- •Жоспар:
- •V. Қосымшалар
- •1.1. Дайын өнім түсінігі
- •2.2. Өзіндік құн анықтау әдістері
- •Фифо (Бірінші түсті – бірінші сатылды)
- •Ерекше ұқсастыру (идентификация)
- •2.3. Дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
- •2.4. Дайын өнімнің өзіндік құнын құжатталуы
- •2.6. Дайын өнімді шығысқа шығару есебі
- •2.5. Дайын өнімді кіріске алу есебі
- •2.7. Дайын өнімді есептен шығару (ақаулар) есебі
- •IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •V. Қосымшалар: құжаттар, слайдтар.
2.5. Дайын өнімді кіріске алу есебі
Дайын өнімді қабылдау-тапсыру бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі.
Қабылдау–тапсыру құжаты (накладнойы) цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау-тапсыру құжатының (науладнойының) арнайы (немесе арнаулы) бланкілері қолданылуы мүмкін.
Қабылдау-тапсыру құжаты аспаптық, радиотехникалық кәсіпорындарда, жаппай және сериялық өндірістерде, басқа да өнеркәсіп салаларында өндіріс есебінің тапсырыстарын есептеу үшін қолданылады. Қабылдау-тапсыру құжатын өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, өнімді өткізу үшін де пайдаланады. Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен номенклатурада дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.
Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысында жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «Өнім шығару жиынтығы» деген құжаттың нысаны қолданылады.
Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады. Бұл жағдайда оған тиісті накладнойлар қоса тіркеледі.
Қоймаларда дайын өнім есебін, материалдар есебі сияқты қойма есебінің карточкаларында жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді. Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар, оның тізімдемесімен (реестрімен) бірге бухгалтерияға түседі.
Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімінің деректерін келіп түсулеріне қарай дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ ведомосына есептік топтар бойынша шығарылады. Жинақ ведомосының деректерін дайын өнім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын қамтамасыз етеді.
Айдың аяғында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік құны және нақты өзіндік құны мен жоспарлы өзіндік құнының арасындағы, немесе нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталады. Дайын өнімді шығарғаны туралы синтетикалық деректері 1320 «Дайын өнім» шотының дебетінде жинақталып, 8010 «Негізгі өндіріс», 8030 «Қосалқы өндірістер» және 8020 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары» деген (егер шала өнімдердің немесе фабрикаттарының бір бөлігі сату үшін шығарылса) шоттарының кредитінде көрініс табады.
2.6. Дайын өнімді шығысқа шығару есебі
Дайын өнімнің бағасын есептегенде нақты өзіндік құны мен мекеменің өндірістік бағасының арасындағы ауытқуы есепке алынады. Айлық есеп беру соңында, яғни «Дайын өнім» шотында нақты өзіндік құны анықталынып, баға айырымы қайтадан есептелінеді. Дайын өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау үшін талдау есебінің мәліметерімен аяқталмаған өндірісті түгіндеу қорытындылары пайдаланылып, арнаулы есеп айырысу ресімделінеді.
Дайын өнімді сату операциясын есептеу.
Өнімді өткізу-бұл өнеркәсіп орнының қаржы қорының айналу процессінің соңғы стадиясы.
Өткізу процессі барлық техникалық сынаудан өткізілген, ағымдағы қолданылып жүрген стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес қолдау–тапсыру құжаттарымен ресімдеу сияқты операциялар жиынтығынан тұрады. Сонымен өнімді өткізу процессі арқылы бір шаруашылық субъектісі өндірген өнім, екінші басқа (сатып алушы) меншігіне өтеді.
Сатып алушы дайындаушы (өнімді өндіруші) - өндіріс орынына дайын өнімнің өткізу бағасы бойынша шығынының орнын толтырады.
Өткізу құнын әртүрлі факторларға байланысты дайындаушы (жеткізіп беруші) белгілейді де ол сатып алушы келісіп, шарт арқылы бекітіледі. Өткізу құнына мемлекет белгілеген жанама салықта енгізіледі. Сонымен салыққа: қосымша құн салығымен акциздер жатады: өткізу құны әр уақытқа дайын өнімнің (өндіру құнына) өзіндік құнынан артық болады.
Өнім өткізудегі бухгалтерлік есептің объектісіне: дайын өнімнің екі бағасы (нақты өзіндік құны мен есептегі бағасы); дайын өнімді өткізуден түскен табыс (кіріс); дайын өнімді өткізуге жұмсалған шығын, жанама салықтар (акциздер мен қосымша құнға салынатын салықтар) жатады.
Өндірістен өндіруге жұмсалған нақты өздік құнымен келіп түседі де баланста сол құнмен (бағасымен) көретіледі. Бірақ есеп беру мерзіменде (ағымдағы есепке алу) дайын өнім есептегі бағасы бойынша есепке алынады. Сондықтан есеп беру айы аяқталғаннан кейін өнімнің нақты өзіндік құны анықталғаннан соң, есептегі бағасы нақты өзіндік құнмен есептегі бағасының арасындағы айырымды қайтадан есептеу арқылы реттеледі.
Дайын өнімнің өткізу бойынша шығындарға еңбекақы және оның салықтар мен төлемдері, автоккөлік және өніммен тауарларды орап дайындау шығындары, жарнама және рынокты зерттеу шығындары жатады. Дайын өнімнің өткізу бойынша шығындар есебі 7110 шотта жүргізіледі.
