- •Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша_
- •Оқу бағдарламасы
- •«Қылмыстық және азаматтық іс жүргізу құжаттарын құрастыру» пәні бойынша дәріс сабақтарының тақырыптары, мазмұны
- •«Қылмыстық және азаматтық іс жүргізу құжаттарын құрастыру» пәні бойынша практикалық сабақтарының тақырыптары.
- •Заң факультеті Қылмыстық -құқықтық пәндер кафедрасы силлабус
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •3 Тақырып. Айыпталушы ретіне жауапқа тарту қаулысы.
- •4 Тақырып. Эксгумация, куәландыру, тану үшін көрсету.
- •5 Тақырып. Сарапшының қорытындысы.
- •Семинар сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау.
- •2 Тақырып. Тергеу іс-әрекетінің хаттамасы.
- •6 Тақырып. Өтініш жасау. Қылмыстық іс жүргізу қызметін атқаратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану.
- •7 Тақырып. Сезіктіні ұстау.
- •10 Тақырып. Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтық талапты қоюдың тәртібі және оны шешу
- •15 Тақырып. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау. Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері.
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
- •Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтық талапты қоюдың тәртібі және оны шешу тәртібі. Нотариаттық қызмет түсінігі.
- •Арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалардың тізімі
Заң факультеті Қылмыстық -құқықтық пәндер кафедрасы силлабус
«Қылмыстық және азаматтық іс жүргізу құжаттарын құрастыру» пәні бойынша
5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін
Оқыту түрі: күндізгі
курс: 2
семестр: 3
кредит саны: 3
барлық сағат саны: 135, соның ішінде
дәріс: 30
практикалық сабақтар: 15
СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ): 90
Емтихан: 3 - семестр
Талдықорған 2016 ж.
Оқытушы жөнінде мәлімет:
Нұрбек Дана Тәсібекқызы – қылмыстық - құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.
Байланыс телефоны: 87714046027
эл.почта: rufat.dana@mail.ru
сабақ сағаттары: сабақ кестесі бойынша
Консультация уақыты – сәрсенбі күні 15.00
Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасында 226 ауд. № 1 ғимарат.
Пән пререквезитері: ҚР конституциялық құқық
Пән постреквизитері: Дипломдық жұмыс жазу
Пәннің қысқаша сипаттамасы. Бұл пән «Сот медицинасы және психология негіздері» модулінің элективті пәні болып табылады.Қылмыстық істі қозғау актілері. Тергеу іс-әрекетінің хаттамасы. Айыпталушы ретіне жауапқа тарту қаулысы. Эксгумация. Сарапшының қорытындысы. Өтініш жасау. Қылмыстық іс жүргізу қызметін атқаратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану. Күдіктіні ұстау. Қамауға алу – бұлтартпау шарасы ретінде. Бұлтартпау шарасын тоқтату немесе өзгерту. Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтық талапты қоюдың тәртібі және оны шешу. Азаматтық істі қозғау кезінде талап қою арқылы іс жүргізу. Ерекше талап қою арқылы іс жүргізу. Бұйрық арқылы іс жүргізу. Ерекше іс жүргізу. Апелляциялық сатыда істі қайта қарау.
Аталған арнайы курсы – заңтану мамандығының жоғары оқу орындарының оқу жоспарында студенттерді процессуалдық құжаттарды құрастыруға дағдыландыру үшін көзделген маңызды курстардың бірі.
Қылмыстармен күресу қызметі барлық мемлекеттік органдардың көз астында болады. Азаматтық және қылмыстық іс жүргізу құжаттарын құрастыру пәні азаматтық, қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің процессуалдық ережелерін белгілейді және қылмыстық іс жүргізудің негізгі қағидалары мен іске қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуінің кепілдіктерін бекітеді.
Пәннің бағдарламалық мазмұны 2 модульге бөлінген.
Оқытудың мақсаты: Процессуалдық құжаттарды сауатты құрастыра білу, сондай-ақ құжаттарды тәжірибеде қолдана отырып, жұмыс істей алу. Студенттер қылмыстық және азаматтық қылмыстық істер бойынша құжаттарды құрастыру нысандарымен танысуы және құжаттарды құрастыруға қойылатын талаптар туралы нақты түсінікке ие болуы керек.
Оқытудың міндеті: Процессуалдық құжаттарды сауатты құрастыра білу, сондай-ақ құжаттарды тәжірибеде қолдана отырып, жұмыс істей алу. Студенттер азаматтық қылмысттық істер бойынша құжаттарды құрастыру нысандарымен танысуы және құжаттарды құрастыруға қойылатын талаптар туралы нақты түсінікке ие болуы.
Күтілетін нәтиже: Студент қылмыстық процестік кодексінің жалпы және ерекше бөлімдерін, Жоғарғы Соттың қаулыларын, қылмыстық заңнамаларда қолдана алуы.
Құзыреті: Заң актілеріне сай қылмыстық және азаматтық іс жүргізу құжаттарын дұрыс толтыра алады.
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) |
1-8 аптадағы бағалау мөлшері |
9-15 аптадағы бағалау мөлшері |
Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері |
Электронды журналға балл қоюдың кезеңі |
Ағымдық бақылау |
7 |
7 |
Әрбір бағалауға 100 баллдан |
Апта сайын (бірінші аптадан басқа) |
СӨЖ |
2 |
2 |
Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан |
4,7,11, 14 апталарда |
Аралық бақылау |
1 |
1 |
Әр аралық бақылауға 100 баллдан |
8 және 15 аптада |
Кіру рұқсатының рейтенгісі |
1 |
R1 |
100 |
8 апта |
Кіру рұқсатының рейтенгісінің |
|
R2 |
100 |
15 апта |
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі |
R= (R1 + R2)/2 |
100 |
15 апта |
|
Дифф. Сынақ (эссе) |
D |
100 |
16-19 апта |
|
Қорытынды баға |
І = R*0.6+E*0.4 |
100 |
|
|
Силлабуста әрбір бақылау түріне қойылатын баллдың критерии көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта оқытушы пәннің (спецификасын) өзіне тән ерекшелігін, студенттің мүмкіндігіне сәйкес қойылатын талаптарды ескереді, сонымен бірге оқытушы жалпы белгіленген талаптарды да ескеруі тиіс.
«Ағымдық бақылау» параметрінде сабаққа қатысу, практикалық, лабораториялық және үй тапсырмаларының орындалуын бақылау ескеріледі. Студенттің дәріс сабағындағы белсенділігін де ескеру керек. Балл қойылады: қатысқаны үшін, сабақ барсыныда лектордың тарапынан қойылған проблемалық сұрақтарды талқылауға ат салысқаны үшін, лекторға сұрақ қойғаны үшін, сыни тұрғыдан ойлауына; практикалық (семинар) және ОСӨЖ сабақтарындағы студенттің барлық қатысу мүмкіндіктері бағаланады. Балл қойылады: мәселенің шешімін тапқаны үшін, үй және тест тапсырмаларын орындағаны үшін, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бергені үшін, тақтада практикалық жұмыс жүргізгені үшін, бүкіл сабақтың барысында студенттің белсеңді ат салысқаны үшін, ОСӨЖ тапсырмаларын дайындауда және қорғауға өзіндік шығармашылқ ізденістерін танытқаны үшін және т.б. Әр оқытушы өз пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, тапсырмаларын пәннің өзіне тән ерекшелігін және бағдармадағы мазмұнын ескере отырып дербес анықтайды, әр аралық бақылаудағы білімді бағалаудың рейтингтік жинақталған жүйесін жасайды.
СӨЖ-ге қойылатын жоғары 100 балл тапсырманың түріне және мазмұнына (ауыр, жеңілдігіне) байланысты бөлінеді, оның негізіне белгіленген талаптар, тапсыру мерзімінің сақталуы тапсырмалар мөлшері, орындалу сапасы жатады.
Әр пәннің мақсаты мен міндеті ескеріле отырып, білім алушының дайындық дәрежесі және өздік жұмысқа бөлінген сағат санын есепке алып СӨЖ формасы (нышаны) мен түрі таңдап алынады. Әрбір СӨЖ талапқа сәйкес бірнеше тапсырмалардан тұрады. Силлабуста әрбір тапсырманың мазмұны мен маңыздылығы және соған сәйкес сол тапсырманы орындағандағы балы көрсетілуі тиіс.
Бағдарламада көрсетілген студенттің қосымша іс-әрекетіне «ғылыми баяндамалары, мақалалары, олимпиядаға конкурс, жарыстарға қатысуы халықаралық грант, жобаларға қатысуы және т.б) үстеме балл бонустар қарастырылып, семестрдегі жинаған балына қосылады. Жіберіп алған сабақтарын және маңызды бақылау қорсонында жүргізіледі. Негізсіз себептермен жіберілген сабақтар және оларды мерзімінен кеш өтеуге балл қойылмайды. Себепсіз сабақ жіберіп алған жағдайда, еңбек тәртібін бұзған кезде, сабаққа кешігіп келгенде, СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын аралық бақылау және үй жұмыстарын орындамау немесе өз уақытында тапсырмаған жағдайда балл кемітіледі.
Аралық бақылау нышанын (форма) оқытушының өзі анықтайды, оның коллоквиум, жобаны қорғау, тұсаукесер (презентация), эссе жазба бақылау жұмысы т.б. болуы мүмкін. Силлабуста әрбір аралық бақылаудың нышаны және бағалау критерилері көрсетілуі тиіс. Осы негізінде, оқытушы семестр бойына студенттің үлгерімін және сабаққа қатысуын қадағалайды.
Сабақ үлгерімінің және қатысудың жиынтық рейтингтік бағасын оқытушы әр аптаның соныңда университеттің жергілікті жүйесі арқылы қояды.
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға |
Бағаның цифрлік эквиваленті |
Пайыздық мөлшері |
Дәстүрлі түрде бағалау |
A |
4.0 |
95-100 |
Өте жақсы |
A- |
3.67 |
90-94 |
|
B+ |
3.33 |
85-89 |
Жақсы |
B |
3.0 |
80-84 |
|
B- |
2.67 |
75-79 |
|
C+ |
2.33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
C |
2.0 |
65-69 |
|
C- |
1.67 |
60-64 |
|
D+ |
1.33 |
55-59 |
|
D |
1 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
Кредиттік технологя жүйесінің өзіне тән ерекшелігі жинақтаушы жүйе қоланылады, яғни білім алушының оқудағы жетістік деңгейі, әр пәннің қорытынды бағасымен анықталады, ол рейтингтен (қорытынды бағаның 60%) және емтихан бағасынан (40%) құралады. Рейтинг студенттің әр пәннен академиялық кезеңде жинаған балынан құралады. Соған сәйкес білім алушының оқу жетістігі үшін (күнделікті сабақтағы жауап беруі, үй тапсырмасын тапсыруды, СӨЖ; аралық бақылау және т.б) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және соңғы рейтинг барлық бақылау кезеңінде алған бағанын орташа арифметикалық сумасымен шығарылады.
Баға қоюдын критерилері
Бақылау түрі |
Максимальдық баға |
Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі |
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы практикалық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) ОСӨЖ тапсырмаларының орындалуы |
100 15 15 20
30 |
Әр сабақта |
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3
|
100 30 40 30 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 |
100 30 30 40 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3
|
100 20 35 45 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3
|
100 30 35 35 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
Аралық бақылау 1: коллоквиум №1-№8 дәрістер бойынша. Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 |
100 100 100 100 |
8апта |
Аралық бақылау 2: коллоквиум №9-№15 дәрістер бойынша. Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 |
100 100 100 100 |
15 апта |
*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖге арналған кестеде көрсетілген
