Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭСиС қазақша.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204 Кб
Скачать
☆

1 Зертханалық жұмыс. 220кВ электр берілісінің жұмыс режімдерін зерттеу

 

1.1 Жұмыс мақсаты

 

         Бұл жұмыста желінің бос жүріс режімі және электр берілісіндегі (желісіндегі) жүктеме қуатына байланысты кернеудің өзгеру заңдылығы мен қуат шығыны зерттелінді.

 

         1.2 Зерттелінген электр берілісінің сұлбасы желінің соңындағы төмендеткіш трансформаторлары бар екі тізбекті электр желісінің жұмыс режімімен зерттеледі. (1.1-сурет).

        

Желінің және трансформаторлардың параметрлері мен жүктеме қуат мәндерін оқытушы береді.

                                                 

1.1-сурет

 

1.3 Жұмыстың мазмұны мен алдын ала дайындық

 

         а) «Электр стансалары және жүйелері» сабағы бойынша керекті

теориялық мәліметтерді оқу.  «RASTR» бағдарламасының жұмыс нұсқауымен танысу.

         б) 1.1- кестедегі келтірілген бастапқы деректер бойынша зерттелінетін электр берілісі үшін желінің және трансформаторлардың параметрлерін есептеу.

         с) Электр берілісінің алмастыру сұлбасын құрастыру.

         д) Бос жүріс режімінің есебін, tgφ = 0 болғандығы актив жүктемесінің өзгеруінің есептерін жүргізу және желінің басындағы кернеу тұрақты мен жүктеменің қуаты тұрақты актив болғандағы tgφ2(Q)-нің желінің соңындағы кернеуге әсерін білу. Сонда tg φ2  шамамен tgφ2 = -1 ден tgφ2 = 1 шегіне дейін өзгереді.

         е) Желі соңындағы кернеудің, актив қуатының шығынын және  tgφ2 функциясында электр берілісінің  ПӘК-тің тәуелдіктері алынған есептік нәтижелері бойынша тұрғызу.

1.4 Жұмыстың орындалу тәртібі

 

1.4.1 ЭЕМ-нің жадына дайындалынған есептік мәндерді енгізу («RASTR» бағдарламасының нұсқауына сәйкес).

1.2.2 Бос жүріс режимінің есептерін жүргізу. Алынған есеп нәтижелерін компьютер экранынан көшіріп алу. Векторлық диаграммасын тұрғызу.

1.4.3 Жүктеменің актив қуаты өзгергенде және tgφ2=0 болғанда есептер жүргізу (жүкткменің қуатын  1.0Р2; 0.8Р2; 0.6Р2; 0.4Р2 шектерінде өзгереді). Желінің басында кернеу тұрақты ұсталынады. Есеп нәтижесін алу, оны компьютер экранынан көшіріп алу. U2 = f(Р2),  ΔР = f(Р2) тәуелдіктерін тұрғызу.

1.4.4 Желі басындағы тұрақты кернеу мен тұрақты актив қуат болғанда жүктеменің реактив қуаттың мөлшері мен сипатының өзгеруі кезіндегі электр берілісінің режімін есептеу (жүктеменің реактив қуаты 1.0Q2; 0.8Q2; 0.6Q2; 0.4Q2  до  -1.0Q2; -0.8Q2; -0.6Q2; -0.4Q2  шектерінде өзгереді). Реактив қуатының өзгеруі желінің п.ә.к.-не әсерін білу. η = f(tgφ2) тәуелділігін тұрғызу.

1.4.5 Алынған нәтижелерді талдау және қорытынды шығару. 

 

1.1 - к е с т е  Жұмысты орындауға қажетті бастапқы деректер

 

Нұсқаның №

 

L,

км

Сым маркасы

Трансформатордың

түрі

Жүктеме,

  МВА

 

 

 

 

 

  1

  2

  3

  4

  5

  6

  7

  8

 200

 190

 180

 170

 160

 150

 140

 130

    АС 400/51

    АС 300/39

    АС 300/39

    АС 240/32

   АС 300/39

   АС  240/32

   АС 240/32

   АС 240/32

ТРДЦН- 100000/220

 ТДЦ – 80000/220

 ТРДЦН – 63000/220

 ТРДЦН –100000/220

 ТДЦ – 80000/220

 ТРДЦН 63000/220

 ТРДЦН- 63000/220

 ТДЦ-  80000/200

  150+J80

  110+j60

  90+j40

  140+j70

  100+j50

  80+j30

  90+j40

  120+j 60

 

2  Зертханалық жұмыс. Тұйықталған электр тораптарының жұмыс режімдері

 

2.1 Жұмыс мақсаты

 

         Бұл жұмыста екі жақты қоректенген желінің жұмыс режімі зерттелінеді.

Жұмыстың әртүрлі жағдайларында тораптағы кернеудің режімі, актив және

 реактив қуатының ағын таралуы мен балансы қаралады.

        

         2.2 Зерттелінетін тораптың сұлбасы

 

                               2.1 –сурет

 

2.3 Жұмыстың мазмұны мен алдын ала дайындығы

         а) Керекті теориялық мәліметтерді оқу.

         б) Бастапқы деректердің нұсқасына сәйкес қарастырылатын тораптың желі учаскелерінің параметрлерін анықтау.

         в) Тұйықталған тораптың алмастыру сұлбасын құрастыру.

         г) Торап учаскесіндегі актив және реактив қуатының таралуын анықтау және қоректендіруші түйіндердегі кернеу теңелгендегі жүктеме түйіндердің кернеу деңгейін анықтау. Қуаттың бөліну нүктесін табу.

         д) Апаттан кейін жүктемелі түйіндерде кернеудің және торап учаскесіндегі актив және реактив қуатының таралуын анықтау.