Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
proekt.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
594 Кб
Скачать
☆

2.2 Салықтық әкімшіліктендірудің мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы алатын орнын талдау

Мемлекеттің қаржы ресурстарын, оның бюджет ресурстарын қалыптастыру кезіндегі салықтық әкімшіліктендірудің атқратын рөлі жоғары. Қазіргі кезде салықтық әкімшіліктендіру мемлекеттік бюджетке және республиканың Ұлттық қорына көлемді қаражат түсуіне мұрындық болып отыр.

Экономикалық өсуге өту стратегиясын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда нарықтық қарым-қатынастарына жауап беретін салық жүйесі болу керек. Қазақстанда салықтарды басқарудағы әдістерді толық пайдалану қиыншылықтары елдегі белгілі бір салық жүйесі атрибуттарының жеткіліксіздігінен туындайды. Олар: салық потенциалы және салық менеджменті. Ұлттық шаруашылықты орталықтандырылған жүйе бойынша басқару кезінде басқару қызметінің маңызды сферасы қатаң реттелінеді. Ол салықты жоспарлау мен болжау, ақпараттың анализ және қадағалау.

Бұл кез-келген жолмен дерективті құрылатын жоспарды орындалуды мақсат етті.

Әкімшілік-ұжымдық жүйеден нарыққа өту, салық салуды басқаруына терең экономикалық мағына беріп оған мүлдем басқа талаптар қойды.

Мамандардың пікірінше, елдердегі салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді жинау деңгейі тек фискалды органдардың қатаң бақылауынан емес, сондай-ақ тиімді заң базасын жетілдріуіне нарықтық реформалар, экономикалық активті субъектілер кіріктірілген салықтық қарым-қатынастардың өсуіне ықпал етеді.

Бұл қарым-қатынастарда басым рөл атқаратын мемлекеттің мақсаты бір жағынан фискалдық мәселені (яғни бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру) ал, екінші жағынан бақылаушылық (елдегі тиімді экономикалық өсуді ынталандыру).

Салық жүйесін әкімшілдендіру, әлеуметтік экономикалық категорияны басқарудың негізгі бір бөлігі болып табылады. Салық салуды басқаруда, оның әлеуметтілігі айқын көрінеді. Салық – бұл экономикалық категория, ұлттық кірістің бөлігі, мемлекеттің және өндіріс процессінің қатысушы арасында әр уақытта қарым – қатынасты тудырады. Салық құқығы және оны толықтыратын теоритико-практикаға негізделген ҚР ҚМ бағдарламасы бойынша, салық менеджменті – салық механизімінің барлық элементтер құрылымының өзегі болып табылады [41].

Мұндай мәліметтерді жинау мен өңдеу арқылы ағымды жылдағы салық салудың оң немесе теріс көрініс және оның инвестициялауға ықпалын салалардағы құрылымдық өзгерулерлер мен территориялардың, корпороциялардың және азаматтар кірістерінің қатынасы туралы талдау жасауға болады және оны келесі кесте мәліметтерінен байқауға болады.

Мысалға 2013 жылдан бастап салықтық түсімді жоспарлау сәйкесінше -2013 жылы 101,5% -ға, ал 2014 жылы 99,9 пайызға, 2015 жылы 108,1 артық орындалып отыр.

2014 жылдан бастап салықтық түсімдердің нәтижесіне тоқталатын болсақ, оған әсер еткен факторлар- қаржы секторында болған дағдарыс, орта және шағын бизнестің дамуының төмендеуі, жалпы ішкі өнімінің төмендеуімен тұстас келді, сөйтіп салықтық түсімдердің орындалуы қиындады. Ал, 2014 жылы 2013 жылы енгңзңлген өзгерістердің енгізілуімен тұстас келді. Бұл, сонымен бірге 2014 жылдың бірінші жартысындағы орта және шағын бизнес субъетілеріне тексеруге мараторий жарияланған жағдайымен бірге жүзеге асырылды.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері 2015 жылғы жағдай бойынша 105,4%-ға атқарылуы немесе жоспардағы 7 245 млрд.теңгеде іс  жүзіндегі түсім 7 634 млрд.теңгені құрады.

Кесте 2 - Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің 2014-2016 жылдардағы орындалу деңгейі, млрд. теңге

Төлемнің аты

2014 ж

2015 ж

2016 ж

Жос-пар

нақты

%

Жос-

пар

нақты

%

Жос-

ар

нақты

%

КІРІСТЕР

7 287

7 321

100,5

7 245

7 634

105,4

9 203

9 308

101,1

Салықтық түсiмдері,

5 122

5 115

99,9

4 516

4 883

108,1

5 584

6 023

107,8

оның iшiнде:

корпоративтік табыс салығы

1 211

1 169

96,6

994

1 224

123,1

1 294

1 437

111,1

жеке табыс салығы

526

552

105,0

590

598

101,4

661

691

104,6

әлеуметтiк салық

416

427

102,7

455

464

102,1

504

530

105,1

қосылған құн салығы

1 234

1 198

97,1

945

944

99,9

1 445

1 495

103,5

акциздер

138

147

106,5

163

161

98,8

191

205

107,4

Салықтан тыс түсiмдер

154

179

116,0

203

224

110,6

328

369

112,4

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

550

71

129,1

68

69

101,5

57

60

104,8

Трансферттердің түсімдері

1 955

1 955

100,0

2 457

2 456

100,0

3 232

2 855

88,3

2014 жылғы мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдер бойынша жоспары 0,1% орындалмады немесе 7 млрд.теңгеге орындалмағаны байқалады. Ал, 2015 жылдың жағдайы бойынша салықтық түсімдердің орындалуы 108,1 пайызды құрайды.

Салықтық емес түсімдер 2014 жылы 26,8  млрд.теңгеге асыра орындалмады немесе орындалу пайызы 116,0% құрады. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша жоспар 16 млрд.теңгеге немесе 29,1% артық орындалған. Трансферттер түсімдері 100%-ға орындалды. Ал, 2015 жылдың нәтижесі бойынша салықтық емес түсімдер 10,6пайызға артық орындалды.

Корпоративтік табыс салығы бойынша 2015 жылы 994 млрд.теңге жоспарда бюджетке 1224 млрд.теңге түсті немесе 123,1 %. 2014 жылдағы корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардағы 1211 млрд.теңгенің орнына бюджетке 1169 млрд.теңге түсті, орындау 96,6%-ды құрады. Жоспардың орындалмауы негізгі қуат тасымалдаушылар мен металдардың бағасы төмендеуіне байланысты, сондай-ақ бірқатар кәсіпорындарда аванстық төлемдердің қайта есептелуіне байланысты болған.

Жалақыдан алынатын салықтар бойынша жоспарлар Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы шеңберінде жұмыс орындарын ашу бойынша іс-шаралардың іске асырылуына, сондай-ақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджет саласының қызметкерлері жалақыларының 25%-ға көтерілуіне байланысты орындалды.

Осылайша, жеке табыс салығы бойынша жоспар 2014 жылы 105,0%-ға орындалды немесе жоспарда 526 млрд.теңге болып, бюджетке 552 млрд.теңге түсті, әлеуметтік салық бойынша жоспар 102,7%-ға атқарылды, жоспарда 416 млрд.теңге болып, бюджетке 427 млрд.теңге түсті.

Әлеуметтік салық бойынша жоспар 104,4 %-ға орындалды, жоспардағы 243, 0 млрд. теңгенің орнына бюджетке 253, 8 млрд.теңге түсті. 2015 жылы Жеке табыс салығы бойынша жоспар 103,7%-ға орындалды немесе 301,3 млрд. теңге жоспарда бюджетке 312, 3 млрд.теңге түсті.

2015 жылы Қосылған құн салығы бойынша жоспардағы 945 млрд. теңгеде бюджетке 944 млрд. теңге түсті немесе 99,9%. Жоспардың кем орындалуына елеулі шамада бюджеттен ҚҚС қайтару қарқынының баяулауы әсер етті.

Кеден статистикасының жедел деректері бойынша импорт көлемі бекітілген бюджетке қабылданған есеп айырысулардағы 4,7%-ды емес 7,7%-ды құрады.

Іштегі өндірілетін тауарларға салынатын акциздер бойынша 2015 ж. жоспар 1,2 %-ға орындалмады немесе жоспардағы 163 млрд.теңгенің орнына түсімдер 161 млрд.теңгені құрады

Салықтық емес түсімдер есептік кезеңнің жоспардағы 203 млрд.теңгенің орнына іс жүзінде 224 млрд.теңге түсті немесе 110,6%-ды құрады.

Жоспарлы көрсеткіштерді негізгі аса орындау мынадай түсімдер есебінен түсіндіріледі: 1) 2015 жылға арналған жоспар бекітілмеген 12,2 млрд.теңге сомасындағы айыппұлдар; 2) жоспарланбаған дивидендтер 1,5 млрд.теңге; 3) Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісім бойынша 6,5 млрд.теңге мөлшерде жоспарланбаған соманың түсуімен байланысты болды [42].

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер жоспардағы есептік кезеңдегі 68 млрд.теңгеде 69 млрд.теңге түсті немесе 101,5%-ды құрады.

Жоспардың орындалуы: 1) Астана қаласы бойынша құрылыс компанияларының тұрғын үй объектілерін уақытылы тапсырылуына байланысты азаматтарға пәтерлер сатудан түскен түсімдер; 2) жер учаскелеріне төленетін базалық мөлшерлемесінің артуы есебінен жеке меншікке сатып алынатын жер учаскелері көлемдерінің жоғарылауына байланысты жер учаскелерін сатудан түскен түсімдері.

Трансферттерден түскен түсімдер 2457 млрд.теңге жоспарында 2456 млрд.теңге немесе 99,9% құрады, оның ішінде бюджеттік даму бағдарламасын қаржыландыру үшін есептік кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт 843,1 млрд.теңге мөлшерінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке 261,5 млрд.теңге мөлшеріндегі нысаналы трансферт тартылған.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда бюджет түсімдерінің кірісін нашар деп айтуға болмайды, өйткені салықтық түсімдер алдыңғы жылмен салыстырғанда үнемі артып отырған. Ал, 2015 жылдың нәтижесі өткен жылмен салыстырғанда 105,4 пайызға орындалған.

Осы мақсатта салық бақылауының салықтық түсімдердегі атқаратын рөлін көрсететін бірден бір көрсеткіш, ол бюджеттік түсімдердің салықтар бойынша салыстырмалы өсімі болып табылады. Оны төмендегі кестеден көруге болады.

Енді мемлекеттік бюджет кірісіндегі негізгі салықтық түсімдердің өсу қарқынын қарастырайық.

Кесте 3 - 2013-2016ж. Мемлекеттік бюджет кірісіндегі негізгі салықтық түсімдердің өсу қарқыны, млрд.тг.

2013ж

2014ж

2015ж

2016ж

Өсу қарқыны (алдыңғы жылмен салыстырғанда, %)

2014ж

2015ж

2016ж

Салықтық түсімдер

4779,0

5115,7

4883,9

6023,2

107

95,47

123

Корпорациялық табыс салығы

1032,7

1169,6

1224,6

1437,3

113,3

104,7

117,3

Жеке табыс салығы

492,9

552,3

598,8

691,7

112

108,4

115

Әлеуметтiк салық

380,4

427,9

464,7

530,4

112,5

108,6

114,1

Мүлiкке салынатын салықтар

142,4

173,1

208,9

273,6

121,6

120,7

130,9

Жер салығы

14,1

14,3

14,9

15,2

101,1

104,4

102,1

Көлiк құралдарына салынатын салық

36,0

38,8

42,3

46,8

107,8

108,8

110,6

Қосылған құн салығы

1327,6

1198,2

944,4

1495,6

90,25

78,82

158

Акциздер

103,6

147,1

161,1

205,2

141,9

109,5

127,3

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер

312,4

278,1

266,6

359,9

89

95,87

135

Ойын бизнесіне салық

7,7

8,9

10,6

11,8

114,9

118,9

111,3

Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар

880,0

1054,0

880,1

951,8

119,8

83,49

108

Негізгі салықтардың бірі корпоративтік табыс салығы алдыңғы жылмен салыстырғанда 2014 жылы 113,3 пайызға орындалған, ол салық ставкасының төмендеуімен тікелей байланысты болды. Ал, 2015 жылы 104,7 пайызға жоғарылаған, бұл экономикалық тұрақтылыққа да байланысты. Ал, өткен 2012 жылмен салыстырғанда әлеуметтік салықтық түсімі 2013 жылы 111,6 пайызға орындалып отырғаны байқалады, бұл біріншіден, әлеуеттік салық ставкасының 11 пайызға төмендеуімен түсіндіріледі.

Қосылған құн салығының орындалуы 78,8 пайызға ғана болды, ол аталған салық бойынша салық ставкасының 13 пайыздан 12 пайызға дейін төмендеуінен, сонымен бірге сырттан келетін импорттық тауарлардың төмендеуінің де өзіндік әсері болды. Сонымен бірге кедендік одақ бойынша жанама салықтардан импорттың босатылуы өз әсерін тигізіп отыр.

Кестеден көріп отырғанымыздай, қосылған құн салығының 2013 жылы 145,2-ға жоғарылап отыр, ал 2014 жылы 9,7-ға төмендегенін байқауға болады. 2015 жылы 78,8 пайызға жеткен.

Енді мемлекеттік бюджеттегі салықтық түсімдердегі негізгі салықтардың үлесін қарастырайық.

Кесте 4 - Мемлекеттік бюджеттегі салықтық түсімдердегі негізгі салықтардың үлесі

Төлемнің аты

2013 ж

2014ж

2015ж

млрд. тг

%

млрд. тг

%

млрд. тг

%

Салықтық түсімдер

4779,0

100

5115,7

100

4883,9

100

Корпорациялық табыс салығы

1032,7

21,6

1169,6

22,9

1224,6

25,1

Жеке табыс салығы

492,9

10,3

552,3

10,8

598,8

12,3

Әлеуметтiк салық

380,4

7,96

427,9

8,37

464,7

9,51

Мүлiкке салынатын салықтар

142,4

2,98

173,1

3,38

208,9

4,28

Жер салығы

14,1

0,3

14,3

0,28

14,9

0,31

Көлiк құралдарына салынатын салық

36,0

0,75

38,8

0,76

42,3

0,87

Қосылған құн салығы

1327,6

27,8

1198,2

23,4

944,4

19,3

Акциздер

103,6

2,17

147,1

2,87

161,1

3,3

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер

312,4

6,54

278,1

5,44

266,6

5,46

Ойын бизнесіне салық

7,7

0,16

8,9

0,17

10,6

0,22

Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар

880,0

18,4

1054,0

20,6

880,1

18

Е с к е р т у – ҚР ҚМ 2015 жылға арналған статистикалық мәліметтері бойынша

Жалпы салықтық түсімдердің ішіндегі үлкен үлесті 2015 жылы корпорациялық табыс салығы құрады (25,1). Одан кейінгі үлесті қосылған құн салығы, жеке табес салығы, әлеуметтік салық және Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер құрап отыр. Кейбір салықтық түсімдердің, мысалы меншікке салынатын салықтардың көбейгені, біріншіден салық базасының артқанын айғақтайды, ал салық базасы ел экономикасының тұрақтандырылып, меншік түрлерінің, әсіресе көлік қралдарының жоғарылағанын дәлелдейді. Сонымен қатар, салық базасының өсуіне салық саясатының да дұрыс жолға қойылғандығының да атқаратын маңызы зор. Салық жүйесіндегі кез келген ауытқулар басқару инструменттерінің әлсіздігінен туындайды.

Сонымен бірге тағы да, байқалатын нәрсе салықтық емес түсімдердің жыл өткен сайын азайып, ал, салықтық түсімдердің көбейіп бара жатқандығы. Ол, біріншіден салық базасының жылдан-жылға кеңейіп отырғандығын байқатады. Салықтық емес түсімдердің азайған себебі, біріншіден, 2002 жылы 1 қаңтардан бастап, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түсетін түсімдер бюджет тапшылығын қаржыландыру көзі болып табылады.

Ал, жалпы салықтық түсімдердің соңғы 2013-2015 жылдардағы жоғарылауының тағы бір себебі, соңғы жылдардағы шағын және орта бизнес өкілдеріне жан – жақты қолдау көрсетіп отырғандықтан, көбінесе қызмет көрсету саласы мен сауда саласындағы қызметін жүзеге асыратын субъектілер саны көбейді, онымен қатар салық базасы кеңейді. Екіншіден, жалпы салық салынатын айналымның жоғарылауы да, кейбір құрылыс саласы сияқты өндірістік саланың дамуы, сонымен бірге, салық менеджменті, оның ішінде салықтық әкімшіліктендіру дұрыс жолға қойылып келе жатқаны да түрткі болып отыр.

Келтірілген мәліметтерден 2012-2015 жылдар аралығында салықтық түсімдердің, оның ішінде жекелеген салықтардың бюджет кірісін толтыруда қаншалықты орын алатындығын анықтап көруге болады.

Жоғарыдағы мәліметтерден салық жүйесінің соңғы даму кезеңдеріндегі болып жатқан реформалар және экономикадағы кейбір оң өзгерістердің, оның ішінде экономиканың 2014 жылдардан бастап, салыстырмалы түрде тұрақталғаны, инфляция деңгейі мен жұмысбастылық деңгейінің тұрақтылыққа бет алуы салықтардың жекелеген түрлерінің бюджетке түсу қарқынына тигізіп отырған өзіндік әсерлерінің бар екендігінен хабардар етеді.

Жалпы түсімдердегі салықтардың негізгі түрлерінің алатын орнын жоғарғы суреттен анықтап көруге болады. Әрине, оның ішінде корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық әлеуметтік салық және жеке табыс салығы сияқты жетекші салықтардың алатын орны ерекше.

Соңғы жылдардағы салықтық түсімдердің жоғарылағанын макроэкономикалық көрсеткіштердің: ішкі жалпы өнімнің, жалпы ұлттық өнімнің, жалпы ұлттық табыстың өсу деңгейімен сипатталады да, ол сәйкесінше салық базаларының кеңеюіне, соның негізінде салықтық түсімдердің жоғарылуына әкелетін объективті мүмкіндікті қалыптастырды.

2015жылдағы бюджеттің салықтық түсімдеріндегі ірі салықтардың үлесін диаграмма түрінде сипаттайық.

Сурет 3 - 2015жылдағы бюджеттің салықтық түсімдеріндегі ірі салықтардың үлесі, (%)

Е с к е р т у – ҚР ҚМ 2015 жылға арналған статистикалық мәліметтері бойынша

Әлеуметтік салықтың мөлшерлемелер көлеміне және салық салынатын базасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қоғамдық тұтыну қорларын қалыптастыратын (әлеуметтік бағыттағы елдерде таратылған) әлеуметтік салықтың үлесі Ресеймен салыстырғанда екі есе аз. Ол Қазақстанды Ресеймен салыстырғанда оның нарықтық қайта құрылулар жолында алға жылжығандығын куәландырады. Ресейде қоғамдық тұтыну қорларының есебінен (социалистік үлгі бойынша) ұсталатын қызметтер сферасы Қазақстанда нарықтық негізге аударылған. Мемлекеттік емес ұйымдар халыққа бұрын қоғамдық тұтыну қорларының құзырына кірген қызметтерді көрсетеді.

Халықтың өмір сүруін қамтамасыз етудің әлеуметтік сферасына мемлекет көп көңіл бөлуде. Мысалы, мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік қажеттіліктерге шығыстарының үлесі 7% өсті (бюджеттің жалпы шығыстарында 37% -дан 50% -ға дейін өсті

Әлеуметтік салықтың маңызды ерекшелігі салық салу объектісі еңбекті төлеу қоры болуында, сондықтан оны есептеу қаржыландыру көзіне қарамастан сәйкес салықтарды ұстауға дейін жүргізіледі. Материалдық және әлуметтік жеңілдіктер түрінде ақшалай және натуралды нысанда есептелген жұмысшылардың төлемдеріне бекітілген мөлшерлеме бойынша бұл салықты есептейтін жұмыс беруші – ұйымдар салық төлеушілер болып танылады.

Қазақстанда салық салудың екі түрі бар: еңбекті төлеуге әлеуметтік салықты есептеу және жұмысшылардың еңбегін төлеуден жеке табыс салығын ұстау.

Келесі салықтық түсімдердегі маңызды рөл атқаратын салықтың бірі корпорациялық табыс салығына келетін болсақ аталған салықтың 2014-2015 жылдардағы өсу қарқыны бюджет кірістерінің фискалдық реттеушісінің рөлі көп дәрежеде тікелей салықтарға тән екендігін көрсетеді. Салықтық түсімдердің құрылымында корпорациялық табыс салығының (заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы) үлесінің өсу тенденциясы сақталуда, мысалға 2014жылы 13,3%, ал 2015 жылы 4,7% құраған. Аталған салық бойынша түсімнің бірден көтеріліп кетуінің негізгі себебі, экономиканың барлық секторларындағы ірі кәсіпорындардың электронды мониторға толық енгізілу жүйесінің жетілдірілуі, салықтық әкімшіліктендірудің дамуымен қаматамсыз етілгендігімен байланысты болды және олардың салық декларацияларында барлық қаржы – шаруашылық қызметтерінің нәтижесі объективті түрде көрініс тапты.

Корпорациялық табыс салығының 2013 жылы төмендеуіне салық ставкасымен байланыстырған болатынбыз. 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 0,81% төмендеген. Ал, 2014 жылы 2013 алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,3% -ға жоғарылаған. Ол, жоғарыда атап өткеніміздей, аталған салықтың табиғи ресурстар бойынша түскен түсімі Ұлттық қорға аударылып отырғандығынан.

Салықтың келесі түрі көлік құралдарына салынатын салықтың өзіндік түсімі сан жағынан жоғарылағанымен, бюджет кірісіне шаққандағы үлесі 2013-2014жылдары төмендеп отыр, оған себеп, жалпы кіріс мөлшерінің жылдын – жылға жоғарылап келе жатқандығы болып табылады.

ҚР бюджетінің кіріс бөлігінде көлік құралдары салығы түсімдерінің серпіні мен жер салығына салынатын салықтың серпіні ұқсас түрде дамуда. Жалпы көлік құралдары салығы ҚР бюджетінің кіріс бөлігінің шамамен 0,8-0,9%-на дейін құрайды.

Келесі салықтың түрі жер салығы, жалпы алғанда бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыруға мағызды үлес қоспайды. ҚР бюджетінің кіріс бөлігінің үлесін 2014 жылы 0,28%-дан 2015 жылы 0,31%-на дейін құрады. Бюджеттің кіріс бөлігінің қалыптасуына елеулі түрде әсер ететін фактор салықтардың негізгі түрлері бойынша бересілер болып табылады.

Ж.Нусипов «Аталған салықтың бюджет кірісіндегі түсімдерінің соңғы уақыттарда төмендеу себептері:

  • Ауыл шруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалардың басым көпшілігі патент бойынша 80% жеңілдік қолданылды;

  • ШЖС жер учаскелерін ерікті түрде жергілікті атқарушы органдардың балансына беруі;

Түсімдердің бірқалыпсыздығы сонымен бірге, мыналармен байланысты:

    • Түсімдердің негізгі үлесі төлемедерді төлеу мерзіміне келеді;

    • Арендалық төлемдердің қате есептелген сомаларын ескеру» деп түсіндіреді [43].

ҚҚС бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыруға ең көп үлесті қоса отырып, бюджетке толығымен алынбаған кірістердің ең көп бөлігін құрайды.

ҚР бюджет кірістерінде ҚҚС үлесі жоғары. Оның төленуі негізінен өндірістік сферадағы айналымның және тауар бағасының өсуіне байланысты болып отырады. Қоғамның экономикалық тиімділігіне қол жеткізу мемлекет жүргізіп отырған салық саясатының тұрақтылық кепілдігіне байланысты. Салық төлеушілер жүргізіліп жатқан салық саясатының салыстырмалы тұрақтығына және біраз уақыт бойы салық ставкаларының салыстырмалы тұрақты болып тұруына сенімді болуы керек. Сонда ғана олар республика экономикасында бағдар алып, болашаққа ұзақ мерзімді жоспарлар құра алады.

Салық жүйесіндегі кез келген ауытқулар басқару инструменттерінің әлсіздігінен туындайды. Салық салудың барлық бағыттарының жетілдіру және үйлестірумен жұмыс істейтін салықты мемлекеттік басқару жүйесін «мемлекеттік салық менеджменті» деп айтуға болады. Біздің ойымызша, ол дәстүрлі салықты басқаруды жан – жақты алмастыру және экономикалық дамуға бағытталып отыруы тиіс.

2016 жылға негізгі міндеттер мыналар: 

1. ҚР ҚМ Салық комитетінің құзыретіндегі салық түсімдерінің деңгейін ЖІӨ-ге 23% мөлшерінде қамтамасыз ету;

2. Салық органдарының жұмыстарына қоғамның қанағаттануына қол жеткізу:

Осы мақсатқа жету барысында, салық салу саласында мынадай проблемаларды шешу қажет:

- салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыру және жеке шоттарын жүргізу кезінде;

- салық есептілігін электрондық түрде берген және жеке шоттарға қашықтықтан қатынауды ұйымдастыру кезінде;

- ҚҚС бойынша электрондық камералдық бақылауды жүзеге асыру кезінде;

- «Салық аудитін электрондық бақылау» (САЭБ) біріктірілген салықтық ақпараттық жүйенің (БСАЖ) мамандандырылған құрауышының көмегімен салық тексерулерін жүргізу және тексеру рәсімдерін құжаттандыру кезінде;

- жұмыс істемейтін салық төлеушілердің банктік шоттарында ақшалай қорлардың қозғалысы туралы ақпаратты алу жөнінде екінші деңгейдегі банктермен жұмыс істеу кезінде автоматтандырылған өзара іс-әрекеттің болмауы болып табылады;

- салықтық әкімшілік жүргізудің ақпараттық жүйелерін қолданудың тиімділігіне теріс әсер ететін ақпараттық технологияларды ағымдағы пайдалану кезінде мәселелер туындап отыр.

Сондай-ақ ведомстволық тіркеуді жүзеге асыратын органдарға халықтан түсетін құжаттарды өңдеудің мониторингін, дұрыстығын, толықтығы мен уақтылығын жүзеге асыратын бірыңғай жүйенің болмауы, сондай-ақ серверлік және коммуникациялық жабдықты орналастыру үшін бөлінген жеткілікті жабдықталмаған үй-жайлар бөлігінде.

Сондықтан бірінші бағыт ретінде қаржы ресурстарын жұмылдыру мәселесі қаралады, оның мақсатына нәтижелік көрсеткіштеріне, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету кіреді.

Осы бағытты іске асыру үшін салықтардың жиналуын арттыру және олардың бюджетке барынша түсуін қамтамасыз ету, салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін электрондық бақылауды енгізу және уәкілетті органдармен өзара іс-әрекет ету кезінде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану қажет.

Бүгінігі күні салық қызметі органдарында салықтан жалтарушылармен күресудің толықтай мүмкіндігі жоқ. Өйткені, саналы түрде салықтан жалтарып, бюджетке көп шығын келтіретін салық төлеушілердің ісі егер тиісті шартқа сай келсе, автоматты түрде қаржы полициясына өтуі шарт. Мұнда сонымен бірге салық органдарымен немесе қаржы полициясымен салық төлеушілердің қалай да тіл табысып кетуі, сөйтіп жабулы қазан жабулы күйінде қала беруі сияқты келеңсіз жадайлар әлі де кездеседі. Сондықтан, салықтан жалтару мәселесін қарастырған кезде екі жақты талдау жасалуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]