Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ2 Силлабус.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
435 Кб
Скачать
☆

VII. Аралық бақылаулар мен емтихан сұрақтары:

1- аралық бақылау сұрақтары

1. Қандай өндіріс қосалқы өндіріс болып саналады?

2. Қосалқы өндірістің шығындарының есебі қай шотта үргізіледі?

3. Өндірістік процесс кезінде тұрып қалулар неге байланысты болады?

4. Нормадан тыс жоғалтуларға не жатады?

5. Нормативтік жоғалтулар неге жатқызылады?

6. Нормадан тыс жоғалтулар неге жатқызылады?

7. Нормадан тыс жоғалтулар қалай есептен шығарылады?

8. Аяқталмаған өндірісті түгендеу кезіндегіанықталған жетіспеушілік қай шоттан есептен шығарылады?

9. Материалдарға нақты бағаны бағалауда қандай баға базаны қамтамасыз етеді?

10. Еңбек ақының нормативтік мөлшерлемесі неге сәйкес белгіленеді?

11. Шығындар мөлшері қандай категорияларға бөлінеді?

12. Өзіндік құн енгізілген шығындардың құрамына байланысты қандай түрлерге бөлінеді?

13. Бюджеттер қандай бөліктерден тұрады?

14. Шаруашылық субъектінің жалпы қызметін қамтитын бюджет не деп аталады?

15. Шаруашылық субъектісінің қызметінің көрсеткіштерін салыстыру мен талдаудың мақсатына байланысты бюджет қандай түрлерге бөлінеді?

16. Шаруашылық субъектісінің нақты іскерлік белсенділік деңгейінде есептелінген бюджет не деп аталады?

17. Бас бюджетке кіретін барлық бюджеттер қандай бюджет болып есептелінеді?

18. Өндіріс көлеміне қарай өзгеріп отыратын бюджетті не деп атайды?

19. Икемді бюджетті жасау үшін шығындарды қалай бөледі?

20. Қай бюджетте шығындар жоспарланады?

21. Қай бюджетте шығындар есептен шығарылады?

22. Бір жауапты орталықтан екінші жауапты орталыққа берілетін, қызметтер мен шала фабрикаттардың құнын анықтау үшін пайдаланылатын баға не деп аталады?

23. Есептеу әдісі бойынша трансфертті бағалар қандай типтерге бөлінеді?

24. Трансфертті бағаның негізіне не жатады?

25. Жауапкершілік орталықтарының есебін жүргізудің мақсаты-

26. Жауапкершілік орталықтары есебін жүргізу неге байланысты болады?

27. Бюджетке өзгертулер енгізу қажет болған жағдайда әкімшіліктің қандай таңдауы бар?

28. Жылдық бюджеттегі өзгертулер нені білдіреді?

29. Үлгілі сырғымалы бюджетті қалай дайындауға болады?

30. Бюджетті құру кезінде қандай жағдайларда ауытқулар пайда болуы мүмкін?

31. Негізделмеген міндет қандай себептердің арқасында болады?

32. Ауытқу дегеніміз не?

33. Ауытқулардың қандай түрлері бар?

34. Нақты саны х нақты бағасы –нормативті саны х нормативті бағасы қай ауытқуды көрсетеді?

35. Жалпы ауытқу қандай ауытқулардан тұрады?

36. Материалдардың шығындары қандай факторларға байланысты?

37. Мына формуламен (НЦ-ФЦ) х КЗ қандай ауытқу анықталынады?

38. Мына формуламен Н3-Ф3 қандай ауытқу есептелінеді?

39. Мына формуламен (НС-ФС) х ФЧ қандай ауытқу анықталады?

40. Мына формуламен (HЧ-ФЧ) х НС қандай ауытқу анықталады?

41. Жалпы өндірістік шығындардың бақыланатын ауытқуларына қандай шығындар жатқызылады?

42. Жауапкершіліктің неше түрі бар?

43. Жауапкершілік орталығы бойынша есеп қалай жүргізіледі?

44. Жауакершілік орталығы бойынша есеп жүйесі қандай принциптер бойынша ұйымдастырылады?

45. Бақылау жүйесінің дамуының негізгі жолдары қандай?

46. Кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне не жатады?

47. Өткізілген өнімдердің рентабельділігінің көрсеткіштеріне не жатады?

48. Капиталдың айналымдылығына қандай көрсеткіштер жатады?

49. Баға деңгейініңі өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді?

50. Стратегиялық жоспарлау неден тұрады?

51. Стратегиялық талдауды жүргізу үшін нені анықтау қажет?

52. Стратегиялық шешім қабылдау үшін нұсқаларды іріктеп алуда бағалау критерийлері қандай

53. Стратегияны іске асыру процесі қандай элементтерден тұрады?

54. Бастапқы құн- бұл:

55. Жаңа жабдықтарды сатып алу шығындары қандай шығындарға жатады?

56. Кәсіпорынның бөлімшесін жою қай кезде пайдасыз болып есептелінеді?

57. Қалдық құн қалай есептелінеді?

58. Пайдасы жоқ сегментті жою туралы шешім қабылдау үшін талдаудың қандай түрлері қолданылады?

59. Маржиналды тәсіл нені анықтауға көмектеседі?

60. Екі баламалы нұсқалар үшін операциалық нәтижелерді қай тәсілмен салыстыруға болады?

61. Баға белгілеу процесінде қандай тәсілдер бар?

62. Ұзақ мерзімді бағаның төменгі шегі неге сәйкес келеді?

63. Қысқа мерзімді бағаның төменгі шегі неге сәйкес келеді?

64. Өнімге қандай бағалар белгіленуі мүмкін?

65. Әлемдік нарық бағасы немесе өндіріс шығынына негізделген бағаны қалай атайды?

2-ші аралық бақылау бойынша бақылау сұрақтары

1. Жекелеген шығынның негізінде немесе сұраныс пен ұсыныстың ауытқу нәтижесінен қандай баға қалыптасады?

2. Бағаны белгілеу үшін кәсіпорын басшылығы қандай шарттарды орындауы керек?

3. Инвестицияны негіздеу әдісі қандай топтарға бөлінеді?

4. Капиталды жұмсаудың тиімділігін бағалау үшін қандай көрсеткіштер пайдаланылады?

5. Дисконттау-бұл

6. Мына формуламен қай көрсеткіш есептелінеді?

7. Күрделі қаржы жұмсалымындағы табысқа қатысты анықталатын капитал табыстылығының коэффициенті не деп аталады?

8. Егер құнды қағаздарға салынған пайда нормасынан күрделі қаржы жұмсалымы бойынша пайда нормасы жоғары болса, онда таза келтірінді құн (ТКҚ) қалай болады?

9. Егер құнды қағаздарға салынған пайда нормасынан күрделі қаржы жұмсалымы бойынша пайда нормасы төмен болса, онда таза келтірінді құн (ТКҚ) қалай болады?

10. Жылдық қолма-қол ақша ағыны өзгеріссіз қалатын болса, онда келтірінді құн есебі үшін қай көрсеткіш пайдаланылады?

11. Күрделі қаржы жұмсалымының тиімділігін бағалаудағы басқа әдіске қай көрсеткіш жатады?

12. Күрделі қаржы жұмсалымының ТКҚ нөлге тең болатын дисконт коэффициенті – бұл

13. Егер өтелімділіктің ішкі коэффициенті капиталға жүктелген шығыннан артық болса, онда инвестиция –

14. Егер қолдағы ақша ағыны әр жылда бірдей болатын болса, онда өтелімділіктің ішкі коэффициенті қалай есептелінеді?

15. Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен таза табыс арқылы кәсіпорын бастапқы жұмсалған күрделі қаржының орнын толық толтыратын уақыт аралығын не деп атайды?

16. Өтелімділік кезеңі көрсеткіші қалай есептелінеді?

17. Жобаның жыл сайынғы орташа табысын жобаға жұмсау бойынша орташа шығынға бөлу арқылы қай көрсеткіш есептелінеді?

18. Ағымдағы түсімнің құнын жоба бойынша орташа инвестициялық шығынға бөлу арқылы қай көрсеткіш есептелінеді?

19. Өндіріс көлеміне байланысты тікелей өзгеретін шығындар қалай деп аталады?

20. Кәсіпорынның іскер белсенділігіне тәуелді болмайтын шығындар не деп аталады?

21. Ресурстар шектеулі болған жағдайда қандай шығындар ұғымы қолданылады?

22. Қандай шығындар мен табыстар қосымша болып табылады?

23. Өнімді сатудан түскен түсім мен өзгермелі шығындар арасындағы айырма – бұл

24. Маржиналды табыстан тұрақты шығынды шегеріп тастағаннан кейін қандай көрсеткіш қалыптасады?

25. Қабылданған шешімге тәуелді болмайтын шығындар қай шығындар?

26. Релеванттық шығындар-бұл

27. Иррелевантты шығындар-бұл

28. Бір бірлікке келетін өзгермелі шығындар х өндірілген бірліктің саны+тұрақты бюджеттік шығындар қай бюджетті көрсетеді?

29. Жоспарлауда өндіріс пен сатудың тиімді көлемін таңдауға қай бюджет көмектеседі?

30. Талдауда нақты шығындарды бағалауға қай бюджет көмектеседі?

31. Пайда көлеміне қандай факторлардың өзгерісі әсер етеді?

32. Қорытындыланған залалсыздық нүктесі (ҚЗН) қалай есептелінеді?

33. Тәуекелдікті талдаудың қандай тәсілдері бар?

34. Жобаны қаржыландыруда қандай жағдайлар қатерлі болып есептелінеді?

35. Тәуекелділіктің пайда болу себептеріне не жатады?

36. Несиені жабуға қажетті табыстардың азаюы, қажетті бағамен және белгіленген уақытта өнімдерді өткізудің мүмкін болмауы қай тәуекелділікті сипаттайды?

37. Жобалық қуаттылықты игеру графигінен қалу және төменгі сапалы өнімдерді шығару нәтижесі қай тәуекелділікті көрсетеді?

38. Заңдардың орындалуының жолға қойылмауы, меншік құқы, жалгерлік және т.б. туралы растайтын құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі қай тәуекелділікті сипаттайды?

39. Бизнесте шешім қабылдауда шектеулердің мысалдарына не жатады?

40. Екі тауардың қайсысын өндіру туралы шешім қабылдауда қандай шығындарды көрсетудің қажеті жоқ?

41. Қорытындыланған залалсыздық нүктесін тиісті өнімнің сатудағы үлесінің пайызына көбейтсек, онда қандай көрсеткіш анықталады?

42. Өзгермелі шығындарға қандай шығындар жатады?

43. Тұрақты шығындарға қандай шығындар жатады?

44. Қайтарылмайтын шығындар дегеніміз не?

45. «Жүктелген шығындар» ұғымы қай кезде қолданылады?

46. Тәуекелділікті сапалық талдауда нелер қарастырылады?

47. Шектеулерді ескере отырып шешім қабылдағанда қандай көрсеткішті анықтауды қарастырады?

48. Жетіспейтін ресурс бірлігіне ең жоғары қандай көрсеткішті қамтамасыз ететін өнім түрлеріне артықшылық беріледі?

49. Шығындарды тұрақты және өзгермеліге бөлу және маржиналды табысты пайдалану неге мүмкіндік береді?

50. Шығын бағасы нені ескермейді?

51. Сызықтық программалау проблемасы қандай кезеңдерден тұрады?

52. Сызықтық программалауда басты мақсат не?

53. Сызықтық программалауда өзара байланыстар немен сипатталады?

54. Оптималды шешімді табу үшін қандай әдістер қолданылады?

55. Шектеулі ресурстар жағдайында бір баламалы нұсқаны таңдау екіншісін жоюды талап ететін жағдайда қандай шығындар жойылады?

56. Болашақтағы ақша ағымдарын максималдау үшін ұйымға қандай курстардың біреуіне жүгінуі керек?

57. Баламалы нұсқалар қалай бағаланады?

58. Тапсырыстың оңтайлы мөлшерін анықтауда қандай көрсеткіштердің арасында негізгі арақатынастар есепке алынады?

59. Сызықтық программалау әдісі арқылы қандай міндеттер шешіледі?

60. Оңтайлы инвестициялық шешімді қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын сандық әдісті не деп атайды?

61. Инвесторлар бағдар ретінде ұстанатын мақсаттардың қандай топтары бар?

62. Құнды қағаздардан түсетін табысты қандай көрсеткіш арқылы баға береді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]