толымды және толымсыз сөйлемдер
Жай сөйлемдердің құрамы аса күрделі болмағанымен, кейбірінде ойға қатысты сөздердің барлығы сөйлемге қатысып, сөйлем мүшесі болады. Мысалы: Менің балдай балалық шағым сол әсем жайлауда қалды. (Ғ. Мүсрепов)
Айтылуға тиіс тұрлаулы мүшелердің барлығы сөйлем құрауға қатысқан сөйлем түрін толымды сөйлем дейміз. Толымды сөйлемде сөйлем мүшелері қажетіне қарай түгелі қатысады, басқа сөйлемдерге тәуелді болмайды.
Жай сөйлемдердің енді бір түрлерінде өзінің алдындағы сөйлемнен белгілі бір мүше немесе бірнеше мүше қайталана бермей, түсіп қалады. Мысалы: Бақыт пен Гүлнұр алдын ала білген еді. Бірақ қандай себеп екенін айтпады. Екінші сөйлемде бастауыш бірінші сөйлемнен белгілі (Бақыт пен Гүлнұр немесе олар) болғандықтан түсіп қалған.
Айтылуға тиісті сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалған жай сөйлемді толымсыз сөйлем дейміз. Толымсыз сөйлемдер көбінесе желілес, өзектес сөйлемдер мен диалогтарда кездеседі.
Тіліміздегі жеке жай сөйлемдердің қолданысы әрқашанда өз алдына дербес бола бермей, олар мағыналық, тұлғалық жағынан байланысқа түсіп, күрделі ойды береді. Құрмалас сөйлемнің қолданылу барысы осындай күрделі ойды білдірудің қажеттігінен туындап жатады.
Құрмалас сөйлем - синтаксистің үлкен бір саласы. Тілдегі жай сөйлемдер мен оның күрделенген түрлері бір ғана предикаттық қатынасқа негізделсе, құрмалас сөйлемдер ең кемдегенде екі предикаттық қатынас негізінде жасалады. Мысалы: Жұмабай көк құнанды зорға тоқтатып алған соң, Абай Сағитты маңайлатпай қуып жіберіп, сол бәледен Жұмабайды да, құнанды да өзі құтқарып шыққан. (М. Әуезов.)
Құрмалас сөйлемнің негізгі белгілері
1. Жай сөйлемнің құрамы жеке сөздер мен сөз тіркестері болса, құрмаластың құрамы жеке сөйлемдер болады.
2. Күрделі ойды білдіреді.
3. Құрамындағы сөйлемдер өзара интонация арқылы жалғасады.
Құрмаластың жасалуына қарай түрлері
Салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысы баяндауышы жағынан тиянақты тұлғада аяқталатын, өзара тең дәрежеде баланысатын құрмаластың түрін салалас құмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Өзі балаларға әңгіме айтады, жолдастары тамақ әзірлейді.
Салалас құрмаластың негізгі белгілері
1. Салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болады.
2. Жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келетіндіктен, олар өзара тең дәрежеде болады.
3. Салалас құрмалас сөйлемнің бастауыштары мен баяндауыштары жақ жағынан қиыса жұмсалады.
4. Сөйлемдер арасындағы интонациялық кідіріс анық болады.
Қазіргі қазақ тілінде салалас құрмалас сөйлемнің түрлері мағынасына қарай 8 топқа бөлінеді:
1) мезгілдес салалас,
2) себептес салалас,
3) қарсылықты салалас,
4) шартты салалас,
5) салыстырмалы салалас,
6) талғаулы салалас,
7) кезектес салалас,
8) түсіндірмелісалалас.
Мезгілдес салалас құрмалас сөйлем
Бұндай сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер бір мезгілде немесе бір-біріне жалғаса болған іс-әрекеттерді, жай-күйін баяндайды. Мысалы: Жастар бөлек әңгімелесіп отыр екен, мен де соларға қосылдым. (Б. Майлин.)
