Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эсис ргр.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216 Кб
Скачать
☆

3.2 Әдістемелік нұсқаулар

 

Жобалау кезінде, сондай-ақ аса күрделі емес тораптарды пайдаланған кезде бір рет есептеу үшін ПЭВМ қолданбай, ең таралған тәсілдердің бірі қолмен есептеу – желіні түрлендіру әдісі бойынша күрделі тораптың сұлбасын ретімен ықшамдау тәсілін пайдалану керек.

Түрлендіру әдісінің маңыздылығы біртіндеп түрлендірілген күрделі торапты белгілі қуатпен таралатын екіжақты қорек беретін желіге әкеліп қосатынымен негізделген. Сөйтіп, әр түрлендірілген сұлба учаскесінде сызықтық қуатын анықтағаннан кейін біртіндеп кері түрлендіру арқылы тораптың алғашқы сұлбасында қуаттың нақты таралуын анықтауға болады.  

Тұйықйықталған тораптың кез келген учаскесінде  параллель желілерді, егер осы желілерде жалғанған жүктемелер болмаса эквиваленттеуге болады. Екі параллель жалғанған желілері бар тұйықталған тораптың учаскесі (3.1 суретті қараңыз)

                  

= + ;    .

                     

3.1сурет – Параллель қосылған желілерді эквиваленттеу

 

Егер арадағы жүктемелер сұлбада болса, онда эквиваленттеуге болмайды. Ол үшін жүктемені басқа нүктелерге ауыстырады. Сонда тораптағы режім ауыстырарға дейін және ауыстырғаннан кейін өзгеріссіз қалу керек.

Кейбір кезде торапты есептегенде үшбұрышты эквиваленттік жұлдызшаға және кері түрлендіріп тұрған жөн (3.2 суретті қараңыз).

Эквиваленттік жұлдызша сәулелерінің кедергісін келесідей анықтауға болады

 

       = ;  = ;   = .                (3.1)

 

                 

3.2 сурет – Үшбұрышты жұлдызшаға түрлендіру

 

 

 

Кері түрлендірулер

                                                                                     (3.2)

                             

Сұлбаны алғашқы қалпына түрлендіруді өрістеген кезде эквиваленттік жұлдызша сәулесінің таралған қуатынан алынған үшбұрыш жағындағы таралатын қуатын табу керек.

Болжанатын қуатты анықтағаннан кейін сымдардың қимасы алынады және тораптағы әр учаскенің нақты кедергілерін ескере отырып, қуатты есептейді.

Кернеуді «басындағы берілгендер» бойынша есептейді. Осы жағдайда А және UВ қоректену ортасындағы кернеу белгілі шамасы болып табылады және біртіндеп жуықтату әдісі қолданылады, сонымен есептер екі этаппен шығарылады. 

Алғашқы жуықтау ретінде (есептеудің бірінші этапы) барлық түйіндегі кернеулер тораптағы номиналдық кернеуге тең алынады. Осы шартта тораптағы таралатын қуат табылады. 

Есепті келесі ретпен шығаруға болады. Торап учаскесінің соңында қуат шығыны анықталады               

DP = ,                                       (3.3)

DQ = .

Одан әрі осы учаскенің басындағы қуаты  анықталады. Түйіндегі қуат балансы (n-1) бойынша  учаскенің n-1 соңындағы  қуатын анықтауға болады. Тораптағы қалған барлық учаскелерді де осы тәсілмен есептеуге болады. тапқанша есептеуді жалғастырады.

Есептеудің келесі этапында екінші рет жуықтататын жүктеме торабындағы кернеу анықталады. Есептеуге арналған алғашқы берілгендер:  ŬА кернеуі мен есептеудің алдыңғы этапында табылған әр учаскенің соңындағы қуаты болып табылады. Тораптың негізгі учаскесі үшін 

=  - D ,                                                (3.4)

 

мұндағы D  - тораптың негізгі учаскесіндегі кернеудің түсуі.

 

=  - DU  - jdU                                        (3.5)

немесе ашылған (ажыратылған) түрі

 

 = U  -  - .                              (3.6)

1 нүктедегі кернеу модулі

 

U  = .                                                    (3.7)

Тораптың басқа түйіндік нүктелеріндегі кернеуді осы әдіске ұқсас анықтауға болады.